Сабақтың өту мерзімі



Дата22.02.2020
өлшемі52,81 Kb.
#58827
түріСабақ
Мұғалімнің аты-жөні: Серікова Айгүл Таймасқызы

Пәні: Информатика

Сыныбы: 5 – 6

Сабақтың өту мерзімі: ________________

Сабақтың тақырыбы: Робот техникасы курсына кіріспе. Робот техникасының негіздері, пайдалану салалары, түрлері.

Сабақтың мақсаты: Оқушылар робот бойынша өз ойларын жинақтайды, өздерінің идеяларын пайдаланады.

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: Топпен жұмыс, жеке жұмыс, диалогтік әдіс

Оқудың нәтижесі: Робот жайлы түсінігі нақтыланады

Негізгі дерек көздер (пайдаланылған әдебиеттер), көрнекіліктер) : АКТ, робототехника негіздері оқу әдістемелік құралдары және веб сайттар.




Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыты

Ресурстар

1

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгелдеу, сынып тазалығын тексеру



Сәлемдеседі, кезекшілер кезекшілігін атқарады Оқушы сыныпты топтарға бөледі.

2 мин




2

Есте сақтау. Робот технологиясына қатысты қандай модульдерді атай аласыздар?

Орындарында отырып көрсетеді, сұрақтарға жауап береді

5минут

Оқулық

3

Түсіну. Кіріспе айтып, түсіндіріледі, қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау керектігіміз айтылып, интерактивті тақтада видеоролик көрсетіледі

Өзіңнің практиканда роботтар кездесті ме, кездессе қандай ой туындады өзіңде? Роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі.

Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да салаларға еніп үлгерді.

Қазақстан Республикасында өнеркәсіптің жеделдетіле индустрияландырылуы, жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өскелең ұрпақты жоғарғы білікті техникалық сала мамандары ретінде даярлауды талап етеді. Осыған байланысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арнап «Робот техникасы» курсы 1-деңгейінің (5, 6, 7 сыныптар) және 2-деңгейінің (8, 9, 10 сыныптар) бағдарламасын әзірлеп шығарды.





Робот (чех тілінен аударғанда robota еріксіз еңбек, rob құл)тірі организм ретінде құрылған автоматты құрылғы. Ол байланысатын және әрекет ете алатын, ойлай білетін, қабылдай алатын машина.

Саған роботтар ұнайды ма, ұнаса қай жағымен.



Бағдарламаның қалай қолдануын және тиімді жақтарын көрсетеді, сұрақтарға жауап береді

10 минут

Слайд, видеоролик

4

Қолдану

Оқушылар топтарға бөлініп, жалпы роботтар жайлы пайдалы, пайдасыз жақтарын анықтауға жұмыс беріледі



Сұрақтарға жауап береді, түрлерін, идеяларын айтып, өз түсініктерімен жеткізеді

10 минут

компьютер

5

Талдау. Жасалған жұмыстарына топтар талдау жасап, толықтырады

Қорытынды Алдағы уақытта тағы қандай робот дүниелермен танысқыларың келеді?

Сабақты баяндаған оқушыға топтан сұрақтар қойылады

Тапсырманы топпен орындайды өз идеялыран айтады



14 минут

Оқулық

компьютер



6

Бағалау. Жасалған жұмыстарын анықтай отырып бағалау, критериалды бағалау

Топтар өз-өздерін бағалайды

2 минут




7

Үйге тапсырма:

Робот туралы ақпараттар жинақтап келу



Берілген тапсырманы күнделікке жазып алу.

2 минут

Оқулық


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет