Сабақтың тақырыбы : Географиядағы математикалық модельдеу. Мақсаты: Білімділік



бет2/2
Дата01.04.2017
өлшемі399,91 Kb.
#13300
түріСабақ
1   2

ІV. Бекіту Қазақстандағы Жасыл экономика жайында өз ойларын сұрап, талқылау

  V. Бағалау 
VІ. Үйге тапсырма беру.Балама энергия көздері туралы ақпарат жазу.

Күні:29.10.2016

Сыныбы:8 «А»

Тақырыбы: Болжау және жоспарлау маңызы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға болжау және жоспарлау маңызы туралы мәліметтер беру,ұғындыру.

Тәрбиелдік: Оқушыларға болжау және жоспарлау маңызы туралы оның Қазақстанда жасалу жүйесі бойынша ұлтжандылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушыларды болжау және жоспарлау маңызы туралы көзқарастарын, түсініктерін, адамгершілік, эстетикалық дағдыларды қалыптастыру

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау,

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Бекіту 
V. Бағалау 
VІ. Үйге тапсырма беру:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Болжау және жоспарлау түрлері тақырыбын мазмұндау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Болжау және жоспарлау маңызы

  1. Жоспарлау мен болжаудың маңызы

  2. Жоспарлау мен болжаудың методологиясы

  3. Мемлекеттің даму жоспарлары

Жалпы экономикада халықаралық, халық шаруашылығы, салааралық, әр саланың саланың өз ішінде, өндірісаралық және аймақтық жүйелер арасында белгілі бір тепе-теңдік пен тығыз байланыс бар. Бұл көрсетілгендердің барлығы бір-біріне тәуелді болып келеді және бұлардың барлығы халық шаруашылығының жоспарлы түрде дамуына және жоспардың жасалуына алып келетін алғышарттардың бірі болып табылады. Олар экономиканың өсу қарқынын, тұрақтылығын, қоғамдық еңбек бөлінісі мен өнімділікті анықтайтын, экономиканың өсу қарқынын көрсететін, белгілі бір уақытта жоспарланған жоспардың орындалуын көрсетеді. Сонымен жоспарлау мен болжау адамдардың саналы түрде, белгілі бір экономикалық заңдарға бағына отырып, бір-бірімен тығыз байланысты өндіруші жүйелерді ұйымдастыруы мен қолдану қызметін атқарады. Сондықтан жоспарлау халық шаруашылығында үлкен маңызға ие. Мақсаты, экономиканың өсу кезеңіндегі жағымсыз және белгісіз әсер етуші факторлардың алдын алу болып табылады.

Жаңа шаруашылық қатынастар кезеңінде, яғни әміршіл-әкімшіл жүйеден нарыққа ауысуынан жоспарлау жаңадан өзіне тән бағыт-бағдар мен міндеттерді алады. Сапалы жоспарлаудың бір қыры ол әкімшілік тарапынан ғана емес, сондай-ақ басшылықтың келісімімен қатар, аймақтық, жергілікті ұйымдармен қоса кәсіпорындар тарапынан да қызу талқыға салынады. Яғни, жоспарлау процесіне барлық мүшелер қатысады деген сөз. Нарық өнімділікті жомпарлауда бірден-бір сарапшы және тексеруші рөлін атқарады және барлық субьектілермен тығыз қарым-қатынас жасауға бағыттайды. Мысалға, аймақтық және жергілікті ұйымдардың кәсіпорындармен қарым-қатынасы.

Нарықтық экономика жүйесінде бәсекелестік пен жеке меншік толықтай дамыған кезеңде мемлекет экономиканы өсіру үшін жоспарлауды да қолданады. Нарық жүйесінде мемлекеттен бастап барлық субьектілер өніиділік пен өнімді жоспарлаусыз жұмыс істей алмайды.

Нарықтық бостандықта ешқанда да декларация немесе кодекстер емес, тек жоспарлау ғана көптеген елдерде тиімді жұмыс істеп келеді. Жоспарлау мен болжаудың қажеттігі келесідей себептерден туындайды:

Біріншіден, экономиканың өсу қарқынымен қатар ҒТР, жаңа технологиялар дамып келе жатыр. Өнім арттырудың инновациялық, ұтымды тәсілдері, еңбек күшінің техникамен алмастырылуы қарқынды өсіп келе жатқандықтан, нәтежиесін жоспарлау мен болжау қажет,

Екіншіден, жоспарлау мен болжау экономиканы реттеу үшін мемлекет тарапынан жиі қолданылады. Экономикалық циклді реттеп отыру үшін қажетті. Халықтың әлсіз топтарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін де мемлекетке тиімді.



Үшіншіден, нарықта кез-келген фирма өзінің саласына қарамастан, белгілі бір нәтежиеге жету үшін, жұмысқа кіріспес бұрын алға қойған мақсаттары мен жоспарын, кәсіпкерлік стратегияын жасауға міндетті. Дұрыс бағыт-бағдар таңдау арқылы ғана экономиканың қажетті түрде дамуына болады.

ІV. Бекіту Кестені сызып талдау жасау



  V. Бағалау 
VІ. Үйге тапсырма беру.Балама энергия көздері туралы ақпарат жазу.

Күні:12.11.2016

Сыныбы:8 «А»

Тақырыбы: Әлеуметтік – экономикалық дамуды болжау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға болжау және жоспарлау маңызы туралы мәліметтер беру,ұғындыру.

Тәрбиелдік: Оқушыларға болжау және жоспарлау маңызы туралы оның Қазақстанда жасалу жүйесі бойынша ұлтжандылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушыларды болжау және жоспарлау маңызы туралы көзқарастарын, түсініктерін, адамгершілік, эстетикалық дағдыларды қалыптастыру

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау,

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Бекіту 
V. Бағалау 
VІ. Үйге тапсырма беру:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Болжау және жоспарлау түрлері тақырыбын мазмұндау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Әлеуметтік – экономикалық дамуды болжау

Жоспар

1.Әлеуметтік – экономикалық дамуды болжау

2.Әлеуметтік-экономикалық болжаудың мақсаттары мен міндеттері.

3.Әлеуметтік-экономикалық болжаудың түрлері

1.Кез келген коғам, өзінің болашақтағы даму перспективасың анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалык болжамдар қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін - ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет. Экономикалық болжам дегеніміз экономикалык прогностиканың барлык әдіс-тәсілдерін, кұралдарын қолдануға және экономикалық кұбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық жоспарлау процессі.


Жоспарлау - экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы тұрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалык дамудың жоспарларьш ғылыми негізде дайындау мен олардың орыңдалуын ұйымдастыру процессі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты - экономикада баланстык үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты камтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа кол жеткізу.

Экономикалык пропорциялар дегеніміз өндірістің әр түрлі элементтері (машиналар, құрал-саймандар, шикізат және материалдык қорлар, жұмыс күші) арасындағы, әр түрлі өндіріс салаларынын өнім көлемдері арасындағы, түптеп келгенде өндіріс құрылымдары мен өндіру көлемдері және тұтыну кұрылымдары мен тұтыну көлемдері арасындағы белгілі сандық қатынастар.


Экономикалык пропорциялар өздігінен (стихиялық) және адамның мақсатты түрде жүргізген әрекеттері нәтижесінде құрылуы мүмкін.

Капиталистік экономикалық формацияның калыптаса бастаған алғашқы кезеңінде, пропорциялар нарықтық үйлестіру механизмі аркылы және кризнстер аркылы қалыптасады. Оған экономиканын даму заңдары үздіксіз ыкпал етіп отырады. Тауар ендірушілер экономикалык заңдардың бар-жоғын сезбесе де, сол заңдардың талабына сәйкес қызмет жасайды. Мысалы, ол өндірген тауарына баға қойған кезде, тек өзінің жұмсаған шығынын есептеп қоймай, сонымен бірге базарда калыптаскан жағдайды ескереді. Оған кұн заңы ыкпал етеді. Сонымен, бірінен-бірі туындап отыратын, бірімен-бірі тығыз байланыстағы тауар өндірушілер қызметі аркасында экономикада пропорциялар жүйесі қурылады. Яғни, экономиканың құрылымдық бөліктері арасында белгілі бір сандык қатынастар қалыптасады. Оны біз пропорционалдық дейміз.


Өндіріс күштерінің дамуы жоғары деңгейге жеткен кезде, нарықтық үйлестіру механизмі де, кризистер де экономикалық пропорцияларды құруға жеткілікті бола алмайды.

Осы жағдайда экономикалық пропорциялар жүйесін, пропорционалдықты саналы түрде құру қажеттілігі туындайды. Саналы түрде кұрылран пропоршюналдык - жоспарлылык болып табылады.

2.Жосларлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:
1. қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын анықтау;
2. жоспарлы кезең экономикасыпың сандык жәңе сапалык сиппатамаларын белгілеу;
3. материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалык, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;
4. жекелеген салалар мен аумақтардың даму қаркыны мен пропорцияларын аныктау.

3.Жоспарлау төмендегідей классификацияға сәйкес жіктеледі:


Жоспарлаудың деңгейіне (масштабына) байланысты:

макроэкономикалык (халық шаруашылығының);

аумақтық (облыстық, аудандық);

ұйым ішінде (ішкі жоспарлау);



микроэкономикалық (салалық көрсеткіштерді жоспарлау).
Жоспарлау мерзіміне байланысты: ұзақ мерзімге жоспарлау (5 жылдан 20 жылдан арғы мерзімге); орта мерзімдік (1 жылдан 5 жылға дейін); ағымдағы жоспарлау (1 айға дейін, 1 айдан 1 жылға дейін). Жоспарлау процессінің мазмұнына (жоспарлау объектісіне) байланысты: экономикалык жоспарлау (өндірістік катынастардьщ даму жоспары, халық шаруашылығы дамуының динамикасы); әлеуметтік жоспарлау (демография процесстерін, халықтың өмір сүру деңгейін, еңбек ресурстарының даму болжамы); ғылыми-техникалық жоспарлау (ғылыми-техникалық прогресстің даму болжамы); экологиялық жоспарлау (табиғи ресурстарды пайдалану болжамы, қоршаған ортаны қорғау). 

  V. Бағалау 
VІ. Үйге тапсырма беру.Балама энергия көздері туралы ақпарат жазу.
Күні:12.11.2016

Сыныбы:6 «А»

Тақырыбы: Урбандалған аймақтар географиясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Әлем халықтарының ұдайы өсу және таралып орналасу заңдылықтары, жекелеген аймақтар халқының құрамы, мәдениеті мен тұрмыс-салты туралы мәліметтер беру,ұғындыру.

Тәрбиелдік: Оқушыларға қала өмірі мен ондағы өмір сүру заңдылықтары жайында адамгершілік тәрбие беру.

Дамытушылық: Оқушыларды салыстыра отырып қала туралы түсініктерін, эстетикалық дағдыларды қалыптастыру

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау,

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Бекіту 
V. Бағалау 
VІ. Үйге тапсырма беру:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Табиғат кешендерінің ластануы

1.Химиялық ластануы
2.Радиациялық ластануы
3.Биологиялық ластануы

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.Урбандалған аймақтар географиясы

. Жоспар

  1. Қала және адамның өмір сүру ортасы.

  2.  Қоршаған ортаның шумен ластануының жалпы мінездемесі

  3. Қорытындылау

Қазіргі кездегі адамның экологиялық ортасы – қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы  жиналады.
Дүние жүзінің қалаларында қазір ғаламшарымызды мекендейтін халықтың шамамен жартысы шоғырланған. Сонымен қатар, бұл процесс қоғам өміріндегі қалалардың рөлінің артуынан, көптеген адамдардың өмір сүру салтының өзгеруінен де көрінеді.

Қалалардағы адам экологиясына тән нәрсе — бұл табиғи экологиялық факторлардан оқшаулану болып табылады. Қажетті мөлшерде өсімдіктер, тірі топырақпен, сумен қамтамасыз етілген. Адамның биологиялық табиғаты мен оның табиғатқа қарсы іс-әрекетінің нәтижелері арасындағы қайшылық, әсіресе қала жағдайында  шиеленісе түседі.

Қазіргі кездегі қала — күрделі әлеуметтік-экономикалық ағза. Ол демографиялық, экономико-географиялық, инженерлік-құрылыс, сәулеттік факторлардың әсерінен, қоршаған экономикалық кеңістік пен табиғи ортаның алуан түрлі өзара әсерлері нәтижесінде қалыптасады. Көбінесе, қалалармен қоғамдық процестің көптеген белгілерін байланыстырады. Бірақ, қала өркениеті — қолайлы жағдайлар, тұрмыстың жеңілдеуіне әкелгенмен, коммуникация тығыздығы, әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері — тек  барлық  жағынан  қолайлы  орта  емес.

Қала ортасы адамның басты сапасы — оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транснорттың қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химияландырылуы, шектен тыс көп ақпараттардың ағыны, уақыттың жетіспеуі, гиподинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы — осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады.

2.Қаладағы шу " симфониясы " көптеген факторлардан түзіледі : темір жолдардың гүрсілінен және ұшақтардың гуілінен , құрылыс техникасының гүрілінен, зауыт цехтарының шуынан және тіпті тұрмыстық құралдарының шуынан - бір сөзбен айтқанда адамды қоршайтын барлық заттан тарайды.

Шудың ең қуатты аккордтары автокөлік қозғалысының дыбысы, оған жалпы фонда шудың 80% береді.

Қала тұрғындарын, әсіресе ірі қалаларда қалалық көліктердің шуы қатты алаңдатады: трамвайлар, автомобильдер, автобустар, мотоциклдер, мотороллерлер. Көп мөлшердегі шу, әсіресе, дизельді және жүк таситын машиналардан шығады.


Қалалық көлік саны толассыз өседі және өсуде . Таза техникалық проблемалардың шешімі туралы тек қана айтып кана қоймай, қазіргі заманға сай гүрсілі аз автомобильдерді таңдау қажетті деп санауымыз керек.
Соңғы он жылдықта шудың зиянды ықпалы жұмыс істеушілерге, дәл осылай халықтың басқа топтарына әсері өсті. Бұның себебі, техникалық алға басуындағы өндіріс процестерінің механикалануы, көліктің қуаттылығының артуында.
Тербелмелі қозғалыс көздерінің дыбыстық энергиясы қоршаған ортаға үзіліссіз түсуі мүмкін, мысалы , тоқыма станок жұмысы кезінде немесе оқтын-оқтын импульстер түрінде, пневматикалық аспапты қолданған жағдайда орын алады. Осыған байланысты шудың тұрақты және импульстік түрлерін ажыратады. Ағза үшін импульстік шу қауіпті.

Шудың адам ағзасына тигізетін әсері өзге өндірістік факторлармен үйлеседі: қанағатсыз микроклимат, улы заттар, ультродыбыстар, әсіресе, вибрациямен үйлесіп отырып шудың зиянды әсері: есту қабілетінің нашарлауына,жүйке жүйесіне, жүрек тамыр жүйесіне және т.б. жүйелерге кері әсер етеді.Бұл еңбек өнімділігінің төмендеуіне, өндірістік ақауларға алып келеді.


Шу – үлкен қалардың халқына кері әсер ететін негізгі факторлардың бірі.Шудың тұрақты әсері ашушаңдылықты жоғарылатады, шығармашылық әрекетті, еңбек өнімділігін және халықтың тынығу тиімділігін төмендетеді.Бүгінгі күнгі зерттеулер бойынша шудың жоғарғы қысымы көптеген аурулардың – жүрек тамыр, асқазан жүйке жүйесі ауруларын қоздырушы болып табылады.

ІV. Бекіту Атырау қаласының ластануына төмендегі тізбек бойынша сипаттама беріңдер

1.Қала орналасуы

2.Қала халқы мен тығыздығы

3.Қаланың қоршаған ортамен байланысы

  V. Бағалау 
VІ. Үйге тапсырма беру.Балама энергия көздері туралы ақпарат жазу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет