Сабақтың тақырыбы : «Күй құдіреті» Сабақтың мақсаты : Білімділік мәні



Дата18.02.2017
өлшемі71,03 Kb.
#10412
түріСабақ
Степногорск қаласының білім бөлімі

«Қарабұлақ селолық орта мектебі» ММ

Ашық сабақ

«Күй құдіреті»


Музыка пәнін мұғалімі:Садвокасова А.К

6 Сынып

10.10.2016

Сабақтың тақырыбы : «Күй құдіреті»
Сабақтың мақсаты:

Білімділік мәніКүйдің тарихымен түрлеріментаныстыру Өз халқының күйшілерін тану. Өнер адамдарына деген құрмет сезімдерін туғызу

Тәрбиелік мәні: Өнерді құрметтеуге, өзін - өзі ұстауға, адамгершілікке, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық мәні: Оқушылардың ән - күйлерді тыңдай арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, бейнелеу

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, А4 қағазы, CD плеер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 1 слайд.

Музыкалық амандасу:

- Сәлеметсізбе балалар! –Сәлеметсізбе мұғалім! Өз орындарымызға отырамыз. Балалар бүгінгі біздің сабағымыз Қазағымыздың асыл мұрасы – Күй өнері туралы болады, бірақ жаңа тақырыпты бастаудан бұрын өткен сабақтарды есімізге түсірейік.

2. Үй тапсырмасын сұрау

 «Адасқан ноталар» ойынын ойнату 2 слайд

 - Балалар біздер «Адасқан ноталар» сұрақ - жауап ойыны арқылы өткен сабақты пысықтаймыз. Біріншіден 2 топқа бөлінеміз. Бірінші топ «Ақындар» тобы, екінші топ «Суретшілер» тобы. Нота астында жазылған сұрақтарға топпен жауап беріп, ноталарды нота сығына орналастырамыз. Дұрыс жауап берген топқа мен осындай Жұлдызша беремін, сабақтын соңына дейін қайсы топтың жұлдызшалары көп болса сол топ жеңімпаз аттанады. Ал енді ойынымызды бастайық.


1. Қазақтың халық музыкасы қай жылдан қалыптасты? (1920 жылдан бастап)

2. Халық таланттарының бірінші слеті қашан өткізілді (1919 ж  Верный (қазіргі Алматы) қаласында)

3. Мұхтар Әуезовтың қандай пьесасы бар (Еңлік-Кебек)

4. Шәкен Айманов кім? (актер, режисер)

5.Қазақтың бұлбұлы атанған әнші (Күләш Бәйсейітова)

6.   Шара Жиенқұлова кім? (актер, биші)

Жарайсындар балалар! Ақындар тобынды ... жұлдыз, Суретшілер тобында ... жұлдыз.

3 . Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы: «Күй құдіреті» 3 слайд

- Музыка дегенде көз алдымызға не елестейді? Сұраққа жауап беру.

- Ән, күй, би, домбыра бұның барлығын өнер деп атаймыз.

Соның ішінде бүгінгі сабақта танысатынымыз «Күй» өнерімен танысамыз

Күйдің құдіреттілігі жөнінде ақын Ілияс Жансүгіров былай деп жырлаған: 4 слайд

Тайпалап жорға болып салдырған күй,

Мейірін тыңдағанның қандырған күй.

Тартқанда зарылдатып,сұңқылдатып

Аққуды аспандағы қондырған күй.- деп күйдің мазмұны мен сырын терең бағалай біліп, поэзия тілімен шебер суреттеген.

Күй» дегеніміз не балалар?

Қазақ халқының біздің дәуірімізге дейін сақталып қалған асыл мұрасы – күй өнері.Өткен ғасырларда нота сауаты жоқ      кезде дүниеге келген ән- күйлер өмірмен бірге қайнап, ауыздан-ауызға, қолдан- қолға көшіп біздің заманымызға жетті.Қазақ халқы өзінің көңіл- күйі мен  арманын, қоғамға деген көзқарасын домбыраның қос ішегі арқылы жеткізе білді.Суырып салма ақындар мен бармағынан бал тамған күйшілер арқылы бізге жеткен назды әндер, ғажайып күйлер халқымыздың музыка мұрасы ғана емес,мәдени байлыға, рухани азығы болып отыр.

Күй - домбыра және басқа аспаптарда халық аспаптарында орындалатын музыкалық шығарма. 5 слайд

Күйлер тақырыбымен мазмұнына қарай: аңыз күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау, лирикалық, психологиялық күйлер болып жіктеледі 6 слайд

Аңыз күйлер - халықтың өткен тұрмыс - тіршілігі жайлы баяндайды. «Жетім бала», «Ақсақ құлан» т. б күйлерді жатқызамыз.

Тарихи оқиғаларға жоңғар шапқыншылығымен оған қарсы халқымыздың күресі «Ел айырылған», «Жеңіс» атты күйлер.

Арнау күйі - белгілі бір адамдарға арнап шығарған күй. Оларға «Абыл»,»Байжұма» күйлерді жатқызамыз.

«Ақсақ құлан» күйін тындау. 7 слайд

Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде, оң қолдың тұтас сілтенуімен орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыс дауысты болып, оң қол саусақтарының ұшымен орындалады.

Домбырамен төкпе мен шертпенің айырмашылығын көрсету. 8 слайд

Ұлы күйшілеріміз: Құрманғазы, Дина, Сүгір, Қазанғап, Тәттімбет, Қорқыт, Дәулеткерей, Боғда, Махамбет т.б ал, қазіргі  заманда  күй жанрын елге танытқан, еңбек еткен Қ. Ахмедияров, Х. Тастанбеков, А. Райымбергенов, С. Тұрысбеков т.б. ағаларымызды айтып кетуіміз керек.

Қазақтың ең көне күйлерінің көпшілігі – қобыз күйлері. Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Жыраулар жырды қобызбен сүйемелдеп отырған. Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары. 9 слайд

4. Топпен жұмыс 10 слайд

Ақындар тобы

Мына сөздерге байланысты төрт жол өлең шығару: табиғат, күй, кең дала, жыр.

Суретшілер    тобы

Тыңдаған күйге байланысты көз алдарыңа елестеген табиғат көрінісін қағаз бетіне түрлі-түсті бояумен түсіру.

5. Ән үйрену 11 слайд

«Армандостар».Ә.Бейсеуова-үйрену



Дауыс жаттығуы:

Ба-ры-жо-ғын-ай-та-мыз, Біз-мек-теп-ке-ба-ра-мыз. Ән-үй-ре-ніп-би-би-лей-міз,

Біз-та-лап-ты-ба-ла-мыз.

.

6. Үйге тапсырма беру: Тақырыпты оқып келу. Қазіргі замандағы күйшілер туралы реферат жазу.



7. Рефлексия 12 слайд

- Міне балалар Күй құдіреті атты ашық сабағымыз осымен аяқталды. Күй дегеніміз не? Күйдің неше түрі бар? Домбыра күйлері орындалуына қарай неше, қандай турлерге бөлінеді?

Енді сендерде жиналған жұлдыздарды санап алайық. Бүгінгі сабақтын жеңімпаз тобы ......

Сабақ аяқталды, сауболыңыз!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет