Сабақтың тақырыбы: Жай және күрделі заттар. Салыстырмалы атомдық масса. Салыстырмалы молекулалық масса.
Сабақтың мақсаты: Жай және күрделі заттарды ажырата білуге, заттың сандық және сапалық құрамын, салыстырмалы молекулалық массасын есептеуге үйрету. Химиялық қосылыс, химиялық қоспа ұғымдарын мысалдар арқылы айыра білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже: бағдарлама мен оқулық бойынша білім негізін меңгеру, химиялық білімін жоғарылату, тапсырмаларды орындау барысында логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз пікірін білдіруге, ойын дәлелдеуге үйрену, білім бағытын және мазмұнын жетілдіру арқылы қорытындысын көру.
Қолданылатын модульдер: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Жас ерекшеліктеріне қарай оқыту, диалогтік оқыту
Стратегиялық іс-әрекет: «топтық жұмыс», «жұптық жұмыс», «Венн диаграммасы», «семантикалық карта», «графикалық диктант», «синквейн», «еркін жазу», пән аралық байланыс.
Уақыт өлшемі
Сабақ этаптары
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеттері
Ресурстар
1 мин
Ұйымдастыру
Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу, түгендеу
Сәлемдеседі, жылы қабақты сезеді
2 мин
Сергіту
Волейбол ойынының шартын айтады
Допты бір-біріне лақтыру арқылы химиялық элементтердің, лабораториялық құрал-жабдықтардың, тұрмыста қолданылатын химиялық заттардың аттарын атайды
Доп
1 мин
Топқа бөлу
Оқушыларды металл, бейметалл, химиялық қосылыс формулалары жазылған қағазшалар арқылы шағын топтарға бөлу
Оқушылар химия ғылымының ертедегі және қазіргі кездегі маңызы туралы ойларын түйіндейді.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің, тайқазанның, алтын адамның суреттері.
10 мин
Топ-топ
Бағыт береді.
Оқушылыр қолдарындағы химиялық элементтерді, химиялық қосылыстарды формулалары бойынша оқиды, атайды. Топтар бір-біріне қолдарынғы қағаздар бойынша тапсырма береді.Тапсырманы топтасып орындайды