Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж
“Б Е К І Т І Л Д І”
Колледж директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары
_________________ Ж.Қ.Тоғанова
«___» ______2015 - 2016 оқу жылы
Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі мемлекеттер: Алтын Орда, ноғай ордасы, дешті қыпшақ.
Пән оқытушысы: Ахметова Л.
Бөлім менгерушісі: Маханова Ж.
Сабак жоспары
Пәні: Қазақстан тарихы
Өтілген күні: 23.10.2015ж
Оқу тобы: ҚТ-Ж-15
Пән оқытушысы: Ахметова Лаура Қуандыққызы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Алтын орда құрамында, Дешті қыпшақ, ноғай ордасы
Құзыреттілікті қалыптастырудағы сабақтың негізгі мақсаты:
Базалық:Өзін және өз қызметін басқара білу қабілетін, өзін -өзі мотивациялауға және ұйымдастыруға бейімділігін дамыту.
Кәсіптік:Оқушының кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білімдер, іскерлік пен дағдылар, сондай-ақ жеке қасиеттер негізінде кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілетін дамыту
Коммуникативтік: Адамдар мен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу мүмкіндігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдыларын қалыптастыру
Проблеманы шешу :Әр түрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға, өз қызметіне мақсат қоюға, оны іске асыру үшін қажетті жағдайды анықтауға, ондағы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға үйрету.
Сабақтың міндеті:
а) білімділігі: Қазақстан аумағында ХІV-ХVғасырларда құрылған хандық мемлекеттердің олардың әлеуметтік –экономикалық жағдайын, әкімшілік құрылысы туралы білімдерін тереңдету.
ә) дамытушылық: Тарихи фактілерді саралай білу, шығармашылық пен жұмыс істеу, сыни ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетің дамыту.
в) тәрбиелік: Оқушыларға халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері ата-бабамыздан бізге жеткен асыл қазына екендігін ұғындыра отырып, оларды адамгершілікке, отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.
Cабақтың түрі: лекция
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың технологиясы: Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың ДОТ әдістері, ақпараттық-интерактивті, сатылай комплексті талдау әдістері, ұжымдық ойлау әрекеті, әдебиеттермен жұмыс, сөздіктерді талдау жұмысы т.б.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, картамен жұмыс, дәптермен, кестемен жұмыс
Көрнекілік: оқулық, карта, кесте
Пәнаралық байланыс: тарих, география,мәдениеттану.
Қалыптасатын
Білім: Алтын орда, ақ орда, ноғай ордасы, дешті қыпшақ дүниесіне жалпы сипаттама. - Тарихи оқиғаларды, құбылыстарды ғылыми негізде меңгере алады..
Білік: тарих фактілерді саралай білу, шығармашылықпен жұмыс істеу, сыни ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Дағды: Тарихи тұлғалардың іс-әрекетіне талдау жасай алады, оған объективті баға береді.
Қолданылатын дидактикалық материалдар: Электронды оқулық 10 сынып Қазақстан тарихы, таблицалар, слайдты суреттер.
Пайдаланатын оқулықтар: 1) М. Б. Мұхамедов, Б. Сарымбетұлы «Қазақстан тарих» Ат. 2007ж 71-76 беттер 2) М.Чапай «Қазақстан тарихы» Ат. 2008ж 107-124 беттер
Сабақтың құрылымы:
І. «Ұйымдастыру – рефлекциялық» кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Кері байланыс.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен амандасып, журналға белгі соғу
- Сынып тазалығына мән беру, (тексеру)
- Оқушылар назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өзіндік жұмыс: Тақырыпқа сай, талаптарға сай слайдты кесте, тірек-сызбаларды тексеру.
Жазбаша жұмыс: Оқулықтан жазған конспектіні тексеріп, мазмұнын сұрау
Іздену жұмысы: «Отырар шайқасы» туралы мәліметті тексеру. ( ақпарат, тарихи материалдар )
Орхон, Херулен өзендері бойын мекендеген көшпелі тайпалар
Монғол мемлекетінің құрылуы
Монғол империясының қоғамдық құрылысы
Монғол шапқыншылығы
Ұлыстардың құрылуы.
" Монғолдың құпия шежіресі" , И. Калашниковтың "Сұм заман" сияқты тарихи- әдеби көркем шығармаларды пайдалана отырып, Тэмучиннің өмір тарихынан, оның Монғол мемлекетін құру жолындағы іс-әрекетінен әңгімелеу. Бұдан соң Монғол империясының қоғамдық құрылысын да сатылай комплексті талдауға түсірдік.
1. Бірінші мәселе бойынша моңғол тайпалары мекендеген жерлерді картадан көрсете отырып, өмір сүрген монғол тайпаларының басын біріктірген Шыңғысханның өміріне тоқталып кетеміз. сондай ақ Қ.Данияровтың «Шыңғысхан тарихы» еңбегінен үзінділер келтіріп, «монғол сөзінің түп-төркінін түсіндіре отырып, Шыңғысхан мемлекеті мен Қазақ мемлекеттігі тарихы аралындағы байланысты ашып көрсетсеңіз.
Монғол шапқыншылығының қоғамдық құрылысы
Өкімет билігінің жоғарғы органы – құрылтай (жылына бір рет шақырылады)
Хронологиялық бағыттағы талдау: Шыңғысханның жорықтары.
Уақыты
(жолдары)
|
Болған уақиғалар
|
1207-1208ж
|
Жошы Енисей тұрғындары мен теріскей Сібір халықтарын басып алады.
|
1207-1203ж
|
Шыңғысхан таңғұттарды, Тұрфан княздіктерін басып алып, ұйғырларды бағындырады.
|
1211-1215ж
|
Қытай жерін басып алып, соғыс техникаларын қолға түсіреді.
|
1217ж
|
Күшіліктің жетісудағы иеліктерін басып алуға Жебе ноянды аттандырады.
|
1218ж
|
Монғолдар Жетісу жеріне енеді.
|
1219ж
|
Шыңғысханның 150 мыңға жуық қолы Ертістен Сырдарияға қарай аттанды.
|
1219-1220ж
|
Сыр бойындағы қалалар жасағымен монғолдардың иелігіне көшеді.
|
1219-1224ж.ж.
|
Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына қосылуы
|
1223ж.
|
Калка өзені бойындағы шайқас
|
1227ж.
|
1227ж. Шыңғысхан мен оның ұлы Жошының қаза табуы.
|
- Тарихи оқиғалардың хронологиясын жүйелі түрде талдай алады.
- Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады,олардың білімділігін, біліктілігін жетілдіреді
- Тарихи оқиғалардың себеп-салдарын нақты ашып талдай алады, сөйтіп оқушыларға тарихи сана қалыптастырады.
Оның шапқыншылығы хронологиялық ретімен дәлме-дәл берілді.Шыңғысханның Отырар қаласын қоршауы туралы айтылғанда М. Шахановтың "Отырар туралы балладасы" оқылды.
Хронологиялық бағыттағы талдау жасай отырып Шыңғысхан шапқыншылығының зардаптары туралы қорытындыны оқушылар өздері жасап,тарихи деректерге терең талдау жасалынды.
IV. Үй тапсырмасын бекіту: кестені толтырыңыз. Шыңғысханның монғол әскеріндегі түркі тілдес хандықтарды қол астына қаратқаннан кейін, көрші елдерге жасаған жорықтары туралы айтқанда картаны пайдаланамыз.
Сонымен Қазақстан жері жоңғардың үш ұлтының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі – Жошы ұлысының, Оңтүстік және Солтүстік Шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысының, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі – Үгедей ұлысының құрамына кірді:
Жылдар
|
Оқиғалар
|
1. 1155ж
2. 1215ж
3. 1207-1208ж
4.1224ж
5. 1220ж 4 көктемде
6. 1240ж
7. 1227ж
8. 1241-1256ж
9. 1312-1342ж
10. 1342-1357ж
|
А.Жошы Енисей қырғыздарын және де «орман халықтарын» бағындарды.
Ә.Темучин дүниеге келді
Б.Монғол әскерлері Жент қаласын бағындырды.
В.Цзинь мемлекетінің астанасы болған чжунді бағындырды
Г.Шыңғысхананның Ертістегі ордасына оралды
Ғ.Батый ханның билеген жылдары
Д.Жәнібек ханның билеген жылдары
Ж. Шыңғысханның өлген жылы
З.Батый әскерлері Киевті қоршады
И.Өзбек ханың билеген жылдары
|
Жауабы:
Ә 2.В . 3.А 4Г. 5Б. 6З. 7. 8 .Ж 9.Ғ 10.И 11 Д
V. Кері байланыс:
1. Монғол империясы қашан құрылды ?
а) 1155ж ә) 1076ж б) 1239ж в) 1206ж
2. Қай жылы Монғолдар Жетісу жеріне енді ?
а) 1218ж ә) 1219ж б) 1217ж в) 1211ж
3. «Отырар опаты» қашан болды ?
а) 1218ж ә) 1219ж б) 1217ж в) 1211ж
Сөзжұмбақ
-
1.Шыңғысханның үлкен ұлы:(Жошы)
2.1220ж монғолдар қай қаланы жермен жексен етіп, түгелдей қиратты?(отырар)
3.Алтын Орданы билеген хандардың бірі( Мөңке)
4.1218ж Моңғалдарға соғыссыз берілген қала?(Баласағұн)
5.Қазақстан жеріне моңғолдар Шыңғысханның құқық нормаларын енгізді.Ол қалай аталды?(Ұлы Жасақ)
6.1208-1209 жылы Шыңғысхан әскері қай елді күйретті?(Си Ся)
7.Бату хан тұсында Алтын Орда құрамына қай қала кірді?(Чехия)
8.Шыңғысханның мазары қай таудан табылды?(Алтай)
9.Моңғол мемлекетінің оң қанаты:(Барұнғар)
Тарих сабағына сатылай комплексті талдау технологиясын қолданудың нәтижесінде;
Тарихи оқиғаларды, құбылыстарды ғылыми негізде меңгере алады.
Тарихи тұлғалардың іс-әрекетіне талдау жасай алады, оған объективті баға береді.
Достарыңызбен бөлісу: |