Сабақтың тақырыбы: Ү ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға Ү дыбысы мен әрпін таныстыру.Ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
2. Ү дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушының білімі мен тілін, сөздік қорларын дамыту.
3.Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, әдемі жазуға, оқуға баулу.
Әдісі: сұрақ-жауап, көрсету, ойын, іздену.
Түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, құстың суреттері, слайд, кеспе әріптер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Психологиялық дайындық.
Қайырлы күн деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
“Бөпешім” өлеңін жатқа сұрау.
Ойын: “Құстарға қамқорлық”
Құстардың суреттері ілулі тұрады.
Келесі бетінде сөздер жазылған. Сол сөздерді оқушылар оқып, құстарды ұясына орналастырады.
Көже көрік көкек сөз тал
Шөже көлік көмек көз көл
Күн салқын түскенде құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Себебі қыста жемдері азаяды.Сондықтанда қыстап қалатын құстарымызға үнемі қамқорлық жасап отыру қажет.Өйткені құстар-біздің досымыз.
Үйрек суреті.
(Төртке бөліп, сөз жазып қоямыз,сөйлем шығады)
1. Өркен
2. өзен
3. жаққа
4. барды.
Өркен өзен жаққа барды. Үйрек суреті шығады.
Үкі сурет і(Төртке бөліп, сөз жазып қоямыз,сөйлем шығады)
1.Балалар
2.далада
3.доп
4.ойнады.
Балалар далада доп ойнады. Үкі суреті шығады.
-Балалар ненің суреті шықты?
-Үйректің,үкінің.
Жұмбақ
Күндіз соқыр недеген?
Түнде қандай көреген! (Үкі)
Көрмедім еш үйіңді,
Қолданбас бұл бұйымды.
Жазып қыртыс-тыртысын,
Жаңалайды киімді? (Үтік)
Баласын ертіп соңынан,
Сүңгіп, жүзіп үйретті.
Су жұқпайды тонына,
Кім білмейді--------------- (үйректі)
Жаңа сабақ.
-Үйрек,үкі сөзін хормен айтқызу.
-Сендерге таныс емес қандай дыбыс естіліп тұр?
Ү ү дыбысы.
Үү-хормен айту.
Қалай айтылып тұр?
Созылып, ендеше қандай дыбыс? Жіңішке дауысты дыбыс?
Ү ү дыбысының таңбасымен таныстыру
Үү Үү Тақтаға жазып көрсету.
Қай дыбысқа ұқсайды? Ұ ұ дыбысына.
Айырмашылығы не деп ойлайсыңдар?
Ұ ұ жуан дауысты, белінде сызығы бар.
Үйрек-су құстарына жатады.Басқа қаз, тырна, аққу, қаз деген құстарда су құстарына жатады.
Құстарға байланысты “халық болжамдары” бар.
Үйрек бір аяғын көтеріп тұрса, аяз болады.
Торғай шаңға аунаса, жаңбыр жауады деген сияқты.
Оқулықпен жұмыс.
Үйрек сөзіне дыбыстық талдау жасау
Бағандағы сөздерді оқып, мағынасын түсіндіру
Үкі күріш түлкі жүрек
Үйрек күміс күлкі күрек
Үйшік күшік түйме жүзік
Үміт
Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады. (Қарлығаш)
Қарлығаш киелі құс.Адамға жақын боп келеді.Халқымыз әрқашанда құстарды қорғап отырған.Төли би атамыз “Қарлығаш әулие” атанған кісі.
Оқушылардың оқуы. (тізбектеп оқыту).
Сергіту сәті.
Ұшты-ұшты
Ұшты-ұшты сұңқар ұшты
Ұшты-ұшты тұлпар ұшты
қарға
арба
бүйрек
үйрек
Дәптермен жұмыс
Ауада жазу
Тақтада жазу.
Оқушылардың жазуы
Ү ү Ү ү Ү ү Ү ү Ү ү
Тақтамен жұмыс.
3 оқушы шығып үй, үкі, үйрек сөздерін жазады, дыбыстық талдау жасайды.
Ү дыбысына байланысты қандай сөздер үйрендік?
Үйрек
Үміт ү кі
Үй
Сабақты қорыту
БҮҮ стратегиясы.
Білетінім.
|
Үйренгенім
|
Үйренгім келеді.
|
А, у, о, ы, ұ, е, і, ә, и, ө, т, п, н, ғ, р, л, ш, й, қ, д, м, б, с, ж, ң, к, з,ө
|
Үү әрпін жазуды,
оған қатысты сөздерді оқуды үйрендім.
|
Басқа әріптермен де танысу.
|
Үйшік ойыны.
Оқушылар өткен әріптерді үйшіктерге салады. Қызыл үйшікке дауысты, көк үйшікке дауыссыз дыбыстарды салады
Мадақтау,бағалау
|