Сабақтың тақырыбы : Ана тілінің қызметі Сабақтың мақсаты



бет4/10
Дата15.09.2017
өлшемі1,63 Mb.
#32498
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

б) Жаң сабақты түсіндіру :

«Фразеология» термині кең мағынада алғанда,белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрлерінің жиынтығы деген ұғымды білдіреді.

Тілімізде қолданылатын және сөздермен бірге көптеген ерекше қалыптасқан сөз тіркестері және сөйлемшелер бар.оның сөз тіркестерінің екі не одан да көп компоненттері болады,бірақ сөз тіркестері семантикалық бірлікте болып,тұтас бір ұғымды білдіреді.

Мысалы: көз бояу,жүрегінің түгі бар,қу бастан қуырдақтық ет алған т.б.Мұндай тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасып,ел аузында көп айтылып жалпы халыққа түсінікті болып кеткен.

Мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін еденица болып қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде фразеологизмдер деп атайды.



Тақтамен жұмыс: фразеологиялық сөздердің синонимдерін тапқызу.

Телегей теңіз, көл-көсір (көп)

Ит жанды,жылқы мінезді (төзімді)

Маңдайы ашылған,қыдыр дарыған,бақ қонған (бақытты)

Сағы сыну,шағылу,жүрегі шайылу (беті қайту)

Білімді бекіту: 1.Фразеологиялық тіркестер дегеніміз не?

2.Тұрақты тіркестер дегеніміз не?

3.Эвфемизм дегеніміз не?

4.Дисфемизм дегеніміз не?



Бағалау: Сұрақтарға жауап бергендеріне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Мына фразеологиялық тіркестің мағынасын біліп келуге беремін.
Сақалын сипап қалу,мұзға отырып қалу,тақырға отырып қалу,аузы күю,көзді ашып жұмғанша,кірпік қаққанша,иек көтергенше,қаспен көздің арасында.
5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Мәтінмен жұмыс

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру ;

ә) Болашақ ұрпақты имандылыққа,салауаттыққа тәрбиелей отырып,халықтық дәстүрді жүрегіне ұялату,танымдық деңгейін көтеру,ауызекі сөйлеуге,әңгімелей білуге үйрету,сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру ;

б) Қазақ халқының өнерімен таныстыру,халық өнерін бағалай білуге тәрбиелеу,отансүйгіштікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі : білімді жүйелеу,жинақтау

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,жартылай ізденгіштік

Сабақтың көрнекілігі : суреттер, кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,бейнелеу.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Эвфемизм дегеніміз не 2.Дисфемизм дегеніміз не?

3.Табу дегеніміз не? 4.Тұрақты тіркестер дегеніміз не?

5.қандай тұрақты тіркесті білесіңдер? 6.лексика нені зерттейді?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Тақтаға бірнеше суреттер іліп қойып,соған қарап мәтін жазғызамын.



Жаттығумен жұмыс: Мәтінді оқытқызып, оғанат қояды,тұрақты тіркесті бір бағанға,жай тіркесті бір бағанға жазады.
Мына тұрақты тіркестердің мағынасын ашып,сөйлем құрап жазады.
1.Үріп ауызға салғандай

2.Іші баыры елжіреген

3.Емешесі құрыған

4.Жүрек жұтқан

5.Қоян жүрек

6.Тас бауыр

7.Жұмыртқадан жүн қырыққан

8.Итекеш иттенде бір сүйек қарыз

9.Алдыңғы доңғалақ қалай жүрсе,соңғы арба солай жүреді

10.Сиыр су ішсе,бұзау мұз жалайды.


Білімді бекіту : Өткен сабақтарға байланысты оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
Бағалау: Сұрақа жауап бергендеріне,мәтіннің мазмұнына қарай оқушылардың білімдері бағалаймын.
Үйге тапсырма:Үйге 123-жаттығуды жазып,оның ішінен тұрақты тіркестерді тауып,астын сызып келуге беремін.

5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і



Сабақтың тақырыбы : Мақал-мәтелдер

Сабақтың мақсаты :

а) Мақал-мәтелдер тралы түсінік беру,мақал мен мәтелдердің айырмашылығын түсіндіру;

ә) Оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып,ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту;

б) Сауаттылыққа,тұлға ретінде қалыптасуға баулу.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : баяндау,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,мақал-мәтелдер жинағы

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих,анатомия

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушылардың білімін бақылау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

1:Тұрақты тіркестер дегеніміз не?

2.Эвфемизмдегеніміз не№

3.Дисфемизм дегеніміз не?

4.Табу дегеніміз не?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

«Сөздің көркі - мақал» деген аталы сөз бар.Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізе білуге болады.Мысалы, «Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей» деп айтылған ақыл кімге ұнамайды дейсің.Мақалды көп біліп,көп қолданатын адамдардың білімі де,ақылы да арта түседі.

Мақал-мәтелдер-ауыз әдебиетінің бір түрі.Мақал-мәтелдерде көбінесе нақыл,ақыл айтылады.жаманнан сақтандырып,жақсыны үлгі етеді.Мақал-мәтелдердің мәндері,тақырыптары әр алуан.Халық өміріндегі өз бақылауларын қорытындылап,тұжырым жасап,ұйқасты сөздермен өнеге,үлгі боларлық мақалдар жасап отырған.мақал-мәтелдер өлең сөз сияқты көркем,ұйқасып тұрады.
Кітаппен жұмыс: жаттығуды жазып,ондағы мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп, мақал ма,әлде мәтел ме соны ажыратып береді.
Топпен жұмыс : Екі оқушыны шығарып мақал-мәтелдердің әр түрлі тақырыптарына байланысты мақал айтып жарыстырамын.
Екеара жұмыс : Мақалдың бір сыңарын айтқызып,екінші сыңарын екіншісіне айтқызамын.
Білімді бекіту: 1.Мақал дегеніміз не?

2.Мәтел дегеніміз не?

3.Мақал мен мәтелдің арасында қандай айырмашылық бар?
Бағалау : Оқушылардың білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Оқу-білім,еңбек туралы мақал-мәтел жаттап келуге беремін.

5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер

Сабақтың мақсаты: білімділік –оқушылардың мақал-мәтелдер туралы білім,білігін тереңдету

салыстыру,ажырата білу дағдылары мен оқу,талдау машықтарын қалыптастыру;



тәрбиелік; - ана тілін ардақтап бағалай білуге,сөз қадірін терең ұғынуға тәрбиелеу;

дамытушылық – оқушылардың логикалық ойлауын,ой дәлдігін дамыту,сөйлеу мәдениетін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,түрлі амал-тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: кесте,тірек сызба,суреттер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырмалар,іздендіру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих,бейнелеу,математика.

Сабақтың түрі:шығармашылық ізденіс.

Сабақтың барысы.Ұйымдастыру.Оқытудың қолайлы жағдайларын жарату,үй тапсырмасын сұрау.

«Ынта» тобы.Оқушылық деңгей.



Зымыран сұрақтар

1.Тұрақты тіркес деген не?

2.Тұрақты тіркесті ғылым тілінде басқаша не деп атаймыз?

3.Тұрақты тіркестер сөйлем мүшесі бола ала ма?

4.Тұрақты тіркестердің қандай баламасы болады?

5.Тұрақты тіркестер мән-мағынасы жағынан бір-біріне антоним болуы мүмкін бе?

6.Тұрақты тіркестердің мағыналары оның құрамындағы сөздердің мағыналарымен байланысты бола ма?

7.Ана тілімізде тұрақты тіркестердің маңызы қандай?

«Жігер» тобы.Суреттерге қарап(қас,көз,құлақ,мұрын)тұрақты тіркестер табу.

«Дарын» тобы.Шығармашылық деңгей.Кестені толтыру.



Тұрақты тіркестер

Мағына

Сұрақтар

Тілі шығу

Ит арқасы қиянда



......................

.....................

Таяқ тастам



...................

Қоян жүрек



Сөйлеу

.............

Қуану


..............

..............

Жылдам


............

Не істеу?

..............

...............

Қандай?


............

..............

..............

Тақтаға мақал-мәтелдер жазылған форматты іліп,ондағы мақал-мәтелдерді оқушыларға оқыту.



Білімқымбат,білу қиын.

Ықыласты шәкіртке сабақтың ауыры жоқ,

Ықылассыз шәкіртке ұстаздың тәуірі жоқ.

- Балалар,бұл мақалдарды біздің бүгінгі сабағымыздың ұраны етіп алсақ,жаңа сабағымыз не туралы екенін аңғаруға болады.Демек бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы ...

- Мақал-мәтелдер.

- Дұрыс,балалар,олай болса жаңа сабақты зейін қоя,мұқият түсініпалыңдар.Содан соң жаңа тақырыпқа байланысты жұмыс жүргіземіз.



Жаңа сабақты түсіндіру.

Мақал-мәтелдер – халық даналығының,көрегендігінің айнасы,тіл байлығының алтын қазынасы.Мақал-мәтелдер - өмір шындығының көрінісі,халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті,өмір сүру әрекетінің ережесі.

«Сөздің көркі – мақал» деп тегін айтылмаған.Мақал-мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып, орынды қолданса,сөзі мірдің оғындай өткір,көңілге қонымды,көркем әрі бейнелі болады.Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады.


Халық даналығының айнасы.

(Бетің қисық болса,айнаға өкпелеме)





Халықтың ұрпағына өсиеті.

(Әкенің балаға

өсиеті)

Асыл сөз қазынасы.

(Алтын,күміс,гауһар,т.б.

Асыл тастар,бағалы бұйымдар – мүліктік қазына)


М-М

а


Өмір сүру ережесі

(Жолда жүру,суда жүзу,қауіпсіздік ережесі)


Мақал – халықтың өмірден алған тәжірибесінің,ой-тұжырымының қорытынды жиынтығы,айқын ойды үлгі-өнеге,ақыл ретінде қысқа қайырып,көркем бейнелеп жеткізетін халықтың дана,нақыл сөзі.


Мақал

Ой тиянақты,

дәлелді


салыстыру

аяқталған

сөйлем


екі бөлім

Мақал-мәтелдер қосарлана айтылғанмен,олар бір-біріне туыс болғанмен,екеуінің өзара айырмашылықтары бар.Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да,құрлымы жағынан да байқалады.

Мысалы: «Тоқпағы күшті болса,киіз қазық жерге кірер» деген мақалды алсақ,бұл мақал екі жай сөйлемнен тұрады.Мұнан мақалдардың көбіне екі бөлімнен тұратынын білеміз.оның үстіне мақалдарда ой тиянақты болады.Алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің шарты түрінде келеді.Яғни киіз қазықтың жерге кіруі тоқпағының күшті болуына байланысты.Сонымен қатар мақалдарда бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар мен нәрселерді салыстыру арқылы ой-пікірді айқындай түсу тәсілі басым келеді.Мысалы: «Біреу тойып секіреді,біреуі тоңып секіреді», «Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені,»Еменнің иілгені – сынғаны» деген мақалдардан дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отыратынын байқаймыз.Мәтел мақалға қарағанда ойды ақырына дейін жеткізбей,топшылап,болжам ретінде түсіндіретін,сөйлем түрінде де,сөз тіркесі түрінде де келетін фразеологиялық бірлік.
Сөйлем немесе сөз тіркесі

топшылау

Мағына тұспалды

Мәтел

Қорытынды пікір,дәлелдеу жоқ

Мәтел құрылысы ойды түйіндеу жағынан мақалдан өзгешерек. «Әлін білмеген әлек», «Көппен көрген ұлы той» деген мәтелде тұспал ғана бар,мағына ашық емес,қорытынды пікір жоқ.Оны,бейнелік сөз айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшылайды.Мәтелде тиянақты тұжырым да болмайды.

Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан.Ол халықтың әлеуметтік шаруашылық,рухани өмірін түгел қамтиды.

Жаңа сабақты бекіту.

Оқушыларды іздендіре отырып кестені толтыру.





Мақал-мәтелдер

Тақырыптары

1.

2.

3.



4.

5.

6.



7.

Денсаулық – зор байлық

. . .

Досы көпті жау алмайды, . . .



. . .

Ата көрген оқ жонар



. . .

Ерді намыс өлтіреді, . . .



. . .

Өнер – білім



. . .

Еңбек


. . .

Ынтымақ,бірлік



. . .

1.Мақал деген не?

2.Мәтел деген не?

3.Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неден байқалады?

4.Мақал мен мәтелдің ой түйіндеу тұрғысынан қарағандағы ерекшеліктерін ата.

5.Мақал мен мәтелдің құрлымы жағынан айырмашылықтарын ата.?

133-жаттығу.Ауызша.Мақалдарды оқып,ағынасын түсіндіру.Епті,есті сөздерінің мағынасын түсіндіру.

«Ынта» тобы. Мақалдар мен мәтелдерді ажыратып.баған түрінде жазу (Кестемен жұмыс).

«Жігер» тобы. Құрамында сан есім бар 10 мақал жазу.

«Дарын» тобы. 134-жаттығу.Суретке қарап мәтін құру.

Сабақты қорыту.

Бағалау.

Үйге тапсырма. «Ынта» тобы: 135-жаттығу.Көшіріп жазу.

«Жігер» тобы: Ата-ана туралы 12 мақал-мәтел жазып келу.

«Дарын» тобы: «Жеті атасын білген – ер ...» тақырыбына мәтін құру.
5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Мәтінмен жұмыс.

Сабақтың мақсаты :

а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу ;

ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.



Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,кітап.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Эвфемизм дегеніміз не? 2.Дисфемизм дегеніміз не?

3.Табу дегеніміз не? 4.Антоним дегеніміз не?

5.Синоним дегеніміз не? 6.Омоним дегеніміз не?

7.Лексика нені зерттейді?


б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Мәтін деп айтылған ой-пікірдің,белгілі бір шығармашылық жұмыстың,біреудің шығармасының не оның үзіндісінің қағазға түскен немесе ауызша айтылған түрін айтады.Мәтін өзара байланысты бірнеше сөйлемнен тұрады да,олардағы ойлар жинақталып келіп автордың белгілі бір пікірін,көзқарасын білдіреді.

Мәтін туралы түсінік берген соң суреттер қойып соған қарап мәтін құратқызамын.

Оқушыларға мынадай тапсырма беремін.

1.Жолдасына хат жазуды тапсыру.

2.Өзінің бір нәрсеге қуанған кезіндегі көңіл күйін баяндап жаздыру.

3.Бір нәрседен шошынып,қорыққан жай-күйін жаздыру.

4.Табиғат көрінісін суреттеу.

5.Әжесінің,атасының,әке-шешесінің айтқан жақсы әңгіме,тілектерін баяндап жаздыру.
Білімді бекіту: 1.Мәтін дегеніміз не? 2.Мәтіндегі ой бөліктері дегенді қалай түсінесің?

3.Мәтін мен мазмұнның байланысы дегенді қалай түсінесің?


Бағалау: Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Үйге кез-келген тақырыпқа мәтін құрап келуге беремін.


5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Сөздік қор

Сабақтың мақсаты :

а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу ;

ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу, халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,география

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.мақал-мәтелдер дегеніміз не?

2.мақал мен мәтелдің қандай айырмашылығы бар?

3.тұрақты тіркестер дегеніміз не?

4.табу дегеніміз не?

5.синоним дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Тіліміздегі сөздердің көбі-қазақтың ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан байырғы төл сөздері.Олар ең қажетті ұғымдарды білдіреді де жалпы халыққа бірдей түсінікті болады.Мысалы:туыстықты білдіретін атулар:ата,ана,нағашы,жиен,аға,,жеңге,бөле т.б. Аң-құс атаулары: бүркіт,торғай,түлкі т.б. Мал атаулары жылқы,түйе,сиыр,қой,құлын.. Табиғат құбылыстарының атаулары:күн,ай,жел,бұлт,тау т.б.

Заттардың түр-түсін,сапасын білдіретін атаулар: ақ,қызыл,көк,жеңіл,ауыр. т.б. Қимыл-қозғалысқа,әрекетке қатысты сөздер:кел,бар,кет,сөйле,күл т.б. Тамаққа қатысты атаулар : ет,сүт,айран т.б. Тұрмыс қажетіне байланысты атулар: қазан,ожау,қалың жастық т.б. Сан атаулары : бір,екі,жеті,тоғыз т.б. Есімдіктер : мен,біз,сен,ол,кім,? не?
Кітаппен жұмыс : 136-жаттығу.Мәтіннен сөздік қорға енетіндей сөздерді теріп жазады.
Дәптермен жұмыс: Дәптерлеріне «Біздің сынып» тақырыбына шағын мәтін жазғызамын.
Ілімді бекіту : Оқушыларға бірнеше сұрқтар қоямын,түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Оқушылардың сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 137-жаттығу
5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Қазақ тілінің сөздік құрамының жазба түрдегі

Бастауы көне түркі жазбалары.

Сабақтың мақсаты :

а) Балаларға көне түркі жазба мұралары жайлы мәлмет беру,зерттеу тарихы әдебиет тарихынан алатын орны,құндылығына тоқтау ;

ә) Көне түркі жазбаларынан бастау алатын тіліміздегі сөздік құрамды дамыту аясын кеңейтеді ;

б) тарихи мұраларды,ескерткіштерді қорғау,сақтау,.келер ұрпаққа жеткізу.



Сабақтың түрі : Лекция

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,әңгімелесу

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,география

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Кеспе қағаздар таратып,үй тапсырмасын сұраймын.


1.Заттың қозғалаысын білдіретін сөздер жаз

2.Заттың түр-түсін білдіретін сөздер жаз.

3.мағынасы жоқ сөздерді теріп жаз.

4.Берілген сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем жаз (түс көрдім,аттан түс)

5.Күнделікті тұрмысқа қажетті ззаттарды ата
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
а)Балалардан көне ескерткіштер,тарихи мұралар Орхон жазулары туралы сұрау

ә)Жазудың тарихы өте ерте заманнан басталады.Көне жазу мен қазіргі жазудың арасында ерекшелік өте көп.Алфавиттік жазудың пайда болу тарихы,шығу тегі өте күрделі,шешілмеген жұмбақтарға толы.Өйткені алфавиттік жазу дүние жүзі мәдентетінің қол жеткен орасан зор табысы болса,бұл мәдени мұраға біздің ата-бабаларымыз да өзіндік үлес қосып келер ұрпаққа мирас еткен Арғы замандағы жазудың тегі суреттен басталған.
Көне түркі тілі қазақ тілі

Суғ,бағ,шегін,иоған,қағур. су,бу,жиен жуан,қыр т.б.



б) «Шоқан және өнер» атты кітапты пайдалана отырып,балаларға көне түркі ескерткіштері туралы мәлімет беремін.
Білімді бекіту: 1.Көне жазу мен қазіргі жазудың арасында айырмашылық бар ма?

2.Пиктографиялық жазу дегеніміз не?

3.Идеографиялық жазу дегеніміз не?

4.Қазақ зерттеушілерін ата.


Бағалау : Оқушылардың сабаққа белсене қатысып отырғандарының білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 140-жаттығу. 5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Тілдің сөздік құрамы

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың лексика туралы түсінігін кеңейту,қазақ тілінің құрамы туралы түсінік беру,меңгерту ;

ә) Жаңа сабақты түсіндіру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттыру,тіл байлығын,сөздік қорын дамыту;

б) Жаттығу жұмыстарын орындату арқылы оқушыларды табиғатты сүюге,сөздерді дұрыс қолдана білуге,ана тілін сүюге тәрбиелеу



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : түсіндіру сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,деңгейлік тапсырмалар т.б

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырма еркін тақырып бойынша әңгіме жазу. Оқушылардың әңгімелерін оқытамын

Газет-журналдардан оқыған әңгімелері туралы сұраймын. Сөздік қордан өткенді қайталау үшін пысықтауға арналған сұрақтар.

1.Қазақ тілінің сөздік қорына жататын атаулар қандай ?

2. Туыстық қатынасты білдіретін атауларды ата.

3. Мал атауларына қандай атаулар жатады ?

4.Табиғат құрылыстарының атаулары ?

5. Аң-құс атауларына қандай сөздер жатады ?

6. Заттардың түр-түсін,сапасын білдіретін атаулар.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

1. Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады.Сөздік құрамға халықтың тұрмыс жағдайын,кәсібін,мәдени қалпын танытатын барлық сөздер енеді. Қазақ тілінің сөздік құрамына халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздер де,кейінен пайда болған жаңа сөздер де,термин сөздер де, диалектизмдер мен кәсіби сөздер де кіреді.

2. Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жағдайына қарай жай қолданылатын сөздер және сирек қолданылатын сөздер болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет