9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Екінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептеріне,сипатына,қорытындыларына,нәтижелеріне сипаттама беріп, бұл империалистік соғыс екенін және фашистік державалар тарапынан әділетсіз,басқыншылық соғыс болғанын ашып көрсету.
Германияның Польшаға шабуылы, КСРО саясаты, Германия мен Италияның Англияға қарсы соғыс әрекеттері, Кеңес Одағындағы Ұлы Отан соғысы, Германияның, Жапонияның тізе бүгуі туралы айту;
Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;
Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: баяндау, мәтінмен жұмыс,сұрақ-жауап
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау,бағалау
VI Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Азия мен Африкадағы араб елдері
Жаңа сабақтың жоспары:
Германияның Польшаға шабуылы
КСРО саясаты.
«Оғаш соғыс»
Германия мен Италияның Англияға қарсы соғыс әрекеттері
Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы
Жапонияның Тынық мұхиттағы және Шығыс Азиядағы шабуылдары
Антифашистік коалиция. Біріккен Ұлттар Декларациясы
Соғыс барысындағы өзгеріс
Еуропадағы екінші майдан.
Германияның тізе бүгуі
Жапонияның тізе бүгі
Халықаралық аренадағы күштер арақатынасының өзгеруі.
1939ж. 1қыркүйек Германия Польшаға баса көктеп кірді.
1939ж. КСРО-Германия құпия келісімі
1939ж. 30 қараша – 1940ж.12 наурыз Кеңес-Фин соғысы
1941ж.наурызда АҚШ конгресі лендлиз туралы заң қабылдады.
Батыс Еуропадағы үш мемлекет-Швеция, Швейцария,Ирландия-толық бейтараптықты сақтады.
1941ж.жазына қарай Германия мен Италия Еуропаның 12 мемлекетін басып алып, Еуропа кеңістігінде өз билігін орнатты.
1940ж.18 желтоқсанда Гитлер «Барбаросса» жоспарына қол қойды.
«Қаурыт соғыс»жоспары,1941ж.22 маусым
1941ж.7 желтоқсан Жапонияның Перл-Харборға шабуылы.
1941ж. «Атлант хартиясы» антигитлерлік коалицияның бағдарламалық деректерінің негізі.
1942ж.1 қаңтарда 26 ел Атлант хартиясының принциптері мен мақсатына қосыла отырып, Біріккен Ұлттар Декларациясына қол қойды.
1942ж. күзі мен қысы Сталинград шайқасы
1943ж.жазы Курск шайқасы
Сабақты бекіту:
Білгенім
|
Үйренгенім
|
Үйренгім келеді
|
|
|
|
Екінші джс шығу себептері
Соғыстың сипаты қандай болды?
Соғыс кезіндегі ірі шайқастар өткен жерді картадан көрсетіңдер
Қазақ халқы Отан соғысына қандай үлес қосты? Қазақстан батырларын білесіңдер ме?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §15
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: Ұлыбритания.
Сабақтың мақсаты:
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Ұлыбританияның саяси-экономикалық жағдайы, М.Тетчер мен Дж. Мейджор дәуірі,Энтони Блэрдің «жаңа лейборизм» саясатын түсіндіру.1990ж.қазіргі кезеңге дейінгі Ұлыбританияның экономикалық саясатының негізгі бағыттарының мәнін ашып көрсету.
Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;
Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндірмелі, топтық жұмыс
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау,бағалау
VI Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
1.ЕДС-тың шығу себептері.
2.Соғыстың сипаты қандай болды?
3.Соғыс кезіндегі ірі шайқастар өткен жерді картадан көрсетіңдер
4.Қазақ халқы Отан соғысына қандай үлес қосты? Қазақстан батырларын білесіңдер ме?
Жаңа сабақтың жоспары:
Ұлыбританияның соғыстан кейінгі жағдайы
Лейбористер партиясының билікке келуі және Эттли үкіметінің саясаты
Консерваторлар билігі кезінде (1951-1964 жж.)
Лейбористер қайтадан үкімет басында(1974-1979)
Э.Хиттің басқару кезеңінде(1970-1974ж)
М.Тэтчер кезеңінде(1979-1990жж.)
7.Дж. Мейджор саясаты(1990-1997 жж.)
8.Англия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас.
І-топ.Ұлыбританияның соғыстан кейінгі жағдайы
ІІ-топ.Лейбористер партиясының билікке келуі және Эттли үкіметінің саясаты
ІІІ-топ.Консерваторлар билігі кезінде
ІҮ-топ.Ұлыбритания 60-70жылдарда
Ү-топ.70-ж-ғы « жаңа консерватизм»
ҮІ-топ.М.Тэтчер мен Дж. Мейджор дәірі.
ҮІІ-топ.Энтони Блэрдің «жаңа лейборизмі».
Сабақты бекіту:
БҮҮ
Білгенім
|
Үйренгенім
|
Үйренгім келеді
|
|
|
|
Консервативті к партия мен оның жетекшісі У.Черчиль 1945 жылы сайлауда неліктен жеңіліске ұшырады?
Үкімет басына лейбористердің келу себептерін айтып беріңдер.
«Ауқатты мемлекет» теориясы деген не?
М.Тетчер үкіметі экономикалық саясатының негізгі бағыттарын көрсетіңдер. «Тетчеризм» деген не?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §16.
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: Франция
Сабақтың мақсаты:
Францияның конституциялық өзгерістерге сәйкес үш кезеңге бөлінгендігі, соғыстан кейінгі Францияның саяси-экономикалық және әлеуметтік дамуы туралы баяндау.
Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;
Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: баяндау,топтық жұмыс
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау,бағалау
VI Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.үй тапсырмасын сұрау: Консервативті к партия мен оныңжетекшісі У.Черчиль 1945 жылы сайлауда неліктен жеңіліске ұшырады?
Үкімет басына лейбористердің келу себептерін айтып беріңдер.
«Ауқатты мемлекет» теориясы деген не?
М.Тетчер үкіметі экономикалық саясатының негізгі бағыттарын көрсетіңдер. «Тетчеризм» деген не?
«Ольстер күйзелісі» тақырыбына баяндама дайындап, ұлттық және конфессиялық қақтығыстардың себептері туралы айт.
Жаңа сабақтың жоспары:
Франция соғыстан кейінгі конституциялық өзгерістерге сай тарихи үш кезеңге бөлінді: 1944-1946 жылдар арасы-Уақытша үкімет тәртібі; 1946-1958 жылдардағы Төртінші Республика кезеңі және 1958 жылдан қазірге дейінгіБесінші Республика кезеңі
Ітоп.Францияның соғыстан кейінгі жағдайы және уақытша тәртіп.
ІІтоп.Төртінші Республика (1946-1958 жж.)
ІІІтоп.Бесінші Республика және Шарль де Гольдің (1958-1969 жж.)
ІҮтоп.«Қызыл мамыр» (1968 ж.) дағдарысы және де Гольдің қызметтен кетуі.
Үтоп.70-жылдардағы Франция. Партиялық саяси күштердің қайтадан топтасуы.
ҮІтоп.«Голлизм дәуірінен кейінгі Франция
ҮІІтоп.Үкімет басына оңшыл күштердің қайтып оралуы.»
Сабақты бекіту:
Білгенім
|
Үйренгенім
|
Үйренгім келеді
|
|
|
|
Соғыстан кейін Франциядағы саяси күштердің жаңа арақатынастары қалай құрылды?
Төртінші Республиканың табыстары мен сәтсіздіктері қандай болды?
Францияның соғыстан кейінгі тарихындағы Шарль де Голльдің рөлін қалай бағалайсыңдар? Жеке билік тәртібін қалай түсіндіресіңдер? «Голлизм» дегеніміз не?
Ж.Ширак билік еткен кездегі Францияның жағдайы.
Бағалау:
Үйге тапсырма: §17. тест құрау
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: Германия Федеративтік Республикасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Фашистік режімді талқандағаннан кейінгі Германияның бөліну себептерін нақтылау.Елдің екіге бөліну себептерін ашу.1950-1960жылд-ғы ГФР-дің экономикалық жағдайы, ішкі-сыртқы саясаттағы рөлін жәнеШығыс Германиядағы революцияға сипаттама беру.
Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;
Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: баяндау,топтық жұмыс
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау,бағалау
VI Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Соғыстан кейін Франциядағы саяси күштердің жаңа арақатынастары қалай құрылды?
Төртінші Республиканың табыстары мен сәтсіздіктері қандай болды?
Францияның соғыстан кейінгі тарихындағы Шарль де Голльдің рөлін қалай бағалайсыңдар? Жеке билік тәртібін қалай түсіндіресіңдер? «Голлизм» дегеніміз не?
Ж.Ширак билік еткен кездегі Францияның жағдайы.
Жаңа сабақтың жоспары:
Жаулап алу саясаты
Алғашқы экономикалық жаңартулар
Басып алынған аймақтардағы саяси өзгерістер
1948 жылғы Берлин дағдарысы және Германияның ыдырауы
Аденауэр кезеңі. Германдық экономикалық ғажайып (1949-1963)
60-жылдардың ортасы мен 80-жылдардың басындағы ГФР-дің ішкі саяси дамуы.
Неміс неоконсерваторларының 80-жылдардағы саясаты
Шығыс Германиядағы социолизм құрылысының дағдарысы (ГДР).
Екі герман мемлекетін біріктіру процесі
Біріккен Германияның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Қазіргі Германияның халықаралық жағдайы.
ГСДП бағдарламалары
Мақсаты
|
Гот
бағдар-
ламасы
|
Эрфрут
Бағдар-
ламасы
|
Бад-
Тодесберг бағдарламасы
|
Таптық билікті жою
|
|
|
|
Пролетарлық интернациолизмді мойындау
|
|
|
|
Өндіріс құралдарын жүйелеу
|
|
|
|
Шіркеуді мемлекеттен айыру.
|
|
|
|
Социалистік партияның жұмысшы табының партиясы болғанын мойындау.
|
|
|
|
Сабақты бекіту:
Білгенім
|
Үйренгенім
|
Үйренгім келеді
|
|
|
|
Соғыста жеңіске жеткен мемлекеттердің жеңілген Германияны басқару принциптерінің негізін айырып айтыңдар.
Жаулап алынған аймақтардағы саяси өзгерістер қандай жағдайда өтті? Германияның ыдырау себептері қандай?
Әлеуметтік нарықтық шаруашылықты құрудың әдісі қандай болды? Германдық экономикалық ғажайыптың алғышарттары қандай?
ГФР-дің мемлекеттік және саяси жүйесі Конституцияға сәйкес қалай жұмыс істейді.
В.Бранд кезіндегі ГФР саясатының даму ерекшелігі неге байланысты болды?
Бағалау: өзін-өзі бағалау
Үйге тапсырма: §18.
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: Италия.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Италияда республикалық мемлекет құру барысында «қарсыласу қозғалысының» өрбігендігін, олар,негізінен, көппартиялық жүйе ретінде қалыптасқан саяси партиялар екндігіне тоқталу. 1950-60жж. экономикалық даму «италиялық ғажап» терминін тудырғанын және оның мазмұнын аша отырып, елдің экономикалық жүйесінің басты үш моделінің ерекшеліктерін ашу.
Дамытушылық:Орталықтандыру мен социализмге сипаттама бере отырып,әрі қарай даму барысында саяси партиялық жүйенің дағдарысқа ұшырау себептерін, «Қарсыласу» толқынымен құрылған партиялық жүйенің толық күйрегендігін дәлелдеу.
Тәрбиелік: Италияның соғыстан кейінгі ж-ғы ішкі-сыртқы саясатын ашу. Социалистік партиялар әсерінің өсу бағыттарына сипаттама бере отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: интерактивті,дәріс
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау,бағалау
VI Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Соғыста жеңіске жеткен мемлекеттердің жеңілген Германияны басқару принциптерінің негізін айырып айтыңдар.
Жаулап алынған аймақтардағы саяси өзгерістер қандай жағдайда өтті? Германияның бөліну себептері қандай?
Әлеуметтік нарықтық шаруашылықты құрудың әдісі қандай болды? Германдық экономикалық ғажайыптың алғышарттары қандай?
ГФР-дің мемлекеттік және саяси жүйесі Конституцияға сәйкес қалай жұмыс істейді
Жаңа сабақтың жоспары:Италияның соғыстан кейінгі жағдайы және республиканың құрылуы.
Италияның әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері
Италиядағы партиялық-саяси құрылымдардың дамуы
ХХ ғасырдың соңы-ХХІ ғасырдың басындағы Италияның саясаты.
1948ж.1қаңтар жаңа Коституция күшіне енді.
1948ж. сәуір бірінші республикалық парламент сайлауы өтті.ХДП
1950-1960жж. экономикалық даму «италиялық ғажап» терминін тудырды.
Италияның экон-қ жүйесінде ерекше үш басты модель қалыптасты.
1)Солтүстік –батыс Италияда(Милан, Генуя, Турин қалалары)
2)Солтүстік-шығыс және Орталыұ Италия(Тоскана, Эмилия-Романья, Венеция)
3)Оңтүстік Италия(Неапольдан Сицилияға дейін)
1963-1968 және1974-1976жж. Альдо Моро
1978ж қызыл бригада
1990ж. «таза қол» қозғалысы
Сабақты бекіту:
БҮҮ
Білгенім
|
Үйренгенім
|
Үйренгім келеді
|
|
|
|
Не себепті Қарсыластар қозғалысы Италиядағы демократия мен республикалық тәртіпті қайта қалпына келтіруге әсерін тигізді? Бұл процеске қандай саяси күштер қатысты?
Италияның әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері қалай айқындалады? Италиядағы «экономикалық ғажайыптың» себептері неде?
Не себептен Италиядағы Орталықшылдар бағыты саяси тұрақтылықты негізгі болып, көп жылдар бойы өмір сүрді.
Франко тәртібі Испанияның Еуропа мен дүниежүзіндегі жағдайына қалай әсер етті?
1978 жылғы Конституция Испанияда қандай мемлекеттік тәртіп орнатты?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §19. тест
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §26. Солтүстік Еуропа елдері
Сабақтың мақсаты:
Солтүстік Еуропа (Дания, Норвегия, Швеция, және Финляндия) елдірінің соғыстан кейінгі жылдардағы сыртқы, ішкі саяси жағдайы, дамуы туралы түсіндіру;
Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;
Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау,бағалау
VI Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Бетпе-бет» әдіс бойынша
Не себепті Қарсыластар қозғалысы Италиядағы демократия мен республикалық тәртіпті қайта қалпына келтіруге әсерін тигізді? Бұл процеске қандай саяси күштер қатысты?
Италияның әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері қалай айқындалады? Италиядағы «экономикалық ғажайыптың» себептері неде?
Не себептен Италиядағы Орталықшылдар бағыты саяси тұрақтылықты негізгі болып, көп жылдар бойы өмір сүрді.
Франко тәртібі Испанияның Еуропа мен дүниежүзіндегі жағдайына қалай әсер етті?
1978 жылғы Конституция Испанияда қандай мемлекеттік тәртіп орнатты?
Испания, Португалия, Грекияда диктатура режімінің күйреуіне қандай ішкі және сыртқы факторлар әсер етті?
Жаңа сабақтың жоспары:
Финляндия
Дания, Норвегия, Швеция.
Сабақты бекіту:
Білгенім
|
Үйренгенім
|
Үйренгім келеді
|
|
|
|
Солтүстік Еуропа елдірінің соғыстанк кейінгі жылдардағы сыртқы саяси бағдарларының әртүрлі болу себебі неде деп ойлайсыңдар?
Финляндияның сыртқы саясатының ерекшеліктері қандай?
Соғыстан кейінгі онжылдықта солтүстік елдері экономикасының қарқынды дамуын қалай түсіндіруге болады?
Солтүстік Еуропа елдерінің қайсысы Еуропалық одаққа кірген жоқ?
Бағалау: өзін-өзі бағалау
Үйге тапсырма: §26.
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §27. Еуропалық ықпалдастық және Еуропа Одағы
Сабақтың мақсаты:
Осы ұйымдың дүниежүзілік соғыстан кейінгі атқарған қызметіне тоқталу, Еуро Одақтың қазіргі құрылымы туралы толық түсіндіру;
Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;
Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау,бағалау
VI Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Бетпе-бет» әдіс бойынша
Солтүстік Еуропа елдірінің соғыстанк кейінгі жылдардағы сыртқы саяси бағдарларының әртүрлі болу себебі неде деп ойлайсыңдар?
Финляндияның сыртқы саясатының ерекшеліктері қандай?
Соғыстан кейінгі онжылдықта солтүстік елдері экономикасының қарқынды дамуын қалай түсіндіруге болады?
Солтүстік Еуропа елдерінің қайсысы Еуропалық одаққа кірген жоқ?
Жаңа сабақтың жоспары:
Еуропа экономикалық ынтымақтасу ұйымы
Қоғамдастықтың және Батыс Еуропа ықпалдастығының дамуындағы жаңа кезең. Еуропалық Одақ құру
Терминдер:
Аннекция-( лат.)-басқа мемлекеттің немесе халықтың жерін бір мемлекеттің күштеп өзіне қосып алуы.
Оккупация (латын)- белгілі бір мемлекеттің қарулы күштер арқылы басқа мемлекеттің жерін уақытша басып алуы.
Протекторат (латын)-«жебеуші»-отарлық үстемдіктің бір түрі Ол бойынша отар ел сыртқы саясатта империалистік державаға тәуелді болған.
Эвакуация- халықты, тұрғындарды, мекемелерді жау жағы жаулап алған немесе жаулап алу қаупі төніп тұрған аймақтан алып кету.
Сабақты бекіту:
Әлемдегі ықпалдастық және ықпалдастыққа қарсы үрдістерге мән беріп, олардың себептерін ашып көрсетіңдер.
Қандай жағдайлар Батыс Еуропа елдерінің бірлесуіне жол ашты?
Еуропадағы ықпалдастықтың негізгі кезеңдерін атаңдар.
Еуропа қоғамдастығының негізгі құрылымдарын атаңдар
ЕО мүшелері қатарына қай елдер кіреді? Оған кейінгі жылдары қандай елдер қосылды, тағы да қандай елдер қосылуы мүмкін?
ЕО –ға мүше елдер неліктен біріккен еуро валютасына көшті?
ЕО-ға бүгін қанша мемлекет мүше болып отыр?
Білгенім
|
Үйренгенім
|
Үйренгім келеді
|
|
|
|
Бағалау: өзін-өзі бағалау
Үйге тапсырма: §27.
Достарыңызбен бөлісу: |