Жаңа тақырыпқа оқушылардың зейінін аударуға арналған сұрақтар:
-Балалар, бұл кімнің әні?
-Әннің аты қандай?
-Абай Құнанбаев кім?
- Абайдың табиғат көрінісін суреттейтін тағы қандай өлеңдерін білесіздер?
- Өлеңнің «Желсіз түнде жарық ай» аталуының себебі неде?
«ББҮ» әдісі. Сынып оқушыларына (білемін-білгім келеді - үйрендім) кестесі таратылады. Кестенің бірінші бөлігіне осы тақырыпқа байланысты не білетіндері, екінші бөлігіне балалардың ғылыми-танымдық мәтінмен танысу барысында «не білгісі келетіні» жазылады. Үшінші бөлігі (не білдім) мәтінмен танысып,талдап болған соң толтырады.
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
Абай Құнанбаев қазақ халқының ұлы ақыны. Оның өлеңдерімен бірге әндері де халық арасына кеңінен тараған. Абай әндері-басқа әнші-композиторлардың әндеріне ұқсамайтын өзгеше әндер. Абайдың қара сөздері бар. Абайдың басқа қандай әндерін білісіңдер?
-«Айттым саған қаламқас», «Желсіз түнде жарық-ай», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», т.б. Соның ішінде «Желсіз түнде жарық-ай» әні бүгінгі сабағымыздың тақырыбы болмақ.
Жаңа ғана «Желсіз түнде жарық - ай» әнін әуенмен айтып үйрендіңдер. Енді әннің мазмұнын асықпай қағаз бетіне түсірейік. Бұл өлеңде табиғат әсемдігін, көңіл күйдің толқуын байқаймыз. Табиғат сұлулығы шумақтардан байқалады.
Айдың шығуынан түн мезгілі екенін, қалың ағаш жапырағынан жаз мезгілі екенін біліп отырмыз.
Ауылдың жаны терең сай
Тасыған өзен күрілдеп, - деген шумақтардан ауыл көрінісін көріп отырмыз.
Берілген шумақтардан ауыл көрінісін елестету арқылы сурет салуға кірісейік. Бұл жұмысты графикалық әдіспен, яғни сызық және жарық-көлеңке арқылы көрсетеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |