Сабақтың смарт мақсаты



бет2/9
Дата23.08.2017
өлшемі0,59 Mb.
#24899
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)


Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.




Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету, марапаттау

Талқылауды бақылауда оқушылардың жалпы реформаныңмаңызын түсінудің деңгейін бағалау




Пәнаралық байланыс:география

Белсенді оқыту әдістерін қолдану,

Оқушылардың жас ерекшелігін сақтау,еліміздің патриоты бола білетін,салауатты өмір салтымен жүретін және саналы да білімді оқушыны дайындау


Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағалау

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

Туризм (француз тілінен Tourisme Tour-серуен, сайран деген мағынаны білдіреді. Яғни, туризм –демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай-ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесумен тікелей байланысты, жеке және ұжымдық топтың жетілудің жолы ретінде жоспарлануы және тәжірибиеге енгізілу тиіс қызмет.

Қазақстанда туризмнің ең басты 5 негізгі мақсаты бар.Олар:

1) Сауықтыру

2) Танымдық

3) Ғылыми – іскерлік

4) Спорттық

5) Діни,наным-сенімділік

Адамдар не мақсатпен туристік орындарға барады?
Түрлі ойын-сауық түрлерімен, түнгі өмірмен танысу, және түрлі жақсы орындармен, би кешеніне бару;

- Тұрақты ортаны ауыстыру, демалу;

- Әр түрлі мәдениет орындарын, театр, түрлі мұражай, музыкалық әуенді концерттерге, карнавалдарға барып, кеңінен қатысу;

- Көптеген қызықты, жақсы адамдарды кездестіру;

- Сол жерде ,елде бизнесті құру жайлы ойлау;

- Сол жердің, елдің мәдениетін, дәстүрін, және әртүрлі ел символын айқындайтын сувенирлер, туыс-жолдастарына арналған сыйлақтарды таңдап алу;

- Теңіз жағасында демалу, спортпен шұғылдану;

- Қысқы спорт түрлерімен қызығу;

- Емделу,сауықтыру мақсатпен;

- Діни, наным-сенім мақсатпен;

1-топ.


Биыл Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы бойынша дәстүрлі Абай оқулары Іле Алатауының етегінде орналасқан Қазақстанның бұрынғы астанасы- Алматыда өткізіледі. Қала еліміздің ғылыми және мәдени орталығы болып табылады және демалыс, түрлі ойын-сауық мүмкіндіктерін толық қамтамасыз етеді.Абай оқуына қатысушыларына таза ауадағы табиғаттымен ерекше Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ тау шаңғы курорты мен Көк Төбе таулы паркінің тамаша көріністері ұсынылады.

2-топ.


Құрметті Қызылордалықтар! Сіздерді Сырдария өзенінің жағасында ашылған «Арай» аквапаркінің ашылуымен құттықтаймын! Қала халқының және балаларымыздың демалыс уақытын қызықты өткізулері үшін ашылған демалыс- сауықтыру орны облысымыздың мерейін өсіріп, келген қонақтарды қызықтыратынына сенімдімін. Жазы ыстық өңіріміздің халқына бұл демалыс орны керемет көңіл күй сыйлайды.

3-топ.


Саяхат ережесі

І. Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, денсаулығыңызды тексеріп алыңыз. Саяхат кезінде денсаулығыңыз сыр бермесін десеңіз, дәрігер кеңесіне зер салып, өзіңізді күтіңіз.



ІІ.Саяхатқа шықпас бұрын

  1. Барар мекеннің климатын, салтын, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан қарап, біліп алыңыз;

  2. Дәрігерге жолығып, қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алыңыз;

  3. Шабаданды жинастырғанда қажетті дүниелермен бірге дәрі-дәрмек салынған қобдишаны алуды ұмытпаңыз.

ІІІ. Саяхат кезінде

  1. Беті-қолыңызды жиі-жиі жуып тұрыңыз. Өзіңізбен бірге орамал алып жүрген абзал. Су болмаған жағдайда ылғалды сүлгілерді пайдаланыңыз.

  2. Дәріханадан антибактериальды сабын я сұйықтық сатып алыңыз.Тек қана таза су, кофе, көк немесе қара шәй ғана ішіңіз. Газдалған сусындар мен алкогольді ішімдіктерді пайдаланбаған жөн;

  3. Жеміс-жидектер мен көкөністерді жуып пайдаланыңыз. Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек қана дүкендерден сатып алыңыз. Көшеден, базардантамақсатыпалмағанабзал;

  4. Өзіңізбен бірге міндетті түрде қажетті дәрі-дәрмектермасаара, шыбын-шіркейдің шағуына қарсы майлар, ылғалды сүлгілер, бас киім, көзілдірік, крем, сусабын, тіс пастасы мен щеткасын, дәкі мен қайшы алып жүріңіз.

Сұхбат 4-топ.

-Құрметті Сабыр Шәріп мырза, қазіргі таңда Қазақстанды туризм орталығына айналдыру туралы мәселе көтеріліп отыр. «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала»деген қазақ мақалына сай, өз елімізде де демалатын орындар жетерлік емес пе? Осы орайда өз пікіріңізді ортаға салсаңыз.

-Иә, дұрыс айтасыз. Қазақстандағы туризмнің келешегі зор. Оның басты себептерінің бірі - географиялық және табиғи шарттар. Жазғы маусымда қазақстандықтар табиғаты сұлу, көлдері, жасыл желегі мен және жануарлар әлемі ерекше - «Қазақстан інжуі» атанған Бурабайда демалады. Бурабай – санаторийлер, профилакторийлер, демалыс үйлері, спорт-сауықтыру лагерлері аймағы. Бұнда Қазақстанның және ТМД елдерінің түкпір-түкпірінен денсаулықтарын жақсарту, табиғатпен танысу, демалу үшін ондаған мың адамдар келеді. Бурабайда тыныс алу мүшелерін және асқазан-ішек жолдары, жүрек-тамырлары жүйесі, тірек-қозғалыс аппараттарының ауруларын емдейді. Бурабай өзінің қымызымен, емдік лайларымен және минералды суымен танымал.

-Тағы басқа қандай жерлерді айтар едіңіз?

-Баянауылды айтар едім. Баянауыл– Павлодар облысының оңтүстік-шығысында орналасқан Баянауыл ауданының орталығы. Баянауыл тауларының ортасында Сабындыкөл жағасында орын тепкен. Жасыбай, Сабындыкөл және Торайғыр көлдері жыл сайын мыңдаған туристі қарсы алады, бұл үшін көл жағалауларында демалыс үйлері мен пансионаттар көптеп орналасқан.Сол сияқты Алакөл, Қапшағай, Ақсу-Жабағылы сияқты бірнеше демалыс орындары да бар.Тек туризмді дамыту керек.

- Сабыр Шәріп мырза, сұқбат бергеніңіз үшін сізге рақмет



.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет