Сабақтың тақырыбы : Ахмет Байтұрсынұлы ұлттың ұлы ұстазы Сабақтың мақсаты



бет2/4
Дата31.01.2022
өлшемі21,13 Kb.
#116445
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
сынып сагпты
Ээ208к Қапбар Абзал, сынып сагпты, сынып сагпты, сынып сагпты, сынып сагпты, сынып сагпты, сынып сагпты, сынып сагпты, сынып сагпты
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ассоциация, зерттеу

Сабақ түрі:білімді жүйелеу, жинақтау

Сабақтың көрнекілігі: А.Байтұрсынұлы шығармалары, «Ақжол» кітабы, кестелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, Қазақстан тарихы, география.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын пысықтау

1.Хронологиялық кестені толтыру. Ауызша журнал



Жылдар

Ахмет Байтұрсынұлы

1873 ж.

Қазіргі Қостанай облысы, Торғай алабындағы Сарытүбек деген жерде туылған.

1882-1884 ж.ж.

Өз ауылында хат танып, сауат ашады.

1886-1891 ж.ж

Торғай қаласындағы екі сыныптық орысша-қазақша училищеде оқиды.

1891-1895 ж.ж.

Орынбордағы мұғалімдік мектепті бітіреді, ауыл мектептерінде мұғалім болады.

1909 ж.

Қарқаралыда екі сыныпты училищесінің меңгерушісі болып жүріп, «Өкіметке қарсы» деген жала жабылып, Семей абақтысынаа жабылады.

1910 ж.

Орынборға келіп, қоғамдық-саяси жұмыстарға араласады.

1913-1918 ж.ж.

«Қазақ» газетінің редакторы болады.

1918-1919 ж.ж.

Алашорда партиясы басшыларының бірі ретінде қазақ елінің болашағы, тәуелсіздігі үшін қызмет етеді.

1919 ж.

Ағарту саласында оқытушы, халық ағарту комиссары болады.

1937 ж.

Сталиндік репрессияға ұшырайды.

1938 ж.

Өлім жазасына кесіледі.

 

2.Тірек сызба.   Ахмет Байтұрсынұлы кім?

(Тілші, ғалым, мұғалім, көсем сөз шебері, зерттеуші, аудармашы, публицист, ағартушы, ақын, домбырашы, мысалшы, қоғам қайраткері болғандығын мысалдар арқылы дәлелдейді.)

Әр сұрақ белгісінің астында жасырынған сөзді тауып, оны қорғайды.

Мысал өлеңдері: И.А.Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударды,1909 жылы «Қырық мысал» деген атпен Петербургте басылып шықты.А.Байтұрсынұлы  аудармалары пішін жағынан ғана емес,түпкі идеясымен, қазақ еліне таныс бейнелерді  суреттермен көрсету арқылы ерекшелінеді.

-«Аққу,шортан,һәм шаян»

-«Қасқыр мен қозы»

-«Қайырымды түлкі»

-«Ала қойлар»

-«Үлес»


-«Қартайған арыстан»

-«Өгіз бен Бақа»

-«Қайыршы мен Қыдыр»

-«Ат пен есек» т.б

А.Байтұрсынұлы аудармаларының ерекшеліктері:


  1. Сюжетті И.А.Крылов өлеңіндегідей болғанымен, қазақ тұрмысына жақын ойлар айтылады.

2.Ой түйінін беруде қазақ мақал-мәтелдерін пайданалынады. («Адамның басы – Алланың добы», «Жазмыштан озмыш болмас» т.б.)

  1. А.Байтұрсынұлы мысалдары И.А.Крыловтың мысалдарынан көлемі жағынан да үлкен.(«Қасқыр мен тырна» – орысшада 19, қазақшада 36 жол, «Шымшық пен көгершін» орысшада 10, қазақшада 32 жол.

«Ақынның өлеңдері» деген тақырып бойынша «Маса» жинағын талқылау.

1913 ж. «Қазақ» атты газет шығару қолға алынады. Газеттің редакторына, бас сарапшылығына Ахмет Байтұрсынов тағайындалады. 1913 жылдың басынан 1917 жылға  дейін осы газеттің  бас редакторы болып А.Байтұрсынұлы зор еңбек атқарады.Ол 8000 тиражбен жарық көріп тұрады. Алғашқы нөмірде оның мақсаты айқындалды:

– жұрт пайдасына көз болу,

– қазақ арасына ғылым мен өнердің жайылуына басшылық ету,

– оқу, оқыту, мектеп т.б әдебиет туралы жол көрсету т.б.

Патша өкіметі «Қазақ» газетінің шығуын әу бастан-ақ қолдаған жоқ. Бірнеше рет әкімшілік айыппұлдар салып,  оның редакторын қазақтың біртуар ұлын А.Байтұрсынұлы түрмеге жапты. Газет бетіндегі әр сөз, әр мақала сол кездегі қазақ үшін ғана емес, қазіргі қазақ үшін де өте керек,өте қажет. «Қазақ» газеті қазақша ойлауға, қазақша сөйлеуге  үйретіп, ұлттық саясаттың басы болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет