Сабақтың тақырыбы : «Денсаулық зор байлық»



бет2/7
Дата12.09.2020
өлшемі22,78 Kb.
#78076
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
сынып сағаты денсаулық

Шығармашылық жұмыс

— Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?

1.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.

2.Ісің түсіп тақсырға барма,

Аурулы болып бақсыға барма.


  1. Бақсы көрінсе дерт қозады,

Ұста көрінсе таға тозады.

4.Жарлының байлығы — денінің саулығы.

5..Ауру атанды да шөктірер.

6.Қотыр қолдан жұғады,

Таз тақиядан жұғады.

7.Бас ауырса жан қорқады.

8.Жұғын бар жерде — шыбын бар,

Шыбын бар жерде — шығын бар.

9.Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.

10.Жан ауырса — тән азады,

Қайғы басса — жан азады.

11.Өліспеген көріседі.

12.Қасқырдың ойлағаны арамдық,

Қойдың ойлағаны — амандық.

13.Тәуіптің жақсысы — ауруға ауру қоспағаны.

14.Мың жұмақтан — бір күн тірлік.

15.Қасапшыға мал қайғы,

Қара ешкіге жан қайғы.

16.Емнің алды — еңбек.

17.Ауру желмен келіп, термен шығады.

18.Аман болса бұл басым,

Тағы шығар бұл шашым.

19.Азған денеге ауру үйір.

20.Қайғы қартайтады,

Қуаныш марқайтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет