Күні:10.09.2016
Сыныбы:7 «А»,8 «А»
Сабақтың тақырыбы: Географиядағы математикалық модельдеу.
Мақсаты:
Білімділік: Географиядағы математикалық модельдеу туралы түсініктерін қалыптастыру
Дамытушылық: Географиядағы математикалық модельдеу бойынша : ойлау, жүйелеу, сараптауға бейімдеу
Тәрбиелік: Тақырып бойынша ақпараттарды бере отырып саналы ұрпақ ретінде тәрбиелеу
Сабақ түрі: жеке жұмыс,топтық жұмыс.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Бекіту
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма беру.
І Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу;
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
ІІ Ой қозғау:
1. Модель түрлерін атаңдар
2.Географияда не үшін модельдеу керек
ІІІ Жаңа сабақ
Математикалық модельдеу — кез келген құбылыстарды немесе күрделі физ. процестерді, аппараттарды олардың математикалық модельдерін құру арқылы зерттеу тәсілі; матем. модельді құру процесі. Матем. модель деп қажетті процесті немесе аппаратты сипаттайтын матем. теңдеулер жүйесін айтады. М. м. үшін кез келген матем. мүмкіндіктерді (дифференциалдық немесе интегралдық теңдеулерді, жиындар теориясын, абстрактылық алгебраны, матем. логиканы, ықтималдықтар теориясын, т.б.) пайдаланады. М. м. негізіне түпнұсқа мен модельдің айнымалы параметрлерінің біртектес немесе ұқсас теңдеулермен сипатталуы алынады. М. м., көбінесе, компьютерлер арқылы зерттеледі, сондықтан оны кейде компьютерлік модельдеу деп те атайды.
Экономикалық-географялық зерттеулер
Кеңістіктік-уақыттық талдау – экономикалық-географиялық зерттеулердің негізгі қағидаларының бірі ретінде.
Математикалық зерттеу әдісі
Визуалды бақылау
Географиядағы математикалық модельдеу дегеніміз -географиялық түсініктерді логика-математикалық конструкция негізінде қалыптасуы, географиялық объектілерді сандық байланыста көрінуі.
Бұл модельдеу логикалық зерттеу процедурасын қолдануға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, бұл әдіс басқалардың арасында, әлеуметтік-экономикалық жүйесін қалыптастыру, әлеуметтік процестерді, қолданылуы мүмкін. Осылайша, біз әлеуметтік сана мен өндіргіш күштердің, қоғамның институционалдық базаны мемлекет детерминанты түсіне аламыз. Әлеуметтік процестерді моделдеу экономикалық, әлеуметтік процестерді әсер анықтай алады экономика математикалық әдістер маңызды бөлігі болып табылады. Экономикалық құбылыстарды талдау және назарға кейде төмендетілген әлеуметтік компонент алуға Пайдалы. әлеуметтік процестерді зерттеу, тіпті сапалы есебінен нақты моделі, егер сандық сипаттамалары әсер оларды мүмкіндік береді. Осылайша, экономикалық субъект әлеуметтік қоғамның құрылымында өзгерістер және оның әл-ауқатын, отбасы мақсаттылығын, команда, олардың еңбек нарығындағы қатысуын және әлеуметтік процестерді басқа қырларын қарастырып көрейікші болжау және пайдалануға болады. Жоғарыда айтылған экономикалық құбылыстар мен процестерді математикалық модельдеу, экономикалық талдау үшін маңызды құрал болып табылады. Ол сізге нысанның туралы айқын түсінік алуға мүмкіндік береді, және сандық, оның ішкі құрылымы мен сыртқы қарым-қатынастарды сипаттайды сипаттау.
Мысалы математикалық модельдеу бойынша картатануды алуға болады.
Картатану – географиялық карта мен оның түрлері, қасиеті мен элементтері, даму тарихы пайдалану әдістемелерін зерттейді. Математикалық картография – жер беті мен ғылымдағы аспан денелерін жазықтықта кескіндеудің математикалық әдістерін зерттейді. Картографиялық ақпараттану – картаны жүйелеу және оларды талдау, бағалау, сақтау тарату мәселелерін қарастырады. Картометрия – картадағы әр түрлі географиялық нысандардың сандық сипатының мазмұнын айқындайтын картографияның құрамдас бөлігі. Картаны безендіру – картаны көркем және графиктік безендірудің әдістері мен құралдарын жасап, оны басып шығаруға әзірлеуді оқып үйретеді. Топография – географиялық және геометриялық әдістерді пайдалана отырып, жергілікті жерді оқып үйрену негізінде ірі масштабты карталарды құру жолдарын зерттейді.
ІV. Бекіту Географиядағы математикалық модельденген нысандарға мысал келтіріп, сипаттамасын жазу.
Глобус –Жер шарының моделі, ол бүкіл Жер беті бейнесінің геометриялық ұқсастығы мен аудандарының арақатынасы дұрыс сақталып жасалады. Глобусты жасағанда 1:30 000 000, 1:80 000 000 масштаб жиі қолданылады. Картографиялық мазмұны жағынан Глобус алуан түрлі. Неғұрлым көп қолданылатындар: физгеографиялық және рельефтік. Алғашқы физгеографиялық глобусты 1492 жылы М.Бехайм жасады. 17 және 18 ғасырларда Глобусты теңіз саяхатшылары пайдаланды.
Ү Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу, қосымша математикалық модельдеу бойынша мәліметтер қарау
Бағалау
Күні:17.09.2016
Сыныбы:7 «А»,8 «А»
Сабақтың тақырыбы: Географиядағы ақпараттық модельдеу.
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларды ақпараттық модель түрлерімен таныстыру, компьютерлік және компьютерлік емес модельдер жайлы түсінік беру; Дамытушылық: Географиядағы ақпараттық модельдеу бойынша : ойлау, жүйелеу, сараптауға бейімдеу
Тәрбиелік: Тақырып бойынша ақпараттарды бере отырып саналы ұрпақ ретінде тәрбиелеу
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Бекіту
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма беру.
І Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу;
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
ІІ Ой қозғау:
1. Модель түрлерін атаңдар
2.Географияда не үшін модельдеу керек
3.Математикалық молельдеу дегеніміз не?
ІІІ Жаңа сабақ
Ақпараттық модель – объектінің, процесстің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығын және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.
Ақпараттық модельге вербальдік модель жатады. Вербальдік модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.
Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараррық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық модель дегеніміз – объектінің, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.
Географиядағы ақпараттық модельдеу нысанды әртүрлі таңбалар түрінде сипаттайды: әріптер, сандар, картографиялық элементтер, математикалық немесе химиялық формулалар және т.б. Модельдеу нысанының нақты қасиетінен белгілі таңбалар жүйесі арқылы формальды түріне келтіру формальдау деп аталады. Ең формальды ғылым - математика ғылы
ІҮ Жаңа сабақты бекіту:
Ү Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу, қосымша математикалық модельдеу бойынша мәліметтер қарау
Бағалау
Күні:24.09.2016
Сыныбы:7 «А»,8 «А»
Сабақтың тақырыбы: Әлеуметтік экономикалқы процестерді модельдеу маңызы
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларды Әлеуметтік экономикалқы процестерді модельдеу маңызы жайлы түсінік беру;
Дамытушылық: Әлеуметтік экономикалқы процестерді модельдеу маңызы бойынша ойлау, жүйелеу, сараптауға бейімдеу
Тәрбиелік: Тақырып бойынша ақпараттарды бере отырып саналы ұрпақ ретінде тәрбиелеу
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Бекіту
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма беру.
І Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу;
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Тақырып бойынша мазмұндау
III. Жаңа сабақты түсіндіру: Әлеуметтік экономикалқы процестерді модельдеу маңызы
Жоспар:
1.Модельдеудің жалпы географиядағы орны
2. Әлеуметтік ғылым саласында моделдеуді қодану
3.Қортындылау
Модель – бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетіндегі көрнекі құралдар, әйгілі суреттердің көшірмесі. Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды – модель деп атаймыз.
Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді.
Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.
«Модель құру, модельдеу не үшін қажет?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Біріншіден, нақты уақыт барысында түпнұсқа болмауы мүмкін немесе мүлдем табиғатта жоқ болуы мүмкін.
Екіншіден, түпнұсқа көптеген қасиетке және өзара байланыстарға ие болуы мүмкін, ал бізді тек жеке бөлігі ғана қызықтыруы мүмкін.
Модельдеу кезінде алдымен нысанның немесе қандай да бір үдерістің қасиеттерін біліп қана қоймай, сонымен қатар модельдеу кезеңдерін жоспарлау да қажет.
2.Әлеуметтік ғылым саласында моделдеуді қодану жекелеген әлеуметтік жақтар мен құрылымдардың дамуын, сондай-ақ қоғамның дамуын болжамдауда жаңа проблема болып табылады. Түсіну керек, математикалық және техникалық ғылым саласынан моделдеуді әлеуметтік салаға ауыстыру көп жағдайда дұрыс емес және сәйкес келмейді. Өйткені, әлеуметтік танымның обьектілері ретінде қоғам мен оның компоненттерін моделдеудің өзіндік ерекшеліктері бар, ол басқа физикалық, техникалық және биологиялық обьектілерден сапалық өзгешелікке ие. Әлеуметтік моделдеуде тек математикалық білім ғана емес, тұтас философиялық көзқарас, интуиция, нақты әлеуметтік феномен мен процестердің дамуының ішкі логикасын ашу біліктілігі қажет. Қоғамды моделдеудің қиындығы 1) эмпирикалық (келіп түскен) мәліметтердің қарама – қайшылығы мен көптілігіне, 2) әлеуметтің процестердің жылдамдауымен, 3) әлеуметтік өмірдің көп қырлылығына байланысты.
Әлеуметтік моделдеудің ақиқаттығы мен дұрыстығының жалғыз ғана белгісі, ол –қоғамдық практика болып табылады.
V. Жаңа тақырыпты бекіту: Тәжірибелік жұмыс
Мектеп немесе сынып модельін ақпараттық түрде құрастыру
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма беру.
Күні:01.10.2016
Сыныбы:7 «А»
Тақырыбы: Болжау және жоспарлау түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға болжау және жоспарлау түрлері мен олардың классификациялануы туралы мәліметтер беру,ұғындыру.
Тәрбиелдік: Оқушыларға болжау мен жоспарлаудың экономикалық рөлі туралы тәрбие беру.
Дамытушылық: Оқушыларды болжау және жоспарлау түрлері туралы көзқарастарын, түсініктерін, адамгершілік, эстетикалық дағдыларды қалыптастыру
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Бекіту
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма беру.
І Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу;
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Тақырып бойынша мазмұндау
1. Модель дегеніміз не?
2. Анықталған нәтиже қате бола алады ма?
3. Модельдеу дегеніміз не?
4. Құбылыстан, үдерістен және нақты нысаннан модельдің айырмашылығы неде?
5. Модельдеудегі түпнұсқаның маңызы.
Жаңа сабақ:
Әлеуметтік болжау және моделдеу
1.Модельдеу-әлеуметтік болжау әдісі ретінде
2.Модельдердің функциялары, түрлері, мәні және оған қойылатын талаптар
3.Қорытындылау
1.Өмірдегі обьектілер мен процестердің көпқырлылығы мен күрделілігі сондай, оларды зерттеудің ең жақсы тәсілі шындықтың бір шетін бейнелейтін бір модель құру болып табылады, өйткені ол шындықтың өзінен соншалықты қарапайым, оны зерттеу шындықтың өзін зерттеуден әлдеқайда қарапайым.
Модель, моделдеу терминінің қазіргі таңда анықтамалары көп.
Әлеуметтік моделдеу – өмірде болып жатқан процестер мен феномендердің анологы ретінде модел құру, одан әрі оларды жобалау мен болжамдау. Әлеуметтік моделдеудің обьектісі тек қоғам ғана емес, сонымен бірге жеке әлеуметтік тұлға, әлеуметтік топ, ұжым, институттар, әлеуметтік организм және әлемдік қауымдастық болып табылады.
Моделдеу әрбір жеке тұлғаға өзінің болашағын барынша адекватты көруге және өз әрекеттерін қоғамдық тенденциялармен коррекциялауға, сол арқылы мақсаттарына жету үшін керек.
2.Моделдеу ұғымының өзі бір мағынада болмағандықтан оны классификациялау қиындау, сондықтан ол әртүрлі негізде классификацияланады:1) моделдеу сипаты (құрамы) бойынша, 2) моделденетін обьектінің сипаты бойынша, 3) моделдеуді қолдану саласы (техникалық, химиялық, психологиялық, жанды нәрсені моделдеу), 4) моделдеу деңгейі бойынша (мысалыға атом, бөлшек, молекулаларға қатысты микродеңгей, т.б.).
Ең көп таралғаны моделдерді сипаты бойынша классификациялау, оған сай моделдеудің төмендегідей бес түрін бөліп қарастыруға болады:
Пәндік моделдеу, бұнда модель обьектінің геометриялық, физикалық, динамикалық не қызметтік сипатын елестетеді. Бұндай моделдерде обьектіде болатын процестер зерттеледі. (егер моделдің де, моделденіп отырған обьектінің де табиғи негізі бір болса, онда физикалық моделдеу туралы сөз болады, мысалыға көпір, плотина, самолет қанатының моделі);
Анологтық моделдеу, бұнда модель мен обьект бірыңғай байланыспен суреттеледі. Оған мысал ретінде механикалық, динамикалық, акустикалық құбылыстарды зерттегенде қолданылатын электр моделдерін жатқызуға болады;
Белгілік моделдеу, бұнда моделдің ролін схемалар, чертеждер, формулалар атқарады. ЭВМ-нің арқасында бұл моделдерді қолдану аясы кеңейіп отыр, әсіресе логикалық құралдар арқылы моделдер жасау көп кездесуде;
Ойша моделдеу, бұл бойынша модель ойда көрнекті сипатқа ие болады;
Моделдеудің ерекше түрі моделдік эксперимент деп аталады, бұнда обьектінің өзі емес моделі экспериментке енеді. Бұндай моделдеу эмпирикалық және теориялық таным әдістерінің арасында қатаң шектеу жоқ екендігін көрсетеді.
Сабақты бекіту сұрақтары
1.Модель дегеніміз не?
2.Әлеуметтік модельдеу дегеніміз не?
3.Қоғамда қандай молдельдеу қиындықтары бар?
Бағалау.
Үй тапсырмасы. Тақырып бойынша мазмұндау.Сұрақ –жауап құрастыру.
Күні:15.10.2016
Сыныбы:7 «А»
Тақырыбы: Әлеуметтік - экономикалқы процестер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға әлеуметтік - экономикалқы процестер туралы мәліметтер беру,ұғындыру.
Тәрбиелдік: Оқушыларға әлеуметтік - экономикалқы процестер туралы тәрбие беру.
Дамытушылық: Оқушыларды әлеуметтік - экономикалқы процестер туралы көзқарастарын, түсініктерін, адамгершілік, эстетикалық дағдыларды қалыптастыру
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау,
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Бекіту
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма беру:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Модель дегеніміз не?
2. Анықталған нәтиже қате бола алады ма?
3. Модельдеу дегеніміз не?
4. Құбылыстан, үдерістен және нақты нысаннан модельдің айырмашылығы неде?
5. Модельдеудегі түпнұсқаның маңызы.
Жаңа сабақ: Әлеуметтік - экономикалқы процестер
Жоспар:
1.Әлеуметтік-экономикалық география түсінігі
2.Әлеуметтік географиядағы процестер
3.Экоономикалық географиядағы процестер
Әлеуметтік-экономикалық география - қоғамдық географияның және географиялық ғылымдардың барлық жүйесінің негізгі бөліктерінің бірі; әр түрлі елдердегі, аудандардағы, жергілікті жерлердегі қоғамның аймақтық ұйымдастырылуын зерттейді. Әлеуметтік-экономикалық география экономикалық география, әлеуметтік география және халық географиясы деп бөлінеді. Әлеуметтік-экономикалық географияның зерттейтін шекті нысанына Жердің географиялық қабығының қоныстанған, игерілген немесе басқа жолмен қоғам өміріне тартылған, өзіне тән шаруашылығының кеңістіктік құрылымы мен қоғамдық өмірді ұйымдастырудың нысаны бар бөлігі жатады
2.Әлеуметтік география - адамдар өмірі ұйымдастырылуының кеңістіктік процестері мен нысандарын, ең алдымен, олардың еңбек етуі, тұрмысы, демалуы, жеке тұлғаның дамуы мен адам өмірін ұдайы жалғастыру жағдайлары жағынан зерттейтін әлеуметтік-экономикалық географияның тармағы.
Әлеуметтік географиялық зерттеулердің ең шекті нысаны бүкіл адамзат болып табылады; нақты зерттеу нысандары — адамдардың әр түрлі аумактык қауымдастықтары, оның ішінде, олардың дамуының тарихи ерекшеліктері, құрылымы, өндіріспен және коршаған ортамен байланысы, сондай-ақ әр түрлі аумақтық қауымдастықтардың арасындағы байланыстары, таптық, ұлттық, мамандық және баска белгілері бойынша бөлінетін осы қауымдастықтың ішіндегі халықтың әр түрлі топтарының кеңістіктік мінез-құлығы және тағы да басқалары
Экономикалық география- қоғамдық өндірістің аумақтық ұйымдастырылуын,адамдар өмірінің
ұйымдастырылының кеңістіктік процестері мен түрлерін, ең алдымен, өндірістің өзінің пәрменділігі тұрғысынан зерттелуі.. Бұдан топырақ пішіні ақшыл сүр немесе ақ түсті, құрылымсыз болады
ІV. Бекіту
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық байланысыы
1.Қазақстан орны
2.Халқы
3.Шаруашылығы
4.Дамуы
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма беру:
Күні:29.10.2016
Сыныбы:7 «А»
Тақырыбы: Аймақтық және сыртқы экономикалық процестер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға аймақтық және сыртқы экономикалық процестер туралы мәліметтер беру,ұғындыру.
Тәрбиелдік: Оқушыларға аймақтық және сыртқы экономикалық процестер туралы тәрбие беру.
Дамытушылық: Оқушыларды аймақтық және сыртқы экономикалық процестер туралы көзқарастарын, түсініктерін, адамгершілік, эстетикалық дағдыларды қалыптастыру
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау,
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Бекіту
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма беру:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Саясат (гр. politika — мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:
өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі;
мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау;
адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді;
әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты;
мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.
Ішкі саясат - мемлекет ішіндегі таптардың, әлеуметтік топтар мен қабаттардың, ұлттардың қарым-қатынасын білдіретін саясат, мемлекеттін іс-әрекетінің және билеуші партиялардың негізгі бағыттарынқамтиды.
Сыртқы саясат - халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат. Сыртқы саяси мақсаттар ұлттық мүддеге негізделеді. Оларды жүзеге асыру арқылы мемлекет сыртқы саяси қызметті атқарады. Мемлекеттің сыртқы саясаты сыртқы және ішкі факторлар ықпалымен қалыптасады. Сыртқы саясатты жүзеге асыру түрлері: мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату; мемлекеттің халықаралық ұйымдарда өз өкілеттілігін ашу немесе оларға мүше болу; мемлекеттің басқа мемлекет өкілдерімен әртүрлі деңгейлерде тұрақты немесе аракідік байланыстар орнатуы. Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты құрал - екі жақты немесе көпжақты келісімдер мен келіссөздер
Ішкі саясат бөлімі қызметінің негізгі міндеттері:
мемлекеттің ішкі саясатын, оның ішінде мемлекеттік ақпарат және жастар саясатын, азаматтық қоғам мен адам құқықтарын қорғауды дамыту салаларындағы саясатты, конфессиялар арасындағы қарым-қатынастарды, білім, қоғамдық-гуманитарлық ғылым саласындағы, денсаулық сақтау (қаржылық-экономикалық мәселелерді қоспағанда), демография, мәдениет, тіл саясаты мен спорт саласындағы саясатты қалыптастыру мен жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
елдегі ішкі саяси тұрақтылықты, сондай-ақ конфессияаралық қатынастар мәселелерінде қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу;
Президентті елдегі әлеуметтік-саяси ахуалдың дамуы туралы хабардар етіп отыру;
Елбасының және Әкімшілік басшылығының азаматтық қоғам институттарымен, сонымен қатар саяси партиялармен, діни және қоғамдық бірлестіктермен, қорлармен, өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
Президенттің қызметін, сондай-ақ оның қатысуымен өтетін іс-шараларды Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
Сыртқы саясат бөлімі
Сыртқы саясат орталығы (ССО) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Сыртқы саясат орталығы қызметінің негізгі міндеттері:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы саясат саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету
• ҚР Президенті қатысатын халықаралық іс-шаралар кестесін түзу және сыртқы саяси іс-шаралардың мазмұндық бөлігін қамтамасыз ету;
• ҚР Президентінің және Әкімшілік басшылығының шет елдердің саяси және қоғам қайраткерлерімен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма беру:
Күні:12.10.2016
Сыныбы:7 «А»
Тақырыбы: Жасыл экономика түсінгі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазіргі заманғы жаңа жасыл экономика түсінгі туралы мәліметтер беру,ұғындыру.
Тәрбиелдік: Оқушыларға қазіргі заманғы жаңа жасыл экономика туралы ондағы Қазақстанның орны мен дамуындағы ерекшелітер жайында сана қалыптастырып, тәрбие беру.
Дамытушылық: Оқушыларды қазіргі заманғы жаңа жасыл экономика туралы көзқарастарын, түсініктерін, адамгершілік, эстетикалық дағдыларды қалыптастыру
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау,
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Бекіту
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма беру:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.Жасыл экономика түсінгі
Жоспар:
1.Жасыл экономика ұғымы
2.Жасыл экономиканың табиғатпен байланысы
3.Жасыл экономиканың Қазақстандағы орны
Қазіргі кезде қоғам «жасыл» экономика сөзінің мәнісін әр түрлі түсінеді. Бірі бұл елдің табиғатын жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп түсінеді. Басқалары бұл сөзді табиғатқа көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған жаңа технологиялар ретіндегі экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшіншілері, бұл мақсаты экологиялық таза өнімдерді құру болып табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп есептейді.
Түсінікті анықтаудың барлық осы жолдары сөздің мағынасына өте жақын. «Жасыл» экономика - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.
«Жасыл» экономикаға ауысу барынша үлкен танымалдыққа ие болып келеді және ауқымды қызығушылық тудырады. «Жасыл» экономика бірінші кезекте экономикалық прогреске жағдай жасайды және мыналарды қамтамасыз етеді:
ішкі жалпы өнімнің өсімі;
елдің табыстарын ұлғайту;
елдегі жұмыссыздық көрсеткіштерін азайта отырып, халық үшін жұмыс орындарын құру.
Бұл жерде «жасыл» экономикаға ауысу климаттың өзгеруі, пайдалы қазбалардың сарқылуы және су ресурстарының тапшылығы сияқты жаһандық қауіптен тәуекелдерді төмендетеді.
«Жасыл» экономиканы дамыту бағдарламасы аясында Қазақстан экономиканың 10 шешуші секторына құралдарды инвестициялауды жоспарлайды:
ауыл шаруашылығы;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;
энергетика;
балық аулау;
орман шаруашылығы;
өнеркәсіп;
туризм;
көлік;
қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу;
су қорларын басқару.
Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың айтуы бойынша «жасыл» экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |