Қазақ әдебиетінен Ғабит Мүсірепов тақырыбына арналған ашық сабақтың әзірлемесі
Дайындағандар
№21 орта мектебінің
қазақ тілі мұғалімі:
Рамазанова Әсем Бірлесқызы
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов
Ғабит Мүсірепов - ардақты ақын!
Зейнолла Қабдолов
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Ғ.Мүсіреповтің өмір жолы мен шығармашылығы жөнінде мәлімет алып, оның өмір жолына хронологиялық кесте жасау, шығармаларындағы берілген кейіпкерлерге салыстыра отырып сипаттама беру, жазушының өмірі мен шығармашылығы жөнінде сұхбат құрастыру арқылы оның ұлы, ардақты қаламгер екендігін сұхбат құрастыру арқылы оның ұлы, ардақты қаламгер екендігін таныту, бес жолды өлең құрастыру;
2) Дамытушылық: оқушылардың өз беттерінше ізденіп, шығармашылықойлау қабілеттерін арттыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәтінді әңгімелету, кесте толтыру, кейіпкерлерге сипаттама беру және сұхбаттасу арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін және жазбаша сауаттылықтарын дамыту, сөздік қорын молайту, жазушыға деген сауаттылықтарын дамыту, сөздік қорын молайту, жазушыға деген сүйіспеншіліктерін ояту, кейіпкерлерге салыстырмалы жұмыс жүргізу арқылы ой қорыту, дағдыларын дамыту;
3)Тәрбиелік: оқушыларды жазушылық өнерге, Отанды сүюге баулу, Ғ. Мүсіреповті ардақтауға, оның шығармалары арқылы ананы құрметтеп сыйлауға, адамгершілікке, адал махаббатқа, достық, бауырмалдық қасиеттерге, ерлерге, батырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты өту
Сабақтың нысаны: Жалпы сипаттық, топпен жеке жұмыс
Сабақатың әдіс- тәсілдері:
Әңгімелеу, сұрақ-жауап, іздеу, шығармашылық жұмыс, сөзжұмбақ шешу, Венн диаграммасы, оқулықпен жұмыс, бес жолды өлең стратегиясы, рөлдік ойын, сұхбаттасу, ой қорыту.
Көрнекіліктер: Ғ.Мүсіреповтің портреті, сөзжұмбақ сызылған плакат, оқулық
Пәнаралық байланыс: Тарих, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
(1.)Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту.
1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2.Сөзжұмбақты шешу.
Балалар, мына сөзжұмбақты шешкенде бүгінгі сабағымызды кім туралы сөз болғандығы шығады.
1."Наука" сөзінің қазақша аудармасы
2.Өмірдегі ең сүйікті жан
3.Мын мақалды толықтыр:
Кітап - .... бұлағы
4.Көркем шығармалар қандай пәнде оқытылады?
5. Қазақстан қандай мемлекет?
|
|
|
|
Ғ
|
Ы
|
Л
|
Ы
|
М
|
|
|
|
|
|
|
|
А
|
Н
|
А
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Б
|
І
|
Л
|
І
|
М
|
|
|
|
|
Ә
|
Д
|
Е
|
И
|
Е
|
Т
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Т
|
Ә
|
У
|
Е
|
Л
|
С
|
І
|
З
|
(2.) Жаңа сабақты өту
1.Сабақ мақсатымен таныстыру
Бүгінгі сабақта Ғ.Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мәлімет алып, ол жөнінде хронологиялық кестені толықтырамыз, кейіпкерлерді салыстыра отырып, сипаттама береміз.Сонымен қатар жазушының өмірі мен шығармашылығы жөнінде топпен сұхбат құрастырамыз және берілген сөздерге бес жолды өлең жазамыз.
2. Сабақтың эпиграфымен таныстыру
Ал енді балалар, сабағымыздың эпиграфына мән берейік.Ғ. Мүсірепов жөнінде айтқан Зейнолла Қабдоловтың сөзін оқиық:
Ғ.Мүсірепов- ардақты ат!
3.Ғ.Мүсірепов жөнінде қысқаша әңгімелеу.
Мұғалімнің сөзі: Ғ.Мүсірепов - біздің жерлес жазушымыз. Қазақ әдебиетінің сөз зергері, классигі, драматург, публицист,Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, қоғам қайраткері, аудармашы. Ол 1902 жылы Шығыс елінің жыл басы деп саналатын 22 наурыз күні Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жаңажол ауылында туған.
Оның әкесі Махмұт кедей болған. 9 жасына дейін өз ауылында молдадан арабша хат таныған. Ғабит бір жерде отырып қалған жоқ, ол сауат ашу жолында көп ізденіп, білім сапарына аттанды.
Енді Ғ. Мүсірепов жөнінде толық мәліметті оқулық бойынша оқып білеміз. Алдымен, жаңа сөздермен танысып алайық.
4.Жаңа сөздерді меңгерту
а) Оқушыларға оқыту
ә) Жаңа сөздермен 4 сөйлем құрастыру
5. Оқулықпен жұмыс
Балалар, енді оқулық бойынша Ғ.Мүсіреповтің өмір жолы мен шығармашылығына толық тоқталамыз. Ол жөнінде мәлімет ала отырып, хронологиялық кесте толтырамыз:
(3) Жаңа сабақты бекіту. Мағынаны ажырату.
1. Хронологиялық кестені толтыру
Аты-жөні
|
Кім болған
|
Жылдар
|
Өмір жолы
|
Әңгімелері
|
Романдары
|
Пьесалары
|
повестері
|
Ғ
А
Б
И
Т
М
Ү
С
І
Р
Е
П
О
В
|
Жерлес жазушы, қазақ әдебиетінің сөз зергері, классигі, драматург, публицист, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, қоғам қайраткері, аудармашы.
|
1902жыл 22наурыз
1916 жыл
1917 жыл
1923 жыл
1926 жыл
1927-1928 жылдар
1928 жыл
1930 жылдан бастап
1934 жыл
1939 жыл
1945 жыл
1956-1966 жылдар
|
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жаңажол ауылында шаруа отбасында туған
Қостанай уезінің Обаған жеріңде 2 сыныптық орыс мектебінде оқыған.
Жоғары бастауыш орыс мектебінде оқыған
Орынбордағы жұмысшы факультетінде оқыған
Омбы қаласындағы ауыл шаруашылық институтында оқыды
Бурабай техникумында оқытушы болды
Алғашқы "Қос Шалқар" әңгімесі жазылды
Әдеби шығармашылықпен айналыса бастады
"Амангелді" пьесасы, "Қыз Жібек" пьесасы
"Қозы Көрпеш -Баян сұлу" пьесасы
"Ақан сері Ақтоқты" пьесасы
"Ара", "Шмель" журналдарында бас редактор, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы болды
|
"Қос Шалқар", "Күсен", "Талпақ танау", "Көк үйдегі көршілер", "Ананың анасы", "Өлімді жеңген ана", "Ақлима",
"Ашынған ана", "Ананың арашасы", "Ер ана", "Автобиографиялық әңгіме","Сөз жоқ, соның іздері", "Өмір жорығы", "Жапон балладасы" т.б.
|
"Қазақ солдаты",
"Оянған өлке", "жат қолында"
|
"Амангелді","Қыз Жібек", "Қозы Көрпеш -
Баян сұлу", "Ақан сері Ақтоқты"
|
"Ұлпан", "Тулған тоқындар", "Кездеспей кеткен бір бейне"
|
1топ
|
2топ
|
1. Қозы мен Баян бейнелерін салыстыра отырып, Венн диаграммасын жасау
Қозы Ортақ Баян
1.Кедейдің баласы 1.Жас 1.Байдың қызы
2.Жетім 2. Батыр 2. Ата-анасы бар
3.Сенгіш 3. Махаббатқа адал 3. Кекшіл
4.Ғашық жандар
2.Роман неге "Оянған өлке" деп аталған? (ауызша)
3."Шалқар" сөзіне Бес жолды өлең құрастыру
Шалқар
Үлкен, таза
Ағады, толқиды, буырқанады
Үлкен Шалқар буырқанып, толқиды
Көл
|
1. Ақан сері мен Сердәлі бейнелерін салыстырып, Венн диаграммасын жасау
Ақан сері Ортақ Сердәлі
1.Жаңа таза 1.Кейіпкер 1.Күншіл
2.Жағымды кейіпкер 2.Ақын 2.Жағымсыз кейіпкер
3.Махаббатқа 3. Әнші 3. Қызғаншақ
4.Күрескер 4.Қаскүнем
5.Сезімі пәк 5.Екізүзді
2. Қайрош бейнесін сипаттаңдар.(ауызша)
3. "Ана" сөзіне Бес жолды өлең құрастыру
Ана
Мейірімді, сүйікті
Әлдилейді, тәрбиелейді, аялайды
Сүйікті анам мені аялайды
Шеше
|
(4) Жаңа сабақты қорыту. Ой толқаныс. Рөлдік ойын. Сұхбат (Интервью)
Топпен жұмыс
1топ Тілшінің сұрақтарын дайындайды
2топ Сол сұрақтарға Ғабиттің жауаптарын дайындайды
Тілші: -Сіз осы неге жазушылық өнерді таңдадыңыз?
Ғабит: -Менің жазушылық өнерді таңдауыма Сәбит Мұқанов ағамыз себепкер болған.
Тілші: -Сіздің көп әңгімелеріңіз ана тақырыбына арналған. Неліктен ана тақырыбына көбірек тоқталдыңыз?
Ғабит: -Оған себеп, орыстың жазушысы М.Горький ана туралы жазған әңгімелері әсер етті
Тілші: -Сіздің "Қазақстан солдаты" романындағы басты кейіпкеріңіз Қайрош өмірден аланған шын бейне ме, әлде ойдан шығарылған кейіпкер ме?
Ғабит:-Әрине, Қайрош өмірден алынған бейне. Бірақ оның прототипі - Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағұлов.
Тілші: -Сонда сіз реалист жазушысыз ғой?
Ғабит: -Иә, мен реалистпін. Менің шығармаларым негізінен шындық өмірді бейнелейді.
Тілші:- Сіз көпке танымал ұлы жазушысыз. Сіздің шығармаларыңызды үлкен де, кіші де сүйіп оқиды. Сол қалдырған мұраларымыздың оқырмандар үшін тәрбиелік мәні неде?
Ғабит:- Менің шығармаларым оқырмандарды аналарын құрметтеп сыйлауға, адамгершілікке, махаббатқа адал болуға, достық, бауырмалдық қасиеттерге, ерлікке батырлыққа, Отанын сүюге тәрбиелейді.
Тілші: -Ғабит аға, келешек ұрпақ сіздің осындай мұраларыңызды сүйсіне оқып, одан мол тәлім-тәрбие алады деп ойлаймын. Олар сіздің есіміңізді ардақтап, ұмытпауға тиіс! Зейнолла Қабдолов ағамыз да сізді мақтан тұтып:"Ғабит Мүсірепов - ардақты ат!"деп айтқан еді.
Ғабит:-Иә, мен келешек жастардың жастардың өз Отанының білімді, тәрбиелі, саналы азаматтары болатынына сенемін. Мені қошеметтеп, құрметтегендеріңе көп рахмет.
Тілші: - Сұхбаттасуға уақыт бөліп, әңгімелескеніңізге көп рахмет!
Қош -сау болыңыз!
Ғабит:- Оқасы жоқ.
сау болып тұрыңдар!
(5) Үйге тапсырма
135-145 беттерді оқып, әңгімелеу, жаңа сөздерді жазып оқу.
1топ- Ғ.Мүсірепов туралы реферат жазу
2топ - Ғ.Мүсірепов туралы буклет жаса
Достарыңызбен бөлісу: |