Көрнекілігі: компьютер, тапсырма жазылған бетшелер
Құрал-жабдықтар: оқулық, дәптер, дербес компьютер, Windows операциялық жүйесі,
Пәнаралық байланыс: орыс - ағылшын тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру сәті:
А) Оқушылармен амандасу, түгендеу
Б) Сабаққа әзірліктерін бақылау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Ақпарат сөзі не мағына береді?
Ақпаратты қорғаудың қандай түрлерін білесіңдер?
Хабардың ақпараттық көлемі дегеніміз не? – Хабардың ақпараттық көлемі деп хабардың ұзындығын, яғни хабарды жазу үшін пайдаланылған символдар санын айтады.
Ақпарат құндылығы жайлы не білеміз? – Ақпараттың құндылығы оның міндеттерді шешу үшін қаншалықты маңызды екендігіне, сондай-ақ алдағы уақытта адам қызметінде қаншалықты қолданылатындығына байланысты болып келеді.
Ақпаратты кодтау дегенді қалай түсінеміз? – Қандай да бір тілдің көмегімен ақпаратты ұсынуды кодтау деп атайды.
ІІІ. Ой қозғау.
ДК қашан пайда болды?
ДК-дің вируспен зақымдану белгілерін ата
Вирус деген не? Вирустар қалай тарайды?
Вирус компьютерге қалай түседі?
Егер компьютер вируспен зақымданса, не істеу керек?
Антивирустық программа дегеніміз не? Ол неге қарсы арналған?
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Компьютерлік вирус – «көбейтілуге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті, әдетте өлшемі шағын (200-ден 5000 байтқа дейін) арнайы компьютерлік программа.
Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз, «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файлмен бірге түсуі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады.
Вирустар қайдан пайда болды? Оларды білікті қаскөй мамандар басқа бәсекелес фирмаларға зиян келтіру үшін қызғаныш, зиянкестік, мансапқұмарлық оймен немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу үшін жазады.
Компьютерлік вирустармен күресу үшін, оларды зерттейтін және антивирустық (вирусқа қарсы) программалар жазатын мамандар бар. Ресейдегі атақты программистер: Д.Лозинский, Д.Мостовой, И.А.Данилов, Н.Безруков және т.б.
Жаңа вирустық прогр-ң саны үнемі көбейіп және түрлері өзгеріп отырады. Сондықтан компьютер пайдаланушы вирустар табиғатын, вирус-ң жұғу әдісін және олардын қорғануды білуі керек.
Қазіргі кезде 50 мыңнан астам вирус белгілі. Олар шартты түрде келесі белгілері бойынша кластарға бөлінеді.
Мекендеу ортасы бойынша:
Желілік, компьютерлік желі арқылы тарайтын.
Файлдық, орындалатын файлға кіретін;
Жүктейтін, қатқыл дискінің немесе дискеттің жүктейтін секторына кіретін.
Зақымдау әдісі бойынша:
Резиденттік, ДК жадына жүктелетін;
Резиденттік емес, Дк жадын зақымдамайды және активті қалпында ұзақ уақыт сақталмайды.
Мүмкіндіктері бойынша:
-зиянсыз , қауіпсіз, қауіпті, өте қауіпті
Компьютердің вируспен зақымданғанын дер кезінде анықтау үшін вирустардың пайда болуының келесі негізгі белгілерін білу қажет:
Ойдағыдай жұмыс істеп тұрған программалардың жұмысын тоқтатуы немесе жұмыс істемеуі;
Компьютердің баяу жұмыс істеуі;
Файлдар мен қапшықтардың жоғалуы немесе олардың ішіндегілердің бұрмалануы;
Файлдардың өлшемдерінің өзгеруі;
Дискідегі файлдар санының көбеюі;
Бос жедел жад өлшемінің кішіреюі;
Компьютер жұмысындағы жиі тұрып қалулар мен жаңылысулар.
Компьютер вируспен зақымданғанда келесі операцияларды орындау керек:
Вирус өзінің бүлдіретін функцияларын орындауын жалғастырмауы үшін компьютерді өшіру керек.
Антивирустық программа орнатып, оларды іске қосу керек.
Барлық файлдарды кері көшіру және архивтік көшірмелерді пайдалану арқылы қалпына келтіру керек.
Антивирустық құралдар
Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустық (вирусқа қарсы) программалар деп аталады. Вирусқа қарсы программалар – ақпаратты қорғау құралдарының бірі. Заманауи вирусқа қарсы программалар 100 мыңдаған вирустарды іздеп таба алады, бірақ ешқайсысы 100% қорғауды қамтамасыз етпейді. Үйдегі тұтынушылар үшін Microsoft компаниясы зақым әкелетін программалар мен вирустардан тиімді қорғану үшін – Microsoft Security Essentials программасын ұсынады.
Вирустан қорғану дегеніміз – тек вирусқа қарсы жақсы программа емес, сонымен бірге тұтынушының желідегі және өз компьютері алдындағы сауатты іс-әрекеті.
V. Сабақты бекіту.
Үйлеріңде компьютер вируспен зақымданды ма?оны қалай анықтадыңдар?
Компьютер қалай зақымдануы мүмкін?
Зақымдану белгілері пайда болғанда не істеу керек?
Компьютерлеріңде вирусқа қарсы қандай программа орнатылған?
Вирус қалай тарайды?
VI. Сабақты қорытындылау.
Ақпараттық диктант
2004 жылы Германия оқушысы Sasser вирусын жазып шығып, іске қосты. Ол француздардың жаңалық агенттіктерінің жерсерік байланысын істен шығарып, Delta компаниясының бірнеше әуе рейсін ұшырмай қойған. Мұндай сән-салтанатты сыйлықты жасөспірім өзінің 18 жасқа толған мерейтойына жасаған.
Тарихтағы ең бірінші интернет вирус 1988 жылы пайда болды. Morris вирусы мыңдаған компьютерлерді зақымдады және шындығында ғаламтордың жұмысын бір күн бойына тоқтатып қойды.
Ең кең жарнамаланған вирус – ол CIH («Чих» немесе «Чернобыль»). Ол Тайваньнан 1998 жылғы маусым айында келген. «Чернобыль» файлдарды зақымдап, жедел жад арқылы көбейген және таралған. Ол BIOS микросызбаларын қайтадан жазып шықты және компьютерлерді істен шығарды.
V үлгісіндегі Sober вирусы ең қызықтырғыш және ең алдамшы вирус болып табылады. 2006 жылы Германияда өткен дүниежүзілік футбол додасына тегін билет алуға дәмелендіріп, зақымдаудың едәуір деңгейіне қол жеткізді. Абырой болғанда тұтынушылардың басым бөлігі сақтық танытқандықтан, вирус құрушы эпидемия тарата алмады.
Ең дөрекі вирус мәртебесіне еш күмәнсіз Cisum.A ие бола алды. Бұл вирус, зақымданған компьютерлердегі вирустан қорғану жүйелерін істен шығарып, тұтынушыға : «Сен ақымақсың» деген хабарлама жіберетін болған. Ол экрандағы кішкене терезеде көрініп қана қоймай, әрбі 5 секунд сайын компьютердің колонкаларынан дыбысталып отырған.
Ең сезімсіз вирус – ол Zar A.ол тұтынушыларды зақым әкелетін коды бар файлды ашуға мәжбүр ету үшін Азиядағы цунами нәтижесінде жәбір шеккендерге қайырымдылық көрсету тақырыбын пайдаланды.
Ең тез тарайтын вирус – ол әйгілі «Мелисса». Онымен бір күн ішінде, 1999 жылы 26 наурызда, бүкіл дүние жүзі бойынша 100 мың компьютер зақымданды. Бұл сол кездегі әлемдегі іскерлік компьютерлердің 20%-ын құрады. Melissa-ның электрондық пошта арқылы жылдам тарағаны соншалық, тіпті көптеген ірі корпороциялар, Intel және Microsoft компаниялары ішкі пошталарының жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.
VIII. Үйге тапсырма беру
Өз беттеріңмен интернеттен вирусқа қатысты мәліметтер жинақтап, реферат жазып келу.
Класы: 11 «Б», 11 «В» Күні: 8.10.2014
Бағыты: Жаратылыстану-математикалық
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды программа туралы түсінік беру, жүйелік программалардың негізімен таныстыру.
А) білімділік – оқушыларға компьютердің программалық жабдықтамаларының маңызын ұғындыру.
Б) дамытушылық – жеке тұлғаны дамыту, оқу материалынң ең бастысын, мазмұнын ажырату, техника жетістіктерін пайдалана білуге үйрету.
В) тәрбиелік – оқушыларды компьютермен тиімді, ұқыпты, сауатты түрде жұмыс жасауға үйрету.
Сабақтың түрі: лекция
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілі: түсіндірмелі, көрсете түсіндіру
Көрнекілігі: карточкалар, қосымша мәліметтер
Құрал-жабдықтар: дербес компьютер, дәптер т.б.
Пәнаралық байланыс: орыс және ағылшын тілдері
І. Ұйымдастыру сәті:
А) Оқушылармен амандасу, түгендеу
Б) Сабаққа әзірліктерін бақылау
В) Сабақтың мақсатын таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Компьютердің программалық жабдықтамасына не жатады?- Компьютердің программалық жабдықтамалары жүйелік программалар, қолданбалы программалар және программалау жүйелерінен тұрады.
Қолданбалы программалардың тағайындалуы. Олар қалай жіктеледі? - Қолданбалы программалық жабдықтама мәліметтерді өңдеудің нақты есептерін шешуге арналған. Олардың көмегімен құжаттар мен графикалық объектілерді құруға, есептеулер жүргізуге, бос уақытты дұрыс ұйымдастыруға болады.
Программалау жүйесі не үшін қажет?- Программалау жүйелері программалау тілдері мен арнайы программаларды құрайды. Олардың көмегімен құрылған программалар компьютердің жадына енгізіледі, ретке келтіріліп, тексеріледі және орындалады.
Программалау тілдерін ата? – Паскаль, бейсик, Си, Фортран, Ассемблер. т.б.
ІІІ. Ой қозғау.
Windows XP деген не?
Жұмыс үстелі туралы не білеміз? Мысал келтір.
ОЖ туралы не айта аламыз?
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
ОЖ- компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын және программалық жасауының жұмысын басқару үшін қажет.
ОЖ-бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.
ОЖ пайдаланушымен диалог жасай алады, орындалатын басқа программаларды іске қосады, компьютердің ресурстарын (жедел жадты, дискідегі орынды және т.б.) бөледі.
Дербес компьютерді, демек, олардың операциялық жүйесін дүие жүзінде жүздеген миллион адам қолданады.
ОЖ-лер компьютерге арналған параметрлері бойынша ерекшеленеді.
Бірміндетті және көп міндетті қатар атқаратын;
Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын.
Бірміндетті ОЖ-лер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануына, яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.
Көпміндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде біз Windows XP операциялық жүйесінде жұмыс жасаймыз.
Ол көпміндетті және олардың көптерезелі графикалық интерфейсі бар.
Ол тұйық жұмыс ортасы болып табылады. Бұл ОЖ деңгейінде кез келген операцияны Windows-тан шықпай-ақ орындауға болады.
Windows графикалық жүйе болып табылады. Пайдаланушы командаларды мәтіндік жолдар түрінде пернетақтадан енгізудің қажеті жоқ. Тек маусты пайд-п экраннан қажет командаға шертіп сәйкес батырманы шертіп қажетті операцияны таңдау керек.
UNIX – бұл командалық интерфейсі бар көпміндетті, бірнеше адам пайдаланатын ОЖ.
Windows-ты баптау
Бас меню мен Міндеттер панелінен басқа Windows –тың барлық баптауы дерлік Басқару панелі д.а. жүйелік қапшық арқылы орындалады. Қапшықты ашу үшін Пуск-Настройка-Панель управления орындау керек.
Күнді және уақытты баптау;
Оқиғаларға дыбыс тағайындау,
Жұмыс үстелі рееңінің өрнегін баптау;
Заставка (қыстырмалар);
Рәсімдеу схемаларын баптау;
Маус жүрісін баптау;
V. Сергіту сәті.
Қазақ-орыс-ағылшын тіліндегі шеберлігін анықтау, сөздіктерді табу
Ақпарат
|
Информация
|
Information
|
Терезе
|
Окно
|
Windows
|
Тышқан
|
Мышка
|
Mouse
|
Бос орын
|
Пробел
|
Proble
|
Сақтау
|
Сохранить
|
Save
|
Ашу
|
Открыть
|
Open
|
Баспаға беру
|
Печать
|
Print
|
Менің компьютерім
|
Мой компьютер
|
My computer
|
VII. Сабақты бекіту.
Компьютерде Windows баптауларын орындау арқылы бекітіледі.
VII. Сабақты қорытындылау.
ОЖ дегеніміз?
Ол не үшін қажет
Қандай ОЖ лерді білеміз?
VIII. Үйге тапсырма беру
Өз ДК-де Windows –тың баптауларын орындап көру.
Интернеттен ОЖ тақырыбына реферат дайындау.
Тест тапсырмаларын дайындау
Класы: 11 «А» Бағыты: Қоғамдық-гуманитарлық Күні: 9.09.2015
Сабақтың тақырыбы: Ақпарат және ақпараттық үдерістер. Компьютерлік құқықбұзушылық түрлері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты қорғау, қауіпсіздік саясатының негізгі эелементтерін таныстыру. Қорғаныш тәсілдерін, мақсатын, қорғаныш жүйесінің міндеттері туралы мағлұмат беру.
А) білімділік – оқушыларға ақпараттық қауіпсіздік маңызын ұғындыру.
Б) дамытушылық – жеке тұлғаны дамыту, оқу материалынң ең бастысын, мазмұнын ажырату, техника жетістіктерін пайдалан білуге үйрету.
В) тәрбиелік – оқушыларды компьютермен тиімді, ұқыпты, сауатты түрде жұмыс жасауға үйрету.
Сабақтың түрі: лекция
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілі: түсіндірмелі, көрсете түсіндіру
Көрнекілігі: карточкалар, қосымша мәліметтер
Құрал-жабдықтар: дербес компьютер, дәптер т.б.
Пәнаралық байланыс: орыс және ағылшын тілдері
І. Ұйымдастыру сәті:
А) Оқушылармен амандасу, түгендеу
Б) Сабаққа әзірліктерін бақылау
В) Сабақтың мақсатын таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Компьютердің программалық жабдықтамасына не жатады?
Қолданбалы программалардың тағайындалуы. Олар қалай жіктеледі?
Программалау жүйесі не үшін қажет?
Программалау тілдерін ата?
ІІІ. Ой қозғау.
Ақпарат сөзі не мағына береді?
Ақпарат көздерін ата
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Ақпараттық қауіпсіздік – мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай күйі.
Ақпаратты қорғау – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізушілік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді.
Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады: қол жеткізерлік (оңтайлық), тұтастық және жасырындылық.
Қол жетерлік (оңтайлық)- саналы уақыт ішінде керекті ақпараттық қызмет алуға болатын мүмкіндік.
Тұтастық – ақпараттың бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғанылуы.
Жасырындылық – заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау.
Объектінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жұмыстар бірнеше кезеңге бөлінеді: даярлық кезеңі, ақпараттық қорларды түгендеу, қатерді талдау, қорғаныш жоспарын жүзеге асыру.
Ақпарат қауіпсіздігінің жоғарғы дәрежесіне қол жеткізу тек тиісті ұйымдастыру шараларын қолдану негізінде ғана мүмкін болады. Ұйымдастырушылық шаралар кешенінің құрамына ақпараттық қауіпсіздік қызметін құру, жасақтау және оның іс-әрекеттерін қолдау, сондай-ақ, қорғаныш жүйесін құруға және оның жұмысын сүйемелдеуге арналған бірқатар ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-техникалық шаралар кіреді.
Қауіпсіздік саясаты мынадай элементтерден тұрады: қатынас құруды ерікті басқару, объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі және қатынас құруды мәжбүрлі басқару.
Операциялық жүйелердің және дерекқор басқару жүйелерінің көпшілігі осы ерікті басқаруды жүзеге асырады. Оның негізгі жағымды жағы – икемділігі, ал негізгі кемшіліктері – басқарудың бытыраңқылығы және орталықтандырылған тексерудің күрделілігі, сондай-ақ, қатынас құру құқығының деректерден бөлек қарастырылуы. (қаскүнемдер осыны пайдалана отырып құпияя ақпараттарды жалпы қол жеткізерлік файлдарға көшіріп алуы мүмкін).
Қорғаныштың мақсаты – қатынас құруға рұқсат етілмеген арналарды ақпараттың түрін өзгертуге, ақпаратты жоғалтуға және сыртқа келтіруге бағытталған әсерлерден сенімді түрде сақтауды қамтамасыз ететін өзара байланысты бөгеттердің бірыңғай жүйесін құру. Жүйе жұмысын қалыпты режимде көзделмеген осындай оқиғалардың біреуінің пайда болуы рұқсат етілмеген қатынас құру деп саналады.
V. Сергіту сәті.
Қазақ-орыс-ағылшын тіліндегі шеберлігін анықтау, сөздіктерді табу
Ақпарат
|
Информация
|
Information
|
Терезе
|
Окно
|
Windows
|
Тышқан
|
Мышка
|
Mouse
|
Бос орын
|
Пробел
|
Proble
|
Сақтау
|
Сохранить
|
Save
|
Ашу
|
Открыть
|
Open
|
Баспаға беру
|
Печать
|
Print
|
Менің компьютерім
|
Мой компьютер
|
My computer
|
VI. Сабақты бекіту.
Хабардың ақпараттық көлемі дегеніміз не? – Хабардың ақпараттық көлемі деп хабардың ұзындығын, яғни хабарды жазу үшін пайдаланылған символдар санын айтады.
Ақпарат құндылығы жайлы не білеміз? – Ақпараттың құндылығы оның міндеттерді шешу үшін қаншалықты маңызды екендігіне, сондай-ақ алдағы уақытта адам қызметінде қаншалықты қолданылатындығына байланысты болып келеді.
Ақпаратты кодтау дегенді қалай түсінеміз? – Қандай да бір тілдің көмегімен ақпаратты ұсынуды кодтау деп атайды.
VII. Сабақты қорытындылау.
Қорғаныш жүйесінің міндеттерімен таныс болайық:
Жасырын және өте жасырын ақпараттарды онымен рұқсатсыз танысудан және оның көшірмесін жасап алудан қорғау.
Деректер мен программаларды рұқсат етілмеген кездейсоқ немесе әдейі өзгертуден қорғау.
Деректер мен программалардың бұзылуының салдарынан болатын шығынның көлемін азайту.
Есептеу техника құралдарының көмегімен орындалатын қаражаттық қылмыстардың алдын-алу және т.б.
Ақпаратты қорғау жүйесі – деп белгіленген қорғаныш мәселерін шешу үшін онда көзделетін барлық құралдар, әдістер және шаралардың ұйымдастырылған жиынтығын айтады.
VIII. Үйге тапсырма беру
Ақпараттық қауіпсіздікті операциялық жүйелер құралдары: файлдарды қорғаумен, компьютерлерді қорғаумен жабдықтау тақырыбы бойынша интернеттен мәлімет жинақтау.
Информатика пәніне байланысты термин сөздерді жинақтап сөздік құрастыру.
Класы: 11 «Б», 11 «В» Күні: 1.10.2014
Бағыты: Жаратылыстану-математикалық
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заман бағдарламалық қамтамасыз етуге шолу. Программалық қамтамасыз етуді орнату және жою.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды программа туралы түсінік беру, жүйелік программалардың негізімен таныстыру.
А) білімділік – оқушыларға компьютердің программалық жабдықтамаларының маңызын ұғындыру.
Б) дамытушылық – жеке тұлғаны дамыту, оқу материалынң ең бастысын, мазмұнын ажырату, техника жетістіктерін пайдалана білуге үйрету.
В) тәрбиелік – оқушыларды компьютермен тиімді, ұқыпты, сауатты түрде жұмыс жасауға үйрету.
Сабақтың түрі: лекция
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілі: түсіндірмелі, көрсете түсіндіру
Көрнекілігі: карточкалар, қосымша мәліметтер
Құрал-жабдықтар: дербес компьютер, дәптер т.б.
Пәнаралық байланыс: орыс және ағылшын тілдері
І. Ұйымдастыру сәті:
А) Оқушылармен амандасу, түгендеу
Б) Сабаққа әзірліктерін бақылау
В) Сабақтың мақсатын таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Ақпарат сөзі не мағына береді?
Ақпарат көздерін ата
Хабардың ақпараттық көлемі дегеніміз не?
Ақпаратты кодтау дегенді қалай түсінеміз?
Ақпарат құндылығы жайлы не білеміз?
ІІІ. Ой қозғау.
Программа деген не?
Қандай программаларды білеміз?
Программалық тілдерді ата
IV. Жаңа тақырыпты түүсіндіру.
Программа – магниттік мәлімет сақтауышта (дискіде) файл түрінде жазылып, сақталып, жұмыс істеуші адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп орындалатын машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген есептер бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс істейтін программалар жиыны арқылы шығарылады.
Компьютердің программалық жабдықтамалары жүйелік программалар, қолданбалы программалар және программалау жүйелерінен тұрады.
Жүйелік программалардың ішіндегі ең негізгісі операциялық жүйе (ОЖ) болып табылады.
Қолданбалы программалық жабдықтама мәліметтерді өңдеудің нақты есептерін шешуге арналған. Олардың көмегімен құжаттар мен графикалық объектілерді құруға, есептеулер жүргізуге, бос уақытты дұрыс ұйымдастыруға болады.
Қолданбалы программалар арнайы және әмбебап деп екіге бөлінеді.
Арнайы программаларға, бухгалтерлер (бухгалтерлік прог-р), жобалаушылар (автоматтандырылған жобалау жүйелері), дәрігерлер (медицина бойынша эксперттік жүйелер және т.б.)сияқты бір саланың мамандары пайдаланатын программалар тобы жатады.
Әмбебап программаларға мәтіндік және графикалық редакторлар, электрондық кестелер, электрондық пошта программалары, яғни пайдаланушылардың үлкен тобы қажет ететін программалар жатады.
Сонымен бірге бір-бірімен өзара байланысқан бірнеше қолданбалы программаларды біріктіретін, интегралданған пакет программалар бар. Мысалы, мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер қорын басқару жүйесі.
Операциялық жүйе дербес компьютерді бағдарламалық жабдықтау негізін құрайды.
Драйверлер – операциялық жүйелердің сыртқы құрылғыларымен (принтер, CD-ROM дискілер, клавиатура, тышқан және т.б.) қарым-қатынасын қамтамасыз етуші бағдарламалар.
V. Сергіту сәті.
Қазақ-орыс-ағылшын тіліндегі шеберлігін анықтау, сөздіктерді табу
Ақпарат
|
Информация
|
Information
|
Терезе
|
Окно
|
Windows
|
Тышқан
|
Мышка
|
Mouse
|
Бос орын
|
Пробел
|
Proble
|
Сақтау
|
Сохранить
|
Save
|
Ашу
|
Открыть
|
Open
|
Баспаға беру
|
Печать
|
Print
|
Менің компьютерім
|
Мой компьютер
|
My computer
|
VII. Сабақты бекіту.
Компьютердің программалық жабдықтамасына не жатады?- Компьютердің программалық жабдықтамалары жүйелік программалар, қолданбалы программалар және программалау жүйелерінен тұрады.
Қолданбалы программалардың тағайындалуы. Олар қалай жіктеледі? - Қолданбалы программалық жабдықтама мәліметтерді өңдеудің нақты есептерін шешуге арналған. Олардың көмегімен құжаттар мен графикалық объектілерді құруға, есептеулер жүргізуге, бос уақытты дұрыс ұйымдастыруға болады.
Программалау жүйесі не үшін қажет?- Программалау жүйелері программалау тілдері мен арнайы программаларды құрайды. Олардың көмегімен құрылған программалар компьютердің жадына енгізіледі, ретке келтіріліп, тексеріледі және орындалады.
Программалау тілдерін ата? – Паскаль, бейсик, Си, Фортран, Ассемблер. т.б.
VII. Сабақты қорытындылау.
Дербес компьютерді бағдарламалық жабдықтау құрылымы
Дербес компьютерді бағдарламалық жабдықтау
Жүйелі жабдықтау
Бағдарламалар жүйелері
Қолданбалы жабдықтау
VIII. Үйге тапсырма беру
Қазіргі заман бағдарламалық қамтамасыз етуге шолу. Программалық қамтамасыз етуді орнату және жою тақырыбына қатысты іздену.
Информатика пәніне байланысты термин сөздерді жинақтап сөздік құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |