Сабақтың тақырыбы : Көше күтпеген жағдайларға толы. Сабақтың мақсаты



бет2/3
Дата25.08.2017
өлшемі0,54 Mb.
#27196
түріСабақ
1   2   3

Қорытынды:

  Біздің қалаларымызда, сол сияқты ауылды жерлердің  бәріне ортақ жол қатынасы енгізілген. Бұл ережені оқушылар, үлкендер де, барлық жүргіншілер, көлік жүргізушілері бұлжытпай орындауы крек. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбаңдар, жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады.



valgys.ru


Жолда жүру ережелерін білеміз бе?

Жарияланды 8-07-2013, 07:13 Категориясы: Тәрбие сағаты 

Тәрбие сағатының тақырыбы: Жолда жүру ережелерін білеміз бе?

Мақсаты: Көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түйсіктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру.


Оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін дамыту. Сынып оқушыларын жолдастыққа, сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жол белгілері, бағдаршам макеті, қиылған жіңішке ұзын жолақшалар (зебра жолы), бордюр макеті, сюжетті суреттер, автобус макеті, лото ойынына қажетті сурет пен белгілер суреті.

Техникалық құрал: теледидар, DVD, видео көрініс жазылған DVD дискісі.

Барысы:
Сынып оқушылары 4 топқа бөлініп отырады. (әр топта 4 оқушыдан)

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біз өмірімізді, денсаулығымызды қорғаудың бірден - бір кепілі көшеде жүру ережелерінен сабақтар өткізген болатынбыз. Бүгін осы көшеде жүру ережелері бойынша алған білімдеріңді пысықтау мақсатында «Жолда жүру ережелерін білесің бе?» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Себебі, жолда жүру тәртібін білу әрбір бала, әрбір адам үшін маңызды деп білеміз.


- Ал көшеде жүру тәртібін білмеу неге әкеп соғуы мүмкін?

1 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.


2 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін білмеудің салдарынан адамдар жол апатына ұшырап жатады.
3 - оқушы: Жолда жүру ережелерін білмеген оқушылар көлік астына түсіп, қыршыннан қиылып та жатады.
4 - оқушы: Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден,
Сау - саламат жүреміз.

Мұғалім: Олай болса сендерге көшеде жүру ережелеріне байланысты біраз сұрақтар қояйын. Ал сендер келген қонақтарға бар білімдеріңді көрсетуге тырысыңдар.


- Балалар, жол деген не?

5 - оқушы: «Жол» деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды. Бұл қалалар мен елді мекендер, олардан тыс жерлердегі жолдар, көшелер мен бұрылыстар. Жол көліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған деп екіге бөлінеді.


- Жолда жүруде біз білу керекті ең негізгі ереже қандай?

6 - оқушы: Жолда жаяу жүргінші мен жүргізуші болады. Автобустар, троллейбустар мен автокөліктер көліктің негізгі ЖОЛ АЛЫБЫМЕН жүреді, ал жаяу жүргінші ТРОТУАРМЕН немесе көше бойының оң жақ шетімен жүру керек.


- Тротуар деген не?

7 - оқушы: Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған жол» дегенді білдіреді. Тротуар үстінде қандай да болмасын ойын ойнауға немесе жүгіруге болмайды. Бұл жаяу жүргіншіге бөгет жасаумен атар, аса қауіпті болып табылады.


- Жол жиегінің бойындағы қапталдар не?
8 - оқушы: Бұл – жол жиегі мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны БОРДЮР деп атайды. Бордюр француз тілінде «бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ» деген сөз. Кейбір балалар осы бордюрдің үстімен жүруді қызық көреді. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиғаға соқтыруы мүмкін.

9 - оқушы: Тротуар – жүрер жолы жаяудың, желаяқтың,


Жайбасардың, баяудың.
Машинаның жолы – көше ортасы,
Соны ұмытып кете көрме, аяулым.
- Жол бойындағы сызықтар мен белгілерді қалай атаймыз?
Хормен: Жол белгілері
- Біз үнемі тротуармен жүре бермейміз. Көшеден өтетін кезде қалай өтеміз?
10 - оқушы: Көшеден тек жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өту керек. Оны «Зебра» (жолақ жол)
деп атайды.

Суретпен жұмыс


1. Жаяу жүргіншілер жолын көрсет.
2. Балаға үйден мектепке дейінгі ең қысқа жолды табуға көмектес. Оны қызыл сызықпен белгіле.
3. Ал енді ең қауіпсіз жолды тап. Оны жасыл сызықпен белгіле.
- Қызыл сызықпен белгіленген жол қысқа болғанымен қауіпті, сондықтан жасыл түспен белгіленген жолмен жүргіземіз.

11 - оқушы: Жолақ жолмен көшеден


Өтеді кіл жаяулар.
Көліктердің бәрінің
Жылдамдығы баяулар.
«Қалмасын жұрт жолынан!»-
Деп жол берер көліктер.
Зебраның жонынан
Аумайды өзі, келіп көр!
- Көшеде жүру тәртібін не басқарады?
Оқушылар хормен: БАҒДАРШАМ

12 - оқушы: Бағдаршам аты


Үш көзі бар батыр.
Тоқ болғанмен заты,
Өзінде көп ақыл.
13 - оқушы: Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.

Би «Бағдаршам» ( үш қыз бағдаршамның үш көзіне сәйкес күсті дөңгелекшелермен билейді)


1 - қыз: Қызыл көзі жанғанда
Қалт тоқтай қал табанда.
2 - қыз: Сары көзі жанғанда,
Сақ, абай бол барынша.
3 - қыз: Жасыл жарық жол ашық,
Жүре бергін бел асып.
Сергіту ойынын ойнайық.
Орнымыздан тұрайық
Бағдаршамның белгісін
Қимылмен келтіріп шығайық.
( Мен қызыл дөңгелекті көтергенде отырасыңдар, сары дөңгелекті көтергенде тұрасыңдар, жасыл дөңгелекті көтергенде орындарыңда жүресіңдер.)

- Балалар, кейде қиылыстардағы бағдаршам жұмыс істемей қалуы мүмкін. Бұл жағдайда бағдаршамның міндетін мемлекеттік автоинспекциясының қызметкерлері атқарады. Оны РЕТТЕУШІ дейміз. Қазір Нұрдәулет реттеуші болады. Сендер оның қимылын бағдаршамның қандай сигналына сәйкес келетінін алдарыңдағы қызыл, сары, жасыл белгішелерді көтеру арқылы көрсетесіңдер.


Нұрдәулет: (ала таяғымен реттеуші қимылын 2 рет көрсетеді)
Көрсең жолдың бойынан
МАЙ қызметкерлерін
Шаршау білмес, ей, ұлан,
Елеу керек еңбегін.
Көз салып ол қырағы,
Бос жібермей әр күнін,
Қадағалап тұрады
Жолда жүру тәртібін.
- Рахмет. Ал, балалар, жолдағы жол белгілері не үшін керек деп ойлайсыңдар?

14 - оқушы: Жол белгілері жолдарда қозғалысты реттеуге көмектеседі. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол апаттарынан сақтануды ескертеді, қайда баруға болады және болмайтындығын көрсетеді.

І топ. Ескерту белгілері.
1 - оқушы: Үшбұрышты қызыл бояумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.(суреттерін көрсете отырып әр оқушы екіден ескерту белгілерін атап шығады).
• жаяу жүргінші өтпесі
• балалар
• тайғақ жол
• жол жөндеу жұмыстары
• екі жақты қозғалыс
• велосипед жолымен қиылыс
• шлагбаумы бар темір жол
• шлагбаумы жоқ темір жол
2 - оқушы: Басымдылық белгілері – бұл белгілер жүріс бөлігінің немесе жолдың жіңішкерген бөліктерінің көше қиылыстарын өтпелерін кесіп өту керектігін бейнелейді.
• басты жол
• басты жолдың аяқталуы
• жол беріңіз
• аялдамасыз қозғалуға тыйым салынады.

ІІ топ. Тыйым салатын белгілер.


3 - оқушы: Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады (суреттерін көрсете отырып әр оқушы екіден ескерту белгілерін атап шығады).
• кіруге тыйым салынады
• қозғалысқа тыйым салынады
• велосипедпен жүруге тыйым салынады
• жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салынады
• аялдауға тыйым салынады

4 - оқушы: Нұсқау белгілері – бұл топтағы белгілер жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер жүретін жерлерді көрсетеді, қандай да болмасын көлік түрлерінің біреуінің нақты бағыттағы қозғалысына рұқсат береді.


• түзу қозғалыс
• оңға қозғалыс
• айналма жол
• велосипед жолы
• жаяу жүргінші жолы
• ең төменгі қозғалысты шектеу

ІІІ топ. Ақпараттық көрсеткіш белгілері.


5 - оқушы: Бұл топтағы белгілер жол қозғалысына қатынасуларға, жаяу жүргіншілер өтпесі орналасқан жер, қоғамдық көлік аялдамасы, көлік тұратын орын туралы хабарлайды.
• автобус немесе троллейбус тоқтайтын жер
• трамвай тоқтайтын жер
• біржақты қозғалыстағы жол
• тұрақ орны
• жаяулар өтпесі
• жер асты жаяулар өтпесі

ІҮ топ. Қызмет көрсету белгілері.


6 - оқушы: Қызмет көрсету белгілері - тиісті объектілердің орналасуын хабарлайды.
• алғашқы медициналық көмек пункті
• аурухана
• телефон
• тамақтану орны
• ауыз су
• демелыс орны
7 - оқушы: Қосымша ақпарат белгілері (табличкалар) - өздерімен бірге пайдаланылатын белгілердің ықпалын нақтылайды немесе шектейді.
• объектіге дейінгі арақашықтық
• ықпал ету аймағы
• қолданылу бағыттары
- Өте жақсы, балалар. Осы жол белгілерін үнемі естеріңде сақтаңдар. Ал енді мына бір көрініске назар аударыңдар.( теледидардан арнайы түсірілгенвидео көріністі қосамын )
Үш оқушы мектепке бару үшін үйінен шықты да, көлік жүретін көшеде қуаласып ойнады. Тәртіпсіздеу біреуі екінші оқушыны итеріп жібереді. Ол жығылып қалады. Үшінші оқушы жығылған баланы тұрғызуға көмек көрсетеді. Дәл осы кезде бұрылыстан шыға келген машина әзер тоқтайды. Итерген тәртіпсіз оқушы бар ықыласымен айқайлап, күліп тұрады.
- Осы көрініс жайында не айтасыңдар? / /
- Әрине, осындай ережеге сай емес ойындар кездейсоқ апатқа кезіктіреді. Сондықтан жолда жүру ережесін үнемі сақтаңдар.

Топтық жұмыс «Қай жерде ойнауға болады? Ал қай жерде ойнауға болмайды?».


Егер топтарыңа жолда жүру ережелерін бұзбай ойнап жүрген балалардың суреті берілген болса астындағы шаршыны жасыл түспен, керісінше ереже сақталмаған жерді қызыл түспен бояйсыңдар.
- Біз ауылда бір жерден екінші жерге жаяу қатынай береміз. Ал қалада қоғамдық көліктерді пайдаланбасқа келмейді. Ол кезде көбіне қандай көлік түрін пайдаланамыз?
- / автобус /
- Автобусқа мінерде қандай ережені сақтау керекпіз?
8 - оқушы: Автобусты аялдамада күтеміз. Тәртіпті сақтау керекпіз. Автобустың артқы есігінен кіріп, алдыңғы есігінен түсу керек.
( Екі оқушы қысқа көрініс көрсетеді. Автобустың макетінің атқы есігінен кіріп, алдыңғы есігінен түседі )
9 - оқушы: Есігінен артқы,
Көлікке сен мінгін.
Дәл осы бір салтты,
Құлағыңа ілгін.

10 - оқушы: Кезекте сен әлгі


Артқы есіктен кіргін.
Енді есіктен алғы,
Түсеріңді білгін.
- Жақсы, балалар. Сендер көшеде жүру ережелері жайлы көп әңгімеледіңдер. Енді сендердің білімдеріңді «Жол белгілерін білесің бе?» деп аталатын лото ойыны арқылы қорытындыламақпын. Сендердің қолдарыңда белгі аты жазылған карталар бар. Сол картаны жол белгілерінің сәйкес суретіне теріс қойып шықсаңдар қызықты суретті көре аласыңдар.

( Оқушылар қолдарындағы жол белгісінің атын оқып, сәйкес суретке қондырады. Соңында суретті тамашалайды)


- Қандай сөйлем шықты?
Хормен оқиды: Жолда жүру ережелерін сақта!

Мұғалім: Тәрбие сағатымызды қорыта келгенде, біздің қалаларымызда сол сияқты біз тұрғандай ауылдардың бәріне ортақ жолда жүру ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, барлық жүргіншілер мен жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.


Тәрбие сағатына белсене қатысып, ізденгіштік қабілетін көрсеткен оқушылар атап өтіледі.

Сабақтың тақырыбы: Реттелмейтін көше қиылыстары.
Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Оқушыларға жолда жүру ережесін үйрете отырып олардан алған білімдерін пысықтау.

  2. Дамытушылық: Өз ойларын ашық айтуға, көше тәртібі белгілерін жатқа айтуға дағдыландыру.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бағдаршам, суреттер.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Арманға алда күткен асығармыз
Біз қалай толқын айтпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!
Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
- Реттеуші деген кім?
- Реттеуші алғаш үлкен қалаларда пайда болған, яғни оның негізгі міндетті көшедегі қозғалысты реттеу. Оны реттеу үшін ол жезл деген құралды пайдаланды. Көпшілік оны «ала таяқ» деп те атайды.
Жұмбақ жасыру.
1. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақылаған үш көзі бар бірақ та.
(Бағдаршам)
- Кейін реттеушінің орнына бағдаршам пайда болды.
- Бағдаршам қалай пайда болды?
- Алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инжинер - механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Апарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай, газ жарылып кезекте тұрған полицей қаза болды. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болды. Тек 1914 жылы Американың Кливлену қаласында сосын Нью - Йорк қалаларында қайтадан пайда болды. Бұл жолы екі түсті қызыл, жасыл электр бағдаршам болды. Ал 1918 жылдан бастап үш түс қолданыста болды. Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылдан Кузнецкі көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды. Қазіргі заманның талабына сай жаңа технологияның дамуына байланысты реттеушіні бағдаршам алмастыруда. Олай болса балардың бағдаршам туралы не білетіндерін тыңдайық
Қызыл жарық: Қызыл жарық жанғанда,
Қалт тоқтай қал табанда.
Сары жарық: Сары шамы жағылса,
Сақ абай бол барынша!
Жасыл жарық: Жасыл жарық – жол ашық,
Зымырай бер бел асып
Барлығы:

Ирек - ирек көшелер,


Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтседе
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.
- Қазір жаяу жүргіншілерге де арналған бағдаршам бар. Бірақ әзірге біздің қаламызда орнатылмаған. Бірақ біз үлкен қалалардан көре аламыз. Мысалы: Ақтау қаласында т. б
Олай болса бүгінгі сабағымызда реттеуші туралы білдік.
- Енді осы реттеушінің әрбір қиылысы бізге, көліктерге айтылған ескертпелер екен.
Практикалық кезең.
- Үлкен қалаларда не көп, бағдаршамдар көп. Олардың көпшілігі көнеріп, істен шығып қалып жатады. Тіпті кейде көлік қозғалысы шамадан тыс көбейіп кетуі де әбден мүмкін. Ондайда жүріс - тұрысты реттеу үшін бағдаршамдар орнына реттеуші тұрады. Ол ала таяқшаның көмегімен қозғалысты қалыпқа келтіреді. Егер реттеуші түн мезгілінде тұрса, жүргізуші көретіндей яғни таяқшаның ішінде жанып тұратын белгі болады. Егер реттеуші таяғын жоғары қарай көтерсе, бұл дайындалу керектігін ескертеді. Мұндай жағдайда жүруге болмайды. Реттеуші бізге қарай қарап тұрса немесе арқа жағын беріп тұрса жүруге тыйым салынады. Реттеуші бүйірімен бұрылып тұрса онда жүруге болады деген сөз, жүруге рұқсат берілген жағдайда реттеушінің екі иығы да саған көрініп тұрады. Егер бағдаршам жұмыс істеп тұрса, реттеуші де тұрса, онда реттеушінің қимылын басшылыққа алу керек.
Тапсырма.
1. Реттеуші деген кім, оның қызметі қандай?
2. Егер реттеуші таяғын жоғары көтерсе не істеу керек?
3. Қандай жағдайда жүргіншінің жүруіне болады?
4. Егер бағдаршам жұмыс істеп тұрса, реттеуші бағыт көрсетіп тұрса, кімге бағыну керек?
Есіңде болсын!
Өткелі жоқ жерден өтуге болмайды.
Көшенің қиылысына келгенде, екі жағыңа назар аудар, жасыл жарықтың жануын күт.
Көшенің арғы бетіне жүгіріп өтуге болмайды.
Көшенің арғы бетіне жолдың қақ ортасынан өтпе.
Көше қиылысында тоқтау сызығы болады. Осы жерде тұрып бағдаршам белгісінің жануын күт.
Автобусты артқы жағынан айналып өт. Жолда келе жатқан машина көрінбесе, онда екі жағы бірдей көрінетін жолды таңда, сол жерден өт.
Жаяу жүргіншілер жаға жолдың оң жақ қапталымен жүруге тырысу керек.
Егер велосипедпен жүрсең, жолда жүруге ережелерін білетінің, туралы куәландырылған қағазың болуы тиіс.
- Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады. (сұрақ)
- Жол бойында 14 жасқа толған балаларға ғана болады.(жауап)
Жол бойына коньки, шаңғы доп теппе.
Көліктің артына жармаспа.
Қалтарыстан шыға келме, өміріңе қауіпті.
Жаға жолмен ғана жүруге болады, машина жолымен жүруші болма.
Жол көлік оқиғасын кезінде полиция бөліміне хабарлас.
Жарақат алғандарға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсет.
Жол белгілерін ажырата білген жөн.
Қорытынды.
Біздің қалаларымызда, сол сияқты ауылды жерлердің бәріне ортақ жол қатынасы енгізілген. Бұл ережені оқушылар, үлкендер де барлық жүргіншілер, көлік жүргізушілері бұлжытпай орындалуы керек. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбаңдар, жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Жол тәртібін білейік, есен - аман жүрейік!

ақырыбы: «Бағдаршам – біздің досымыз»


Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер, бағдаршам, жол белгілері.
Барысы: І Кіріспе 1 - жүргізуші
Арманға алда күткен асығамыз, Біз қалай толқын атпай басылармыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп, Сақтықпен жүре алатын жас ұланбыз!
2 - жүргізуші
Жалғайтын достастырып бар елменен, Жолдардан тұрады ғой әлем деген, Бүгінгі бізге келген қонақтарға Сабағымыз басталсын сәлемменен!

ІІ Негізгі бөлім 1 - жүргізуші Қазіргі таңда балалар өмірін кездейсоқ жол - көлік оқиғаларынан қорғау – мәні зор мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің барлық қала, ауылдарына ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.


2 - жүргізуші
Жолда жүру ережелерін бұзбас үшін сол ережелерді орындау қажеттілігін түсіну аз, оларды нақты білу керек. Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді.
1 - жүргізуші Жол - көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол - көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде.
2 - жүргізуші
Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда «Жол жүру ережесін білу — бәріне міндет» атты жол ережелеріне арналған тәрбие сағаты өткізуде. Ендеше, қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші:
- Балалар, жол инспекторын ортаға шақырайық. Жол инспекторы:
Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім.
2 - жүргізуші
Қош келдің, жол инспекторы! Бүгінгі тәрбие сағаты бәріміз үшін маңызды.
1 - жүргізуші - Бүгін 1 «Г» сынып оқушылары жол жүру ережелері бойынша өздерінің білімдерін сарапқа салмақшы.
2 - жүргізуші
«Қызылдар», «Сарылар», «Жасылдар» тобы болып сайысқа түседі.
Сонымен ортаға қатысушы топтарды қошеметпен шақырайық!
1 - жүргізуші
Бүгінгі бағдарламада:
1. Өз орныңды тап, әр топ өздерінің ұрандарымен топ аттарымен таныстырып өтеді.
2 - жүргізуші
2. Жол инспектор қызметкерінің сауалы, әр топқа үш - үштен сұрақтар беріледі.
1 - жүргізуші
3. Жол белгілерін еске түсірейік, қиылған суреттерден жол белгілерін құрастыру.
2 - жүргізуші
4. Сен білесің бе?, жол белгілерінің суреттері көрсетіледі, соның аттарын айтады.
1 - жүргізуші
5. Шығармашылық жұмыс, әр топ көрініс қояды, қалған топ жолда жүру ережелерінің неге бұзылған себебін анықтап айтулары керек.
2 - жүргізуші
1 - сайысымызды бастайық.
1 - жүргізуші Ал сайысымызды бастамақ бұрын, жол инспекторы, әр дұрыс жауапқа 1 фишка-дан беріп бағалауға көмектесіңіз. Жол инспекторы: Әрине, көмектесемін. Мен ол фишкаларды қонақтар алдындағы әр топ қорапшасына салып тұрамын. Сайыс соңында қорытындысын қонақтардың хабар - лауын сұраймыз. Іске сәт!
1 - жүргізуші 1 - сайыс: Өз орныңды тап, әр топ өздерінің ұрандарымен топ аттарымен таныстырып өтеді. «Қызылдар» тобы: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
«Сарылар» тобы: Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
«Жасылдар» тобы: Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін, жасқанба!
2 - жүргізуші 2 - сайысымызда Жол инспектор қызметкерінің сауалы, әр топқа үш - үштен сұрақтар беріледі. Жол инспекторы: Ескертемін! Қол көтермей, рұқсатсыз берілген жауап есептелмейді.
1 - сұрақ: Көшедегі кездейсоқ қауіп - қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет? (қауіп - қатерден аман болу үшін жолда жүру ережесін жақсы білуіміз керек.)
2 - сұрақ: Бағдаршамның түстері қалай орналасқан? (бағдаршам түстері тігінен 1) қызыл, 2) сары, 3) жасыл болып орналасқан. Қызыл түсі жүруге тыйым салады; сары түсі назар аударыңыз, жасыл түсі жүруге рұқсат дегенді білдіреді.)
3 - сұрақ: Кешкі уақытта жаяу жүргіншіге жақсы,, анық көрінуі үшін қандай киім киген дұрыс? (ашық түсті киімдер киген дұрыс және қол фонары болғаны дұрыс. Ал балаларға арнайы фосфорлы білезік не смайликтермен жүрген дұрыс.) Жол инспекторы: енді жұмбақ шешеміз, мұқият болыңыздар.
1 - жұмбақ: Көзін ашып жұмады.
Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)
2 - жұмбақ: Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.
(Автоинспекция қызметкері)
3 - жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.(Жол)
Жол инспекторы: Келесі сұрақ: реттелген жол қиылыстары және реттелмеген жол қиылыстары деген не? (реттелген жол қиылыстары деп бағдаршаммен реттелетін жол қиылыстарын айтамыз. Реттелмеген жол қиылыстары деген - бағдаршаммен реттелмейтін жол қиылыстары.)
2 - сұрақ: жаяу жүргіншінің жолды кесіп өтуге болатын жерлерін атаңыздар. (жол асты өтпесі, реттелген жол қиылыстарында; зебра, жолақ не «жаяу жүргінші өтпесі» арқылы).
3 - сұрақ: Жолды кесіп өту ережелерін атаңыздар. (жолды кесіп өту үшін алғаш екі жаққа қарап алып, жақын маңда машина жоқ болса, 1 - жол ортасына дейін сол жаққа қарау керек, ортаға жеткен соң оң жаққа қарау керек. )
1 - жүргізуші: 3 - сайыста жол белгілерін еске түсіру, қиылған суреттерден жол белгілерін құрастыру, қағазға желімдеу. (жол инспекторы әр топқа тапсырмаларын таратады.)
2 - жүргізуші: ортаға оқушыларды шақырайық.
1 - оқушы Нұртаза Бағдаршам аты
Көп көзі бар батыр
Тоқ болғанмен заты
Өзінде көп ақыл
Тұрады ол дәйім
Бұрышында жолдың
Қиып өткен сайын
Қарайтұғын балғын
2 - оқушы: Алма
Көшедегі бағдаршам болмаса,
Кісі жоқ өзіңе жол сілтер.
Кідірме, абыржып онда аса,
Сенгейсің өзіңнің көзіңе.
3 - оқушы: Гүлназ
Көшеде ортаға жеткенше,
Әуелі көзің сол жаққа.
Балақай, ортадан өткен соң.
Мойының сол жақтан оң жаққа.
Жол инспекторы: Топ тапсырмаларының жұмысын қонақтарға апарады.
1 - жүргізуші: 4 - сайысымыз: Сен білесің бе?, жол белгілерінің суреттері көрсетіледі, соның аттарын атау керек.
2 - жүргізуші: Соңғы сайыс: Шығармашылық жұмыс, әр топ көрініс қояды, қалған топ жолда жүру ережелерінің неге бұзылған себебін анықтап айтулары керек.

ІІІ Қорытынды


1 - жүргізуші:
Сөз кезегі қонақтарда.
4 - оқушы: Аян
Мен білем, бәрін мен - деген.
Отырған жоқсың бөлмеде,
Машина өтіп кеткен соң.
Жолаушы алға беттесін.
5 - оқушы: Ұлан Ұшқалақ бала ұрыншақ.
Ойлалық, соны ұғынсақ.
Машина өтіп кеткесін.
Балақай алға беттесін.
6 - оқушы: Гүлназ Жыламасын, аналар.
Жас ұландар өсе бер.
Сақ болыңдар балалар.
Сақ жүріңдер, көшеде!
7 - оқушы: Айжан Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жолда жүру ережесі заңды тәртіп.
Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға.
Басталар әр қадамың аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен.
Жол инспекторы: Футбол деген жақсы ойын саналар,
Стадионда ойнасаң, тек, балалар.
Көшеде доппен ойнама,
Қатерге басты байлама.
1 - жүргізуші Асфальтта көлденең
Сызылған ақ жолақтар
Бар жерінен өткейсің.
2 - жүргізуші Алдыңдағы бағдаршам
Жасыл көзі жанғанда,
Абайлап барып өткейсің.
Абай болшы мұндайда
Жаяу жүргінші болғанда!
1 - жүргізуші Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Келесіде кездескенше қош, сау болыңыздар!

Сабақтың тақырыбы: : Жолдан тағы қай жерден кесіп өтуге болады?

Мақсаты:Реттелетін көше қиылыстары қай жерде кездесетінің ұғындыру. Көшеде дұрыс жүру ережесін қалыптастыру. Қауіпсіздік ережесін меңгерту. Байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту. Сөздік қорын арттыру.

С а б а қ б а р ы с ы :

І. Оқушылардың сабаққа зейіндерін аудару. Күн ретін жазу.

ІІ. Жаңа материалды меңгерту


  1. Жаяужолдың шетіне барып, жаяу жүргінші өтпесіне жақындап, жол жиегін баспай тоқта.

  2. Жасыл сигналды күт.

  3. Сол жаққа қарап, көлік құралдарының тоқтап, жүргіншілерді өткізе бастағанына көз жеткіз.

  4. Көлікжолдың оң жағын ала жүріп әт.

  5. Жылдам адымда, бірақ жүгірме.

  6. Ортаға жеткен соң, оң жақтағы көліктердің әлі қозғалмағанына көз жеткіз.

  7. Егер көлікжорлдың орта тұсына жеткенде сары сигнал жанса, тоқта. Ортада тұрғанда не алдыға, не артқа бір қадам да баспа. Оң және сол жақтан өтіп жатқан көлік түрлерін бақылап тұр.

  8. Жасыл жарық қайтадан жанғанда, оң жақтағы көлік түрлерінің толық тоқтағанына көз жеткізіп, жолды толық кесіп өтуіңе болады.

  9. Егер сен жолдың орта тұсынан асқанда, сары сигнал жанса, көлік түрлерін сақтықпен байқап, жолды толық кесіп өт.

Реттеуші және оның сигналдары.

Кей кезде бағдаршамның жұмысы тоқтап қалады. Ондай жағдайда адамдар араласады.




  • 2 жақта білу керек.

Реттеушінің орны – жол қиылысының ортасы. Оның денесі мен қолдары арқылы жасалған қимылдар реттеушінің сигналдары болып табылады.

Ол сигналдар жақсы көрінуі үшін реттеуші қолына алатаяқ немесе жарық шығаратын қызық түсті диск ұстайды.



Реттеушінің бар болғаны 4 сигналы бар.


1.Реттеуші жаяу жүргіншіге бүйірін беріп, екі қолын жан- жаққа созып немесе түсіріп тұрса, жаяу жүргінші көлікжолды кесіп өтуіне болады.



2.Реттеуші оң қолын алға созса, жаяу жүргінші оның арқа тұсынан көлікжолды кесіп өтуіне болады. Ал ол кеуде тұсымен қарап тұрған жақтан көшені қиып өтуге рұқсат етілмейді.




3. Реттеуші жаяу жүргіншіге кеуде несесе арқа тұсын беріп қолдарын жан- жаққа созып, яки түсіріп тұрса, жаяу жүргіншінің қозғалысына тыйым салынады.





4. Реттеуші қолын жоғары көтереді. Бұл- ескерту белгісі. Көліктер мен жаяу жүргінші қозғалысына тыйым салынады. Бұл сигнал кезінде көлік жүретін жерде болған жаяу жүргіншілер жолды толық кесіп өтуге немесе әр бағыттағы көлік қозғалысын бөліп тұратын сызық бойында тоқтауға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет