6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру: Сайлау еркіндігі дегеніміз не?
Сайлауалды компаниясына кірер кездегі кандидаттар қызметінің кепілі қандай?
Ішкі істер органдары және тұрғын үй қорын пайдалану ұйымдарынан сайлау комиссиялары нені талап ете алады?
7. Жаңа материалды бекіту: Ауылдық аймақтың әкімі тұрғындардың сайлауға міндетті түрде қатысуы туралы шешім шығарды. Әкімнің мұндай шешімі сайлау заңына сай келе ме?
Парламент Мәжілісі депутаттары азаматтардың сайлауға келмегені үшін әкімшілік айыппұл белгілеуді талап етеді. Мәселені осылай қою заңды ма?
Сенат сайлауына депутаттыққ кандидат болған Ізбасовты жұмыс істеген мекемесі оны өз рұқсатынсыз басқа жұмысқа ауыстырады. Бұл дұрыс па?