Сабақты бекіту
«Сиқырлы сандар». (Асықтарға 50, 40, 30 номерлі сандар беріледі) Сандар астында жазылған сұрақтарға бір сөзбен жауап беру.
«30» санды асықтар:
«Қырық мысалға» енген өлеңдерін кімнен аударған?(Крыловтан)
Ахмет Байтұрсынұлы қандай газеттің редакторы болды?(«Қазақ» газеті)
Ақын нешінші жылдар арасында өмір сүрді?(1873-1938 ж.ж.)
«40» санды асықтар:
1.А.Байтұрсынұлы жабылған жала?(Өкіметке қарсы)
2.«Қазақтың бас ақыны» деген мақаласында кім туралы айтылады?(А.Құнанбаев)
3.А.Байтұрсынұлы әйелінің аты кім?(Александра-Бәдрисафа)
«50» санды асықтар:
Сауат ашу, тілді оқыту үшін, тілдің методикасы үшін жазылған дүние?(Тіл жұмсар)
XX ғасыр басында құрылған қазақтың ірі партиясы? (Алашорда)
Ақынның елінің көзін ашу, халықтың көкірегін ояту мақсатында жазылған жинағы? ( «Маса»)
Бес жолды өлең
А.Байтұрсынұлы
Біртуар,сауатты
Зерттеді, жазды , аударды.
А.Байтұрсынұлының еңбегі қазақ үшін жасалған мәңгілік еңбек.
Ұлы тұлға
Сабақты қорыту
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек, болсақ жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.
Достарыңызбен бөлісу: |