Сабақтың үш мақсаты Білімдік: оқушылардың білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру



Дата18.02.2017
өлшемі49,29 Kb.
#10122
түріСабақ
Жеке тұлғаға бағытталған сабаққа қойылатын талаптар

Сабақтың үш мақсаты


Білімдік: оқушылардың білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру.

Тәрбиелік: оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.

Дамытушылық: оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығұшылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңілкүйін, тілі, жадысы, ынтсы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.

Мұғалімнің сабаққа дайындалуы

Сабаққа дайындық барысындағы мұғалім әрекетінің алгоритмі:

  1. Сынып оқушыларының ерекшелігін есепке алу:

    • сынып деңгейі;

    • оқушылардың пәнге қызығұшылығы;

    • сыныптың жұмыс қарқыны;

    • білім, білік, дағдының қалыптасуы;

    • әр түрлі жұмыс әрекетіне қарым-қатынасы;

    • оқу жұмысының әр түріне, сонымен қатар дәстүрден тыс жұмыс түрлеріне қатысы;

    • оқушылардың жалпы тәртібі;

  2. Жеке ерекшеліктерді есепке алу:

    • жүйке жүйесінің типі;

    • тіл табысушылығы;

    • көңіл күйінің өзгеруі, эмоционалдығы;

    • оқушылардың жаңа материалды қабылдауына басшылық жасауы;

    • көңіл күйді төмендеуін жеңе білуі;

    • өз білімі мен біліктілігіне сенімділігі;

    • импровизация жасай білуі;

    • техникалық оқу құралдары мен электронды есептеу техникасын, түрлі оқу құралдарын пайдалана білуі.




  1. Сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ережелерді сақтау:

Жалпы ережелер:

  1. Сабақтың тақырыптағы, тақырыптың жылдық курстағы орынын анықтау, сабақтың жалпы міндеттерін бөлу;

  2. Сабақ тақырыбына қатысты үш түрлі, ғылыми, ғылыми-көпшілік,әдістемелік кітаптарды таңдап алу,олардың мазмұнымен танысу;

  3. Оқу бағдарламасын қарап шығу,түсіндірме хатты қайта оқу,берілген тақырып бойынша стандарт талаптарын оқып шығу,сабаққа байланысты мұғалімнен не талап етілетінін анықтау;

  4. Оқулық материалын еске түсіру,тірек білім,білік,дағдыны бөліп алу;

  5. Сабақ міндеттерін нақтылау, басты міндетті бөліп алу, оны оқушыларға түсінікті, олар қабылдай алатындай етіп тұжырымдап жоспарға жазу;

  6. Сабақта оқушы нені түсінуі керек, нені есте сақтау керек, нені біліп, сабақтан нені үйренуі керектігін анықтау;

  7. Оқушыларға қандай оқу материалын, қандай көлемде, қандаймөлшерде баяндау керектігін, жетекші идеяларды дәлелдейтін қандай қызықты деректерді келтіруге болатынын анықтау;

  8. Сабақ міндеттеріне сәйкес сабақ мазмұнын жіктеп алу, жаңа білім, білік, дағдыны қалыптастыратын, жаңа материалды игертетін тиімді тәсілдерді таңдап алу;

  9. Оқушылардың дәптерлері мен тақтада не және қалай жазылатынын ойластыру;

  10. Сабақты тұтас құбылыс ретінде қарастыра отырып, көзделген сабақ барасын сабақ жоспарына жазу.



Жекелеген ережелер:
1.Жинақы болу, оқушылар алдына міндеттерді нақты, түсінікті қою,материалды баяндау логикасын сақтау.

2. Мейірман болу, оқушыларға жекімеу, олардың түсінбегеніне немесе білмегеніне ашу шақырмау. Егер оқушылардың көбі бір нәрсені білмесе, не түсінбесе, онда қателікті оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілдерінен іздеу керектігін есте сақтау керек.



3.Оқушы сөзін бөлмеңіз, сөзін толық аяқтауға мүмкіндік беріңіз. Жауаптың түсініксіз, нақты болмауы сұрақтың түсініксіздігі салдарынан болуы да мүмкін.

  1. Қандай талап қойылғаның, оқушылардың оларды қалай түсінгенін міндетті түрде тексеріп отыру, тапсырмалар мен нұсқаулар қысқа, нақты берілуі керек.

  2. Оқушылардың мұғалімді қалай тыңдап отырғанын қалтқысыз қадағалау.

Балалардың зейін қоймауы- сабақ қаркынын өзгерту туралы, айтылғанды қайталау немесе сабаққа қосымша материалдар қосу туралы белгі.

  1. Сабақты қызыға тыңдау, тапсырмаға ден қою зейін көрсеткіші екендігін ұмытпаған жөн.

  2. Уақытты үнемдеу, сабақты дер кезінде бастау, қоныраумне бірге аяқтау, оқушылардың белгіленген уақыттан ұзақ жұмыс істеуіне жол бермеу.

  3. Қойылған әрбір талаптың орындалуына қол жеткізу. Бірде-бір талап орындалмай, жәй айтылып қана қалмауы тиіс.

  4. Сабақ қарқыны оқушылардың көбі үлгеретіндей жеделдетілген болуы керек.

  5. Оқушыларды сұрақ қоюға ынталандырып отыру, олардың бастамаларына, белсенділіктеріне, бар нәрседен хабардар болуына қолдау көрсету.


Сабақты жоспарлау және мұғалімнің

оны дайындау кезеңдері


  1. Бөлім немесе тақырып бойынша сабақтар жүйесін жасау, құрастыру;

  2. Бағдарлама негізінде, әдістемелік құралдар, оқулық және қосымша әдебиеттер бойынша сабақтың үш мақсатын анықтау;

  3. Сабақтағы оқу материалының тиімді мазмұнын анықтау, оны бірқатар тірек білімге бөлу, дидактикалық өндеу;

  4. Сабақта оқушы түсініп, есте сақтауы тиіс негізгі материалды бөліп алу;

  5. Сабақтың оқу міндеттерін тұжырымдау;

  6. Сабақ құрылымын жасау, оның типің, тиімді әдістер мен тәсілдерін анықтау;

  7. Пәнаралық байланыс пне сабақта оны пайдалану әдістерін анықтау;

  8. Сабақтың барлық кезеңдеріндегі, әсіресе стандартты емес жағдайлардағы оқушы мен мұғалімнің барлық іс-әрекетін жоспарлау;

  9. Сабақтың дидактикалық құралдарын таңдау (д/ф, к/ф, суреттер, кестелер, карточкалар, т.с.с.);

  10. Техникалық оқу құралдары мен құрал-жабдықтарды тексеру;

  11. Мұғалімнің тақтаға сызып, жазатындары мен оқушылардың тақтада немесе дәптерлерінде орындайтын ұқсас жұмыстарын жоспарлау;

  12. Сабақтағы оқушылардың өзіндік жұмысының түрі мен тиімді көлемін анықтау;

  13. Үйде және сыныпта алған білімді бекіту, білімді жинақтау және жүйелеу түрі мен әдісін тандау;

  14. Білім, білік, дағдысы олардың қалыптасу деңгейіне сәйкес әдістермен тексерілетін оқушылардың тізімін жасау, үй тапсырмасының түрі мен көлемін анықтау;

  15. Сабақты қорытындылау түрін ойластыру;

  16. Белгіленген талаптарға сәйкес сабақ жоспарын жазу.

Сабақ жоспары бөлімдерінің үлгі мазмұны





  1. Сабақ тақырыбы:






  • сабақ Құрылымы, типі;

  • оқушылардың жұмыс тәсілі, жалпы әдістер;

  • көрнекі құралдар, ақпарат көздері, техникалық оқу құралдары, электронды есептеу техникасы.



  1. Тірек білімді қайталау:




  • жаңа материалды қабылдауға дайындау үшін оқушы санасында жаңғыртылуы тиіс ұғымдар мен заңдарды анықтау;

  • оқушылардың өзіндік жұмысы (оның көлемі мен түрі);

  • оқушылардың пәнгі, тақырыпқа қызығушылығын дамыту тәсілдері;

  • жеке оқушылар мен сынып жұмысын бақылау турі.


3. Жаңа білімді меңгеру:


  • Жана ұғым, заң және оларды меңгеру тәсілдері;

  • Сабақтың танымдық оқу міндеттерін анықтау ()


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет