Сабақтың өту мерзімі: Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сабақтың мақсаты



бет17/28
Дата17.06.2018
өлшемі0,78 Mb.
#42644
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Жеміс аттары арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындайды

Жақсы тілектер айтады

5 топқа бөлінеді


ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру:

15 мин


1. Үй тапсырмасын тексеру: 70-жаттығу (Сызбадағы жалғауларға сай келетін зат есімдірді тауып жазу)

2. Кестемен жұмыс:

1-топ: Кестеде жазылған сөйлемдерді оқу, қарамен жазылған сөздердегі көп нүктенің орнына тиісті жалғау жалғап, шығыс септіктің жалғауларын анықтау.

2-топ: Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойып, шығыс септіктің сұрақтарын анықтау.

3-топ: Бұл сөздерге шығыс септік жалғауының әр түрлі жалғану себебін түсіндіру (буын және дыбыс үндестігі)

4- топ: Шығыс септіктегі сөздердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсету.

5-топ: Сөйлем мүшелеріне талдау, шығыс септіктегі сөз сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтау

және дәлелдеу.



1. Жеке жұмыс: қол көтеру арқылы сөздерді оқиды, түсіндіреді

2. Топтық жұмыс: әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қояды, қай септікте тұрғанын, түбірі мен қосымшасын ажыратады, шығыс септік жалғауының әр түрлі жалғану себебін түсіндіреді, ойларын тұжырымдап, қорғайды, салыстырады, толықтырады, қорытынды жасайды



ІІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну:

6 мин


1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Оқулықпен жұмыс.

73-жаттығу: Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғау-ларын қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу, сұрақ қою, қай септікте тұрғанын айту, дәлелдеу, қай сөзбен байланысқанын көрсету, қорытынды жасау


1. Сабақ мақсатын қояды.

2. Жұптық жұмыс: тиісті септік жалғауларын қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады, сұрақ қояды, қай септікте тұрғанын айтады, қорытынды жасайды



4 мин

74-жаттығу. Берілген сөздердің тиістісін қойып, өлеңді қалпына келтіріп оқу, қай септікте тұрғанын айту, дәлелдеу (ауызша)

Жұптық жұмыс: берілген сөздердің тиістісін қойып, өлеңді қалпына келтіріп оқиды, қай септікте тұрғанын айтады, дәлелдейді

Талдау және қолдану:

6 мин


75 –жаттығу. Тыйым сөздерді жатқа жазу, шығыс септіктегі сөздерді табу, сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын айту, дәлелдеу


Жеке жұмыс:тыйым сөздерді жатқа жазады, шығыс септіктегі сөздерді табады, сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын айтады, дәлелдейді, қоры-тынды жасайды

І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

6 мин


77-жаттығу. Сызбаны пайдаланып, сөйлем құрау, шығыс септіктегі сөздердің астын сызу, сұрақ қою

Жеке жұмыс: сызбаны пайдаланып, сөйлем құрайды, шығыс септіктегі сөздердіңастын сызады,тексереді

Бағалау: 3 мин

Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері

Рефлексия:

1 мин


1. Бүгінгі сабақта не үйрендің?

2. Қай тапсырма қиынға соқты?

3. Қай тапсырма оңай болды?


Ауызша айтады

Үйге: 1 мин

78 -жаттығу

Күнделікке жазады

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың өту мерзімі:



Сабақтың тақырыбы:

Шығыс септік

Сабақтың мақсаты:

Шығыс септіктің жалғауларымен және сұрақтарымен таныстыру, оның жалғаула-рының түбір сөзге жалғану емлесін меңгерту

Оқыту нәтижелері:

Шығыс септіктің жалғаулары мен сұрақтарын біледі, оның жалғауларының түбір сөзге жалғану емлесін меңгереді, талдайды, қорытынды жасайды

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, кесте, сызба, сурет, семантикалық карта, интерактивті тақта

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин

Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.



Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Түстер арқылы топтарға бөлу

Оқу құралдарын дайындайды

Жақсы тілектер айтады

5 топқа бөлінеді

ІІ. Өткенді қайталау:



Еске түсіру:

6 мин


1. Үй тапсырмасын тексеру: 66-жаттығу (Қарамен жазылған сөздер қай септікте тұрғанын айту, септік жалғауын атау,дәлелдеу)

2. Сұрақ-жауап арқылы жұмыс:

1) Қазақ тілінде неше септік бар?

2) Септік жалғаулар сөйлемде қандай қызмет атқарады?

3) Септіктерді ата, сұрақтарын ата

1. Жеке жұмыс: қол көтеру арқылы сөйлемді оқиды, жатыс септіктегі сөзді табады

2. Жаппай жұмыс: қол көтеру арқылы жауап береді, қорытынды жасайды

ІІІ. Жаңа сабақ:



Түсіну:

12 мин

















1. Тақырыпқа шығу. Жасырылған сөзді табу: бұл сөз көкжиек тұсын білдіреді жәнекіріс сөзіне қарама-қарсы мәндес сөз.

2. Жаңа сабақты хабарлау

3. Кестемен жұмыс:

Септік аты

Мысалдар

Сұрақтары

Жалғаулары





































1.Жасырылған сөзді табады

2. Сабақ мақсатын қояды.

3. Топтық жұмыс: сөйлемдерді оқиды, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қояды, түбірі мен қосымша-сын ажыратады, шығыс септік жалғауының әр түрлі жалғану себебін түсіндіреді, ойларын тұжырымдап, қорытынды жасайды

Сергіту сәті:

2 мин

1. Оқулықпен жұмыс.



67-жаттығу. Өлеңді хормен оқу, қимыл-қозғалыс жасау, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою, қай септікте тұрғанын айту

Жаппай жұмыс: өлеңді оқиды, қимыл-қозғалыс жасайды, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қояды, қай септікте тұрғанын айтады.



Талдау және қолдану:

6 мин


69 –жаттығу. Мақалдарды оқу, мағынасын ашу. Көшіріп жазу, сөйлем мүшесіне талдау, шығыс септіктегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын айту.

Ақыл жастан шығар, асыл тастан шығар. Отан оттан да ыстық. Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар.

Жұптық жұмыс: мақалдарды оқиды, мағынасын ашады, көшіріп жазады, сөйлем мүшесіне талдайды, шығыс септіктегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын айтады, қорытынды жасайды

3 мин


71-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табу, жатқа жазу, шығыс септіктегі сөзді тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын айту

Жеке жұмыс: жұмбақты жатқа жазады, шығыс септіктегі сөздерді табады, оның қай сөзбен байланысып тұрғанын айтады

4 мин

72-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау: «Аюдың туған күні»



Топтық жұмыс: сурет бойынша әңгіме құрайды, шығыс септіктерін табады

І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

5 мин

Семантикалық картамен жұмыс.






нан

нен

дан

ден

тан

тен

Темір



















Қала



















Өзен



















Ағаш



















Тағам



















Әсет



















Жеке жұмыс: түбір сөз бен жалғауды сәйкестендіреді,тексереді

Бағалау: 3 мин

Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері

Рефлексия:

1 мин


1. Бүгінгі сабақта не үйрендің?

2. Қай тапсырма қиынға соқты?

3. Қай тапсырма оңай болды?

Ауызша айтады

Үйге: 1 мин

70 -жаттығу

Күнделікке жазады

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың өту мерзімі:

Сабақтың тақырыбы:

Жатыс септік

Сабақтың мақсаты:

Жатыс септігін өзіне ұқсас басқа тұлғалармен салыстыра отырып, оның өзіндік ерекшелігін меңгерту

Оқыту нәтижелері:

Жатыс септігін өзіне ұқсас басқа тұлғалармен салыстырады, оның өзіндік ерекшелігін меңгереді, ажырата алады, қорытынды жасайды

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, кесте, сызба, сурет

Сабақтың түрі:

Аралас

Оқытуда қолданыла-тын әдіс-тәсілдер:

Жеке, жұптық, топтық жұмыстар, сұрақ-жауап, талдау, салыстыру


Барыс септік

Жатыс септік

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқушылармен амандасу. Түгелдеу.

Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Жеміс аттары арқылы топтарға бөлу



Мұғаліммен сәлемдеседі

Оқу құралдарын дайындайды

Жақсы тілектер айтады

5 топқа бөлінеді



ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру:

8 мин


1. Үй тапсырмасын тексеру: 59-жаттығу (сөздерді жатыс септігіне қойып, сөйлем құрау,дәлелдеу)

2. Септік атауы, сұрақтары мен жалғауларын кестеге орналастыру, тексеру, қорытынды жасау





1. Жеке жұмыс: қол көтеру арқылы сөйлемді оқиды, жатыс септіктегі сөзді табады

2. Топтық жұмыс: кестені толтырады, тексереді, қорытынды жасайды



ІІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну:

7 мин


1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Жыл мезгілдері туралы айту

3.Оқулықпен жұмыс.

61-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою, қай септікте тұрғанын ажырату, Венн диаграммасы бойынша салыстыру, қорытынды жасау:




1. Сабақ мақсатын қояды.

2. Жаппай жұмыс: қол көтеру арқылы жауап береді

3. Топтық жұмыс: қарамен жазылған сөздерге сұрақ қояды, қай септікте тұрғанын ажырата-ды, салыстырады, қорытынды жасайды


6 мин

62 –жаттығу. Сызбадағы сөздердің орнына тиісті сөздерді қойып, сөз тіркесін құрау, сол тіркестермен сөйлем құрау

Жұптық жұмыс: сызба арқылы сөз тіркестерін және сөйлемдер құрайды, қорытынды жасайды

Сергіту сәті:

1 мин


Өлең оқу, қимыл-қозғалыс жасау

Өлең оқиды, қимыл-қозғалыс жасайды

Талдау және қолдану:

4 мин


64- жаттығу. Қала сөзін барыс және жатыс септіктеріне қойып, екі сөйлем құрап жазу. Екі сөйлемде де қала сөзі қайда? сұрағына жауап беруі керек.

Жұптық жұмыс: екі сөйлем құрап жазады, сұрақ қояды, қай септікте тұрғанын айтады, дәлелдейді, қорытынды жасайды

6 мин

65-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау: «Көктем»

Топтық жұмыс: сурет бойынша әңгіме құрайды, барыс және жатыс септіктерін табады, ажыратады

І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

5 мин


63-жаттығу. Жұмбақты оқып, жатқа жазу. Балық сөзін септеп жазу


Жеке жұмыс: жұмбақты жатқа жазады, балық сөзін септеп жазады,тексереді

Бағалау:

2 мин


Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды

Рефлексия:

2 мин


1. Бүгінгі сабақта не үйрендің?

2. Қай тапсырма қиынға соқты?

3. Қай тапсырма оңай болды?


Ауызша айтады

Үйге: 1 мин

66 -жаттығу

Күнделікке жазады

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың өту мерзімі:

Сабақтың тақырыбы:

Жатыс септік

Сабақтың мақсаты:

Жатыс септіктегі сөздердің сұрақтарымен және жалғауларымен таныстыру, жатыс септіктегі сөз сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын аңғарту

Оқыту нәтижелері:

Жатыс септіктегі сөздердің сұрақтарымен және жалғауларын, жатыс септіктегі сөз сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын біледі, саралайды, қорытынды жасайды

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, кесте, сурет, Венн диаграммасы

Сабақтың түрі:

Аралас

Оқытуда қолданыла-тын әдіс-тәсілдер:

Жеке, жұптық, топтық жұмыстар, сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, «Аялдама» ойыны



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет