ІІ топтар. Жауабы: Дәулет
ІІІ топ. Жауабы: Аман
«Арқадан қағу» арқылы бағалау. Бақыт іздеп
Аспан астын, жер үстін шиырлаған,
Бақыт жүр біреулерге бұйырмаған.
Білемін, бақыт табу қиын маған,
Несіне бақыт іздеп құйын болам!
Ырыстың дастарқаны жиылмаған,
Бірақ, ол біреулерге бұйырмаған.
Білемін, бақыт табу қиын маған,
Әткенмен, бақыттан да қиын бағам!!!
-Өлең не туралы? Неге бақыт ешкімге бұйырмай тұр? Жалпы, бақыт дегенді қалай түсінесің?
Бақытты адам қандай адам? Бақытқа қалай қол жеткізуге болады? (Оқушылардың жауабы).
Халқымыздың мақалы: «Таудай талап бергенше,
бармақтай бақ бер»-деген.
ІІ топтың жауабы. -«Дәулет» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Дәулетті болғыларың келе ме? -«Аман» деген сөзді қалай түсінесіңдер? -Сандықты ашу үшін кілт керек. Егер тапсырманы дұрыс орындасаңдар, мына кілтпен ашып, ішінде не бар екенін көреміз. Топтарға тапсырма. Алдарыңа бірнеше суреттер беремін, сендер сол суреттерден І топ бақытты, ІІ топ дәулетті, ІІІ топ аман болу үшін адамға не қажет немесе оларға адам қалай жетеді, сол жайлы коллаж жасаңдар, жарнамалап қорғаңдар.
-Балалар, енді орындықтарыңның артына қараңдаршы, кімге жапсырғыш қағаз жапсырылыпты. Орындығының артына жапсырғыш қағаз жапсырмаланған оқушы спикер болып, топтың жұмысын қорғайды.
«Жарнама жасау» әдісі «Қол шапалақтау» арқылы бағалау
|
9 оқушыдан шағын топ құрайды
Оқушылар диафильмдерін қорғайды
Бейнефильм көрсетіледі
ребус шешеді
өзара бағалайды
жарнама жасайды
|