Сабақтың тақырыбы : Жүсіпбек Аймауытов. «Қартқожаның туған жері»



бет2/2
Дата25.12.2016
өлшемі155,32 Kb.
#4982
түріСабақ
1   2

3.Оқулықпен жұмыс

Көрнекті жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың атақты «Қартқожа» романынан келтірілген үзіндіде бала Қартқожаның өз ауылының бейнесі қалайша әсер еткенін бақылап отыру тапсырылып, оқулықтағы мәтінді өзім оқимын.


4.Дәптермен жұмыс «Түртіп алу» стратегиясы бойынша

(Балаларға таныс емес сөздерді өздеріне іздеп тапқызу)



  • Қотан – қой жататын үй маңы

  • Үй басы - әр үй.

  • Ашамай – алдыңғы, артқы қастарының басы айқастырылып, балаға арналып жасалған ер

  • Ет бауыр жақын - өте жақын туыс.

  • Шерсіз – қайғы-мұңсыз.

  • Жетесіз – ақылсыз,ақымақ.

5.Мәтінмен жұмыс.
Оқушыларға тізбектей оқыту,сұрақтарға жауап алу.
- Қартқожаға не нәрселер қатты әсер етті?
- Мәтіндегі қандай сөздер ерекше әсерлі болып көрінді?

-Көз алдыңа не елестеді?

-Берілген мәтінді неше бөліктерге бөлуге болады,ат қой.

-Мәтіннен жазушының туған жеріне деген сезімін білдіріп тұрған жерді тауып оқы.


6.Сергіту сәті

Саз пәнінің мұғалімімен байланыса отырып «Туған жер» әнін сыныпта хормен орындау

Ән: «Туған жер»
7.Топпен жұмыс «Сезімнен шыққан ойлар» стратегиясы
Топ мүшелері әр топтың жұмысына баға береді. «Екі жұлдыз,бір тілек» бойынша
1-топ: Сурет бойынша әңгімелеу , ой қозғау

2-топ:Мәтіндегі көркем сөздерді тауып жазып,мағынасын айту

3-топ: «Ыстық қой,шіркін туған жер!» сезімінде өз туған жерлері туралы ой өрбіту.


8.Ойын: «Тілші және оператор» Факт жасау стратегиясы

Тілші келіп әр тор мүшелеріне сұрақ қояды,топ мүшелері жауап береді,оператор қойылымға түсіреді.

1-топқа: Туған жер туралы қандай мақалдар білесіңдер?

2-топқа:Қартқожаның туған жері туралы әңгімені оқу кезінде көз алдарыңызға нелер елестеді?

3-топқа:Өздеріңіздің туған жерлеріңіз туралы не айта аласыздар?


9.Қорытынды Венн жүйесі бойынша





ауыл

қала

Туған жер



10.Үйге тапсырма

1.Мәтін мазмұнын баяндау,мәтінге қатысты сурет салу

2. «Менің туған жерім» ой толғау жазу
11.Бағалау.Әрбір оқушы сабақтан алған әсерін кері байланыс рефлексия парағына сабақтың ұнағаны немесе ұнамағанын смайликтердің көңіл-күйі арқылы көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет