Турганалиева Шара
Күні, айы: 30.11.2015ж Пәні: Қазақстан тарихы Сыныбы:7 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: §.18 Сәулет өнерімен құрылыстың дамуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстандағы Х – ХІІ ғасырлардағы сәулет құрылыс
жүйелерімен сәндікқолданбалы өнердің дамуы туралы жан – жақты
түсінік беру.
Дамытушылық: Сәулет өнерімен құрылыстың дамуына ықпал еткен факторларды
ашуға жәнеоларды VІ – ІХ ғасырлардағы сәулет құрылыстармен
салыстырып,қорытындылауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Көне тарихи ескерткіштерді, ұлттық құндылықтарды сақтап,
қастерлеугеөнерді түсінуге және шеберлік шығармашылыққа
тәрбиелеу.
Міндеттері:
Ұжымдық жағдайда ақпаратты жоғары жылдамдықпен меңгеруді ұйымдастыру;
есте сақтау және зейінді жаттықтыратын тапсырмалар орындау;
пәннің құндылықтарын сезінуге ықпал ету;
өз бетінше білім алуға үйрету, ең негізгіні бөліп алу, салыстыра білуге дағдыландыру;
өзін-өзі бақылау және бағалауға үйрету; өзін-өзі түзету біліктілігін дамыту.
Күтілетін нәтиже:осы тақырыпты менгеру барысында үлгерімі -100 %, білім сапасы- 40 %
Сабақ барысы:
1-кезең Ұйымдастыру кезеңі:3 минут
Оқушылардың зейінін жинақтау:
Сыныпқаену, оқушыларменсәлемдесу.
Сыныпоқушыларынтүгелдеп, журналғабелгілеу.
Сыныптазалығы мен керектіқұрал-жабдықтардыдаярлау.
Табиғатқа, сыныптыңжалпыахуалынакөңілбөліп, оқушылардыңзейіндерінсабаққааудару.
Психологиялық тренинг
Сабақ бастамас бұрын оқушылардың зейінін тақтаға аудару
2-кезеңҮй тапсырмасын тексеру:
Жетекші білім мен оқу амалдарын өзектендіру кезеңі10 минут
Еңбек және экономикалық тәрбиесі. Оқушылар бойында өз іс-әрекетінің (үй жұмысын орындаудың)
қажетсіз қалмауына мән беруді және еңбектің (үй жұмысын орындаудың) өмірлік табыстарға
жетудің басты тәсілі екенін қалыптастыру.
Сыныпты 3 топқа бөліп, әр топқа үлестірме қағаздарға, жазылған сұрақтар беріледі. Сұрақтар
IX - XII ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуына байланысты қойылады.
1 - топ
1. Қолөнердің қандай түрлері дамыды?
2. Қыш құмыра жасайтын шеберханалар қай қалалардан табылды?
3. Шыны ыдыстарды жасау қалай іске асты?
4. Зергерлік кәсіп пен сүйек ұқсатуға сипаттама беріңдер
2 - топ
1. Тұтынушы, өндіруші ұғымдарына түсінік беріңдер
2. Айырбассаудадеген не?
3. Далалыөлкелергеқаладанқандайтауарларәкелінді
4. Қалағадалалыөлкелерденәкелінгентауарлардыатаңдар?
3 - топ
1. Егіншіліктіңдамуы неге қаласаныныңөсуіменбайланыстыболды?
2. Егіншаруашылығыменбайланыстықандайқұрал - саймандаржасалды?
3. ЕгіншілікҚазақстанныңқайжерлеріндежақсыдамыды?
4. Егіншаруашылығыдамығанаймақтардыкартаданкөрсетіңдер
Үйтапсырмасынбекіту.
(Сұрақ - жауапарқылыбекіту)
1. Ұсталарқандайбұйымдаржасады?
2. Ақшаныңқандайтүрлеріболды, оларқандайқалалардашығарылды?
3. Қандайегіндақылдарыөсірілді?
3-кезең Жаңа сабақ түсіндіру (Стандарттық және өзгермелі жағдайларда білімді қолдану
үлгісін құру)10 минут
Сабақтың жоспары
1. Сәндік қолданбалы өнер
2. Сәулет, құрылыс жүйелері
3. Кесенелер, моншалар
Х – ХІІ ғасырларда салынған Айша – бибі, Арыстан баб (әулие), Бабаджа-қатын кесенелері
бейнеленген құжатты бейнетаспа көрсетілді.
І топ.
1. Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не?
2. Ғаныш дегеніміз не?
3. ХІ ғасырдан бастап сәндік қолданбалы өнерде қандай кірпіштер кеңінен пайдаланылды?
ІІ. Топ
1. Х – ХІІ ғасырларда қандай архитектуралық құрылыстар салу ісі ерекше дамыды?
2. X - XII ғасырлардағы сәулет құрылыстарының VI - IX ғасырларымен салыстырғанда қандай
артықшылықтары болды?
3. Қандай қалаларда мешіт құрылыстарының орны ашылды?
ІІІ – топ
1. Белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған діни құрылыс қалай аталады?
2. Қандай кесенелерді білесіңдер?
3. Қай қалалардан моншалардың орны аршылған?
Хронологиялық диктант
ХІ ғасырда – Сәндік қолданбалы өнерде оюлы және кеңінен пайдаланылған.
Х І - ХІІ ғасырларда - Ғимараттарды өрнектеп, сәндеу ісіне оюланған кірпіштер кеңінен
қолданыла бастады.
Х – ХІІ ғасырларда - Сәулетті ірі құрлыстар салына бастаған.
Х - ХІ ғасырларда - Бабаджа – қатын кесенесі салынған.
ХІ – ХІІ ғасырларда - Айша бибі кесенесі салынған.
ХІҮ – ХҮ ғасырларда - Әмір Темірдің бұйрығы мен Арыстан баб, Қожа Ахмет Иассауидің
кесенелері салынды.
Сәулет ескерткіштерінің тұрғызылған жерлерін сәйкестендіру.
1. Бабаджа қатын кесенесі - а) Түркістан
2. Айша – бибі кесенесі - ә) Тараз
3. Арыстан баб кесенесі - б) Тараз
4. Қажа Ахмет Йассауи - в) Түркістан
4-кезең Жаңа тақырыпты бекіту: Инетеллектуальді мәдениетті дамыту. Белсенді ойлау қызметінің дамуын, сана-сезімінің қажетті біліммен толығуын, ақыл-ой қаблеті мен білімге құмарлығын дамыту.
Термин сөздер
Ғаныш - Бор тасты күйдіру арқылы алынатын құрылыс материалы. ол қалау жұмысына және сылаққа қолданылған.
Терракота - Ғимаратқа сән беру үшін қолданылатын шағын көзе кірпіш.
Мешіт - Діни құрылыс, ислам дінін ұстанушылардың мінажат орны.
Кесене - Діни құрылыс, белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған.
|
5.Бағалау:бағалау парағы арқылы (деңгейлеп, оқушының өзінің қатысуымен) сыныптағы сабаққа қатысқан оқушы саны- мысалы:1) «3» - үлгерімі –
2) «4» - білім сапасы –
3) «5» -
6.Түзету:
1) үйге тапсырма беру§.18 Сәулет өнерімен құрылыстың дамуы.
2) қосымша сабақ беру Қандай қалаларда мешіт құрылыстарының орны ашылды?
3) қосымша тапсырма беру.Қандай кесенелерді білесіңдер?
Директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасары ______________________________
Достарыңызбен бөлісу: |