Сабақтың тақырыбы : Қан топтары және қан құю. Резус фактор. Агглютинация. Резус конфликт



Дата21.11.2019
өлшемі62,62 Kb.
#52227
түріСабақ
Байланысты:
qnvfwgsgfgc5 1

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Заттардың тасымалдануы

Күні:

Сынып: 8

Мектеп: № 46 ЖОББМ

Мұғалімнің аты-жөні: Салихова Галия Жумагалиевна

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Қан топтары және қан құю. Резус фактор. Агглютинация. Резус - конфликт


Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.7. Агглютинация және резус конфликт механизмдерін түсіндіру


Сабақтың мақсаты

- Қан плазмасындағы нәруыздар қызметіне анықтама береді, түсіндіреді.

- Қан топтарының ерекшеліктерін ажыратады, сипаттайды.

- Адам өмірі үшін қан құюдың маңызын түсіндіреді.





Бағалау критерийі

Агглютинация және резус-конфликт механизмдерін сипаттайды.



Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты терминдер мен негізгі сөз тіркестері: Донор-

Реципиент-



Агглютинация-

Резус-фактор-

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы:



Агглютиноген.... болып табылады.

Агглютинин...

Резус-фактор дегеніміз...

Құндылықтарға баулу

Адам денсаулығын күтуге,сақтауға ,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Уақытылы медициналық қызметке жүгіну қажеттілігін ұғыну.

Пән аралық байланыс

Химия пәнінен- «Органикалық заттар» нәруыздың химиялық құрамын анықтау.

Алдыңғы білім

7 сынып «Затттардың тасымалдануы», Қанның құрамын , иммунитеттің пайда болу жолдарын біледі.



Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңі


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
5минут

3 минут


1. Оқушылармен амандасу. Жағымды психологиялық ахуал туғызу.

Алдыңғы білімдерін жинақтау мақсатында оқушыларға тапсырмалар беріледі.



1 тапсырма

«Қалам ұсыну» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.

1.Иммунитет дегеніміз не?

2.Туа біткен иммунитетті сипатта.

3.Жүре пайда болған белсенді иммунитет қандай?

4.Жүре пайда болған енжар иммунитетті сипатта.

5.Емдік қан сарысуы дегеніміз не?

6.ЖИТС-тен қалай сақтануға болады? 


ҚБ: Атмосфера орнату
2 тапсырма. « Stop cadr» әдісі:

Тақырыпты ашу. Бейне материал көрсетіледі.

Жаңа сабақтың тақырыбы ашылған соң, сынып оқушыларына «Адамда төрт қан тобы бар, оларды қалай анықтауға болады? проблемалық сұрақ беріледі. Оқушылардың жауабы тыңдалады және дұрыс жауабы тапсырмаларды орындау барысында анықталады.

Қан құю (бейне үзіндісі)

Интернет сайты


Сабақтың ортасы

7 минут


7 минут

5 минут


7 минут

3минут


3 тапсырма:«Ойлан, Жұптас, Бөліс» мәтінмен жұмыс.

«V»-білемін

«+» мен үшін жаңа

- басқаша ойлаймын

«?»-түсінбедім












Бағалау критерийі: Агглютинация және резус-конфликт механизмдерін сипаттайды.

Дескриптор:

- Мәтінді оқып, анықтама жазады.

- Агглютинация және резус-конфликт механизмдерін сипаттайды.

ҚБ: Мадақтау
4.ЖЖ

« Кестені сөйлет» әдісі:

 

Қан тобы




Агглютиногендер

Агглютининдер




Эритроцит нәруыздары

Плазма нәруыздары

І







ІІ







ІІІ







ІV










































1.Кестеден қан тобын анықтаныз.

2. Эритроцит нәруыздарын ген таңбаларымен белгілеңіз.

3. Плазма нәруыздарын ген таңбаларымен белгілеңіз.

Бағалау критерийі:

- Сыныптағы әр оқушыға карточкалық тапсырмалар беріледі.



- әр оқушы қан тобын атап, нәруыздарды белгілейді.

Дескриптор:

  • Қан топтарын анықтайды.

  • Қан нәруыздарын ген таңбаларымен белгілейді.


ҚБ: «Басбармақ»
5. ЖЖ «Биологиялық диктант» әдісі: Ойлау дағдыларына қарай сынып оқушылары деңгейлік тапсырмалар орындайды.

(дәптермен жұмыс)

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қояды. Адамға тобы басқа қанды құйған кезде ......... бір-біріне жабысып қалады.( эритроциттер)

Бұл құбылысты ....... деп атаймыз.(агглютинация) Эритроциттердегі нәруыздар........,(агглютиноген) ал плазмадағы нәруыздар........деп аталады.(аглютининдер) Қан тобынан басқа эритроцит нәруызы ......(резус) фактор.



Бағалау критерийі:

-оқушы берілген көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қояды.

- оқушы термин сөздерді қатесіз белгілейді.

-оқушы термин сөздің биологиялық маңызын біледі.

Дескриптор:

-Білім алушы көп нүктенің орнына қажетті сөзді жазады.

- Биологиялық маңызын зерделей алады.

ҚБ: Смайликтер
6. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары


Бағалау критерийі:

Агглютинация және резус-конфликт механизмдерін сипаттайды.


Есепті шешу:

-Ауруханада бірінші және екінші топ қандары сақталған. Ауруханаға көп қан жоғалтқан, зардап шеккен адамды әкелгенде, зерттеме көрсеткендей оның қан тобы төртінші болып шықты. Ауруханада сақталған қан топтарын зардап шеккен адамға құюға бола ма? Неге? Егер зардап шеккен адамның қаны үшінші топ болса ше? Түсіндіріңіз. __________________________________________________________

Дескриптор:

Білім алушы - aуруханада зардап шегушіге қан топтары алмастырып құйылған жағдайды түсіндіреді;



ҚБ: Стикер

« Серпілген сауал» әдісі:

Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтыру. 1.Агглютинация дегеніміз не?

2.Эритроцит нәруыздары қалай аталады?

3. Резус факторы қалай ажыратылады ?

4. Антидене дегеніміз не?

5.Қан топтары алмастырып құйылған жағдайды қалай түсіндірер едің ? 6.Резус конфликт кезінде заманауи медицина көмектесе ала ма?



ҚБ: «Қолпаштау»

Smk.edu.kz

Оқулық

А.И.Соловьева, Б.Т.Ибраимова,



Ж.Ә.Алина.биология 8 сынып

Жарайсың,Тамаша





Кестелер

Қалам, Жұмыс дәптері

Смайликтер


Стикерлер



Сабақтың соңы
3минут


Кері байланыс:

«Білемін» «Білгім келеді» «Не үйрендім»

Үй тапсырмасы: Үйден ата – аналарыңмен өздеріңнің қан топтарын анықтап келу;


Интерактивті тақта

Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?



Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және техника қауіпсіздік техникасын сақтау

«Серпілген сауал» әдісі арқылы тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін оқушыларға деңгейіне қарай сұрақтар допты лақтыру арқылы қойылады.

Дескриптор:

-Қан плазмасындағы нәруыздар қызметіне анықтама береді, түсіндіреді.

-Қан топтарының ерекшеліктерін ажыратып, сипаттайды.

-Адам өмірі үшін қан құюдың маңызын түсіндіреді.


«Қалам ұсыну» әдісі «Мадақтау», «Кестені сөйлет» әдісі «Басбармақ» арқылы бағаланады. «Биологиялық диктант» әдісі «Смайлик» және қалыптастырушы бағалау тапсырмалары «Стикер» әдісі арқылы оқушыларды бағалаймын.


Биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Сабақ бойынша рефлексия:

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы қолжетімді болдыма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарыңыздан ауытқу болды ма және неліктен?


Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы бағалау:
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)?

1.


2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді(оқу мен оқытуға қатысты)?

1.

2.



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістіктері – қиыншылықтары туралы нені анықтадам, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет