Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Ақан Қорамсаұлы
Сабақтың мақсаты : а) А. Қорамсаұлының өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас тұлға екенін таныту;
ә) өнерді сүю,өнерге құштарлық тәрізді өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру;
б) Ақанның сері ретіндегі мүмкіншілігін таныту,идеялық-эстетикалық мәнін ашу,логикалық ойларын дамыту;
Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту
Сабақтың көрнекілігі : тірек сызбалар ,суреттер
Пәнаралық байланыс : ән-күй ,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Ақанның өмірі мен шығармашылығы. Ақан 1843 жылы Көкшетау облысы Айыртау ауданында Қоскөл деген жерде туған. Ол он үш жасқа келгенше Кұнту деген молдадан мұсылманша оқыған. Бірақ сезімтал, сергек ойлы, ұғымтал балаға молданың оқуы ұанамайды. Кейін Қызылжарда Уәли медресесінде 2-3 жылдай дәріс алады. Жасынан өлең айтып, домбыра тартып, ән шығарумен шұғылданған Ақанның серілік өмірі басталады. Ел мұңын жоқтап, жүрген жерлері думанға айналған. Ақан сері Балуан ІПолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп, Құлтума сынды атақты сал серілермен жақын қарым-қатынаста болған. Ит жүгіртіп, құс салып аңшылық құрған. Алғыр қыран құс, жүйрік тазы ұстаған. Кейін Құлагер сияқты жүйрік атқа ие болған.Ақан сері өмір шындығын терең жырлаған. Асқақ ақын ғана емес, сыршыл лирикалық сезіммен, әншілік орындаушылық композиторлық өнерімен бүкіл қазақ даласына танылған ерекше дарын иесі, арқаның ардагер ақын әншісі болды. "Ойқалқа", "Біздің көңіл қайда жатыр".
Жастық, бозбалалық көңілде Ақан серінің көп жырлаған тақырыбы достық, махаббат болды. Өзі ақын, өзі әнші, өзі аңшы сұлу жігіт Ақанның халық арасына атағы тез жайылады. Оның айналасына қыз- бозбала топтала береді. Эстетикалық сезімі, талғамы күшті ол Көкшенің көркем табиғатында туған небір әсем әндерін бабына келтіріп орындайтын болған.
Өлеңдері: «Балқадиша», «мақпал қыз», Қыз сипаты», « Сүмбіл шаш», « Көңіл жыры», «Нұрила», «Ақшабақ» , «жайықтың ақ түлкісі аралдағы» т.б
Кітаппен жұмыс: Ақан Қорамсаұлының өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.
Тақтамен жұмыс: Тақтаға Ақан серінің өлеңдерін құрылысына қарай талдайды.
Айтайын //замандасқа// біраз кеңес, 1 шумақ
Жігіттік //талап еткен// жаман да емес. 4 тармақ
Өнермен //талпынам деп //орға түссе, 12 бунақ
Өкініп// өз ісіне //қайғы жемес
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ақан Қорамсаұлының өлеңдерін оқып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |