Сабақтың құрылымы: Пәні: Қазақ әдебиеті. 7 сынып Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы



Дата10.06.2017
өлшемі23,82 Kb.
#18420
түріСабақ
Сембек Әмірхан.

ОҚО, Түркістан қаласы, Аманкелді жалпы орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.

Сабақтың құрылымы:
Пәні: Қазақ әдебиеті. 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру, шығармаларымен таныстыру.

Дамытушылық: оқушылардың ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін, әдеби тіл байлығын, көркем сөз шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге, елін – жерін сүюге, Отанын қорғап қастерлеуге және имандылыққа білімді болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап,

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, бүктеме, үлестірме қағаздар, сызба қағаздар, дыбысталған үн таспасы.

Пәнаралық байланыс: музыка.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды дұрыс отырғызып түгелдеу. Оқу құралдарын алдырып, сабаққа назарларын аудару.

Үй тапсырмасын сұрау: Ғабит Мүсірепов кім? Ғабиттің өмірі мен шығармашылығы жайлы түсіндіріп біріңіз? Әңгімені неге «Ананың анасы» деп аталған? Әңгімедегі кейіпкерлерді атап беріңіз? «Боранды түнде» әңгімедегі кейіпкерлерді атап, мінездеме беріңдер.

Жаңа сабақ: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы

Қасым Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы топырағында дүниеге келген. Ол жастайынан жыр шығарып, ән салып, домбыра, скрипкада, күйсандықта жақсы ойнаған.

Қасым жастайынан жоқшылықты, жетімдікті сәби кезінен басынан өткізген. Қой бағып, тезек теріп, кісі есігінде де телміеді. Содан болар өткір тілді, қажырлы, қайратты, тік мінезді болып өседі.

Қасымның өзі айтқандай «жасық өлең емес, асыл өлең» жазуды өмірінің бар мақсаты еді. Ақын шыншыл, бүкпесіз ақын ұрпағымен ашық сөйлесіп, мақсат – мүддесін, қуаныш – сүйінішін, сенімі мен дүдәмәлін алдыңа жайып тастайды.

Ақын қайтыс болғаннан кейін «Өзім туралы» атты өлеңі жарияланады. Бұл өлеңде:

Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,

Өкінем ұқсата алмай келемін деп.

Күніне жүз ойланып, мың толғанам,

Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп, - дейді.

Қасым аңсаған осынау арман өз өмірінің басынан аяғына дейін тұтас жатқан өрнек сияқты. Ақын келешек ұрпақты Отанын, елін – жерін сүюге, қайсарлыққа, қаһармандылыққа баулиды. Мұндай өлеңдері: «Сарыарқа», «Жайық», «Ертіс», «Орал», «Мен – табиғат бөбегі», «Дауыл», т.б, өлеңдері бар.



Поэмалары: «Ақын өлімі туралы аңыз», «Қытай қызы», «Құпия қыз», «Бикеш», «Естай - Қорлығайын», т.б.

Қорытынды: Қасым өмірді сүйген ақын. Тахауи Ахтанов айтқандай «Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр» деген. Қасымды өлеңімен бірге арамызда жүр деп сезінеміз.

Үйге тапсырма: Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасыннан үзіндіні мәнерлеп оқып, Абдоллаға мінездеме беріңдер.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет