Сабақтың тақырыбы : Есеп шығару Физика пәнінің мұғалімі: Құтымова Ә 2016-2017 оқу жылы



бет2/6
Дата08.09.2023
өлшемі290,18 Kb.
#180514
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
molekulaly-kinetikaly-teoriyany-negzder-tarauyna-esep-shyaru.

Негізгі сөздер мен тіркестер: МКТ, идеал газ, термодинамика, Менделеев – Клапейрон теңдеуі.
Сыныптағы диалог (жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер): Талқылауға арналған тармақтар:

  • Молекулалы-кинетикалық теорияның негіздер тарауын қайталау.

  • 4 – тараудағы формуланы еске түсіру үшін, физикалық диктант жазу.

  • Есептер шығару мақсатында деңгейлік тапсырмалар беру.

  • Сабақты қорытындылау үшін тест жұмыстарын беру.

  • Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба Өткен формулаларды ескере отырып, есептер шығару барысында ой-өрісін, қабілетін, жан-жақты білімдерін шындауы.

  • Жазылым бойынша ұсыныстар: Берілген тапсырмалар мен жаттығуларды орындау

Пәнаралық байланыс: математика, геометрия.
Алдыңғы тақырып: Газ заңдары және Дальтон заңдары.
Дерек-көздер, ресурстар: Интерактивті тақта, суреттер, Оқулық, плакаттар, маркерлер және т.б.
Негізгі идеялар:
МКТ негізгі қағидаларын дәлелдейтін тәжірибелік деректерді келтірейік:

  1. Заттардың бөлінгіштігі. Осы кезде заттың физикалық және химиялық қасиеттері өзгеріссіз қалады.

  2. Газдардың сығылғыштығы. Бұл дене молекулаларының арасында үлкен қашықтықтардың болатынын көрсетеді.

  3. Газдың кез келген көлемді алатыны. Бұл дерек молекулалардың қозғалыста болатынын, сонымен қатар олардың арасындағы қашықтардың өзгеріп отыратынын білдіреді.

  4. Еселік қатынастар заңы. Бұл заң бойынша кез келген химиялық қосылыстар пайда болғанда реакцияға түсеьін заттардың массалары өзара қатынаста болады. Бұл денелердің атомдардан тұратынын көрсетеді.

  5. Газдың өзі тұрған ыдыстың қабырғасына қысым түсіруі. Бұл молекулалардың қозғалыста болатынын көрсетеді.

  6. Диффузия – бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулааралық кеңістікке еніп кетуі.

  7. Молекулаларды электрондық мкроскопта немесе иондық проекторда бақылау.

  8. Болат цилиндрге құйылған майды қатты қысқанда май цилиндрдің сыртына тамшылап шағып, ал цилиндрдің өзі болса бүтін күйінде қала берген. Бұл молекулалардың арасында кеңістіктердің барлығын, яғни дененің тұтас болмайтынын көрсетеді.

  9. Беттері әдейілеп тегістеліп, бір-бірімен түйістірілген екі қорғасын цилиндрдің бір-біріне жабыса қалуы. Бұл жағдайда екі цилиндр біртұтас тәрізді көрінеді. Егер цилиндрді бекітіп қойып, екінші цилиндрге жүк ілетін болсақ, онда цилиндр бір-бірінен ажырамайды.

  10. Денелердің беріктігі денедегі микробөлшектердің өзара тартылатынын білдіреді.

  11. Денелердің серпімді деформациялық қасиеттері де дененің микробөлшектерінің арасында өзара әрекеттесу күштерінің бар екендігін көрсетеді.

Броундық қозғалыс дегеніміз – сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет