Сабақтың тақырыбы : Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану. Бірмүшенің дәрежесі және стандарт түрі



Дата07.02.2022
өлшемі32,25 Kb.
#87515
түріСабақ
Байланысты:
7 алгебра 15


I тоқсан Сабақтың номері : 15
Сабақтың тақырыбы: Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану. Бірмүшенің дәрежесі және стандарт түрі
Мақсаты:1. бірмүше анықтамасын білу, оның коэффициенті мен дәрежесін табу;
2. бірмүшені стандарт түрде жазу;
Cандардың, айнымалылардың және олардың натурал көрсеткішті дәрежелерінің көбейтіндісі түріндегі өрнектерді бірмүшелер деп атайды.
Сандар және натурал көрсеткішті дәрежелер де бірмүшелер болады. -1; ; -x.

Бірмүшенің бірінші орында сан көбейткіш, ал оған жалғастыра айнымалылар мен олардың дәрежелері жазылған түрін бірмүшенің стандарт түрі деп атайды
Стандарт түрдегі бірмүшелікте әріптер алфавиттік ретпен жазылады.
Кез келген сан стандарт түрдегі бірмүше болып табылады. 7; -281; 6,8.

  • Cтандарт түрдегі бірмүшенің сандық көбейткіші бірмүшенің коэффициенті деп аталады.

  • Бірмүшенің дәрежесі деп, оған енетін барлық айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің қосындысын айтады. Егер бірмүшеге айнымалы енбейтін болса, онда оның дәрежесі нөлге тең деп саналады.

Бірмүше

-21

2





-6

0

Коэффициенті

-21

2

1



-6

0

Дәрежесі

6+4+2=12

3

2+1=3

0

0

анықталмаған

Нөл саны- нөлдік бірмүше, бұл – дәрежесі анықталмаған жалғыз бірмүше болып табылады.
Мысалдар: 1, Мына өрнектер бірмүше болып табыла ма?

  1. 17 2. 3. 4. -2,7

Жауабы: 1. Бірмүше 2. Бірмүше емес (айырма) 3. Бірмүше 4. Бірмүше
2. Бірмүшені стандарт түрге келтіріңіз, оның коэффициенті мен дәрежесін табыңыз:

  1. ; коэффициенті 2; дәрежесі 8

  2. 3

  3. 0,09 коэффициенті 0,09; дәрежесі 9

3. бірмүшесін стандарт түрге келтірейік.
Мұндағы барлық сандық көбейткіштердің көбейтіндісі -12. Бұл бірмүшенің коэффициенті, оны бірінші орынға жазамыз. -ның дәреже көрсеткіші b-ның дәреже көрсеткіші с-ның дәреже көрсеткіші a, b, c әріптерін латын әріптерінің ретімен орналастырамыз. Нәтижесінде бірінші теңдікті аламыз: Коэффициенті теріс бірмүшені жазудың ережесін пайдаланып, екінші теңдікті аламыз:
Тапсырма: №1. Бірмүшені стандарт түрде жазып, коэффициенті мен дәрежесін анықтаңыздар:

тапсырма

коэффициенті

дәрежесі





















Дескриптор:
а) берілген өрнектегі бірнеше тең көбейткіштерді топтастыра біледі;
б) санды өрнектердің көбейтіндісін есептейді;
в) тең көбейткіштерді дәрежеге шығара біледі;
г) алынған бірмүшенің коэффициентін жазады;
д) алынған бірмүшенің дәрежесін көрсетеді
2. Бірмүшені стандарт түрге келтіріп, дәрежесін, коэффицентін табыңыз:

3.
Бірмүшені стандарт түрде жазып, оның коэффициентін көрсетіңіз және дәрежесін анықтаңыз:
1)
2)
3)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет