Сабақтың тақырыбы : Ахмет Байтұрсынұлы ұлттың ұлы ұстазы Сабақтың мақсаты



бет3/4
Дата31.01.2022
өлшемі21,13 Kb.
#116445
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
сынып сагпты

Жаңа сабақ

Ахмет Байтұрсынұлы өмірлік кредосы – осы қазақ жұртына не болған? Неге ұйқыда? Неге оянбайды? Халқымды оятсам – деген  тілекпен өмір сүрген.

Жол көрсеттім қазақ деген намысқа,

Жоқ сілтедім жақын емес, алысқа.

Өзге жұрттан өрге қадам басқанда,

Елім, сен де қатарыңнан қалыспа,-дей келе, публицистикалық бір мақаласында надандық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң олжалы деген жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы деген жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз бәрі-бәрі надандық  кесапаты» деп ашына жазады. «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 21-сәуіріндегі нөмірінде «Оқу жайы» деген мақала жарияланады. Сол мақалада А.Байтұрсынұлы қазақ үшін ең керегі оқу-білім екендігін айтады: «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатты сатады, ал сол шикізаттан жасалған өнімді екі-үш есе қымбатқа сатып алады. Бұл надандықтан келген кемшілік», -дейді. Бұған қоса,  бұл өте аз көрсеткіш екенін қынжыла айтады.



Уезі

Жылы

Қазақ саны

Мектеп саны

Қазақша оқығандар

Орысша оқығандар

ер

әйел

ер

әйел

Торғай

1912

57019

132

3244

118

425

18

Қостанай

1909

112675

108

6065

379

690

 29

 

«Қазақ» газетінің 1914 жылғы 9 мамырдағы нөмірінде  «Бастауыш мектеп» деген көлемді мақала жариялайды. Қазақ даласындағы  мектептерде қазақ елі сауатын тек ана тілінде ашқаны дұрыс дейді. Бастауыш мектепте 5 жыл болып, алғашқы 3 жыл ана тілінде,  кейінгі 2 жыл ғана орысша оқытылсын дегенді айтады. Бастауыш мектептерде оқу, жазу, діл, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағрапия, жаратылыстану пәндері жүргізілу керек дегенді ашып көрсетеді.

«Қазақ» газетінің 1913 жылғы 8 тамызындағы нөмірінде «Земство» деп аталатын бас мақаласында біз үшін құнды бір мәлімет келтіреді: «Ресейдегі халықтың барлығын қосып жіберіп топтап санағанда 100 адамның 20 адамы хат білетін болып шығады. Қазақтарда 100 кісіден 5 кісі ғана хат біледі»,-дейді.

Оқу-ағарту мәселелерін Ахмет Байтұрсынұлы жан-жақты сөз етеді. Қазақтарда балаларды оқытатын (программа), мини кітаптар (оқулықтар) жоқ», – дей келіп, оларды жазу қажеттіліктерін  және соған арнаулы педагогтық білімі бар мамандарды даярлау керектігін айтады. «Білімнің бар құралы – кітап» деп, білім конкурсын жариялау арқылы оқу-ағарту ісіне ат салысуға болатынын айтады.

А.Байтұрсынұлы бар уақытта, бар кезде де оқу керек деп кетті. Демек, біз кеңес дәуіріндегідей  «Оқы,оқы және оқы» деген Ленин емес, қазақ халқы оқу керек, қазақ халқы білімге қол жеткізуі керек дегенді ұстаз Ахмет Байтұрсынұлы екеніне енді көз жеткізіп отырмыз. Ғылым-білімге баратын жол халықты жақсылыққа апаратын жол екенін ол баса айтты. А.Байтұрсынұлы еңбегі қазақ үшін жасалған мәңгілік еңбек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет