Пән: Қазақ әдебиеті
Сынып: 6 «Г»
Өткізілетін орны: Мультимедиалық кабинет
Мұғалім: Негманова Құралай Уахитқызы
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсаринның
«Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ыбырай Алтынсарин жайлы білетін мағлұматтарын еске түсіру және оның әңгімесіне әдеби талдау жасай отырып, мазмұнын меңгерту;
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық деңгейін өрістету, қазақша тіл байлығын молайту;
Тәрбиелік: Қазақ балалар жазушыларының төл шығармаларын қазақ тілінде оқып танысуға баулу;
Көрнекілік:
№1 слайд – Көңіл күй
№2 слайд – Ыбырай Алтынсаринның портреті
№3 слайд – «Лото» ойыны
№ 4 слайд – Тақырып (кітаптың мұқабасы)
№ 5 слайд – Жаңа сөздер
№ 6 слайд – Мәтін (тыңдайды)
№7 слайд- Желтоқсанның жиырма үші......
№8 слайд- І ТАҚЫРЫБЫ.... ІІ ИДЕЯСЫ......
№9 слайд- ІІІ ӘҢГІМЕНІҢ БАСТАЛУЫ: 3.1
№10 слайд- (суретпен) IV ШИЕЛЕНІС 4.1
№11 слайд – (сурет жоқ) 4.2, 4.3, 4.4
№12 слайд – (суретпен) 4.5
№13 слайд – (суретпен) 4.6
№14 слайд – (суретпен) 4.7
№15 слайд – (суретпен) V Шарықтау шегі 5.1, 5.2
№16 слайд – (суретпен) VI Соңы 6.1
№17 слайд – (суретпен) VIІ КЕЙІПКЕРЛЕР (ВЕНН диаграммасы )
№18 слайд –Үйге тапсырма: РАФТ әдісі бойынша кейіпкерлерге хат жолдау.
Сабақта қолданылған әдіс - тәсілдер:
Дамыта оқыту әдісінің элементтері;
Сын тұрғысынан ойлау әдісінің элементтері;
Интерактивті оқытудың тәсілдерінің бірі: Ақпаратты оқыту технологиясы: слайдтар, тест, диктафон
Рафт – әдісі (кейіпкерге хат)
Техникалық құралдар: Компьютерлер 12+1
Сабақтың жоспары:
І Ұйымдастыру кезеңі
1. А)Сәлемдесу;
Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру;
Б) Психологиялық сабаққа дайындық, яғни оқушылардың көңіл күйін сабаққа икемдеу:
(Оқушылар бір – біріне жақсы лебіз, тілек тілейді)
Мысалы: - Ратхан, мен саған сәттілік тілеймін!
Рахмет, Уляна, мен де саған соны тілеймін!
Карина, бүгін қазақ тілінен «бес» алуыңды тілеймін!
Рахмет, Жәнібек, өзіңе де соны тілеймін.
В) Балалар сабақ бастамас бұрын дәптерлеріңе төмендегі суреттердің бірін салып қоюларыңды сұраймын. Бұл сендердің қазіргі көңіл күйлерің. Сабақтың соңында қандай өзгерістер болғанын салыстырамыз.
1 слайд.
Көңіл күйім: нашар орташа өте жақсы
2 слайд-Ыбырай Алтынсаринның портреті
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
(«Лото» ойынын ойнату арқылы, Ой шақыру стратегиясын қолданамын)
«Лото» ойынын ойнаймыз.
Ойынның шарты: Мен сендерге Ыбырай Алтынсаринның өмірі мен шығармашылығынан сұрақтар қоямын. Дұрыс жауап берсеңдер таблоға сөздер шығады. Осы сөздер арқылы біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбын табуға болады.
((АОТ) Ақпаратты оқыту технологиясын пайдаланамын)
Барлығы түсінікті болса бастайық:
Ыбырай Алтынсарин қашан, қайда туған?
(1841 жылы, Қостанай облысында)
Ыбырай Алтынсарин кім болған? (қазақ балалар әдебиетінің атасы, ағартушы, жазушы, ақын, аудармашы, фольклортанушы)
Ыбырай Алтынсаринның «Кел, балалар, оқылық» өлеңін айтып бер.
Ыбырай Алтынсаринның мақал-мәтелдерін білесің бе?
Ыбырай Алтынсарин қандай оқулық жазды? (Қазақ хрестоматиясы)
Ыбырай Алтынсаринның «Бұл кім?» өлеңін кім айтып береді.
Кімдердің шығармаларын аударды? (Л. Толстойдың, К.Ушинскидің)
8. Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларына арнап не ашты? (мектепашты, қыздарды оқытты)
3 слайд – «Лото» ойыны
Ыбырай
|
Алтынсаринның
|
бай
|
баласы
|
мен
|
жарлы
|
баласы
|
әңгімесі
|
ІІ Негізгі бөлім
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
А) -«Әңгіме» деп біз қандай шығарманы айтамыз?
(Әңгіме көлемі шағын, көркем шығарма)
- Әңгіме қандай жанрға жатады.
(Әңгіме проза жанрына жатады)
Ыбырай Алтынсаринды біз қазақ балалар әдебиетінің атасы дейміз, себебі ол балаларға арнап көп әңгімелер жазған.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ыбырай Алтынсаринның «Бай баласы мен жарлы баласы» атты әңгімесі
4 слайд – Тақырып (кітаптың мұқабасы)
(Дамыта оқыту әдісі бойынша әңгімені яғни жаңа тақырыпты оқушылар үйде оқып келеді және таныс емес сөздердің астын қарындашпен сызып келеді)
5 слайд – Жаңа сөздер (оқушыларман бірлесіп оқып шығамыз)
Жаңа сөздермен жұмыс
*жарлы – бедняк
*құрдас-ровесник
*ел-народ
*жылау-плакать
*сүрлеу – тропинка
*тұзақ-силки
*мола – могила
*нақ бесін –после полудня
6 слайд – Мәтін (мұғалімнің дауысымен жазылған, тыңдайды)
Асан деген-бай баласы ал, Үсен жарлы баласы, екеуі құрдас еді. Бір күні ел көшкенде екеуі қалып қойыпты. Асан жылай бастады. Үсен ойланып тұрды да:
Жылағанмен еш нәрсе өнбес. Көшкен ауылды іздеп табалық.
- Елді қайдан табамыз-, деді Асан.
Үсен үндемеді. Көшкен ауылдың орнынан: көзі сынған ине, сынған пышақ, бір уыс қыл тауып алды. Көштің кеткен сүрлеуін тапты.
Біраз жер жүрген соң сүрлеу екі айырылды. Асан тағы да жылады. Үсен қарап тұрып:
- Мына сүрлеу, бүгін жүрген көштің сүрлеуі екен – малдың жас тезегі бар,- деді.
Асан «қарным ашты» -деп жылады. Алдарынан бір үйрек ұшты. Асанның онымен ісі болмады. Үсен жүгіріп барып, үйректің ұясын тауып алды. Асанға жұмыртқаларды алғызбады.
- Үйректі ұстап алайық,- деді.
Асан айтты:
-Қалай ұстаймыз?
Үсен:
-Мен әкемнің ұстағанын көргенмін,-деп, қылдан тұзақ істеді де, оны үйректің ұясына құрды. Көп ұзамай үйректі ұстап алды. Асан:
-Үйректі тірі ұстап, ойнап баралық.
Үсен айтты:
-Жоқ, әкем: «Үйрек-қаз адал құстар»,- деп тауып алған пышақпен бауыздап алды.
Екеуі бір өзеннің бойына жетті. Су ішіп сусындарын қандырғасын Үсен айтты:
- От жағып, тамақ пісірейік. Асан, сен отқа жағатын ағаш жинап әкел,-деді.
Үсен бір шақпақ тасты тауып алды да, шапанының бір жыртылған жерінен мақта суырып алды. Мақтаны тастың үстіне қойып, пышақпен ұрып еді, мақта тұтанып жанды. Асан әкелген ағашты салып, от жағып, әуелі жұмыртқаны пісірді сосын үйректі отқа қақтады. Піскен соң екеуі де тойып жеді.
Шаршаған балалар кештің батқанын байқамай қалды. Түн болғасын олар қорқа бастады. Үсен ойлады: Әкем айтушы еді: «Елді жердің ұрысы, далалы жердің бөрісі болады»,-деп. Ұйықтамай от жағып отыра берді, ал Асан ұйықтап қалды.
Таңертең Үсен асанды оятты. Асан далада екенін ұмытып, үйдегі қалпынша оянбаса да Үсен оятып алып жолға шықты.
Балалар енді қайда жүрерін білмей, дағдырып тұрды. Сөйтіп жан жағына қарап тұрса, алдарынан бір үлкен мола көрді. Сонда Үсеннің ойына әкесінің сөзі түсті: «Далалы жерде адассаң, молалы жерде су болады». Сол ақыл бойынша Үсен Асанды ертіп молаға қарай жүріп келе жатып, қаңқылдаған қаздың дауысын естіді. Үсен жақын жерде көл бар екенін енді білді, өйткені қаз сусыз жерді мекен етпейді. Екеуі қырға шықты. Қырдың астында көл екен. Көлдің жағасы толған қора-қора қой, жылқылар, түйелер. Жүгіріп отырып келсе, өз ауылының малы екен. Малшылар Асан мен Үсенді көріп қуанып, біреуі әке-шешесінен сүйінші сұраймыз деп шауып кетті.
Нақ бесін мезгілінде балалар аман - есен үйлеріне келіп, әке шешелеріне қосылды.
7 слайд – Бай баласы мен жарлы баласы
(Әдеби талдау жасау)
8 слайд - І ТАҚЫРЫБЫ....
ІІ ИДЕЯСЫ......
9 слайд -ІІІ ӘҢГІМЕНІҢ БАСТАЛУЫ:
3.1 Асан деген - бай баласы ал, Үсен - жарлы баласы
10 слайд – (суретпен) IV ШИЕЛЕНІС
4.1 Ел көшкенде екеуінің қалып қоюы;
11 слайд – (сурет жоқ)
4.2 Үсеннің: көзі сынған ине, сынған пышақ, бір уыс қыл тауып алуы;
4.3 Сүрлеуді табуы;
4.4 Сүрлеудің екі айырылуы, Үсеннің тапқырлығы;
12 слайд – (суретпен)
4.5 Үсеннің үйректі ұстауы;
13 слайд – (суретпен)
4.6 Үсеннің от жағып, тамақ пісіруі;
14 слайд – (суретпен)
4.7 Асан мен Үсеннің түнді өткізуі;
15 слайд – (суретпен)
V Шарықтау шегі
5.1 Үсен әкесінің ақылы арқылы көлді табуы;
5.2 Көл жағасындағы өз ауылының малшыларына кездесуі;
16 слайд – (суретпен)
VI Соңы
6.1 Балалардың аман-есен үйлеріне келуі;
17 слайд – (суретпен)
VIІ КЕЙІПКЕРЛЕР (ВЕНН диаграммасы бойынша)
Асан Үсен
18 слайд –Үйге тапсырма: РАФТ әдісі бойынша кейіпкерлерге хат жолдау. (таблица)
Қорытындылау
(Әр оқушы компьютермен жұмыс жасайды, тиісті бағаларын да компьютер шығарады)
Т Е С Т
1. «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінің авторы кім екенін көрсет.
А) Абай Құнанбаев
В) Шоқан Уәлиханов
*С) Ыбырай Алтынсарин
2. Жағымсыз кейіпкерді көрсеті.
А) Үсен
*В) Асан
С) Үсеннің әкесі
3. «Құрдас» сөзінің аудармасын тап
*А) ровесник
В) бедняк
С) тропинка
4. Әңгімеде үйректі ұстаған кім екенін тап
*А) Үсен
В) Асан
С) Малшылар
5. Кімнің әкесінің ақылы пайдалы болғанын көрсет
А) Асанның әкесі
В) Менің әкем
*С) Үсеннің әкесі
6. «Жарлы» сөзінің аудармасын тап
А) ровесник
*В) бедняк
С) тропинка
7. «Тұзақ» сөзінің аудармасын тап
А) ровесник
В) бедняк
*С) силки
8. Түнде кім ұйықтап қалғанын тап
А) Қыздар
В) Үсен
*С) Асан
9. Балалар үйлеріне қашан жеткенін көрсет
*А) нақ бесінде
В) таңертең
С) түнде
10. Әңгіменің идеясын көрсет.
А) Денсаулық – зор байлық
*В) Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа
С) Отан – оттан да ыстық
Достарыңызбен бөлісу: |