Пән: қазақ әдебиеті
|
Сынып 6 «а»
|
Күні: 2 мамыр
|
Тақырыбы
|
Әңгіме құрылымы
(Д.Исабеков «Ата үміті» әңгімесі 2-сағат)
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты
|
Әңгіме мазмұнынан адам бойындағы адамгершілік, ізгілік қасиеттерді жағымсыз кейіпкердің іс-әрекетін сипаттау арқылы үлгілейді.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлығы: Әңгімедегі жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді мысалдармен дәлелдеп көрсетеді.
Оқушылардың басым бөлігі: Көркем шығарманының композиялық құрылысын талдайды.
Кейбір оқушылар: Әңгімеде айтылған ата-ана үмітін қазіргі қоғам оқиғаларымен байланыстыра отырып, ойларын тұжырымдайды.
|
Тілдік мақсат
|
Көркем шығарманың құрылысы, сюжет, композиция, экспозиция-кіріспе, сюжеттік байланыс, сюжеттік даму, шиеленіс, шарықтау шегі, шешімі, пролог, эпилог, дермене.
|
Алдыңғы білім
|
«Ата үміті» әңгімесінің жалпы мазмұны, автор жөнінде мағлұматтарды оқу.
|
Жоспар
|
Кезеңі
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар
|
Басталуы
5 минут
10 минут
|
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Оқушыларды жеміс-жидектер арқылы 3 топқа бөлу.
Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды қабылдай біледі. Олармен достық, жолдастық қарым-қатынас орнату оңай болады.
Жүзімді ұнатындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Сіз мақсатты нақты қоя аласыз, бірақ сол мақсатқа жету үшін жігерлілік, батылдық қажет.
Құлпынайды ұнатсаңыз, сіз қонақжай адамсыз. Адамдармен тез тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз.
Дулат Исабековтің өмірі мен шығармашылығы және «Ата үміті» әңгімесі.
Алдыңғы білімді тексеру үшін сыныпта «Кезбе тілші» әдісі қолданылады. Топтарға берілетін тапсырма.
Дулат Исабеков жайында мәлімет айту.
Үзінді кімдер туралы, оқиға неден басталды? Бейтаныс адамды Тоқсанбай қарт неге жаратпайды?
Аталы-балаға Омаш қандай оғаш қылық көрсетті? Омаш өз дегеніне Тоқсанбай қарияны қалай көндірді?
Қауқарсыз шалдың алпамсадай омаштан артықшылығы неде? Ол мәтінде қандай ісі арқылы берілген?
Сергіту сәті «Қарлығаш»
|
Топқа бөлінуге арналған үлестірме қағаздар
|
Ортасы
18 минут
2 минут
|
Әдебиет теориясы. Көркем шығарманың композициялық құрылысы.
l топ. Шығарманың композициялық құрылысы
Басталуы. Дермене жинауға шыққан атасы мен немересіне бейтаныс адамның келіп қосылуы
Сюжеттік байланыс. Омаштың оғаш іс әрекеттері
Сюжеттік даму, шиеленіс. Омаштың өз дегеніне Тоқсанбайды көндіруі
Шарықтау шегі. Дерменешілерге жасалған қиянат
Шешімі. Дәрменсіз шалдың оспадар Омаштан артықшылығы, ата үмітінің ақталмауы.
2 топ. Тұжырым кестесі.
Кейіпкер
|
Кейіпкер бойындағы адами қасиет
|
Мендегі қасиет
|
Тоқсанбай қария
|
|
Оқушылар өз аталарының бойындағы қасиеттерін жазады
|
Ергешбай
|
|
Оқушылар өз бойындағы қасиеттері туралы жазады
|
3-топқа. Шығармашылық жұмыс
Егер сендердер осы шығарманың авторы болсаңдар оқиғаны, әңгімені қалай аяқтар едіңдер?
Оқушылар жұмысын аяқтаған соң бағдаршам әдісі арқылы топтардың жұмысын бағалайды.
Бейнеролик «Дермене – дәрілік өсімдік»
|
Постер жасауға арналған құрал-жабдықтар
Бағдаршам түстері
https://youtube/SGAI1fodZs
|
Аяқталуы
7 минут
|
Сәйкестендіру тесті
Тоқсанбай
|
Мейірімді
|
Тойымсыз
|
Иманды
|
Ұры
|
Омаш
|
Арлы, адал
|
Қағылез
|
Ұғымды
|
Балажан
|
Ақпейіл
|
Ергешбай
|
Арсыз
|
Есті
|
әдепсіз
|
Елгезек
|
«Рефлексиялық нысана»
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша ұғымдарын рефлексиялық нысанаға орналастырады.
|
|
Үй жұмысы
|
Эссе «Адал ұл тәрбиесі»
|
|