Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы»



Дата01.05.2017
өлшемі80.15 Kb.
түріСабақ
Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы

«№ 274 орта мектебінің» қазақ тілі мен

әдебиеті пәні мұғалімі

Сугралиева Нуржамал Бегалиевна

Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі

8 сынып (2-сағаты)



Сабақтың мақсаты:

білімділік: әңгіменің мазмұнын меңгерту, құрылысына талдау арқылы ана бейнесін ашу.

дамытушылық: өз бетінше жұмыс істеу дағдысын жетілдіру, ізденушілікке, шығармашылыққа баулу.

тәрбиелік: анасын құрметтеуге, қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білімді жинақтау.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдістері: түсіндірмелі, көрнекілік, сұрақ-жауап, сын

тұрғысынан ойлау әдістері, іздендіру, топтық, өзіндік жұмыс түрлері.



Көрнекілігі: Ғ. Мүсірепов портреті, үлестірмелі қағаздар,

тірек-сызба, тақта, оқулық.



Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, музыка

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақ мақсатын түсіндіру.



II. Үй тапсырмасын сұрау.

а) Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесін оқып, мазмұндау.

ә) Шығарманың құрылысына сатылай кешенді талдау.

III. Өткенді пысықтау. «Ой дамыту» сұрақтары

IV. Жаңа сабақты оқып үйренуге дайындық.

Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі (2-сағаты)

Сабақ жоспары: (слайд)

1.Шығармадағы кейіпкерлер әлемі. Ана бейнесі.

2.Негізгі кейіпкерлер образыа ену. «Қайсар ана».

3.Ана бейнесі оқушы көзімен.



Y. Жаңа сабақты пысықтау. Топпен жұмыс.

I топ, Ана-сарқылмайтын күш ой толғау

II топ, өлең құрау (құшады, құшағы, жүрегі, тілегі).

III топ, Интервью-тест



YI. Жаңа сабақты қорытындылау.

YII. Үйге тапсырма: 1. Әңгімеден өзіңе ұнаған жерден үзінді жаттау.

(Монолог, диалог, пейзаж)

2. Ата-ана, бала, батыр туралы мақал-мәтел жазу.

(бес-бестен)

3. Шығармашылық жұмыс. Ғ. Мүсіреповтің ана тақыры-

бына жазылған әңгімесін оқу.



YIII. Бағалау.

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақ мақсатын түсіндіру. Балалар, біз өткен сабақта қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, сөз зергері Ғ.Мүсіреповтің шығармашылығымен таныстық. Бүгінгі сабағымызда жазушының әңгімесін талдауды жалғастырамыз.



II. Үй тапсырмасын сұрау

Ғ. Мүсірепов Ананың анасы әңгімесін оқып, мазмұндау.

Жоспары:


  1. Әйтілес қарттың әңгімесі.

  2. Ергенекті еліне аттану.

  3. Ана бойындағы күш.

Шығарманы сатылай кешенді талдау.

Оқиғаның басталуы. Жалпақ балуанының Ергенекті еліне аттануы.

Байланысы. Ергенекті елін шауып, қалың жылқыны барымталау.

Дамуы. Тезек теріп келе жатқан қызды олжалау.

Шиеленесуі. Қыз әкесінің мерт болуы.

Шарықтау шегі. Кейкінің үкімі

Шешімі. Ана мен қызына бостандықты беруі.

III. Өткенді пысықтау.

«Ой дамыту» сұрақтары

1.Шығарманың дайындығы қай жерден басталады?

2.Жалпақ балуанның құлауына не себеп болды?

3.Әңгіме не себептен «Ананың анасы» деп аталған?

Жазушыны әр түрлі тақырыпқа қалам тартты. Ал ана тақырыбына қалам тартуына бірме-бір себеп болған орыстың жазушысы М. Горькийдің ықпалы болды.

30 жылдардың орта шенінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына жазған әңгімелері қызықтырды.



М. Горький

Ғ. Мүсірепов

«Өлімді жеңген ана», «Адамның анасы», «Ана кесімі айнымайды».


«Ашынған ана», «Ер ана», «Ақлима», «Әмина», «Ананың анасы», «Ананың арашасы».

Ол М. Горькийдің Адамның анасы, және «Өлімді жеңген ана» атты новелласын аударып, өзі де «Ашынған ана», «Ер ана», «Ақлима», «Әмина», «Ананың анасы», «Ананың арашасы» атты әңгімелер жазды. Жазушы байлықтың ішіндегі ең бір негізгі саласы-күшті адам ана деп қорытындыға келеді.

IV. Жаңа сабақты оқып үйренуге дайындық.

Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі (2-сағаты)

Сабақ жоспары: (слайд)

1.Шығармадағы кейіпкерлер әлемі. Ана, Жалпақ балуан, Кейкі бейнесі

2.Негізгі кейіпкерлер образына ену. «Қайсар ана».

3. Ана бейнесі оқушы көзімен.

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту. Тақырыбы: кейікерлер әлемі, ана бейнесі. Мақсаты: әңгімедегі кейіпкерлерді анықтау, ана бейнесін ашу.

-Балалар, әңгіменің жалпы мазмұнымен таныс болдық. Енді шығармадағы кейіпкерлерді топтастыра қоялық.

Кейіпкерлер

1.Негізгі кейіпкер Жанама кейіпкер



Ана, Жалпақ балуан, Кейкі. Әйтілес, Рамазан, молда, Жанай

балуан, Қүлтеке, Сары, Байсары, қыз,

балалар, тезек теруші әйелдер, Қайрақ,

Сонар.

Балалар, жанама кейіпкерлердің ішінен ерекше көрінетін кім?

2. Оқулықпен жұмыс

I топ. Ана портретін тауып оқып, көркемдегіш сөздерді анықтау.

Бейшараның боз көйлегі жырым-жырым. Қолдары қарғаның тұяғындай қап-қара! Ерні қырық тілінген жарық-жарық.

Балалар, ананың осындай жағдайға ұшырауына не себеп болған?

II топ. Жалпақтың портретін тауып оқу, көркемдегіш сөздерді анықтау. Жалпақ жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай, сыртынан қарағанда құйған пештей болып, оқ бойы алдымызда отырады.

Жалпақ қандай адам?

III топ. Кейкінің жылқышыға жасаған әрекетін шығармадан тауып, көркемдегіш сөздерді анықтау.

Кейкі албырт, жылқышыны жалбағадай жұлып алды да айналдырып-айналдырып лақтырып жіберді.

Кейкі қандай адам?

Екі кейіпкердің іс-әрекетін салыстыру



Жалпақ

Ұқсастығы

Кейкі

Адамгершілігі мол, анаға мейірімді, намысшыл,қате ісін түсіне біледі.

екеуі де басында билігі жоқ батыр

Мейірімсіз, ананы сыйлауды білмейді, істегені озбырлық.

-Балалар, біз шығармадағы негізгі кейіпкерлердің іс-әрекетін оқып білдік.

Енді осы кейіпкерлердің бейнесін образға еніп, қалай көрсете алар екенбіз.

Негізгі кейіпкерлер образына ену. «Қайсар ана».

Ана: -Менің атым-әйел

Жалпақ балуан: -Жаным, сен неткен жансың?

Кейкі: Қызы қатынға, шешесі отынға жарар.

1)40 жігітімен жылқыны барымталап, қызды олжалап келе жатқан Жалпақты ана қалай тоқтатады?



3. Дәптермен жұмыс. Ана сөзіне топтастыру жасау.

АНА

мейірімді жанашыр адал қиындыққа шыдамды



Y. Жаңа сабақты бекіту. Топпен жұмыс.

-Балалар, қай заманда да ана бейнеті ауыр. Елін өз ақылдылығымен, батырлығымен қорғаған аналарымыз қаншамадесеңші. Біз оқыған әңгімеден ананың ұлылығы, мейірімділігі, парасаттылығы көз алдымызда тұрғандай. Қазақ халқы анасын сыйлап өскен халық. Сонау Хауа ана заманынан бергі Ұмай ана, Домалақ ана, Домалақ ене, Айша бибі, Ұлпан есімдерін халық құрмет тұтады. Текті аналардың бірі-Зере ана Құнанбай анасы, Абайдың әжесі. Небір данышпан аналардан туылды емес пе?! Әлемді қаһарман дүр сілкіндірген Ақсақ Темір де ананың алдында бас иген.

Ана алдында құрмет көрсету, оны сыйлау баршамыздың парызымыз. Олай болса, қазір анаға арнап шығармашылық жұмыс жасаймыз.

I топ

«Ана-сарқылмайтын күш» тақырыбында ойтолғау жазады



II топ, өлең құрайды

... ... ... құшады,

... ... ... құшағы,

... ... ... жүрегі,

... ... ... тілегі.

III топ, Интервью-тест орындайды



Сұрақтары

Жауаптары

1

Ғ.Мүсірепов қай жылы туылған?




2

Ғ.Мүсіреповтің 100 жылдық мерейтойы қашан өтілді?




3

Композиция дегеніміз не?




4

Сюжетті шығарма дегеніміз не?




5

Сюжетсіз шығарма дегеніміз не?




6

Ғ.Мүсіреповтің алғаш «Ана» кітабы қай жылы жарық көрді?




7

Монолог дегеніміз не?




YI. Жаңа сабақты қорытындылау.

«Құрметтейік, көтерейік әйелді! Ана әйелді құрметтейік! Оның сүюі таусыла ма, бүкіл дүние соның емшегін еміп, ер жеткен емес пе?! Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет. Ананың құрметі әлі жеткен жоқ!»



Ғ. Мүсіреповтің сөзімен қорытындыланады.

YII. Үйге тапсырма: 1.Әңгімеден өзіңе ұнаған жерден үзінді жаттау.

(Монолог, диалог, пейзаж)

2.Ата-ана, бала, батыр туралы мақал-мәтел жазу.

(бес-бестен)

3.Шығармашылық жұмыс. Ғ. Мүсіреповтің ана та-

қырыбына жазылған әңгімесін оқу.



YIII. Бағалау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет