Сабақтың тақырыбы : Ана тілінің қызметі Сабақтың мақсаты



бет7/10
Дата15.09.2017
өлшемі1,63 Mb.
#32498
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,тіл дамыту,талдау.

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика мақал – мәтелдер

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Фонетика нені зерттейді? 7.Жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не?

2.Фрнетика қандай мәселелерді қарастырады? 8. Ашық дауысты дыбыстар дегеніміз не?

3.Тіл дыбыстары дегеніміз не ? 9. Қысаң дауысты дыбыстар дегеніміз не?

4.Дауысты дыбыстар қалай жасалады? 10.Еріндік дауысты дыбыстар дегеніміз не?

5.тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? 11.Езулік дауыстыдыбыстар дегеніміз не?

6.Жуан дауысты дыбыстар дегеніміз не?



б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.

Дауыссыз дыбыстар мыналар : б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,р,с,т,ф,х,ц,ч,ш,һ,у )

Дауыссыз дыбстарды айтқанда,өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып,салдыр пайда болады.Сондықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады.



Мәтінмен жұмыс : Мәтінді оқып,осындағы дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажыратыңдар.

Кітаппен жұмыс : 259 – жаттығу. Мына сөздерге көрсетілген жұп дауыссыздардың тиістісін жазыңдар.

П – б : . . . айдасыз, . . . аласыз, . . . алың, са . . . ар т.б.

Т – д : ба . . . пақ, қа . . . ақ, са . . . ақ, . . . абыс, . . . әрі.

Шығармашылық жұмыс : Мына жұмбақтардың шешуіндегі өзгешеліктерді түсіндіріңдер.

К – ден бастап оқысаң – Құс атауы,қарашы !

Е – ден бастап оқысаң –

Жалқау бала бағасы.



Білімді бекіту : 1. Дыбыстар нешеге бөлінеді? 2.дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?

3. дауысты дыбыстар дегеніміз не? 4. дыбыстар не арқылы жасалады?



Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Кез келген тақырыпқа шағын мәтін жазып келуге беремін.


5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Дауыссыз дыбыстардың түрлері

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру ;

ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі - өнеге ету ;

б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу,өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскен соң қайран жоқ.

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Тіл дыбыстары нешеге бөлінеді? 2.Дауысты дыбыстар дегеніміз не ?

3.Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?

4.Жуан дауысты дыбыстар дегеніміз не? 5.Жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не?

6.Дауысты дыбыстар жақтың ашылу қалпына қарай нешеге бөлінеді?

7.Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не? 8.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай қатаң, ұяң және үнді болып үш топқа бөлінеді.

Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз.қатаң дауыссыздар мыналар п,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,с,ч

Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған,бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атймыз.Ұяң дауыссыздар мыналыр : б,в,г,ғ,д,з,ж,һ

Үн мен салдырдың қатысынан жасалып,бірақ салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстарды үнді дыбыстар дейміз.Үнді дыбыстар мыналар : р,л,й,у,м,ң,н.

Кітаппен жұмыс : 267 – жаттығу. Мәтінді оқып, оған ат қойыңдар.Мәтіннен қатаң дыбыстан басталатын сөздерді теріп жазыңдар.

Қарамен жазылған сөздердің қандай мағынада қолданылып тұрғанын айтыңдар.



Шығармашылық жұмыс : Суретке қарап,жылдың қай мезгілі екенін айтыңдар.

Сурет көрінісі мен өзің өскен ортадағы табиғатты салыстыра отырып мәтін құраңдар.



Білімді бекіту : 1.Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не? 2.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

3.қатаң дауыссыздар дегеніміз не? 4.Ұяң дауыссыздар дегеніміз не? 5.Үнді дауыссыздар дегеніміз не?



Бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 278 – жаттығу. Сөздерді бірыңғай дауыстыдан не бірыңғай дауыссыздан басталатын 1 – 2 шумақ өлең жазыңдар.


5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і

Сабақтың тақырыбы. Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Сабақтың мақсаты: а) білімділік – ауызша,жазбаша талдау жұмысын жүргізіп,теориялық білімін бекіту,оқушыларды дұрыс сөйлей білуге,сауатты жаза білуге,іздендіре отырып нәтижеге өз беттерінше жетуге үйрету; ә) дамытушылық – дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру дағдысын қалыптастыру,дұрыс сөйлеуге машықтандыру,топпен жұмыс істеу,логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру.б) тәрбиелік – ана тілін қадірлеуге,білімділікке,сауаттылыққа,анасын,отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау,сұрақ-жауап,баяндау.

Көрнекілік: фрнетика саласына байланысты кесте-сызба, «Домино» ойыны, «Арқан тартыс» ойыны ..

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу. Оқушы зейінін мына өлең жолдары арқылы сабаққа аудару.

Қазақ тілі!

Ол менің ана тілім.

Ләззат-қуат

Сөйлессем табатыным.

Тізілтіп сөз маржанын

Жазғанымда,

Білем анық бағымның

Жанатынын.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылардың үйге берілген жаттығуды орындауын тексеріп шығып,екі-үш оқушыға жаттығуды оқыту.

«Арқан тартыс» ойыны арқылы оқушылардың өткен материалдарды меңгеруін қадағалау. «Тақтаға арқан орнына жіп бекітіледі де,екі оқушы шығып,екі жағында тұрып сұраққа жауап береді).

Сұрақтар


1.Фонетика не зерттейді? 2.Қазақ тілінде неше әріп,неше дыбыс бар? Әріп дегеніміз не,дыбыс дгеніміз не? 3.Қазақ тілінде дыбыстар нешеге бөлінеді? 4.Дауысты дыбыс дегеніміз не? Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? 5.Дауысты дыбыстар сөйлеу мүшелерінің қатысына қарай нешеге бөлінеді? 6.Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не? 7.Салдыр мен үннің қатысына қарай дауыссыздар нешеге бөлінеді? 8.Қатаң дауыссыздан басталып,қатаң дауыссызға аяқталатын 5 сөз айт. 9.Ұяңға аяқталатын 5 сөз айт. 10.Қатаң дауыссызға басталатын ұлттық ойындырды ата.
ІІІ. Жаттығу,талдау жұмыстары (өз бетінше жұмыс).

276-жаттығу.Мәтіннен қатаң дауыссыз қосымшалар әсерінен ұяңдалған сөздерді тауып жазу.



Бесік – бесігіміз,жақ – жағымыз

Ой қозғау стратегиясы.

Туған жер,атамекен туралы кім қандай өлең-жыр,мақал-мәтел бледі?

Екі оқушы шығып тақтамен жұмыс жүргізеді.

«Атамекен», «бесігіміз» сөздеріне математикалық тәсілмен мінездеме беру.

Атамекен Бесігіміз

8 = 4/ 2a, 2e + 4/т,м,к,н; 9 = 4/е, 3і + 5/б,с,г,м,з;

4/2а,2е 4/е, 3і

= ? = ?


4/т,м,к,н; 5/б,с,г,м,з

2а – жуан жуан  

1. ; 1. ;

2е – жіңішке е, 3і - жіңіше


2а, 2а – ашық е - ашық

2. ; 2. ;

Қысаң 3і қысаң
2а, 2е – езулік е, 3і - езулік

3. ; 3. ;

Еріндік   Еріндік  

4/т,м,к,н-? 5/б,с,г,м,з-?

т-қатаң с-қатаң

Ұяң  + м,н-үнді б,з,г – ұяң + м - үнді


Тақтадағы балалар дыбыстарды математикалық тәсілмен мінездеме беріп жатқанда басқа оқушылармен «Домино» ойыны ойналады.




қатаң

қ, щ, с

қ, с, ф

ц, т, ш

ч, п, х


IV. Шығармашылық жұмыстар.
Ана тақырыбында кім қандай мақал-мәтел біледі?

Оқушылар мақал-мәтелдер айтады.

Тақтаға ана туралы нақыл сөздер ілінеді.

Ақ шашты ана

«Жастығым – балам» дейді.

Ақылды бала

«Ай-күнім – анам» дейді.
Ақ жаулығы ананың –

Ақ көрпесі баланың.
«Жастығым», «жаулығы» сөздеріне математикалық тәсілмен мінездеме беру.
«Кім жылдам» ойыны.

Оқушылар доп лақтыру арқылы сұрақтарға жауап береді.



  1. Сыныптағы есімі қатаң дыбыстан басталатын ұлдар есімін ата.

  2. Ұяң дыбыстан басталатын,бізге сабақ беретін ұстаздар есімін ата.

  3. үнді дыбыстан басталатын қыздар есімін ата.


V. Бекіту.

Кубизм стратегиясы.

«Суретте».Қатаң,ұяң,үнді дауыссыздар туралы айт.

«Салыстыр». Қатаң,ұяң, үнді дыбыстардың айырмашылығын ата.

«Зертте». Фонетика салалары туралы,дауысты,дауыссыз дыбыстар туралы айт.

«Қолдан».Ана туралы бір өлеңді жатқа айт.Осы өлеңде қандай тәрбиелік мән бар?

«талда». Тақтада ілінген «Сыйынар ем ана деген тәңірге!» сөзіндегі тәңірге сөзіне математикалық мінездеме бер.

«Байланыстыр». Фонетика саласының қазақ тілінде алатын орны.


VI.Оқушыларды бағалау.
VII.Үй тапсырмасын беру. 277,278-жаттығуларды орындап келу.Бірдей дыбыстан басталатын ана тақырыбына өлең шығару.
VIII. Қорытынды.
5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Буын

Сабақтың мақсаты :

а) Буын туралы мәлімет беру,оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету ;

ә) Ауызша,жазбаша сөйлеуде қолдана білу арқылы көркем,бейнелі сөз ретінде пайдалану,ұшқырлыққа,ойлылыққа тәрбиелеу ;

б) Адам өміріне жрап жатқан өзеннің пайдасын білуге,оны қорғауғ баулу,қоршаған ортаға құрметпен қарауға баулу,ойын еркін айта алатын қолайлы орта туғызу.



Сабақтың түрі : Жаңа білім беру сабағы,мәтінмен жұмыс

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,әңгімелесу,талдау,жаттығу

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Дауыссыз дыбыстарнешеге бөлінеді? 2.Қатаң дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?

3.Ұяң дауыссыздар дегеніміз не? 4.Үнді даыссыз дыбыстар дегеніміз не?

5.Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?

6.Ашық дауысты дыбыстар дегеніміз не? 7.Езулік дауысты дыбыстарға қандай дыбыстар жатады?

8.Жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Сөз бірнеше фонетикалық бөлікке жіктеледі.Балалар ектепке келді деген сөйлемде үш сөз бар.Осы сөйлемдегі сөздер естілуі жағынан Ба – ла – лар мек – теп – ке кел – ді болып бірнеше шағын дыбыс түріне жіктеліп тұр.Осындай дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі буын делінеді.

Сөздердің әрбір фонетикалық бөлшегі болған буын бір не бірнеше буыннан құралады.Мысалы : қант, а – ла – мын сөздеріндегі бындароды алсақ,бірінші сөз бір буыннан,екінші сөз үш буыннан құралып тұр.Бірінші сөзде буын төрт дыбыстан,екінші сөздегі бірінші бын бір дыбстан,екінші буын еі дыбыстан,үшінші буын үш дыбыстан құралған. Демек,буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.
Кітапен жұмыс : 294 – жаттығу. Мәтіндегі сөздерді буынға бөліп оқыңдар.

1. Қазақтың аңшылық кәсібі жөнінде не білесіңдер?

2.Аңшылық туралы мақалдар тауып жазыңдар

3.Өздерің тұрған жерде қандай құстар мекендейді,олардың ерекшк қасиеттері қандай ?


Білімді бекіту : Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып,түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Оқушылардың жауаптаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 296 – жаттығу.
5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і

Сабақтың тақырыбы: Буын және оның түрлері
Сабақтың мақсаты: 1) сөздерді буынға бөлу,оның маңызы және буынның түрлерінің жасалу жолын үйрету;2) жаттығулар мен мысалдар арқылы буынның жасалу жорлы,қызметі жайлы мағлұмат беру,буынның түрлерін ажырата білуге дағдыландыру; 3) сөздік қорын,тілдерін дамыту,адами қасиеттерге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау,анализ-синтез,сұрақ-жауап.

Сабақтың жабдығы: 1) сызба кестелер; 2) суретті плакаттар; 3) қалталы және үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың құрылымы

1.Үй тапсырмасын сұрау

2.Қалталы карточкалар арқылы өткен тақырыпты пысықтау

3.Жаңа сабақты түсіндіру.ББҰ стр. Бойынша

4.Тіл дамыту. «Түлкі мен қасқыр» ертегісі

5.Әдебиет теориясы. «Ұйқас түрлері»

6.Оқулықпен жұмыс

7.Сергіту ойындары

8.Сабақты бекіту.ББҰ стратнегиясы

9.Үйге тапсырма беру

10.Оқушылар еңбегін бағалау.

Сабақтың барысы.Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын пысықтау

1.Жаттығуды пысықтау

2.Сол жаттығудағы сөздер арқылы теориялық тақырыпты пысықтау.Қалталы кестеге дауыссыз дыбыстар мен дауысты дыбыстарды жіктеу.

3.Теориялық сұрақтар

* Дауысты дыбыстардың жіктелуі

* Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі.


Жаңа сабақты түсіндіру.

Кілтті сөз. «Буын»ББҰ стратегиясы қолданылады.

Карточкалар таратылады.

Нені білемін? Нені білгім келеді? Нені үйретеді?

 Бірінші сұрақ бойынша бастауыштан алған білімдері сараланады.

 Оқушылардың ойы талданады.

 Сабақ бекітіледі.

 Қалталы карточкадағы әріптермен буын құрап көреді.



Ба-қыт-ты ба-ла-лық шақ.

Осы тіркесті оқушылардың өздеріне буынға бөлгізу.Бөлшекке бөлгізу,сол арқылы буын туралы түсінік беру. Дыбыс/Фонема.Оның ішінде дауысты дыбыстар қызметін еске түсіру.

Үш топқа бөлінеді.Естілуі жағынан 6 шағын топқа бөлініп тұр.Буын – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.

Ескерту.


1.Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.

2.Сөзде қанша дауысты дыбыс,сонша буын болады.

 Буындардың жасалу жолына көңіл бөлу. ВА,ВАВ,ВА ВА,ВА,ВАВ,ВАВ

В дауыссыз дыбыс А дауысты дыбыс деп ойлайық.

Оқушылар өздері жазады. Осы сызба нені білдіреді деп ойлайсыңдар? Бұл арқылы нені түсіндіруге болады?

Буынның түрлері.

Тақтаға кесте ілініп,буынның түрлері түсіндіріледі.

Дәптерге жазып алады.

 Балалар осы буындардан сөз құрауға бола ма?

Көк-ше-тау.


  • Біздің туған өлкеміз – Көкшетау.

  • Көкшетаудың табиғаты қандай?

 Оқушылардың пікірін тыңдап алғаннан кейін магнитофоннан Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»

поэмасынан үзінді тыңдалады.

Тапсырма
 Өлеңнен жер,су аттарын теріп жазып алу.
 Сөздеріне мән беріп отыру.

Са)ры)ар)қа – Сар)ар)қа сөздерінің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықтарды ұғындыру.


 Балалар,жаңа Көкшетауда қандай аңдар,жан-жануарлар мекендейді.

Бұғы,марал,түлкі,қасқыр т.б.

Түлкі қандай аң? жыртқыш

Қасқыр қандай аң?


 Ертегілерде,мысалдарда адамдардың қасиеттері қалай бейнеленеді.Мәселен: түлкі – қу,өтірікші адам,қасқыр – аңқау,қомағай.

Диафильм. «Түлкі мен қасқыр» ертегісі көрсетіліп талданады.Ертегіні оқушылар өздері аяқтайды.

(шығармашылық қасиет)

Абай өлеңі ілінеді.



Бойы бұлғаң,

Сөзі жылмаң

Кімді көрсем,мен сонан. 7.

Бетті бастым,

Қатты састым, 4б

Тұра қаштым жалма-жан. 7б

Бұл өлеңнің жаңағы ертегімен қандай байланысы бар?

Өлеңді қалай түсіндіңдер?

Мағжан Жұмабаев өлеңімен бірге талдау.Тақтаның артына жазып қою.Талдау.

Буын түрлерін ажыратып болған соң өлеңнің ұйқасына көңіл бөлгізу.
 Буынның қызметі:өлеңнің ұйқасын,ырғағынкелтіріп тұрады.
 Абайға дейін жыр ұйқасы,11 буынды қара өлең ұйқасы.
 Ал мына өлең Абайдың өзінің қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы екендігін түсіндіру.

Кітаппен жұмыс.

І қатар ІІ қатар ІІІ қатар

1 сөйлем 2 сөйлем 3 сөйлем


Сергіту ойындары.Тақтаға суреттер ілінеді.

1) Аяқта буын көп пе,қолда буын көп пе?

2) Шалда буын көп пе,балада буын көп пе?

3) а а а Бас киім малақай

а а а Құстың аты шағала

а а а Ұлттың аты қазақ

4)












































- ?



  • Қай буын,мысал келтір.

 Сабақты бекіту ББҰ стратегиясының «үйрендім» бөлігі бойынша жауап алынады.

- Сонымен,бүгін кім не үйренді?

Оқушылар өздері жауап береді.Үлгермегені жазып береді.


Үйге тапсырма.

  1. 293-жаттығу (ауызша).

  2. 302-жаттығу (жазбаша).

  3. 1 шумақ буын санын келтіріп,өлең құрастыру.


5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Буын түрлері

Сабақтың мақсаты :

а)Буын туралы түсінікті еске түсіре оырып,буын түрлеріне тоқталу,сөз қолданыста,мәтін құрауда бунын түрлерін ажырата білгізу,буын түрлерін мәтін ішінде тапқызып,жасалау жолдарын ұқтыру ;

ә) сурет және дидактикалық ойын арқылы оқушының сөздік қорын молайту,тілін демыту,өз бетінше кез келген сөзді буынға бөле білуге дағдыландыру және мәтін құру арқылы оқушыны сөйлеутіліне төселдіру ;

б) Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету,өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге баулу,тіл байлықтарын дамыту,өз бетімен ізденуге,ой қорытуға дағдыландыру.



Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,ой қозғау,талдау,жаттығу әдісі,іздендіру,ойын түрлері.

Сабақтың көрнекілігі : кесте,сызба,үлестірмелі парақшалар,дидактикалық материалдар,суреттер

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Әнұран айтқызу.оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушылардың білімін бақылау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Буын дегеніміз -сөздердің дыбыстық топқа жіктелеген бөлігі.Сөзде қанша дауысты дыбыс болса,сонша буын болады.Мысалы: қа – на – ғат, ә - ке.Буын жсаушы дауысты дыбыстың дыбысталу қалпына қарай жуан,жіңішке,аралас буын болады.Мысалы : ке – ме, ба – ла, кі – тап.

Буынның үш түрі бар : 1) ашық буын, 2) бітеу буын, 3) тұйық буын.

Әрқайсысына жеке – жеке тоқталып,мысалдармен дәлелдеп түсіндіремін.

Ашық буын дегеніміз - жалғыз дауыстыдан немесе дауыссыздан басталып,дауыстыға аяқталатын буын.

Мысалы : ә - ке, а – на,О – тан,ша – ға – ла.

Бітеу буын дегеніміз – дауыссыздан басталып,дауыссызға аяқталатын буын түрі.

Мысалы : қант,қыс,қар,төс,бор,жұрт.

Тұйық буын дегеніміз – дауыстыдан басталып,дауыссызға аяқталатын бын түрі

Осы жерде айта кететін жайт : тұйық буынды сөзге жалаң буын қосатын болсақ,буын жігі бұзылады : өрт+і өр-ті, ант+ы  ан – ты.

Енді балалар, түсінген-түсінбегенімізді білуіміз үшін мына қалташыққа буын түрлеріне сөздерді тауып жапсыру керек (3 оқушыны шығарып тапқызу)

Сынып жұмыс.

- Дұрыс,балалар,түсінген екнбіз,ендеше,жазба жұмысын орындайық.

1) 302 – жаттығуға назарымызды аударайық.Сөздерді дефис арқылы буын санын көрсетіп,буынның қай түріне жататынын айтайық.Өзім талдап көрсетемін.

2 3 2 2 3 2 3 3 3 2 2 3 2 3

             

Ел қон - ба - са жер же - тім, Құс қон - ба - са көл же - тім

             

т.б. б.б. а.б. а.б. бб. а.б. б.б. б.б. б.б. а.б. а.б. б.б. а.б. б.б.

Қалғанын оқушыларға талдату.

Үлестіриелі парақшалармен жұмыс.

№ 1


Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес. Бауыржан Момышұлы.

№ 2


Ақылдың көркі – тіл,

Тілдің көркі сөз.

Жүсіп Баласағұни.

Орнында отырған оқушыларға 304 – жаттығуды орындауға беремін.Қалаған бір сөйлем жазып,бкын түрін,буын санын көрсету.

- Балалар, енді барлықтарың бері қараңдар, қазір I I топқа бөлінеміз.

1 – тапсырма

I топ 3 сөз айту  I I топ буын түріне талдау.

2 – тапсырма

Мақал – мәтел құрастыру.

1.Білім – ер азығы, (Ер – ел азығы ) 2. Шебердің қолы ортақ, ( Шешеннің тілі ортақ ). 3.Білімді өлсе,қағазда аты қалар. 4. Ақыл – тозбайтын тон ( Ұста өлсе,істеген заты қалар ). ( Білім таусылмайтын кен ).

5.Екпей егін шықпас, ( Үйренбей білім жұқпас ). 6. Жеті жұрттың тілін біл, ( Жеті түрлі білім біл ).

1) Ашық буыннан келетін туыс атауын ата. 2) Бітеу буыннан келетін жер – су атауларын ата.


Сабақты бекіту : Оқушылармен бірлесе,сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылаймын.
Үйге тапсырма : 1.Буын түрлерін оқып келу. 2. 305-жаттығуды көшіріп жазып,буынға дефис арқылы бөліп,буын түріне ажырату.

5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і



Сабақтың тақырыбы : Тасымал

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;

ә) жаттығулар , мәтін арқылы бекіту,дағды – машықтарын қалыптастыру,шешен сөйлеуге мақал – мәтелдің оқушы тілінде қолданыс аясын кеңейту ;

б) Ақыл – ойларын,іскерлік белсенділіктерін арттыру,өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу,адмгершілік тәрбиесін бойына сіңіру.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет