Сабақтың тақырыбы : Ы. Алтынсарин. Салақтық Сабақтың мақсаты



Дата27.12.2016
өлшемі43,26 Kb.
#5510
түріСабақ
Ибраева Жанар Сергейқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

31 мектеп- гимназиясы



Атырау қаласы

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин.Салақтық



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып,мәтіндегі негізгі ойды,идеяны ұғындыру

Дамытушылық: Өз ойларын,пікірлерін еркін айтуға,өз көзқарастарын дәлелдей білуге машықтандыру

Тәрбиелік: Салақтық,ұқыпсыздық сияқты жаман қасиеттерден аулақ болуға үйрету



Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ- жауап,әңгімелеу

Көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің портреті,сөзжұмбақ,тазалық туралы суреттер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылармен амандасу,түгендеу,назарларын сабаққа аудару.



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

М.Мақатаев. «Қарттарды сүйем». «Менің атам және әжем» (әңгіме жазу)

-М.Мақатаев кім? Қандай өлеңдерімен таныстық?

-Кім өзінің атасы мен әжесі туралы жазған әңгімесін оқиды?



ІІІ.Сөзжұмбақ шешу


1.Сейфуллиннің аты

2. Қарт

3. Алты ондық

4. Ұлттық ойын

5. Өлеңді кім жазады?

6. ... – оттан да ыстық

7. Тышқанның жауы

8. Құс








с

ә

к

е

н







а

т

а




а

л

п

ы

с







а

с

ы

қ

а

қ

ы

н

о

т

а

н

м

ы

с

ы

қ







қ

а

р

ғ

а




IV.Жаңа сабақ

-Ерекше белгідегі жолдан қандай сөз шықты?

-Салақтық.

-Ендеше,бүгін біз Ыбырай Алтынсариннің «Салақтық» деген шығармасымен танысамыз.



Ыбырай Алтынсарин (1841-1889).Көрнекті ағартушы,қоғам қайраткері,жаңашыл педагог.1844 жылы әкесі ерте қайтыс болғаннан кейін,жас Ыбырай атасы Балғожа бидің қамқорлығында болды.

1857 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірген Ыбырай жас кезінен-ақ білімге құштарлығын байқатты.Мектепте орыс,араб,татар және парсы тілдерінен және басқа да негізгі пәндерден үздік нәтиже көрсеткен болашақ ағартушы Орынборда айдауда жүрген әр текті зиялы қауым өкілдерімен танысты.Жасынан жаңалыққа құштар Ыбырай,Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы,шығыстану ғылымының көрнекті өкілі В.В.Григорьевпен жақындасты.Оның пәтерінде жиі болып,бай кітапханасын пайдаланды.
-Ы.Алтынсарин бізді қалай оқуға шақырған?

Хормен: Кел,балалар,оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

-Ы.Алтынсариннің қандай шығармаларымен таныстық?

- «Кел,балалар,оқылық!»

- «Малды пайдаға жарату»

- «Ата-әжеме хат»

- «Шеше мен бала»



V.Топтастыру.Дәптермен жұмыс

- Балалар,мақалдарды белгілі бір тақырып төңірегіне топтастырайық.

1.Туған жер,Отан туралы

2.Еңбек туралы

3.Жақсы,жаман істер туралы

4.Ерлік,батырлық туралы



VI.Оқулықпен жұмыс

- Мәтінді оқып,мазмұнын түсіндіру,оқушыларға іштей,тізбектей оқытып,түсінгендерін сұрау.



VII.Тапсырма

- Берілген мақал-мәтелдерден осы мәтіндегі оқиғаға сай келетін нақыл сөзді кім табады?

- «Тазалық – денсаулық кепілі»

VIІІ.Мәтінді талдау.Топ бойынша көріністер көрсету

1.Керімнің улануы

2.Керімнің тазалық сақтамауы

3.Керімнің ауырып қалуы



ІХ.Топпен жұмыс

1 топ.Денсаулық туралы мақалдар жазу

2 топ. «Тазалықты сақтайық!» (әңгіме жазу)

3 топ. 4 жол өлең шығару



Х.Сабақты бекіту

- Жақсы қасиеттерге нелер жатады?

1.

2.

3.



4.

5.

- Жаман қасиеттерге ше?



1.

2.

3.



4.

5.

ХІ.Сабақты қорыту

- Ы.Алтынсарин кім?

- Қандай шығармаларын білесіңдер?

- Мәтіннен қандай ой түйдіңдер?

- «Салақтық» ұғымына қарама-қарсы мәндес сөз,ол қандай сөз?



- Ұқыптылық

ХІІ.Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу. «Ұқыптылық» туралы әңгіме жазу.

ХІІІ. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мақтап,бағалау.





















Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет