|
Сабақтың тақырыбы : Жазықтықтағы түзулер және олардың орналасуы Сабақтың мақсаты
|
Дата | 25.08.2017 | өлшемі | 9,01 Kb. | | #26843 | түрі | Сабақ |
| - Математика пәнінің мұғалімі:
- Атабек Фатима Төрегелдіқызы
Сабақтың тақырыбы : Жазықтықтағы түзулер және олардың орналасуы - Сабақтың мақсаты :
- Білімділік : Оқушыларды жазықтықтағы түзулердің түрлерімен таныстыру , оларды дұрыс сыза білуге үйрету , есеп шығару дағдыларын арттыру .
- Дамытушылық : Оқушылардың шығармашылық ізденісін , тапқырлығын , зеректігін , ойлауға икемділігін дамытуға ықпал ету .
- Тәрбиелік : Оқушыларды алғырлыққа , шапшаңдыққа
- тапқырлыққа тәрбиелеу .
-
- Сабақтың түрі : Сайыс сабақ
- Әдісі : Топ бойынша жұмыс
- Көрнекілігі : Интерактивтік тақта
- Сабақтың жоспары:
- 1. Кіріспе сөз .(мұғалім)
- 2. “Кім жүйрік”. (10 сұрақ)
- 3. “Бәйге” (деңгейлік есептер)
- 4. Венн диаграммасын құру.
- 5. “Кестені толтыр”
- 6. “Тіл өнер”
- 7. Сөзжұмбақ “Түзулер”
- 8. Қорытынды. Үйге тапсырма.
«Кім жүйрік» - 1.Түзу дегеніміз не ?
- 2.Қандай түзулер қиылысушы түзулер деп аталады ?
- 3.Қандай бұрыштар вертикаль бұрыштар деп аталады ?
- 4.Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады ?
- 5.Нүктеден түзуге дейінгі қашықтық неге тең ?
- 6.Перпендикуляр түзулер жазықтықты қандай бұрыштарға бөледі ?
- 7.Түзуде жатпайтын нүкте арқылы берілген түзуге неше перпендикуляр түзу жүргізуге болады ?
- 8.Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?
- 9.Түзуде жатпайтын нүкте арқылы берілген түзуге неше параллель түзу жүргізуге болады ?
- 10.Бір түзуге перпендикуляр екі түзу қиылыса ма?
«Бәйге» - 1 – деңгей есептері .
- №1
- Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың
- біреуі екіншісінен 30 º-қа артық .Бұрыштарды табыңдар.
-
- №2
- Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың
- біреуі екіншісінен 4 есе үлкен .Бұрыштарды табыңдар .
-
-
2 – деңгей есептері - №3
- Екі түзудің қиылысуынан пайда болған екі бұрыштың қосындысы 140º . Қалған бұрыштардың градустық өлшемдерін табыңдар .
- №4
- Вертикаль бұрыштардың біреуі екіншісінің 50 %-не
- тең .Бұрыштарды табыңдар .
-
- №5
- Үш түзу бір нүктеде қиылысады .Тең емес бұрыштардың қатынасы 5:3:2 қатынасындай .
- Осы бұрыштарды табыңдар .
-
-
ВЕНН диаграммасын құру - Қиылысатын Перпендикуляр
- түзулер түзулер
Кестені толтыр. Тіл өнер - 1-жұмбақ.
- Алды , артымыз шексіз де, жете алмайсың біздерге
- Сәуле мен кесінді, шыққан тегін білсе егер.
- 2-жұмбақ.
- Нәрселерді санағанда,керек бізге ауадай.
- Айтыңдаршы бұл қандай сан, жан-жағыңа
- қарамай.
- 3-жұмбақ. Бірдей санды бірнеше рет,көбейтуден тұрады
- Егер оны ықшамдасаң, қандай атау болады?
СӨЗЖҰМБАҚ - 1. 300 гр салмақ өлшемінің
- қазақша атауы .
- 2.Тең бөліктер қалай аталады
- 3. Толық бұрыштың жартысы
- қалай аталады ?
- 4.Барлық өлшемдері тең
- тікбұрышты параллелепипед
- қалай аталады ?
- 5.а саны қалдықсыз бөлінетін сан
- 6.Минуттың 1/60 бөлігі
- 7.(а;в) сан аралығының атауы
Сабақты қорытындылау . - Әр топтың басшылары өз топтарындағы оқушыларды бағалап , қорытындысын шығарады .
- Топтағы оқушылардың қандай баға алғанын айтып береді .
- Үйге тапсырма
- С тобы №845 , 846
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|