Сабақтың тақырыбы : Әлемнің әміршісі-еңбек. Сабақ мақсаты



бет2/2
Дата17.04.2017
өлшемі1,06 Mb.
#14043
түріСабақ
1   2

10-сынып жеткшісі

Атығаева Гүлжанат Нұржұманқызы
Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Қылмыс пен жаза»




2013-2014 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Әлемнің әміршісі-еңбек.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру.

2. Оқушыларды адал еңбекке баулу , кәсіптік білім беру.

3. Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.



Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайдтар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.

Кіріспе сөз

Топтастыру.

ІІ. Негізгі бөлім




  • Жалпыға Еңбек қоғамына қарай 20 қадам.

  • Кім болам?

-Жұмбақ шешу;

-әдеби монтаж.



  • Еңбек заңы

  • Пайдалы кеңестер. /сергіту сәті/

ІІІ. Қорытынды бөлім

-Нағыз еңбек неден басталады? /мектеп,сынып тынысы/

-Еңбек қана бар қиындықты жеңбек.


Мұғалім:   Балалар , бүгінгі ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Әлемнің әміршісі-еңбек. Балалар, еңбек сөзін естігенде ойларыңа не келеді?

         /Оқушылар өз бетінше ойларын жазып, қорғап шығады/.

Слайд арқылы «еңбек» деген сөзге топтастыру жасау.
Сүйікті іс күш,жігер береді.

Жарқын болашақ



Қуаныш,


ләззат алу ақша

пайдалы өмір сүруге үйретеді.



ауыр

шынықтырады жеңіл


Балалардың жауаптары тыңдалып болған соң, мұғалім толықтырып, адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіру.
Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.

Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған. Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді. Еңбектің арқасында табиғат заттарын еңбек құралы етіп, отты сөндірмей пайдаланды, топтасып аң аулады, бір-біріне көмектесті.Ф. Энгельс айтқандай «Адамды адам еткен- еңбек»

/ Слайд/

Еңбектену тек адамға ғана тән деген пікірмен келіспеймін. Жануарлар да дамыл таппай еңбектенеді ғой. Жануарлар қалай еңбектенеді екен? Алдымен соған мысал келтірсеңші, сонда ойың дәлел болар еді ғой. Сен «Құмырсқа елінде» деген әңгімені оқыған шығарсың. Құмырсқа илеуінің ішінде қаншама «бөлмелер» бар. Әр бөлмені пайдалану ретіне қарай «аналық құмырсқа бөлмесі», «балалар бөлмесі», «азық қоймасы»  т.б. деп атауға болады. Сондай-ақ бал арасының қалай ұя салатынын айтсақ та жетпей ме?

Мысалдарың тамаша! Жануарлар да еңбектенеді екен. Бірақ қанша еңбектенгенмен адам еңбегінің олардан зор айырмасы бар ғой.

Қандай айырмасы бар? Адам еңбегі оймен, санамен, ақылмен істеледі. Табиғат заттарын өңдеп, өзіне қажет, табиғатта кездеспейтін бұйымдар жасайды. Адамнан басқа қандай жануар арнай шам жасап қараңғыны жарық етеді?

          Адамның еңбегі- саналы еңбек, оған мысал келтіріп айтуға болады.

Демек, адам табиғатта кездеспейтін алуан түрлі күрделі заттарды, бұйымдарды ақылмен ойлап жасайды екен. Дегенмен оны алғашқыда табиғаттан көріп үйреніпті. Адам табиғаттан үйреніп кейбір заттарды ойлап тапқан.

/слайд /

   1-оқушы:  Аспанда қалықтап ұшқан құсқа қарап ұшақты ойлап шығарды.

   2-оқушы:  Бал арасының ұясын, ағаш жапырақтарының діңі, бұтақтарының орналасуын, құрылымын т.б зерделеп, алуан түрлі ғимараттар салды.

   3-оқушы:  Құмырсқа илеуіне негізделген қалалар тұрғызды.

   4-оқушы:  Балықтың жүзуіне қарай отырып кемелер жасалды.

   5-оқушы:  Табиғаттағы инелікке қарай отырып тікұшақ жасады.

   Осы айтылған аз мысалдан-ақ адам еңбегінің жасампаздығын байқаймыз.

      Сонымен тіршілік үшін ауадай қажет, онсыз бір күн де өмір сүруге болмайды. Заттың бәрін адам баласы өз қолы, өз еңбегімен жасайды. Адам өз қолымен жасайтын еңбегі әрі сарқылмас жігерімен құдіретті.    Еңбектің арқасында адам жетіліп дами бермек. Еңбек адамның денесін шынықтырып, мінез-құлқын қалыптастырады. Еңбек ету адам баласынан тапсырылған іске деген табандылық пен ынта-жігерді, құндылықты, тындырымдылық пен жауапкершілікті талап етеді.    Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді.

             

 ІІ. Негізгі бөлім




  • Жалпыға Еңбек қоғамына қарай 20 қадам.

Қай қоғамда да еңбектің маңызы ерекше. Сол үшін қоғамның басқару тізгінін ұстағандар, үкімет пен мемлекет басшылары ең алдымен елде еңбекті қалай ұйымдастыру жайын да ойластырады. Осыған орай Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасын ұсынды. Біздің әлеуметтік саясат бәсекеге қабілетті және күшті ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫН құруға бағытталуы тиіс,-деді Елбасы.

Тәуелсіздік шежіресі халқымыздың сан ғасырлық тарихының жаңа, жарқын беттерін ашты, елімізде түбегейлі бетбұрыс басталды. Тарыдай шашылған қандастарымызбен байланыс орнатып, Дүниежүзі қазақтарының Қауымдастығы құрылды.Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, ұлтаралық және дінаралық татулық нығая түсті.



  • Астанамызды ару Алматыдан арқадағы Ақмолаға көшірдік.

  • Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тізгінін ТМД және Азия елдерінің ішінен алғаш рет қолға алдық.

  • 2011 жылы Астана мен Алматы қалаларында қысқы Азиада ойындарын өткізу мүмкіндігіне ие болдық.

  • Күні кешегі Лондон Олимпиадасына қатысушы әлемдегі 200-ден астам мемлекеттің ішінен Қазақстанның 12-ші орынды иеленуі де – тарихқа жазылған жұлдызды сәттеріміздің бірі.

  • Тәуелсіздік алған 20 жылда шағын және орта бизнес нысандарының саны 35 есеге көбейді. Соңғы 10 жылда экономиканың осы секторында өнім өндіру көлемі 20 есеге өсіп, 7 триллион теңгені құрады.

  • 2011 жылы Дүниежүзілік Банктің бизнесті жүргізу жөніндегі рейтингінде Қазақстан ТМД елдерінің барлығын артқа тастап, 47-ші орынға көтерілді.

  • Егер 1993 жылы елде жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім небәрі 700 долларды құраса, қазір 11 мың доллардан асып, 16 есеге көтерілген.

  • Сол 90-жылдардың басында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі бар болғаны 0,2 млрд. теңге болса, 2011 жылы 12 трлн. теңгеге жеткен. Қазақстанда жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі соңғы 10 жылда 4 есе өсті.

Осылайша, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жасампаз да жаңашыл, сындарлы да сұңғыла саясатының, өлшеусіз күш-жігерінің, халықтың бірлігінің, келісті тірлігінің, ерен еңбегінің арқасында жас мемлекетіміз аяғынан тік тұрды, қанат жайды, іргелі елге айналды.

Мұның бәрі – Конституцияның берік тұғырының нәтижесі. Ал, Ата Заң сауатты болмаған жерде тәртіп пен ұйыған ынтымақ та болмайтынын көптеген әлем елдеріндегі тәжірибе дәлелдеді.

Жаңа заман жаңаша ойлап, еңбек етуді талап етіп отыр. Осы талаптарға бейімделіп, табысты қоғам болу үшін не істеуіміз керек – бұның барлығы Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында анық көрсетілген. Бұл тапсырмаларды орындау – барлығымызға міндет, біздің табысты дамуымыздың кепілі.

«Күшке күш қосылса – құп, елге ел қосылса – құт» деген үлкендерден қалған нақылдың астарында Елбасы мақаласының тәуелсіз Қазақ Елінің ең ұлы мұраттарының бірі екенін дәлелдейтін шындық жатыр. Өйткені, әлеуметтік мәселелерді «кейінге» қалдыруға болмайды.

Әлеуметтік жаңғырту үдерісі азаматтарды «аз жұмыс істеп, көп табыс табу», «ауадан ақша жасау» тәрізді алдамшы формулалардан арылтуға көп септігін тигізетін болады.

Жұмыспен қамту саласын дамытуға ерекше көңіл бөлген жөн. Бір ғана мысал – «Қашаған» жобасында құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуына байланысты «Болашақ» зауытынан жұмысшылар жұмыстан босатылып жатыр. Енді оларды жұмысқа орналастыру жағын ойластыруымыз қажет.

Ел экономикасының ең маңызды локомотиві – шағын және орта бизнес саласы. Елбасының бастамасымен «Бизнестің Жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020» сияқты бағдарламалар қабылданды. Оның жүзеге асуына өздеріңіз куәсіздер.

Соның ішінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша, яғни ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамытуға көп көңіл бөлінуі тиіс. Біз мемлекеттік бағдарламаны халыққа жете түсіндіріп, оның игілігін көрсете түсуіміз қажет.

Жұмыссыздық деңгейін азайту үшін жаңа жұмыс орындарын ашуды қолға алған жөн. Ол үшін экономикалық белсенді жастағы жұмыссыз азаматтарды қажетті мамандықтарға оқытудың барлық шаралары алынуы тиіс.Біз осыған дейін кәсіпкерлік саласын өңірге мол инвестиция тартудың көзі ретінде бағалап келдік. Қазір ондай көзқарасты түзетіп, салаға жаңаша қырынан келуіміз керек. Шындап келгенде, кәсіпкерлікті дамыту – азаматтарды адал еңбекке баулудың бірден-бір негізі деп есептеймін.Әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді модельдерін құру және өзін-өзі еңбекпен қамтығандар тобындағы еңбекке қабілетті халықты нақты жағдайда жұмыспен қамту үшін арнайы әдістемелік механизмді дайындауға аса көңіл бөлген жөн. Шынын айту керек, қазіргі қоғамда мемлекеттің келешегіне қажетті кәсіпке барғаннан гөрі, күнделікті қарын тойғызудың қамын ойлайтын «бір күндік» психология қалыптасқан.Осыдан арылуымыз керек» -деді, Елбасы.

Бүгінгі әлемді толғандырып отырған күрделі мәселе – діни экстремизмнің алдын алу және болдырмау мақсатында жастар арасындағы дәстүрлі діни көзқарастың оң қалыптасуын жүзеге асыру да осы бағытта жасалар маңызды қадамдардың бірі. Дәстүрлі емес дін өкілдері санының көбеюіне жастармен тәрбиелік жұмыстың жеткіліксіздігі, мектеп пен отбасындағы тәрбиенің осалдығы, жастар өміріне қылмыстық немесе бұзақылық ортаның себептері әсер етіп отыр.



2.

  • Кім болам?

-Жұмбақ шешу;

-әдеби монтаж.



-мамандық таңдау.
Енді елбасымыздың айқындап берген 20 бағытын басшылыққа ала отырып келешекте өз орнымызды , мақсатымызды , таңдайтын мамандығымыз жайлы қазірден бастап ойлануымыз керек! Әрбір мамандықтың біз білмейтін қыр-сыры бар.


 Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам.

/милиционер/
Бал тамған мәзір,

Ол бар жерде әзір.

/аспазшы/

Оқу-білім бағдары,

Заманының бағбаны.

/мұғалім/


Өскен шашты жаратпайды,

Қайшысы бар жалақтайтын

/шаштараз/
Келіп баған қасына,

Өрмеледі басына.

/монтер/

Еңбек орны-танабы,

Сүйікті ән- дала әні.

Егін салып, мәпелеп,

Асырайды қаланы.

/дихан/
Өңкей сығай екі топта

Таласып жүр бір допқа.

Бұл кім ?

/футболшы/

Күміс қанат сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі

Кеткен жанды кім дейді?

/ұшқыш/



Мен таңдайтын мамандық. /Әдеби монтаж/

   1- оқушы   Ай-һой, ғажап қандай бұл,

                     Ал, кәне, кәсіп таңдай біл.

                     Аламын қандай мамандық,

                     Алдымда толған таңдау тұр.

                     Әлемге ән боп жалғанар,

                     Әйгілі небір тарландар.

                     Әуелей ұшқан аққудың

                     Әсерлі үнін салған дәл

                     Әміре менен Күләштай

                     Әнші болсам не арман бар?!

                    

2- оқушы : Кәсіпкер болсам егер де,

                     Бар әлемді кезем де.

                     Бар пайданы ойламай,

                     Барымды берем мен елге.

                     Велосипед мініп одан да,

                     Велошабандоз болам ба?

                     Геолог болып тегі мен,

                     Гүл жайнаған өңірден

                     Гуілдеп күн-түн тынбайтын,

                     Газдың ашам кенін мен.

                     Ғалымның жолы ғажайып,

                     Ғибрат сабақ алайық.


    3-оқушы:  Ғұмыр бойы ізденіп,

                     Ғанибет – ашу жаңалық.

                     Ғылымға құмар қалпыммен,

                     Ғарышкер болам бәлкім мен:

                     Ғұмырлы қазақ елінің

                     Ғарышқа жаяр салтын кең.

                     Ес көретін өз елі,

                     Ер мінезді, беделді,

                     Ел мен елді дос етер

                     Елші болғым келеді.



Еңбек.

                     Жасампаз төрді түлетіп,

                     Жаңғыртқан қайта мың рет.

                     Шөлейтті жерді гүл етіп,

                     Жайқалтқан мен бір құдірет.

                     Бәрі де менің жеңісім,

                     Зейнетім, демек жемісім.

                     Шалқыған астық  – кенішім,

                     Ырысты бейбіт ел үшін!

                     Шаттықтың әнін тербеткен,

                     Көресің мені жер-көктен,

                     Ерліктің туын өрлеткен,

                     Өркендеп ғалым еңбекпен.

                     Сондықтан ойлап ертеңді,

                      Сүйіп өс маған табын да.

                     Еңбекпен өмір өркенді,

                     Еңбекпен келер бағың да.

                     Білім терең теңіз бе,

                     Білім, еңбек егіз бе?

                     Рухани азығым –

                     Осы екеуі деңіз де.

                     Дейді атам «Білімді

                     Еңбекпенен сен ізде!»

                     Еңбек етсем,  ертеңгі

                     Бақытыма сенемін!

                     Мақсатыма жеткізер

                     Уақытыма сенемін!

«Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай ешқашан жалқау болма.


1-  оқушы:          Еріншектен – салақтық,

                          Салақтықтан – надандық…

                           Бірінен-бірі туады,

                          Жоғалар сөйтіп адамдық.

                          Жүрейін десең, тұрғызар,

                          Төсекке мойын бұрғызар.

                          «Өзгелер де жүр ғой» деп

                          Біреуді мысал қылғызар.

2-оқушы:              Іс қалдырмас еселі –

                                          Білімнің ең кеселі.

                                          Кірсе бойдан шығу жоқ,

                                          Күн сайын өсер бес елі.

                                          Төбеңді сөйтіп теседі,

                                          Орныққан сайын өседі.

                                          Ғибадат жоқ, өнер жоқ,

                                          Бәрінің жолын кеседі.

3-оқушы:          Еріншек таза жүре алмас,

                                          Кір-қоңын да жуа алмас.

                                          Харекет жоқ, ғылым жоқ,

                                          Өз бойынан ұялмас.

                                          Даулассаң, желдей еседі,

                                          Өзі айтып, өзі шешеді.

                                          Үйір болған кісілер

                                          Жан тыныштық деседі.

4-оқушы:         Жан тыныштық бұл емес,

                                          Жан дененің құлы емес.

                                          Өзің байлап бересің,

                                          Жан жұмысы ол емес.

                                          Еріншек, ашу, құмарлық,

                                          Бұларды істен шығардық.

                                          Жамандықтың басы – осы,

                                          Кісі болса ұғарлық.


Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның

12 %-і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан- жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгінгі тәрбие сағатында шешімін аламыз деген сенімдемін.



Слайд арқылы «Мамандық» сөзіне анықтама беру.

Профессия- латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мамандық таңдау- өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді.

Оқушылардың мектептегі және қоғамдық пайдалы іс- әрекеті оның кейін әлеуметтенуіне үлкен әсерін тигізеді. Мамандық таңдауына, рухани құндылықтарға ие болуына, әр түрлі адамдармен араласуға, мінезінің қалыптасуына әсер етеді. Слайд- 3



  • Бүгін келген қонақтарға сұрақтар береміз.

Енді оқушылардың сіздерге қояр сұрақтары бар екен. Сол сұрақтарға кезек берейік.

1.Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін-өзі қалай дайындау керек деп есептейсіз?

2.    Өзіңізді еңбекқормын деп санайсыз ба?   Еңбекқорлық адамды қандай қасиеттерге баулиды?

3.    «Адал еңбек» деген ұғым нені білдіреді?

4.    «Еңбектің жемісі»  дегеніміз не?

5.    Адамның бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?

6. Қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз?



  1. Осы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?

8 .Сіздіңше мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не деп ойлайсыз?

  1. Ұстаз болу сіздің бала күнгі арманыңыз ба еді?

  2. Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды   қаламайды, керісінше заңгер, банкир, экономист  т.б мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?

  • . Енді оқушыларымыз мамандық түрлері туралы қаншалықты білетінін тексеру үшін «Ең, нағыз..» деп аталатын ойын ойнап көрейік. Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелері ұсынылатын болады, ал сендер берілген мінездемеге барынша сәйкес келеді деген мамандықтарды атауыңыз керек.
    -          Ең жасыл мамандық
    -          Ең тәтті мамандық
    -          Нағыз ақшалы мамандық
    -          Нағыз бала мамандығы
    -          Ең күлкілі мамандық
    -          Нағыз адамдармен көп араласатын мамандық
    -          Ең ауыр мамандық

«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М.Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесу сағатымызға келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын. Айтыңдаршы, осы біздің мектепте қандай мамандық иелері бар?
Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу.


  • Еңбек заңы

  • Пайдалы кеңестер. /сергіту сәті/

Келешекте сендер өз алдарыңа маман иесі болып, отбасын құрасыңдар.Барлығың жақсы өмір сүргілерің келеді. Сол кезде мына қағидаларды естеріңнен шығармаңдар!Бірақ-та жер мен көк жаратылғалы бері бай мен кедей бірге жасап келеді.



-Кедейленудің 10 қағидасы

        1. Өзін-өзі мүсіркеу. Қашан көрсең де көп жұмыс істейтінін, көп тер төксе де жолы болмайтынын айтып ,шағымданып отырады.Өзін әлемдегі ең байғұс жан етіп көрсетеді де, басқалардың барлығы оған аяушылықпен қарау керектігін ұқтырады. Тіпті кейбіреулері еркек немесе әйел болып туылғанына ренжіп отырады. Бұл да жоқшылыққа апаратын жаман әдет.Аллаһқа қарсы келіп отырған адамның қолында байлық пен немесе қаржы қалай тұрақтасын?

        2. Бір сәттік қана пайда.Бірден және тым пайда табуды ойлау- көптеген кедей адамдардың ойы.Бір сәттік қана нәрсені ойлап,ертеңге көз тікпейтіндер қолдағы барынан айырылады.

        3. Көңілі сүймейтін іспен айналысу. Көңілі қаламаған жұмыспен айналысқан адамда ешқашан табыс болмайды.Жұмысты таңдар кезде жалақысына қызықпас бұрын өз көңіліңнен шығатын болу керек.Өйткені бар ықыласын аудара жұмыс істемеген үшін ол істен ештеңе өнбейді,кейін қарай кетеді.

        4. Ысырапкершілік. Өз тапқанынан артық жұмсау. Қит етсе біреуден ақша сұрау әдеттер тиянақсыздыққа апарды. «Көрпеңе қарай көсіл» деген сөз бар.Табыс өскен сайын көрпе де кеңейе түсетінін ұмытпа.

        5. Сәттілікті ақшамен өлшеу. «100 мың доллар ақшам болса бұл жерде отырмас едім» көп адамдар айтады. Бірақ бұл ақшаны 1 күнде ,1 сағатта жұмсап жіберуге болады.Бақыт пен сәттілікті ақшамен есептеу дұрыс емес.

        6. Сараңдық. Тек қана жеңілдікпен жаппай сатылып жататын заттарды сабылып іздейтін адамдар. Адалдықпен тапқан ақшаға неге сапасы жоғары зат алмасқа?. Бағасы төмен затта ешқашан сапа болмайды.Сапалы затты танитын адам қанша қымбат тұрса да іздеп табады..Өз-өзіне ақша қимау кедейлікке бастайды.

        7. Жылаңқылық. Әрдайым шағынып жылай беру.Шариғат тұрғысында айтқанда,барға місе тұтпай шүкіршілік етпеу де кедейлікке бастайды.

        8. Салыстыру. Әрқашан өзін өзгемен салыстырып отыру.Мұның астарында көреалмаушылық пен күндестік те жатыр.Іші тар адамның ортасы да шағын болады.Ортасы шағын адам алысқа ұзамайды, өз тұрғысында ғана өмір сүреді.

        9. Байлықты ақшаның құнымен өлшеу. Байлық тек қана ақшамен өлшенбейді. Оның денсаулық, отбасы,бала, туған-туыс сияқты өте көп тармағы бар.Осыны айыра білу керек.

        10. Отбасынан аулақтау. Жарсымды отбасының жарастығын сақтай алмауы – ең басты қателік. Отбасы бақыты ең басты байлық екенін естен шығарған дам ешқашан байлыққа қол жеткізе алмайды.


-Баюдың 10 қағидасы

  1. Өзіңе сену, өзіңді саналы түрде сендіру.Қарапайым ғана қағида-кедейдің байдан айырмашылығы оның ақшаға қатысты өз түсінігі мен ұғымында.Ендеше ең алдымен « бізге байлық қайда, наным бар, киімім бүтін болса болды ғой» деген ойдан арылыңыз.Ақыл-есі дұрыс, денсаулығы, дұрыс ойлай білетін әрбір адамның молшылыққа жетуге хақысы бар.

  2. Тілегіңді орында . Бай болу үшін алдымен мақсат қоя отырып, бар жаныңмен соған жетуге күш салу керек. Демек осы жолда денсаулығыңнан басқасын құрбандыққа шалу керек.Бұл ақша үшін ағайынмен жүз шайысу деген сөз емес, табыс жолында қабілетіңді шыңдап, өз мүмкіндігіңді сарқа пайдалану.

  3. Мақсатты айқындау. Сізге қанша ақша керек, не үшін керек? Осыны анықтап алыңыз. Қиялыңыз бен шындық өмірдегі қажеттіліктерді шатастырмаңыз.

  4. Жобаны не жоспарды жүзеге асыру.Мақстақа жету үшін жоспар құрасыз. Әуелі неден бастау керек? Айлығы тәуір басқа жұмыс іздеп көресіз бе, әлде жеке бизнес бастағанды қалайсыз ба? Мүмкін басқа бір мамандықты игергіңіз келетін шығар.Іске кірісіңіз!Бірақ есіңізден болсын сіз таңдаған жұмыс ақшасы ғана жақсы емес, ең алдымен өзіңізге ұнайтын, ләззат сыйлайтын жұмыс болуы тиіс.

  5. Сізге арнайы білім керек. Сіз осы жасыңызда салық жүйесі туралы түк білмейтін , банктік салымдар саласынан хабары жоқ миллионер кездестіріп көрдіңіз бе? Әрине, жоқ.Капиталды сақтау үшін және оны көбейту үшін арнайы білім керек.Арнайы білім сіздің мақсатқа жету жолындағы басты қаруыңыз болмақ.

  6. Табандылық керек. Біздің көпшілігіміздің қателігіміз бір нәрсені бастаймыз, алғашқы қиындықтар кездессе қолды бір сілтеп, бәрін орта жолда тастап кетеміз.Қиындық пен кедергілерге әзір болу керек. Мұның бәрі – табысқа жету жолындағы баспалдақтар.Бизнестің заңы былай, бастайсың,құлайсың,тұрасың, жіберген қателіктеріңнен сабақ аласың, тәжірибе жинайсың,содан жолың ашылады.Тағы бір нәрсе қай жерден қате жібердім деп өзімізді- өзіміз оймен мүжгілейміз.Бұл дұрыс емес

  7. Шығындарды есептеу. Байлықтың деңгейін қалай өлшеуге болады? Сіз қанша кіріс әкелесіз және сіздің жинағаныңыз қанша, соны есептеу арқылы емес , керісінше ақшаңыз аз ба, көп пе,өзіңіздің қолыңыздағы барыңызға риза болу, содан ляззат алу.Кірісіңізді ғана есептеп қана қоймай ,шығындарыңызды да бақылап отырыңыз.Бұл сараңдық емес.Осылай өз қажетіңізге жұмсап , әдемі тон алып, шет елге қыдырасыз, осылардың бәрінен рақат сезіне отырып, келешекте келетін ақшалар үшін шаршамай жұмыс істейсіз.

  8. Адалдық заңы. Бұл-баю жолындағы ең маңызды заң. Біздің ойымыз бен істеген істеріміз ерте ме, кеш пе өзімізге қайта оралып отырады.Біреуді жер соқтырып алдап кеттік пе, біді де біреу алдап кетеді.Ұрлап алдық па, бізідң де көзімізіді бақырайтып қойып үптеп кету ғажап емес.Осыын естен шығармай өзіңізге де адал болыңыз. Өзіңізге адал болсаңыз, басқаларға да жақсы болмақ.

  9. Бәрі өзіңізден. Егер сіз «бір қолайсыз жағдай болды-ау, мен орта жолда тоңқалаң асам –ау» деп үрейленсеңіз, өзі де солай болады.Өзіңізді дайындаңыз., сіз кездесетін қиындықтар мен қырсықтардан сақтандырылғансыз, сондықтан сіздің басыңызда ондай жағдайлар болуы мүмкін емес.

  10. Қайырымдылар жасасын! Шындығында қандай да бір табысқа, жетістікке жеткенде, біз тек қара күшімізбен емес, адамдардың арқасында жетеміз.Олардың бірі жылы сөз айтты, бірі қиын кезде көмектесті, біреуі тауарыңызды сатып алды. Жақсылыққа-жақсылық. Егер сіз табысыңыздың оннан бір бөлігін жетім-жесірге, ғаріп пен мұқтаж жандарға тартып отырсаңыз, одан ақшаңыз кеміп қалмайды, бұл сіздің үлкен адмшылығыңыз ғана емес, келесі табыстарды шақырғаныңыз болмақ.


ІІІ. Қорытынды бөлім

-Нағыз еңбек неден басталады? /мектеп,сынып тынысы/


«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі –ішсем,жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары. Біреуі білсем екен деп туады. Не көрсе соған талаптанып. Білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. Мұның бәрі-жанның құмары деген екен Ұлы Абай атамыз. Сабақ оқу да – еңбек. Мектебімізде үздік оқып, қазір ЖОО-да озат студент болып жүрген және шетелдерде оқуын жалғастырып жүрген оқушыларымыз қаншама. Олай болса, болмасаң да ұқсап бақ демекші бәріміз де жақсы оқып, еңбектеніп осы аға апайларымыздың жолын басыңдар демекпін.Шын мықтыға тұсау жоқ дегім келеді. Бізде қарап жатқан жоқпыз , сынып оқушылары да қоғамдық еңбектерге, дене еңбегіне өте белсенді қатысады.

Еңбекке өте машықтанған балалар: Омар Ануар, Мұратжанов Ерғали,Курентаев Серікжан, Серікханов Еркебұлан, Буланбаев Қуанышты ерекше айтқым келеді. Буланбаев Қуаныш 5 –сыныптан жастайынан спортқа бейім болып қазір мектебіміздің мақтанышы. Қазақша күрестен бірнеше дүркін аудандық , облыстық жарыстардың жүлдегері. Бұл да үлкен дайындық пен еңбектің арқасы екені түсінікті. Дене еңбегімен ой еңбегін қатар алып жүретін озат оқушыларымыз да бар.Олар: Құдайбергенов Мақсұт, Омар Нұрлыхан, Мұратжанов Ерғали.

/Сынып фоталары/

-Еңбек қана бар қиындықты жеңбек.

Барлық байлық еңбекпен келеді. Ауылымызда тек өзінің маңдай терімен отбасын асырап отырған ер адамдар бар.

Еңбексіз бос жүру адамды моральдық жағынан құлдыраушылыққа, жұрт еңбегінің есебінен күн көруге әкеліп соғады.Еңбек етпесең не қорлыққа, не ұрлыққа барасың.Еңбек қана адамның жанын жарастыққа, ризалық сезіміне бөлеп бақытты етеді.Еңбек етсең ешкімге тәуелді болмайсың. Атың да, атағыңды да шығаратын -Еңбек .
Ұлағатты сөздер
Өмірде үлкен еңбексіз ештеңеге де қол жетпейді.

( Гораций)

:

Талап, еңбек, терең ой

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс көнсеңіз.

(Абай)

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,

Қардың суы секілді тез суалар.

(Абай)

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық

аздырар адам баласын (Абай)
Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ.

Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. (М.Әуезов)

Елге сіңірген еңбек жақсы,

Еңбекті елеген ел жақсы.

Спандияр Көбеев

Еңбектегі әр минут- бір несібе.

Ғафұр Ғұлам
Терлеп еңбек етпегенннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ.

Бауыржан Момышұлы
Қандай мұратың болса да өз еңбегіңе сен, басқаға телмірме.

Ғабдолла Садықұлы.

Қатаң ұста-бос жүрмесін сандалып,

Болсын тәртіп-бала өседі сомдалып.

Бала нені білсе жастан, ұядан.

Өле өлгенше соны таныр қиядан.

Жас кезінде білім берсең,қалай да-

Өсе келе қолы жетер талайға.

Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?

Олай болса уысыңнан шығарма.

Жүсіп Баласағұн

ШҚО, Аягөз ауданы, Мыңбұлақ орта мектебі

Атығаева Гүлжанат Нұржұманқызының

іс-тәжірибесінен

Ашық тәрбие сағаты

«Әлемнің әміршісі –еңбек»

/9-сынып/



2012-2013 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет