5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 47. 1920-1930 жылдардағы өнеркәсіптің дамуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: XX ғасырдың басындағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуы, басты ерекшеліктері туралы мәлімет беру, сол кездегі экономикалық даму жағдайы туралы білімді игеру үшін жағдай жасау.
Дамытушылық: социалистік экономика туралы түсінік қалыптастыра отырып, оны әр қырынан талдай білуге үйрету, олардың ойлау дағдыларын, қабілетін жан-жақты дамыту.
Тәрбиелік: еліміздің өткеніне құрметпен қарауға үйрету, тақырыптың маңызды мәселелерін оқыту арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: топпен жұмыс.
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: әр түрлі өнеркәсіп құрылыстарының суреттері. Мысалы, Түрксіб құрылысы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сынып ішінде үш топқа бөліп, әр топтың жұмыс істеу тәсілін түсіндіріп беремін.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға карточкалық сұрақтар беремін. Карточка бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:
«Алаш» қозғалысының алдына қойған мақсаттарын атаңдар.
Әлихан Бөкейханов туралы айт.
«Алаш» партиясының мүшелері туралы не білесің?
А.Байтұрсыновтың қызметі туралы не білесің?
«Алаш» партиясына қандай топ карсы болды? Неліктен?
Бұдан әрі оқушылардың үйге берілген сұрақтар мен тапсырмаларын тексеріп шығып, кейбір оқушыларды бағалаймын.
Соңында Алаш қозғалысының жалпы мақсаттары мен міндеттерін көрсетіп, Алаш қайраткерлерінің қызметтері мен тағдырларына, аталған қозғалыстың тарихи маңызына, Қазақстан тарихынан алатын орнына қысқаша тоқтала отырып үй тапсырмасын қорытындылаймын.
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен жоспары алдын ала тақтаға жазылып қойылады. Оқушыларға сабақтың мақсатын айтып беремін.
Сабақ жоспары:
1. Қазақстанның әлеуметтік-экономиқалық жағдайы.
2. Қазақстан индустрияландыру жылдарында,
3. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. Алдымен оқушылардың назарын жоспарға аударамынжәне мынадай бағытта жаңа сабақты түсіндіріп өтемін.
Азамат соғысынан кейінгі Қазақстанның экономиқалық жағдайы:
Өнеркәсіптегі хал.
Ауыл шаруашылығы.
Ашаршылық. Индустрияландыру жылдары:
Жаңадан салынған өнеркәсіп орындары.
Түркістан-Сібір темір жол құрылысы.
Қазақстан КСРО-ның шикізат базасы. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру:
Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.
Байлардың мал-мүлкін тәркілеу.
Күштеп ұжымдастыру.
Ұжымдастыру зардабы.
а) Мал шығыны. ә) Ашаршылық. б) Демографиялық өзгеріс.
Ұжымдастыру саясатына қарсылық.
Тұлғалар: Т.Рысқұлов, С. Сәдуақасов, М.Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев, Ғ. Мүсірепов, М. Ғатауллин.
Сабақты түсіндірген кезде көрнекі құралдарды ретіне қарай пайдаланып отырамын. Және әңгімемнің арасында әр топтың оқушыларына сұрақ қойып, оларды да сабаққа қатыстырып отырамын.
Оқулықпен жұмыс
Оқушыларға топпен бірігіп отырып мәтінді оқып шығуға, керекті мәліметтерді, оның ішінде хронологиялық даталарды, терминдерді дәптер бетіне түсіріп отыруды тапсырамын. Бұған оқушыларға бес минуттай уақыт беремін.
Топқа берілетін тапсырмалар.
I. XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономиқалық жағдайына талдау жаса.
Бұл тапсырманы әр топ өзара ақылдаса отырып орындап шығады. Топтан бір оқушыдан шығып ортақ пікірлерін айтады. Оны толықтырып отыруға болады.
Алғашқы тапсырманы орындап болғаннан кейін, топ мүшелерін бағалай отыра келесі тапсырма беріледі.
II. Әр топ алдарындағы кестені салыстыра отырып бірігіп толтырады.
|
Индустрияландыру
|
Ұжымдастыру
|
Уақыты
|
|
|
Пайдасы
|
|
|
Зардабы
|
|
|
Тарихи маңызы
|
|
|
Толтырылған кестені тексеріп шығамын.
Осыдан кейін үш топты жарыстыру мақсатында әр топқа тест сұрақтарын таратамын. Тест сұрақтарының саны 7-8 болады.
1. Кеңес Одағында индустрияландыру бағыты қабылданған жыл.
2. Түрксіб темір жолының ұзындығы т.б.
Қорытынды кезең:
Сабақты бекіту мақсатында топтарға карточкалық сұрақтар таратамын. Бұған жауап алғаннан кейін өткен тақырыптың негізгі мәселелеріне тоқтала қорытындылаймын.
Бағалау: Үй тапсырмасы:. 47-параграфты оқу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §48. 1920-1930 жж білім мен мәдениеттің дамуы.
Сабақтыңмақсаты:
Білімділік: ХХғасырдың 1-жартысындағы Қазақстандағы білім беру мен мәдениеттің жалпы дамуы, ерекшелігі туралы мәлімет беру, мәдени құрылысты жан-жақты түсінуге жағдай туғызу.
Дамытушылық: мәдени құрылыс үрдісін түсіндіре отырып, оның басты ерекшеліктерін анықтай білу дағдыларын қалыптастыру, өз беттерінше шығармашылық әрекеттерін дамытуға жағдай жасау.
Тәрбиелік: мәдени құрылыстың дамуының басты ерекшеліктерін түсіндіре отырып, ұлтымыздың мәдени құндылықтарын құрметтеу сезімін оятуға жағдай жасау, ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерін жете тануға көмектесу, қызығушылықтарын ояту.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, бейнелеу, т.б.
Көрнекілік: ақын-жазушылардың суреттері (М. Жұмабаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин т.б.).
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардан үйге қандай тапсырма бергенін сұраймын. Оқушылар жауап бергеннен кейін, өткен сабаққа аздап кіріспе жасап, үй тапсырмасын сұрауға кірісемін. Үй тапсырмасын сұрау мақсатында оқушыларға төмендегідей сұрақтар қоямын:
1. Индустрияландыру дегеніміз не?
2. Индустрияландыру жылдары Қазақстанда қандай өнеркәсіп орындары салынды?
3. Индустрияландырудың маңызы қандай болды?
4. Түркістан-Сібір темір жолының тарихи маңызын керсет.
5. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру Қазақстанда қалай жүзеге асырылды?
6. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың зардаптарын көрсет.
7. Т. Рысқұловтың және «Бесеудің хаты» не туралы болды?
8. Ф.И. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясатының мәні.
Бұдан әрі оқушылардың жауабын толықтырып, өткен сабаққа шолу жасаймын. Қазақстандағы индустрияландыру мен күштеп ұжымдастыру саясатын салыстыра отырып, үй тапсырмасына қысқаша қорытынды жасаймын.
III. Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбын тақтаға жазып қоямын. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырып өткен соң, жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.
Сабақты түсіндіру үшін төмендегідей жоспар құрамын.
1. Сауатсыздықты жою.
2. Халық ағарту ісі.
3. Ғылым мен мәдениет.
4. Қазақ өнерінің қалыптасуы.
Алдымен қысқаша кіріспе әңгіме ретінде білім мен мәдениеттің тарихтағы орны, маңызы туралы әңгімелеп беремін.
Жоспардың бірінші бөлімін оқулықтан бір оқушыға дауыстатып оқытқаннан кейін әңгімелесу арқылы түсіндіремін. «Сауат ашу», «сауатсыздық» сөздеріне бірлесе отырып түсінік беріп өтемін. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін барлық елде сауатсыздықты жою мақсаты қойылды. Себебі жаңа қоғам орнату, сауатсыздықты жою бірінші міндет еді. 1924 жылы «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды. Алдымен ересектер арасында сауатсыздықты жою мақсатында мектептер ашылып, хат таныту ісі жүргізіле бастады. Бұл әрекеттер біршама нәтиже берді. 1930 жылы Қазақстанда жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру жөнінде қаулы қабылданды.
Екінші бөлім бойынша да қыскаша түсінік беріп өтемін.
Ағарту - білім беру ісі. Кеңес өкіметі 20-30-жылдары ағарту ісіне көбірек көңіл бөле бастады. Қаражат бөлініп мектептер мен интернаттар салынды. Ұлт зиялылары Қ. Сәтбаев, Ә. Бөкейханов, М. Әуезов, А.Байтұрсыновтар мектептерге арналған оқулықтар жазуда өлшеусіз үлес қосты.
Жоғары оқу орындары да көптеп ашыла бастады.
Дәптерлеріне хронологиялық кесте түрінде жаздырамын.
Ғылым мен мәдениеттің дамуын мына бағытпен түсіндіремін.
Ғылыми-зерттеу істері.
Ғалымдар.
Әдебиеттің дамуы.
Сталиндік қуғындау.
Атаулар мен есімдер: М. Дулатов, М. Тынышбаев, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Б.Майлин, I. Жансугіров, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ғ. Мүсірепов, Қ. Сәтбаев.
«Өнер» сөзіне түсінік беріп өтеміз.
Қазақ өнерінің дамуы қарқынды жүрді. Белгілі этнограф А.В. Затаевич қазақтың ән-күйлерін жинастырып «Қазақ халқының 1000 әні», «Қазақтың 500 әні мен күйі» атты жинақтар шығарады. Атақты әнші Ә.Қашаубаев Еуропа сахналарында ән салып, қазақ әнінің құдіретін танытады. Қазақ өнерінің дамуын 1926 жылы ашылған ұлттык театр жеделдетеді. Оны Ж. Шанин басқарды.
Қорытынды кезең:
Жалпы қорытынды кезеңінде сабақты бекіту мақсатында тест тапсырмаларын қолданамын. Тест тапсырмалары жаңа өтілетін тақырып бойынша құрастырылады. Тапсырмалардың саны 10 болады.
1. «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы қай жылы құрылды?
2. Алғаш Қазақ, тіліндегі алгебра оқулығын құрастырған ғалым.
3. 1928 жылы ашылған жоғары оқу орны т.б.
Тапсырмаларды жалпылама тексере отырып, жоспар бойынша тақырыпқа шолу жасап қорытындылаймын.
Тест сұрақтарға берген жауаптары бойынша оқушыларды бағалаймын.
Бағалау:
Үй тапсырмасы: 48-параграфты оқу.
Достарыңызбен бөлісу: |