Сабақтың тақырыбы : 136-138 жаттығу. Үш би



бет1/2
Дата28.06.2017
өлшемі0,96 Mb.
#20520
түріСабақ
  1   2

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара қаласы

А. Иманов атындағы жалпы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Бишинова Ж.У


Өтілетін күні : 9.04.2014 Пәннің аты : ана тілі



Сабақтың тақырыбы : 136-138 жаттығу . Үш би

Сабақтың мақсаты : Үш биді меңгеруге олардың тарихын білуге ,атқарған қызметтерін,айтқан өсиет әңгімелерін түсіндіру . Батылдыққа ,шыншылдыққа , адамгершілікке , шешендікке тәрбиелеу .

Сабақтың әдісі : түсіндіру , сұрақ –жауап , интербелсенді әдіс .

Сабақтың түрі : топтық сайыс сабақ .

Сабақтың пән аралық байланысы : математика , дүниетану .

Сабақтың көрнекілігі : Суреттер , плакат , кеспе қағаздар , сөзжұмбақ т.б

Сабақтың барысы :

І -Ұйымдастыру кезеңі :

а) Оқушыларды түгелдеу

ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

б) Оқушылардың сабаққа керекті құрал-жабдықтарын түгелдеу

в) Кезекшілерді тексеру .
Сыныпты үш топқа бөліп аламын . ІІІ- топқа ат қоямын .
ІІ –Өткенге шолу жасау

Өткен тақырыпты еске түсіру шолу жасау . Өткен тақырып бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қою арқылы өтілген сабақты пысықтау .

1.Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады ? кім ? не ? кімдер ? нелер ?

2 . Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады ? не істеді ? не қылды ? қайтті ?

3 Заттың сынын сапасын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады ? қандай ? қай ?
Өткен тақырыптар бойынша ережелерді мысал келтіру арқылы еске түсіріп алдық
Енді осы ережелер бойынша мен сендерге топтық тапсырмалар беремін .


ІІІ-Шығармашылық тапсырма
І- топқа. Кім ? кімдер ? не ? нелер ? деген сұрақтарға жауап беретін сөздердің астын сызыңдар .

Оқушылар , жүзді , мектеп , қызыл , айна , жеңіл , оқыды , дәптерлер


ІІ-топқа . Қандай ? қай ? деген сұрақтарға жауап беретін сөздердің астын сызыңдар .

Қызғылт , күлгін , ыдыстар , қолшатыр , үлкен , биік , оқыды , жүгірді .


ІІІ- топқа .Не істеді ? не қылды ? қайтті ? деген сұрақтарға жауап беретін сөздердің астын сызыңдар .

Сөйледі , сурет , қайшы , қимылдады , зерттеді , жасыл , ауыр , жіңішке


Ал енді балалар ережені еске түсірдік . Енді мен оқулық бойынша үйге қандай тапсырмалар бердім .


  1. Домалақ ана

  2. 135 жаттығуды ауызша талдап келу болатын .

  3. Заттың санын білдіретін сөздерді атап оларға мысал келтіру болатын .

Ережені сұрап мысал келтіріп айту. Мыс : бес , он, екінші , елуінші , алтыншы .

Домалақ ананы түсініп оқуға берген едім .
1.Бұл өлеңнен не түсіндіңдер ?

2. Жақсы адам қандай болуы керек ?


IV-Сергіту сәті

Кел балалар ойнайық

Ойнайық та , ойлайық

Қандай сұрақ болса да

Таппай оны қоймайық
V- Жаңа сабақ : 136-138 жаттығу Үш би .
-Дәптермен жұмыс
136 – жаттығу . 1. Берілген сандарды сөзбен жазыңдар .
11, 12, 13, 14.

Үлгі : он бір , .....

2. Екі таңбалы сан атауларының бөлек жазылатынын естеріңе сақтаңдар .
137 – жаттығу 1. Сұрақтарға жауап жазыңдар .


  1. Атың кім ?

  2. Неше жастасың ?

  3. Қай сыныпта оқисың ?

2. Неше ? нешінші ? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар .


138- жаттығу 1. Көп нүктенің орнына аптаның нешінші күні екенін жазыңдар ?

Дүйсенбі - ..... ..... ..... .....

Сейсенбі - ..... ..... ..... .....

Сәрсенбі - ..... ..... ...... ..... .....

Бейсенбі - ..... ..... ..... ..... ....

Жұма - ..... ..... ...... ...... ..... ...

Сенбі - ..... ..... ..... ..... ..... .....

Жексенбі - ..... .... ..... .... .... ...


Үлгі : Дүйсенбі – аптаның бірінші күні .





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет