ФИЗИКА ПӘНІНЕН АШЫҚ САБАҚ: Сабақтың тақырыбы: Есеп шығару
Физика пәнініңмұғалімі: ҚұтымоваӘ 2016-2017 оқу жылы.
Бекітемін: Мектеп директоры: Абубакиров М.
– сынып күні: 22.11.2016 ж.
Сабақтың тақырыбы: Молекулалы-кинетикалық теорияның негіздер тарауына есеп шығару.
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): МКТ-ның негізгі қағидалары →Молекулалардың массасы мен өлшемі →Термодинамикалық параметрлер →МКТ-ның негізгі теңдеуі → Менделеев – Клапейрон теңдеу→ ілімдерін білу. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі мен Менделеев – Клапейрон теңдеу формуласына тұжырымдама жасау. Деңгейлік тапсырмалар беріп, есептер шығару. Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:Молекулалардың массасы мен өлшемі →Термодинамикалық параметрлер →МКТ-ның негізгі теңдеуі → Менделеев – Клапейрон теңдеу→ ілімдерін біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі мен Менделеев – Клапейрон теңдеу формуласына тұжырымдама жасайды.
Кейбір оқушылар: График бойынша тапсырмаларды орындайды.
Тілдік мақсат:
Оқушылар... (істей) алады: МКТ-ның негіздер тарауына байланысты формулаларды жатқа біліп, есептер шығарады және тұжырымдайды.