Сабақтың тақырыбы: § Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні. Сабақтың мақсаты



бет23/64
Дата16.12.2021
өлшемі194,89 Kb.
#101888
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64
Байланысты:
азаматтық құқық
№6 Тақырып, Тактика аварийно-спасательных работ платонус, Тактика аварийно-спасательных работ платонус, Contract749607088644965737, Contract749607088644965737, Contract749607088644965737, 2 Өрттехникалық сараптама, 12.11.21 Пассивті тасымалдау, 10 сынып. Қауіпсіздік ережелері. Жүгіру және оның түрлері., 2 ДШ 10 сынып Таныстырылым 7-бөлім Командалық ойындағы көшбасшылық және көшбасшылық дағдысы., present perf.cont., 1 Билет ответы, тест 26.04.19, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету -Қорытынды кәсіби тест
5. Жаңа сабақты түсіндіру

Кандидат сайлау комиссиясында тіркелген күннен бастап, сайлауалды үгіт-насихаты (сайлаушыны осы немесе басқа саяси партияның кандидатына дауыс беруге немесе бермеуге) жүргізіледі, ол жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта дауыс беретін күннен бір күн бұрын аяқталады. Ол БАҚ арқылы көпшілік алдында мерекелік шаралар өткізу (сайлауалды жиналыс, пікірталас, митингі, сайлаушылар мен кездесу, т.б.) және көруге, естуге арналған үгіт-насихат материалдарын басып шығарып таратады. Саяси партияның кандидаттарына сайлауалды үгіт-насихат жүргізу үшін бірдей жағдай жасауға, БАҚ-қа кіруге кепілдік беріледі.

Сондай-ақ мемлекет кандидаттарға өздерінің бағдарламасымен БАҚ-қа шығуға, бірдей қаражат мүмкіншілік беруге кепілдік береді: әрбір кандидат 15 мин теледидардан сөз сөйлеуге; 10 мин радиодан, 0,1 бет көлемінде баспасөзде мақаласын жариялауға болады.

Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын және белгілейтін уақыт көлемінде саяси пікірсайыстарға қатысуға, срндай-ақ БАҚ шарттық негізде эфир уақытын баспасөз бетінен орын беруге құқылы.

Сайлау комиссиясының өтініші бойынша жергілікті өзін-өзі басқару органдары кандидаттарға келісімшарт негізінде сайлаушылармен кездесу үшін ғимараттар береді.

Сайлау комиссиясы берілген ғимаратта кандидаттардың сайлаушылармен кездесу кестесін құрып, оны БАҚ-та жариялайды. Үгіт-насихат плакаттарын, парақтарын және басқа да басылым материалдарын шығару үшін сайлау комиссиясы кандидаттарға бірдей көлемде қаражат бөледі. Осыған қосымша үгіттік баспа материалдарын Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде дайындауға анонимдік үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады.

Сайлау болатын күні және одан бір күн бұрын сайлауалды үгіт-насихатының кез келген түрін жүргізуге тыйым салынады, бірақ басылған үгіт –насихат материалдарын, сайлау комиссиясының және сайлау болатын ғимараттан басқа жерде бұрын ілінген материалдардың сақталуына болады.

Партия тізімінен ұсынылған саяси партия кандидатының сенімді өкілдері болады, олар сайлау науқанында көмектеседі, сайлауалды үгіт-насихатын жүргізеді. Кандидаттар және саяси партиялар сенімді өкілдерін өздерінің қалаулары бойынша тандайды да, тиісті сайлау комиссиясына тіркеу үшін хабарлайды.

Президентті, Парламент депутатын сайлау партия тізімі негізінде сайлауға түскен, Мәжіліс депутатынан және мәслихат депутатынан басқа, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін республика бюджетінен қаржыландырады. Кандидаттың өз бағдарламасымен БАҚ-қа шығуды, сайлауалды шаралары, жүргізілген үгіт-насихат материалдары және тасымал шығыны партия тізімі бойынша дауысқа түскен кандидаттың шығыны республикалық бюджеттен бөлінген қаражатпен жабылады.

Президент, Парламент және мәслихат депутаттары сайлауына кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары, кандидаттардың мемлекеттік тіркеуге жататын сайлау қоры қаржатынан (мемлекеттік емес қаржыландыру) қаржыландырылуы мүмкін. Сайлау қорлары келесі көздерден құралады:

1) кандидаттардың жеке қаражатынан, саяси партиулардың қаражатынан;

2) кандидатты ұсынып отырған қоғамдық бірлестіктің кандидатқа бөлген қаражатынан;

3) азаматтар мен ұйымдардың өз еркімен берген жәрдемінен.

Сайлау қорларына заңды жолмен алынған қаражат қана жұмсалады.Қорға келіп түскен ақшаның жалпы сомасы жайлы ақпаратты сайлау өткеннен кейін 10 күннің ішінде сәйкес сайлау комиссиялары БАҚ-та жариялайды.

Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бірлестіктерге, шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтарға, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғаларға өз тарапынан сайлауды қаржыландыруға қатысуға рұқсат етілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет