Шымкент қаласы
№77 А.Асқаров атындағы мектеп – лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі
Қуашова Роза Абдуллақызы
Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
*Оқушыларға мәтіннің мазмұынын баяндай отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру;
*Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру;
*Ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету.
Дамытушылық:
*Жазушы шығармалары арқылы әр оқушыны өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу;
*Мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту;
*Ғылыми жұмысқа бейімдеу, ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
*Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға шақыру; *Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ
Сабақтың әдісі: жинақтау, талдау, бекіту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Графапроектор, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, слайд арқылы кесте, тірек сызба, суреттер, веен диограммасы.
Сабақтың өтілу жоспары:
1. Мынау кім?
2. Оқиғалар тізбегі
3. Бұл қай сәт?
4. Суретпен жұмыс
5. Шығармашылық жұмыс
6.Көрініс
7. Теріп алу стратегиясы
8. Ой тастау
9. Өз-өзіңе есеп бер!
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а)Оқушыларды түгендеу;
ә)Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығын бақылау;
б)Оқушыларды топқа бөлу.
в)Шаттық шеңбері (Бір-біріне тілек айту)
2. Үй тапсырмасын сұрау
«Жас Мұхтар» әңгімесінің мазмұны
Сұрақ-жауап
М.Әуезов бала кезінен бастап нені оқып үйренеді?
Абайдың қара сөзі бойынша естіген нәрсенің ұмытпас үшін не істеу керек?
Мұхтарды кішкентай кезінде кім деп атаған?
Мұхтардың атасының аты кім?
Мұхтардың әжесінің аты кім?
Атасы қандай жырлар мен ертегілер айтып берді?
Үй тапсырмасын пысықтау
«Мен не үйрендім?»
(Жұлдыды сәт ойыны арқылы үй тапсырмасын пысықтау)
Жаңа сабаққа дайындық
Қызығушылықтарын ояту
Ребус шешу (Жаңа сабақтың тақырыбы шығады)
Менің атым Қожа
- Ал, енді, балалар, Менің атым Қожа шығармасының авторын білесіңдер ме?
(балалардың жауабы)
Ендеше, біз бүгін, Бердібек Соқпақбаевтің «Менің атым Қожа» шығармасымен танысамыз. Алдымен ассоциация әдісін құру арқылы автормен танысып алайық.
Бердібек Соқпақбаев – қазақ балалар жазушысы. Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы қазіргі Нарынқол ауданы Қостөбе ауылында дүниеге келді.
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Бірінші жыл ауылда мұғалім болып еңбек етті. «Қазақфильм» киностудиясында редактор болып, «Қазақ әдебиеті», «Балдырған» басылымдарында қызмет етті. Кейін Қазақстан жазушылары одағында балалар әдебиеті бойынша әдеби консультант қызметін атқарды.
Ата-анасынан ерте айырылған ол кісілердің қолында жүрген. Балалық шағындағы басынан өткен қиындықтар мен жоқшылық жайлы «Балалық шаққа саяхат» кітабында бейнеленген. 1950 жылы «Бұлақ» атты тұңғыш жинағы шықты. Балаларға арнап «Менің атым Қожа», «Аяжан», «Гауһар», т.б. повестер, «Кездесу», Бозтөбе» поэмаларын жазған. Қазақфильм киностудиясында «Менің атым Қожа» повесі бойынша фильм түсірілді.
Оның сценарий бойынша қойылған «Менің атым Қожа» фильмі Францияның Канн қаласында жасөспірімдерге арналған халықаралық кинофестивалінің жүлдесіне ие болды.
Бердібек Сокпақбаев кім? Ол қандай жазушы?
“... Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.”
2. Жазушының қандай шығармалары бар?
- «Менің атым Қожа» («Өзім туралы повесть»), «Жекпе-жек», Қайдасың, Гаухар?», «Өлгендер қайтып келмейді», «Аяжан», «Балалық шаққа саяхат», «16 жасар чемпион», «Алыстағы ауылда» және т.б.
3. «Менің атым Қожа» фильмі туралы не білесіңдер?
Менің атым Қожа
Жанр: комедия, жанұялық
Мемлекет : Қазақстан
Шыққан жылы: 1963
Режиссер: Абдолла Қарсақбаев
Әңгіме авторы: Бердібек Сокпақбаев
Сценарий: Б. Сокпақбаев, Н.Зелеранский
Сазгер: Нұрғиса Тілендиев
Кейіпкерлерді сомдаған:
Қожа - Н.Сегізбаев
Сұлтан - М.Көкенов
Жанар - Г.Құрабаева
Жантас - Е Құрмашев
Миллат- (Қожаның шешесі) - Б.Римова
Рахманов - Қ.Қожабеков
Майқанова – Р.Мұхамедиярова
Қожаның әжесі - З.Құрманбаева
Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа – ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала.
Жаңа сабақты меңгерту
Балалар, сендер «Менің атым Қожа» фильмін көрдіңдер ғой, иә. Ендеше, мен сендерге жаңа сабақтың тақырыбын нақтылау мақсатында «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетемін.
(Менің атым Қожа» фильмінен үзінді)
Сонымен, балалар, біз Бердібек Сокпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесімен танысып шықтық. Енді сабақты қаншалықты меңгергенімізді байқау үшін өтілген барлық тараулар бойынша бірнеше тапсырмалар орындап көрейік.
Мынау кім?
1. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім? (Жантас)
2. Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (Қожа)
3. Біз екеуміз таныс шығармыз деймін? (С. Майқанова)
4. Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? (А.Михайловна)
5. Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Мектеп күзетшісі Сәйбек қарт)
6. Келесі сабаққа қайыссың бақа ұстап әкелесіңдер? (Зоология пәнінің мұғалімі Оспанов)
7. “Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың.Сонда маған шапағатың тиер.” (Сұлтан)
Оқиғалар тізбегі
(Ойынның шарты: шатасқан оқиғаларды рет-ретімен қою)
1. Оған байқатпай, жерден жұдырықтай тас жіберіп қалмақшымын
2. Бақаның әлегі
3. Педсовет
4. Жолдама алған Жантас
5. Оқулық емес, қант аламын
«Өрмекші » ойыны (Сергіту сәті)
Оқулықпен жұмыс
Бұл қай сәт?
1.“Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!”
(Орыс тілі пәні мұғалімі Анфиса Михайловнаның сабақ сұрап жатқан сәті)
2.“Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін”.
(Бақа оқиғасынан кейін апасымен кездесер сәт)
3.“Маңдайымнан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма? ”
(Директордың кабинетінен шыққан сәті)
4. Терезенің тұсында мектептің бағы бар. Осыдан бес, алты жыл бұрын өз қолымызбен отырғызылған теректер. Бір теректің басына маймылша өрмелеп шығып алдым. (Пед. Кеңес болып жатқан сәт)
5. Қоңырау әлі бола қоймаған. Сол кезде басыма сап етіп, бір қызық ой келе қалды. Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сөмкесіне сүңгіттім де жібердім. (Сөмкеден бақаның шыға келу сәті)
6.«Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін»
(Бақа оқиғасынан кейін мамасымен кездесер сәт )
7. Аузымды түтінге толтырып алып, жұтып кеп қалғаным сол екен бір керемет улы газ өңешімнен шеңгелдеп ала кеп түсті. Жер дүние төңкеріліп бара жатты. (Қожаның темекі тартқан сәті)
Суретпен жұмыс
- Балалар, қазір экранға фоталар шығады. Сол адамдарға сипаттама бер? Олар кімдер?
Қожаның суреті
Майқанованың суреті
Жанардың суреті
Сұлтанның суреті
Қаратайдың суреті
Жантастың суреті
Әжесінің суреті
Анасының суреті
Оспановтың суреті
«Өткірдің жүзі
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас»
Топпен шығармашылық жұмыс
Бес жолды өлең құрастыру. (Ортада талқылау)
Бес жолды өлең
Кім? ( зат есім) 1сөз
Қандай? (сын есім) 2сөз
Қайтті? (етістік) 3сөз
Сөйлем (кім туралы) 4сөз
1-топ Қожаға
2-топ Жанарға
3-топ Жантасқа
Көрініс
Ал, балалар, «Менің атым Қожа» фильмін өте жақсы көреді екенсіңдер. Осыдан көрініс көрсете аламыз ба?
(Бақа оқиғасынан көрініс)
“Теріп алу” стратегиясы (Дәптермен жұмыс)
алғыр, пысық, өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, әділетті, ақын, әзілқой, арамза, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі, жағымсыз
Қожа – алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.
Жантас – өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз
Қожаның жағымды жақтары (Тақтамен жұмыс)
Өз ісіне есеп бере алады
Жағымсыз іс-әрекеттерін жөндеуге талаптанады
Өз-өзін тәрбиелейді
Үлкенді сыйлайды
Қожаның жағымсыз жақтары
Тәртіпсіз
Аңқау
Өтірікші
Сотқар
Ой тастау
Қалай ойлайсыздар, әдепті жолға түсуіне не себепкер? Анасын аяуы ма, Сәйбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер ме, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме?
Өз-өзіңе есеп бер!
(Сыныптағы отырған оқушылар өз-өзіне есеп береді)
Үй тапсырмасын беру
“Балалық шаққа саяхат” тақырыбына эссе жазып келу
Қорытынды
Бағалау және кері байланыс «Ғажайып ағаш»
Достарыңызбен бөлісу: |