Пәні: Өзін-өзі тану
Сабақтың тақырыбы :Жаны саудың тәні сау
Мақсаты: « Денсаулық » ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.
Міндеттері: – денсаулықты сақтау, нығайту қажеттігі туралы түсініктерін кеңейту;
– денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру;
-денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: интер тақта, қағаз, бояулар,кеспе қағаздар.
Шаттық шеңбері Шарттық шеңбері:
Мұғалім оқушыларды шаттық шеңберін құруға шақырады:
-Балалар,табиғат-ана ешкімді талғамай,барлығына бірдей жақсылық жасайтынын өткен сабақта айтқан болатынбыз.Олай болса,біз де табиғат күніндей дөңгелене тұрып,күлімдеп,барша жанға жақсылық тілеп ,амандасайықшы.Оқушылар «Мен саған жақсылық тілеймін»деп, бір-бірімен қол алысып, амандасып шығады
-Міне,балалар,амандасу,бір-бірімізге жылы сөздр айту арқылы көңіл күйіміз көтерілді. Бұдан былай да, амандасу мен жақсы сөздердің адамның жанын сауықтырып , көңілін көтеретінін ұмытпаңдар.
-Балалар, «жақсы сөз жан сауықтырады» дейді дана халқымыз. Ал жанымыз сау болса, тәніміз сау болады. Біз де бір- бірімізге жақсы сөздер айтып, бір- бірімізді қуантайықшы.
Жанет,сен бүгін әдемісің!(-деп өзінің оң жағындағы балаға жылы сөз айтамын.Осылайша әр бала өзінің оң жағындағы балаға сөз арнап айтып шығады.)
-Балалар, бүгінгі сабағымыз – ерекше сабақ болмақ, өлеңдегідей сырласу сабағы десек те болады(Тақтаға «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деп іліп қоямын және осы Т. Қарлейльдің даналығын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіремін.)
-Балалар осы дәйексөзді сендер қалай түсінесіңдер? (
-Балалар, «Дені сау адам– табиғаттың ең қымбат жемісі» деген дені сау адамға тең келер ештеңе жоқ дегенді білдіреді. Оған қол жеткізу өзіміздің қолымызда. Ол үшін алдымен жан саулығына көңіл аударған жөн, ешкімді ренжітпей, ешкімге ауыр сөз айтпай, бәріне жақсылық тілеп, қуаныш, күлкі сыйлап, өзің туралы да, өзге туралы да, айналаң туралы тек қана жақсы ой ойлау керек.
.Сабақтың тақырыбы – « Жаны саудың тәні сау »
Денсаулық дегеніміз не?( дене саулығы,амандығы)
Ал дені сау адам қандай адам?(ауырмайды,күшті,мықты,ештеңе мазаламайды,қуатты,сау,шаршамайды,ренжімейді,шат,өмірге ырза т.б.)
Ендеше денсаулық құпияларын білу үшін саяхатқа шығамыз.
Саяхатқа шығып біз,
Жаңа білім алайық.
Ал, балалар, қайда тоқтадық?( орман )
Орманға неге келдік?Одан денсаулыққа ерекше керек не алуымыз мүмкін?Қалай ойлайсыңдар?…
Ендеше, денсаулық сақтаудың бірінші құпиясы – « таза ауа »
Ауа не үшін керек? ( тыныс алу үшін)
Ал бізге қандай ауа керек? (таза)
Таза ауа дегеніміз не?Ол көп болу үшін адам не істеуі керек?( балалардың жауабын тыңдау)
Дұрыс. Жасыл желек адамның тыныс алуына қажетті оттегін береді.Табиғат таза болса, ауа да таза болады.Сондықтан табиғатта көп жүру керек, сүю керек.Табиғатты сүю жанға тазалық береді.Жақсылап тыныстап, ары қарай жүреміз.
Ал, енді балалар,құлақтарыңа қандай дыбыс жетті?
Судың адам өмірінде маңызы қандай?
Су – біздің тәнімізге азық, тазалық, жанымызға тыныс, сұлулық береді.Су болмаса өсімдік өспейді, ал өсімдік өспесе, таза ауа болмайды.Таза судың болмауы біздің денсаулығымызға зиянын келтіреді.Табиғи суға шомылсаң, денең шынығады.
Ендеше денсаулықтың тағы бір құпиясы –« табиғи су »
Өзіммен– өзім
Балалар көздеріңді жұмып, су жағасында отырмыз деп ойлаңдар.Міне, сылдырай ағып жатқан таза су әуенімен су кереметіне малынып отырмыз.
Бәріміз де су айдынында қалықтап жүзіп барамыз.Бір – бірімізге су шашып, суға малтып, қойнымызға сыймай барады.Біздің осы қуанғанымыздан жан-жағымыздағы құстар да, гүлдер де көңілденіп кеткендей.Тап-таза салқын су шаршағанымызды басып,денемізді лезде сергітті, бойымызға ерекше күй, күш-қуат берді.Судың біз үшін қаншалықты пайдалы екенін түсінгендейміз.Осы жақсы ойымызбен бұрынғы қалпымызға келейік.Көздеріңді ашсаңдар да болады.
Су – табиғат байлығы,
Өзен- көлге барғайсың.
Кемі екі рет әр күні,
Суға түсіп алғайсың.
-Не үшін суға түсеміз? ( тазалық үшін)
Таза жүру, тазалық не үшін қажет?
Ендеше денсаулықтың тағы бір құпиясы – « тазалық »
Тазалық – тек денені таза ұстау ғана емес, жеміс-жидекті жуып жеу, киімді жуып кию, киімді таза ұстау,айналаңды таза ұстау, кірді кетіру, шаңды сүрту.
Тағы қандай денсаулықтың құпиясы бар?
Ендеше ол –« спорт » Өйткені ол денені шынықтырады, сергітеді, тәніңе сымбаттылық, жаныңа күш -қуат береді,аурудың алдын алады.Сендер қандай спорт үйірмесіне барасыңдар?
-Спортпен айналысқанда біз күш жұмсаймыз.Сол күшімізді қайта қалпына келтіру үшін бізге не керек?
Ал қалай тамақтану керек?
Дұрыс.Тиімді, дұрыс тамақтану керек. « Ас — адамның арқауы деп бекер айтылмаған, бойға сіңуі, тарқауы үшін
ереже сақтау керек. Уақытымен ішіп, ағзаға пайдалы тамақ жеп, зиянды тамаққа әуес болмау керек.
Тапсырма
Оқулықта сурет бойынша «Жеміс ағаштары жер-анаға қандай алғыс айтады деп ойлайсыңдар? Деген тапсырма ұсынылады.
Өзіммен-өзім
Оқушыларға денінің сау болуының қажеттілігін сезіндіру мақсатында өзіммен – өзім тәсілі ұйымдастырылады.
Мұғалімнің сөзі:
-Балалар,денелеріңді бос ұстап,еркін тыныстандар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Өздеріңді өсіп тұрған жеміспіз деп елестетіңдер. Біріміз – қып-қызыл болып піскен алма ,біріміз уылжып піскен өрік,келесіміз-тәттілігі тіл үйіретін шабдалы...Біздің еш жерімізге құрт түспеген,дақ тимеген.Ал біз еш жерімізге дақ тигізбей,аялап, баптап өсірген жер-анаға іштей алғыс айтудамыз.Бір-бірімізге қарап,еш жерімізден кемшілік көрмей,дәннен пайда болып түйін салғанда қандай болсақ,сол қалпында сақталғанымызға масаттанамыз.Осындай сезіммен көзімізді ашамыз.
Шығармашылық жұмыс
Жақсы тілектіңңңңң адамның денсаулығына әсерін түсіндіру мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады. «Жаның сұлу болсын!» тақырыбына шағын әңгіме жазуды ұсынады.
Мұғалім оны орындау жолдарын түсіндіреді:
Ал,балалар, осындай табиғаттың ең қымбат жемісіндей,дендерің сау,әдемі болып өсулеріңе мен сендерге арнап бір тілек жазайын: «Жаның сұлу болсын!» Мұғалім тақтаға осылайша бір тілекті өз қысқаша үлгі ретінде жазып,оқушыларға оқып береді.
-Балалар,міне ,алдарыңда бір-бір жемістің суреттері тұр .Бұл жемістерге әркім оң жағында қатар отырған сыныптасының атын,оған деген тілегін жазып,сыныптағы қатар отырған өзіне ұнаған жерге ілсін.Оқушылар тапсырманы орындайды.
-Ал,енді,әр бала өзінің аты жазылған жемісті алып,жазылған тілекті оқысын.Балалар тапсырманы орындайды.
Оқушылардың денсаулығына жақсы тілектердің әсерін білу мақсатында сұрақ қойылады.
Ал сыныптастарыңның сендерге жазған тілектері қалай әсер етті?
Мұғалім балалардың жауаптарын түйіндейді:
-Иә,балалар , өздеріңнің жазған тілектеріңе достарыңның қуанып,көңілді болғанын көрдіндер.Міне,жаны сұлу адамдар сендер сияқты жақсы ой ойлап,жақсы тілектер тілеп жүреді.
Жаңа ақпарат
Жаңа ақпарат нақтылы тұжырымдама жасау үшін беріледі.
Денсаулық дегеніміз адам организмінің жан-жақты дамуы дұрыс жүзеге асыра білу.
Адамның дене шынықтыру ,үнемі денені таза ұстауы,қуанышты болуы да денсаулықты сақтауға көмектеседі.
- Ендеше, денсаулықтың тағы бір маңызды құпиясы – дұрыс тамақтану.
Балалар, дұрыс тамақтанбаудың өзі денсаулыққа зиянды әрекет. Ал адам зиянды әрекетті өз қолымен жасайды. Сондықтан пайдалы әрекеттер жасап,
зиянды әрекеттер жасаудан бойымызды аулақ ұстауымыз керек.
Ойын – жаттығу: « Пайдалы – зиянды »
Қазір бірнеше жағдаят айтамын, денсаулыққа пайдалы болса, шапалақтаймыз, зиянды болса,аяғымызды жерге ұрып, бойға алмайтындығымызды көрсетеміз.
- Бала жаттығулар жасаса;
- Бала ағашқа өрмелесе;
- Бала ауыр заттарды көтерсе;
- Бала басқа баланы итеріп жіберсе;
- Бала сіріңкемен ойнаса;
- Бала терезені сындыратын болса;
- Бала қолын жуса;
- Бала күнге қыздырынса;
- Бала мұз балмұздақты көп жесе;
- Бала балаларға қарай жөтелсе;
- Бала тамақ үстінде күлсе;
- Бала табиғи суға шомылса;
- Рахмет. Сонымен денсаулықтың тағы бір құпиясы- зиянды әрекеттерді
жасамау, пайдалы әрекеттер жасау.
Дәйексөз
- Балалар, сабағымыздың дәйек сөзі « Жаны саудың – тәні сау. » Осыны
қалай түсінесіңдер?
- Дұрыс. Адамның ішкі ойы таза болса, дені сау болады. Барлық уақытта жақсы ойласаң, жақсылық тілесең, өзінді әрқашан жақсы сезінесің. Сондықтан адам тәнінің, денесінің амандығы үшін емес, жанының сау болуы үшін де әрекет жасауы керек.
Ендеше келесі құпия – « жан сұлулығы » деп аталады.
Шығармашылық тапсырма: -Балалар, осы суреттерге қарап шағын әңгімені құрастырамыз.
1)Өздеріңді табиғаттағы неге теңейсіндер, ұқсатасындар суретін салып, бояймыз.
2)Жариялап, суретін көрсетіп таныстырады.
Ал енді балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.
-Жарайсыңдар!
-Балалар қазір мен сендерге Р.Әбілқадырованың «Қандай тілек жақсы?» деп аталатын әңгіменің аудиосын қоямын, ал сендер оны мұқият тыңдап отырыңдар.
«Қандай тілек жақсы?»
Сол күні Амантайдың апасының қас-қабағы келесіңкіремей отырады.
-Балам, бүгін мазам кетіп, шаршаңқырап келгенім. Шайды өзің қамдап қоямысың? Күн де қапырақ болды ғой. Мен аздап жантайып алайын.
Амантай зыр жүгіріп , шай әзірлеп , апасының бетіне де жалтақ – жалтақ қарап қояды. Бүгін олар күндегіден ертерек жатты. Амантай апасының әр қозғалысына , тыныстағанына құлағын түріп, елеңдей берді. Кей – кейде жүрегі жиі – жиі соға жөнеледі. Өстіп жатып ұйықтап кетіпті. Жарқ – жұрқ найзағай жарқылдап, күннің күркірегенінен оянып кетті. Апасы әлі ұйықтамапты, күбір –күбір сөйлеп жатыр, Амантай тағы тың тыңдап қояды.
«Жасаған ием , құлындарым ер жеткенше қуат бере гөр. Жарымжан көңілдерінің жұбанышын көпсінбе, жасаған. Қос құлынымды кім мүсіркеп, кім маңдайларынан сипар екен дегізіп, көздерін жәутеңдете көрме!» деп апасы терең күрсініп, аунап жатты. Амантайдың бетін ағыл – тегіл жас жуып , үнсіз егілді. Өткендегі жаман ойы көңіліне оралып, бүкіл денесі дір ете түсті. Жүрегі қайта қайта дүрс-дүрс соғып, зәресі ұшты. Әрине бір жолы Ерболат Жанұзақ ағайды «әкелеп» жүргенінде , мұның іші- әлем – жәлем қызғанышқа толып, көңіліне күпіршілік келген. Сол есіне түсіп, мазасызданып кетті.
-Апа, бір жеріңіз ауырып жатыр ма? – деді ақыры шыдамы таусылып.
-Құлыным-ау, ояумысың? – Анасының дауысы бір түрлі қарлығыңқы шықты.
-Еш жерім ауырып жатқан жоқ, балам. Жас ұлғайған сайын ыңқыл – сыңқылдың көбейтіні рас екен. Әрине, бұл да табиғаттың заңы.
-Апа, біреуге жаман тілек ойлаған жақсы емес,ә?
-Әрине, балам. Досың түгілі, қасыңа да жаман тілек тілеуге болмайды.
-Апа, енді сол қызғанып барып, ойлаған жаман тілекті қалай қайтарып алуға болады?
Амантайдың апасы біраз уақыт үнсіз қалды.
-Балам, түн ұйқыңды төрт бөліп, ағаттығыңа өкініп жатқаныңның өзі сол адамға ақ ниетіңді арнағаның. Қызғаншақтық жақсы қасиет емес, ол адамды жаман іске жетелеп, жаныңды жаралап, тас жүрек етеді. Осыны ұмытпа, балам.
Амантай шаншу тигендейбүкіл ішкі дүниесі тынышын алып, әлек – шәлегі шығып жатып, ұйықтап кетті.
-Балалар, әнгіме кім туралы болды?(Амантай және оның апасы туралы)
-Неліктен жаман тілек тілеуге болмайды деп ойлайсыңдар? (өйткені жаман тілек жаныңды жаралап, тас жүрек етеді)
-Сендер Амантайдың орнында болсаңдар, қандай тілек тілер едіңдер?
-Дұрыс айтасыңдар, балалар, Амантайдың апасының тілегі өте жақсы тілек. Өйткені апасы өз балаларына жақсы өмір, амандық тіледі. Жақсы тілек адамды жақсылыққа жетелейді, денін сау етеді. Жаман ой адамды жаман жолға итермелейді, одан жаның да, тәнің де ауырады. Сондықтан таңертең тұрғаннан жақсы тілектермен ояну керек.
-Балалар, мен қазір сендерге ойлануға арналған жаттығуларды оқимын, ал сендер оны мұқият тыңдап, жауаптарың айтасыңдар.
1) Сыныпқа келген Айгүл апай өзінің сырқатанып, көңіл күйі болмай отырғанын айтты.
-Мұғалімнің сырқатынан айығуына қалай көмектесер едіңдер?
(Шуламай отырып, сабаққа жақсы қатысып, апайға жақсы, жылы сөздерді айтар едік)
2) Әсеттің анасы ауыр жұмыстан көңіл күйін болмай, ауырып оралды. Бірақ үйге енгеннен балаларының іс- әрекетті аналарының ауырғанын да ұмыттырып жіберді.
-Балалары қандай іс-әрекеттер жасады деп ойлайсыңдар?
(Балалар онымен ойнап оған көңіл күйді көтерді)
3) Алматтың денсаулығы өзің көп мазалайтын. Ол бір ай бойы лагерьде демалып үйіне сауығып, ауруын ұмытып оралды.
-Алматтың айығуына ненің, кімдердің көмегі болды деп ойлайсыңдар? (Лагерьде көп сауықтыру жаттығулар, дұрыс тамақ, таза ауаның әсерінен денсаулық жақсартты.)
-Жарайсыңдар!
- Балалар, жаны сұлу адамды жақсылық кені дейді, ол жақсы іс, әрекет жасап, жақсы сөз сөйлейді.Денсаулықтың келесі құпиясы – жақсы сөз.
- Жақсы сөз естіген адамның көңілі қандай болады?
Ендеше келесі құпия – көтеріңкі көңіл күй.
- Көңілің көтеріңкі болса, қалай жүресің?
Қорытынды:
- Ендеше, балалар бүгін не туралы білдік?
- Денсаулық құпиялары не екен?
Осылардың бәрін орындасаң, жанымызда, тәнімізді де сау болады.Егер жаның мен тәнің сау болса,адам бақытты болады. Мен сендерге ризамын.
Жүректен – жүрекке
Апайларға, кластастарыңа жақсы тілектерді сыйға тартайық.
-Деніңіз сау болсын!
-Күн сізбен бірге болсын!
-Жаныңыз сұлу болсын!
-Таза су сізге күш қуат берсін!
-Спорт досыңыз болсын! т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: |