"Бекітемін"
Л.Т.Карипбаева
Пән мұғалімі: Н.О.Шаянбаева
Күні : 18.11.2015 ж.
10-сынып
Бала саны:5
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру. Оқушылардың оқу материалының 63%-ын өз бетінше шығармашыл - ізденіс жұмысы арқылы меңгеру. Балаға өз еңбегінің нәтижесінде тұрақты оң мотивация мен рефлексия тудыру. Шапшаңдыққа баули отырып, білім сапасын арттыру. Есте сақтау мен зейінін дамыту. Оқушылардың білім мен біліктілігін сөйлеу арқылы нақты бекіту. Сабақта «Білімді бірді жығар...» ұстанымын жүзеге асыра отырып, оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру. Пән бойынша білімді сапалы меңгеруге қызығушылығын ояту мен ынталандыру.
Міндеттері:
Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру ;
Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыра отырып, көркем әдебиетке қызығушылығын білімдерін жетілдіру;
Көркем шығарманы оқуға, адамгершілікке, Отанды сүюге, білімге құштар болуға тәрбиелеу
Нәтиже:
Қойылған мақсатқа жету.
Сабақтың түрі: Биоақпарат және синергетика
Әдісі:Ауызша сабақ-2
Көрнекілік: ООМ, сызба, презентация.
Сабақтың жоспары: Ұйымдастыру кезеңі. Көшбасшы сыныпты рухтандырады
І. Үй тапсырмасын сұрау
II. ТС ЕС (Тірек сөздерді жазу)
ІІІ. ҚС (Қиылыс немесе қарама-қарсы сұрақ):
ІV. Тест
V. ТСҚ (тақырыптық сөздік қор)
Сабақтың барысы:
ООМ (орынға отырғызу матрицасы)
А В С Д
Ұйымдастыру кезеңі мотивация. Сыныптың нормативін жазу 3 оқушы
І. Үй тапсырмасын сұрау
Өткен тақырып бойынша қарама- қарсы құрақ қою
1 Мұрат Мөңкеұлы қай жылы, қай жерде дүниеге келді ?
2 Мұрат Мөңкеұлының сауат ашып, оқуға қалай қолы жеткені туралы естелік білесің?
3 Б.Қортытов өзінің қандай еңбегінде Мұрат Мөңкеұлының айтысқа алғаш қатысқаны туралыбаяндайды ?
4 "Қарасай- Қази" поэмасының тақырыбы, идеясы не туралы ?
5."Үн қиян", "Сарыарқа", Қазтуған" толғауларында ақын не туралы толғанады?
6 Мұрат мөңкеұлының өлеңдерінен не тоғайынан үзінді айт.
7 Мұрат ерте жетім қалғанда кімнің тәрбиесінде болады ?
8 Мұрат Мөңкеұлы қандай қыз ақындармен айтысты ?
9 Зар заман ақындарынан кімдердің білесің ? Неліктен зар заман ақындары деп аталды ?
10 Мұрат Мөңкеұлы қай жерде, қай жылы дүниеден өтті?
II. ТС ЕС (Тірек сөздерді тақтаға жазу)
126-128 бетті оқу. Мәтінді оқып отырып, 1 мин 15 сек ішінде тірек сөздерді жаттау. 14 тірек сөз тақтамен сәйкес келген оқушыға (+) таңбасы қойылады.
1 Орынбор
2 -3 Балғожа би
4 - 5 орыс- қазақ
6 - 7 әлем әдебиеті
8 Торғай
9 Толстой
10 Ильминский
11 мектеп
12 оқу
13 - 14 он төрт
ІІІ. ҚС (Қиылыс немесе қарама-қарсы сұрақ):
1.Ыбырай Алтынсарин қашан, қай жерде дүниеге келді ? 1841 ж Қостанай облысы Зотобол ауданында дүниеге келді.
2. Балғожа би қандай адам болған ? Тілге шешен, белгілі би, өз ортасында беделді, патша өкіметіне қызмет еткен адам.
3. Ыбырайды қай жылы, неше жасында атасы мектепке тіркетіп қояды ? жасында1946 ж 5 жаста
4 Ыбырайдың атасы армандаған мектеп қай жылы ашылды, неше қазақ баласы қабылданды ? 1850 жылы 30 қазақ баласы
5 . Орыс - қазақ мектептірінің негізгі мақсаты не болды ? Орыс - қазақ мектебін оқып шыққан балалар тілмаштық қызмет атқарып, патша шенеуніктеріне көмекші болған, билік солар арқылы қазақ даласына патшаның саясатын кеңрек таратуды мақсат еткен.
6. 1859 жылы Ыбырай Алтынсарин қандай қызмет атқарды ?
7. Қай жерде бастауыш мектепте мұғалім болды ? Торғай мектебінде.
8. Торғайдағы Ыбырай армандаған мекте қай жылы ашылды? 1864 ж қаңтар айында
9. Осы мектепте неше бала оқыды ?
10. Ыбырай бала оқытуда кімдердің еңбектрін басшылыққа алды ? Педагогика классиктері Я.А.Каменский, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой
ІV. Тест құрастыру Тақырып бойынша тест құрастырып, бір- біріне қояды.
V. ТСҚ (тақырыптық сөздік қор) 5 минут 63 сөз.
Шығармашылық жұмыс орындаған Мерекеқызы Мәдина тыңдау.
Қорытынды. Бағалау. Үйге 126-128 бет Хрестоматиядан әңгіме оқып, кестеге сай талдау
Әңгіменің тақырыбы
|
Әңгіменің негізгі кейіпкері
|
Әңгіменің негізгі ойы (идеясы)
|
Әңгіме мазмұнына сәйкес мақал-мәтелдерді жаз
|
Әңгімені әрі қарай жалғастыр
|
|
|
|
|
|
Қосымша тапсырма
"Сандар сөйлейді"
10 - сыныпта БИС технологиясы бойынша өткен ашық сабақ
Ашық сабаққа қатысқан мұғалімдер
Достарыңызбен бөлісу: |