Сабақ: 7 «а» ,«ә»
Сабақтың тақырыбы: «Ас адамның арқауы»
Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша білімдерін жинақтау және жүйелеу.
Білімділік: тамақ әзірлеу, дастарқанды жабдықтау бойынша білімдерін жүйелеу және тереңдету.
Дамытыушылық: қиялдай білуге, елестете білуге (салыстыра білу, талдау жасай білу), еңбектенуге, өз бетінше жұмыс жасап, өзін-өзі тексеруге, тапсырманы шығармашылықты түрде орындауға үйрету.
Тәрбиелік: пәнге қызығушылықтарын арттыру; жеке және топ арасында жұмыс жасай білуге үйрету; қарым-қатынас мәдениетіне, өз күшіне сенімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақ өтудің әдістемелік ерекшеліктері:
-Сабақ ойын түрінде өтеді.
-Топ арасындағы жарыс.
Еңбек объектісі: слайдпен көрсету, дастархан жабдықтау.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
-Амандасу.
-Жұмыс киімдерін тексеру.
ІІ.Оқушыларды сабаққа белсенді қатысуға даярлау.
Мұғалім: Бүгін біз «Ас адамның арқауы» атты 7-сыныптар арасында тамақ әзірлеу технологиясы тарауы бойынша сайыс өткіземіз.
Өз туған күндеріңді,қонақ келген кезді естеріңе алыңдаршы,үй іші жарқырап, дәмді күлшелердің иісі аңқып және иістен жайлы сезім туып, көңілденесіңдер.Әрине,күлшелер мен бәләштерді дүкеннен де сатып алуға болады.Бірақ осы дәмді тағамдарды әзірлеп үйрену соншалықты қиын емес.Сондай-ақ сендер, менің ойымша, көп нәрсені жасай аласыңдар. Бүгін біз бұған қөз жеткізе аламыз.Дастарқанды қалай жабдықтау және қызықты жаңа деректерді білуге тырысамыз.Ал біз мұны білу үшін сыныптар арасында (оқушылар 2-топқа бөлінеді)ойын түріндегі жарыс жүргіземіз.
ІІІ.Жарыс-ойын.
Ойын ережесі:
-ойын топтар арасында жарыс түрінде өтеді;
-сайыс тапсырмалары балмен бағаланады;
-жеңген топ балдар саны бойынша анықталады.
Бағалау критерийлері:
-дұрыс және толық орындау;
-шешімнің өзіндік ерекшелігі;
-тапсырманы берілген уақытта орындау.
Мадақтау ұпайлары:
-қосымша жауап (3 ұпай);
-уақыттан бұрын айтылған жауап (2 ұпай)
Айыпты болған жағдайда шегерілетін ұпайлар:
-Мұғалімнің көмегі (2 ұпай)
-қате талдау жасау (2 ұпай)
1-тапсырма: Топ аты, таныстыру, эмблема.Топтың ұранымен таныстыру.Жоғары 4 ұпай.
2-тапсырма: Слайдпен пайдалы және адам өміріне зиянды тағамдарды көрсету.Әр жақсы деп танылған слайд 4 ұпай.
3-тапсырма: Дастарқан жабдықдау.Әр топ өз қалауы бойынша дастарқанды жабдықтап көрсетеді.Жақсы жабдықталған дастарқан 4ұпай.
4-тапсырма:Сөзжұмбақты шешіңдер.
Сөзжұмбақты шешіңдер. Топтарға кроссвордтар беріледі.Тез және дұрыс шешкен команда жеңіске жетеді. Әр дұрыс жауапқа 1ұпай беріледі.Сайысқа белгілі уақыт 1-минут бөлінеді.Әр дұрыс жауап 2ұпаймен бағаланады.
5-тапсырма: Жұмбақ (әр топ 3-сұрақ жасыра алады).
Топтар тамақ және қамырдан жасалатын өнімдер әзірлеу технологиясын айтып тамақтың атын жасырады. Керек сөзді табуға тұжырымның нақтылығына назар аудару керек.Сайысқа белгілі уақыт бөлінеді.
6-тапсырма: Тіскебасар (Салат) жасау.
Әр топ белгілі бір бөлінген уақыт ішінде тіскебасар(салат) жасайды. Жасалған тағамның құрамына, безендіруіне қарай бағаланады.Ұпай саны 4ұпай.
7-тапсырма: Топтарға азық-түлікке қатысы бар мақал-мәтелдерді айту ұсынылады.Бір айтылған мақал қайталанбау керек.3-минут уақыт ішінде ең көп мақал айтқан топ жәңіске жетеді.
ІV.Сабақты қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау.
Сайыс барысы бойынша алған ұпайларды есептеп, жеңімпаздарды анықтап, ойынға қатысушылардың жауаптарына талдау жасайды.
Мұнайлы ауданы
Қызылтөбе лицейі
«Ас адамның арқауы»
Сайыс сабақ
Өткізген: бейнелеу және технология
пәні мұғалімі: Садирбаева Қ.П.
2012-2013 жы
Достарыңызбен бөлісу: |