Жолда жүру ережесі
Сабақтың тақырыбы: Көше күтпеген жағдайларға толы.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға көше жайлы, көшеде қалай жүру керектігі туралы түсінік беру.
2.Өмірге деген көз –қарасын дамыту.
3.Көшеде дұрыс жүруге ,мұқият болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жол белгілер суреттері .
Әдіс-тәсілдері : түсіндіру, сұрақ- жауап.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру.
а ) Психологиялық дайындық.
Балалар шеңбер құрып отырады.
Күн шуағы сендердің көздеріңнен беттеріңе қарай жылжиды . Алақандарыңмен сипаңдаршы. Ол ары қарай маңдайыңа , мұрныңа бетіңнің ұшына , иегіңе түсті. Алақандарыңмен күн шуағының жолдарын сипап көріңдер. Одан кейін мойныңнан, ішіңнен, қолыңнан, аяғыңнан, арқаңды сипап өтіп, желке тұсыңа барды.
Күн шуағы сені жылытып, аймалайды .Сен оған күліп,қарап, мейірімді шуағын жүрегіңе түй.
Жаңа сабақ.
Оқушыларға сабақтың тақырыбын айту.
Көше күтпеген жағдайларға толы.
Оқушыларға тақтадағы ілулі тұрған суреттер туралы сұрау.
Мынау өздерің тұратын қала, кент немесе ауыл. Олардың барлығында 3 да үлкенді –кішілі көшелер бар.
Көше деген не? Қала ,кент немесе ауыл ішіндегі автокөліктердің ,басқа да көлік түрлерінң , адамдардың жүруіне арналған жолдарды көше деп атайды.
Көшеде жүру үшін , көше тәртібін сақтау керектігін оқушыларға айтып түсіндіру.
Көшеде жүру тәртібін сақтамау не себепті қауіпті?
Кейде ерсілі –қарсылы жүріп жатқан авто көліктердің, мотоциклдердің қақтығысуы не себепті болады? Егер автокөлік жүргізушілері жолда жүру ережелерін бұзбаса , оның талаптарын орындаса , мұндай жағдайлар болар ма еді? Көшеде көліктер жүретін жер жол үсті деп аталады. Көшедегі жолдың екі жақ қапталына жаяу жүргіншілер үшін жаға жолдар салынады. Көп жағдайда жаяу жүргіншілердің өтетін жерлеріне жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін арнайы қоршаулар орнатылады.Жаяу жүргіншілер көшенің екі қапталындағы жаға жолмен жүруі тиіс.
Жаға жолмен қалай жүреді ?Жолға шыққан соң міндетті түрде оның оң қапталымен , қарсы келе жатқан жаяу жүргіншілер –сол жақ қапталымен бір-біріне кедергі келтірмей жүруі тиіс. Ал жолдың қарсы бетіне тек қана арнайы « Жаяулар өтетін жер» арқылы өтуге болады.
Ал балалар мектепке барарда өздерің ең қауіпсіз жолдарды таңдауларың керек. Ол үшін көшелерді жақсы білулерің керек, сонда өздеріңе ыңғайлы бағытты таңдау жеңіл болады.
Қашанда көшеден өткенде жан-жағыңа қарап ,өтуің керек.
Сұраққа жауап алу.
Өздерің тұратын қаланың, кенттің немесе ауылдың көшелерін білесіңдер ме?
Көшелер не үшін қажет?
Жаға жолда қалай жүру керек?
Өздерің мектепке барғанда қандай жолмен жүресіңдер?
«Жаяулар өтетін жер» бар ма?
Ойын « Кім жылдам?»
Сабақты қорыту.
Бастауыш мектепте жолда жүру Ережесі бойынша сабақтар өткізілді. Балалар көшеде және жолда жүрудің негізгі тәртіптерін қайталады. Кез келген жылжымалы көлік – адам қауіпсіздігінің қаупін төндіреді. Тоқтап тұрған көлікті қалай айналып өтуі керектігімен де танысып өтті.
Мектепке, дүкенге, кітапханаға баруға қауіпсіз жолды дұрыс таңдау.Шешім шығарылды: жолда жүру ережесін сақтау жолдан өту қауіпсіздігінің кепілі.
«Бірлік орта мектебі» мкм
Жолдан тағы қай жерден кесіп өтуге болады?
Сынып жетекші: М.Шілдебай
«Қай жерде ойнауға болады?»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс - жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер, қатырма қағаздан бағдаршам макеті, жас автоинспектордың бас киімі мен таяқшасы.
Сабақтың барысы: Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, топқа бөлу.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі, қазан айы.
- Көшелерімізде қандай өзгерістер болып жатыр?
- Көшедегі жол бойын машиналар ерсілі - қарсылы жүруде, бағдаршам көздері кейде жыпылықтап өшіп қалуда.
- Жол жүруге қолайсыз.
- Ал, осы жол тәртібін басқарушыны білеміз бе? ( Бағдаршам).
- Ал көшедегі кездейсоқ қауіп - қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет?
- Біздер көшеде жүру ережесін жақсы білуіміз керек.
І - бөлім. Сұрақтар:
1. Бағдаршам дегеніміз не? Адам үшін оның маңызы қандай?
2. Бағдаршамның неше түрі болады?
3. Бағдаршамның қызметін атап бере аласың ба?
4. Жолдағы қозғалыс бағдаршамнан басқа қандай белгілермен реттеледі?
ІІ - бөлім: Теориялық білімдерін практикалық іспен байланыстыру.
Оқушылар алдына арнайы жол белгілері макеті, көше сызықтары салынған таблица, көлік түрлері, таратылады. Әр топ өзіне берілген заттарды пайдаланып көліктермен жүргіншілер қимылын көрсетеді.
1 - топ: Жаяулар өтетін жолдар, жиек жолдар, жаяу жүргінші қалай жүру керектігін макетті пайдаланып көрсетеді.
2 - топ: Қай жерде ойнауға болады? Қай жерде ойнауға болмайды?
3 - топ: Қандай көліктерге бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етіледі?
ІІІ - бөлім: «Үйренейік, білейік».
Әр топқа түрлі - түсті қағаз, қайшы, желім таратылып береді. Олардың өздері білетін жол белгілерін жасауларын талап етеді, белгі 3 - дана болу керек.
Мысалы:
а) жаяулар өтетін жер, жаяулар өтуге болмайтын жер.
ә) Велосипедпен өтуге болмайтын жер, өтуге болатын жер.
б) Жолдар «Бір жақты қозғалысты жол» белгісі, жол жұмыстары
Топ мүшелері өздері қиып әзірлеген белгілерін көрсетіп, сол туралы түсінік береді. Белгі түрлері толықтырып қайталанылады.
ІҮ - бөлім:.
Жұмбақтар шешу.
Әр топ бір - біріне дайындаған жұмбақтарын жасырады.
І. Көзін ашып жұмады.
Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)
ІІ. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам. (Автоинспекция қызметкері)
ІІІ. Арқаным тым ұзын.
Ала алмайсың бір үзім. (Жол)
ІҮ. Сөйлегенде білмейді
Бірақ «Тоқта, жүр»- дейді.
(Бағдаршам)
Қорытынды: Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады.
Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»
Бөлімі: «Қоршаған ортамен таныстыру»
Тақырыбы: «Көшедегі қауіпсіздік»
Мақсаты:
Білімділік: Көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін пысықтау, балаларды өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру.
Дамытушылық: Танымдық белсенділігін, жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық және көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін, ойын арқылы ойлау қабілетін, ән, тақпақ арқылы тіл байлықтарын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: бағдаршам, аудио дыбыстар, венн диаграмма, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер, теледидардан слайд арқылы суреттер көрсету, мультфильм, жол макеті, әуендер.
Сөздік жұмыс: тыйым салынатын белгілер.
Методикалық әдіс – тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, ойын, ән, қайталау, көркем сөздер, сұрақ - жауап.
Билингвальды компонент: қауіпсіздік - безопасность, бағдаршам - светофор, жаяу жүргіншілер өтпесі – пешеходный переход, тыйым салатын белгілер – запрещающие знаки.
Инклюзивтік әлеумет: Тілді жетік түсінбейтін бала аңғарымдылығын арттыру, ұялшақ балаға көмек беру.
(Аудио дыбыстар естіледі, көше, көліктердің)
Шаттық шеңбері: (балалар бірге айтады)
Алтын сәуле арайлы.
Бақшамызға тарайды.
Қуанышпен шат күліп,
Қарсы алайық арайды.
Қайырлы таң қонақтар!
- Сәлеметсіздер ме?!
Тәрбиеші: Біздің тобымыз: - «Қызғалдақ»
Ұранымыз:
- Ережені білеміз,
Көшеде еркін жүреміз.
Біздің ұран осындай,
Сіздерге айтып береміз.
Біз бақшаға барамыз.
Оқу білім аламыз.
Тәрбиешінің айтқанын,
Есте сақтап аламыз
- Айтыңдаршы балалар, біз автобуспен қайда саяхат жасадық?
Көшеге саяхат жасадық
- Көліктер қайда жүреді? - Жолда.
- Көшедегі жолдар қандай болады екен? - Ұзын, қысқа, тар - кең
- Көшеде келе жатқан адамдарды кімдер дейді? - Жаяу жүргіншілер.
Қазір қай мезгіл? - Күз мезгілі.
Күздің қандай аттарын білесіңдер? - Қоңыр күз, маужыраған күз, алтын күз, берекелі күз, жемісті күз, салқын күз. қара күз.
Ендеше теледидарға қарайық. Слайд көрсетіледі
Өлең оқу:
Жапырақтар ұшады,
Айналады дөңгелеп.
Жапырақтар түседі,
Желмен бірге желбіреп.
Күзде дала жаурайды,
Көкте бұлттар ойнайды,
Бұтағынан үзіліп,
Жапырақтар саулайды.
Қане, күз мезгілінің ерекшелігін айтып жіберейікші.
Жапырақтар сарғайып, жел тұрады, жаңбыр жауады, күн суытады.
- Қандай дыбыстарды естідіңдер?
- Ш - ш - ш - ш — жапырақтардың шулағанын.
Тырс - тыр жаңбыр жауғанын, желдің гуілдегенін, у - у - у - у. (Балалардың жауаптары).
Күзді орысша не дейміз? - Осень
Тәрбиеші:
Балалар, біз бүгін сендермен «Қоршаған ортамен таныстыру» оқу іс - әрекетінде көше қауіпсіздігі жайында айтамыз.
Айтыңдаршы, балалар!
Жол қозғалыс ережелерінің мақсаты не?
- Бізді қауіптен қорғау.
Слайд: «Сақта жолдың тәртібін» (жәй әуеннің дауысы естіліп тұрады).
Тәрбиеші:
Көшеге шыққаннан кейін, айналамызға абайлап, қарап жүрмесек болмайды. Себебі бағдаршамға бағынып жүру тәртібін қатаң сақтаған адам өз өмірінің қауіпсіздігін де қамтамасыз ете алады.
Сұрақ - жауап алу.
Үлкен жолда доп ойнауға, велосипедпен көшеде жүруге бола ма? Балалардың жауаптары.
- Келе жатқан көліктің алдынан өтуге бола ма?
Ой толғаныс: «Венн диаграмма»
Ортақ қасиетін салыстыру. Ескерту, тыйым салу, меңзеу (нұсқау) белгілерін орындарына атап қояды.
Балалар белгілерді дұрыс қойып, қызыға ойнады.
Билингвальды компонент: қауіпсіздік - безопастность, бағдаршам - светофор, жаяу жүргіншілер өтпесі - пешеходный переход, тыйым салатын белгілер - запрещающие знаки. Дұрыс, жақсы айтты.
Ерасыл:
Ерасыл деген баламын,
Мектепке енді барамын.
Жүруді де үйрендім,
Көшесінде қаланың.
Жол шетіне келгенде,
Тоқтай қалып мен демде.
Көз саламын арнайы
Белгісі бар жерлерге.
Жол белгісі суреттерімен балалар ортаға шығады.
- Мына белгі тамақтану орны бар деген белгі. - Фариза
- Түсі көк шеңберде адам бейнеленген. (Жаяу жүргіншілер жолы). - Темірлан
- Мынау белгі автобус аялдайтын орын. - Аяулым
- Қызыл шеңберде адам бейнеленіп, үстінен сызылған. Бұл белгіде жаяу жүргіншілер қозғалысына тыйым салынады дегенді білдіреді. - Ақерке
- Бұл белгіде қызыл шеңбердің ішінде велосипед суреті бейнеленген. Велосипедпен қозғалысқа тыйым салынады. - Нұрбек
Жұмбақ жасырылады:
Үш көзі бар қаз – қатар.
Кезек – кезек ашады.
Үшеуінен байқасам
Үш түрлі і нұр шашады. Бағдаршам
Қызықтыру сәті: (әдемі көңілді әуенге бағдаршам келеді). Балалар амандасады.
Бағдаршам:
Менің атым бағдаршам,
Мекен жайым тұрақты.
Жақсы білем міндетімді,
Мүдірмеймін ешқашан.
Жол ережесін білесің бе?
Жарияланды 30-10-2015, 12:38 Категориясы: Бала-бақша
Балабақша тәрбиешісі: Шолпан Жангожина
Білім беру саласы: Қатынас, Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту, Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Жол ережесін білесің бе?»
Мақсаты: Балаларды жол ережелерімен таныстыру. Бағдаршам арқылы үш түрлі түсті ажыратып, жолға шыққанда өздерін қалай ұстау керектігін үйрету. Балаларды сақтыққа, жол ережесін орындауға үйрету.
Көрнекіліктер: Бағдаршам макеті, МАЙ қызметкері, жүргінші жолы, ойыншықтар.
Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс – әрекеті
Тәрбиеші ашық оқу іс - әрекетін өлең шумағымен бастайды.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Сабағымызды бастаймыз сәлемменен!
Іздену, ұйымдастырушы Балалар бүгін бізде ерекше күн. Біз кәзір орманға саяхатқа барамыз. Жол қашық сондықтан, көлікпен баруымыз керек. Мен жұмбақ айтам, соның шешуін тапсаңдар, біз сол көлікпен саяхатқа шығамыз.
Бұл тұлпар су ішпейді. жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді,
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Киіп ап төрт дөңгелек дөңгелейді.
Енді жол ережелерін есімізге түсірейік. Өйткені, жолда түрлі жол белгілері кездеседі. (кеуделеріне белгі ілген5 бала ортаға шығады: бағдаршам, ескерту, тыйым, анықтама, көрсеткіш белгілері)
Ал балалар, қане автобусқа жайғасайық. Ал қозғалдық.
Сәт сапар! Біз қазір қаланың көшесімен келе жатырмыз. Көше қиылыста
рында бағдаршам
болады. Бағдаршамның қай түсі жанған да біздің автобусымыз тұру керек?
- Дұрыс айтасыңдар.
Көрініс.
«Көшедегі жол ережесі»
1 бала – бағдаршам
1 бала – жедел жәрдем
2 бала – жеңіл машина
4 бала – жолаушы
МАЙ қызметкері.
Көше қиылысында машиналар зуылдап өтіп жатыр. Жолаушылар бағдаршамға қарап, тосып тұр. Дәл осы кезде жедел жәрдем машинасының сиренасы естіледі.
Тәрбиеші: - Балалар, мынау қай көліктің даусы?
Ойпыр – ай, енді қай көлікті жібереміз?
Тәрбиеші: Неге?
Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жедел жәрдем машинасын бірінші жіберу керек. Себебі, олар адам өмірін құтқаруға асығып бара жатыр
Бағдаршамға бағынбай, жүгіріп өтіп бара жатқан баланы МАЙ қызметкері тоқтатып, ескерту береді.
- Ал, енді ары қарай сапарымызды жалғастырайық.
- Балалар жүргізуші неғып жүрісін баяулатты?
- Ол белгінің ішінде неге жануардың суреті тұр?
- Ендеше «Жануарлар» деген ескерту белгісі тұрса, біз орманға да келіп қалған болдық қой. Көліктен түсіп ары қарай жүрейік.
- Әне қараңдар Аю мен Қонжық кетіп жатыр.
Көрініс «Аю мен Қонжық»
Аю: Көшеден өтер де әуелі сол жаққа, содан соң оң жағына қарау керек.
Әйтпесе, машина басып кетеді.
Қонжық: Жоқ, мен оңға да, солға да қараймын. Апай бізге көшеден өткенде тура бағдаршамға қараңдар деген.
Аю: Ақымағым - ау,
ормандағы жолда қандай бағдаршам болуы мүмкін?
Бағдаршам тек қала көшелерінде болады.
Тәрбиеші: Біз тоқтап,
Қонжыққа бағдаршам жоқ жерде жолдан
қалай өту керек екенін түсіндірейік. Қонжық сен бері кел.
- Бағдаршам жоқ кезде мынадай белгі салынған жерден өту керек.
Бұны «Зебра»- яғни, жолақты белгі салынған жер дейді.
жүру тәртібін, Жолы болсын әркімнің!"
Тақырыбы: "Сақта жүру тәртібін,
Жолы болсын әркімнің!"
Мақсаты :
1. Оқушыларға жол ережесі туралы жалпы мағлұмат беру.
2. Жол ережесін бұзғанда болатын қауіп-қатер туралы ескерту.
3. Жолда жүргенде абайлап жүруге тәрбиелеу.
Көрнекіліг: Сурет, жол белгілері, сөзжұмбақ.
Не білу керек?
* Жолаушының ережелерін, жол белгілерін ажырата білу.
Не істей білу?
* Жолда жүру ережелерін орындай білу.
Бағдаршамсыз жағдайда жолдан қалай өту керек?
Бағдаршамсыз жағдайда көшеден өтерде алдымен сол жағыңа, ал көшенің ортасына жеткенде оң жағыңа қара. Жүріп келе жатқан көлік көрсең, оны өткізіп жібергенің дұрыс. Жолдан өтерде ешқашан асықпа, жүгірме.
Үлкен даңғылдарда өтіп үлгермеген жағдайда,
қай жерде күту керек?
Аялдамада тұрған автобустың қай жағынан өтуге болады?
Аялдамада тұрған автобустың сырт жағынан айналып өт, сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны көре аласың.
Көшеде әркімнің өз жолы бар:
Адам - жүргіншілер жолы
(ала жолақ), тротуармен.
Машиналар- даңғылмен.
Велосипед - жол жиегі.
Трамвай – рельспен.
Жаяу жүргіншіге арналған жадынама
1.Жаяу жүргінші жаяу жол (тротуар) немесе жаяу жүргіншіге арналған жолмен жүруі тиіс. Егер олар болмаса, жол жағалауымен немесе велосипед жолымен (велосипедшілер қозғалысына кедергі келтірсе) жүру керек.
2.Елді мекеннен тыс жерлерде жаяу жүргінші көлік құралдары қозғалысына қарама-қарсы бағытта жүруге тиіс;
3.Жаяу жүргінші жолды жер асты өтпесі, аспалы көпірлер, жол таңбалары салынған немесе «жаяу жүргінші өтпесі» белгісі қойылған жерлер арқылы кесіп өтеді. Жаяу жүргінші өтпесі белгіленбеген жол учаскесінде жолды қиылыстардан жаяу жол жиегі бойымен, ал олардың аралағында – жол жақсы көрінетін жерде тікелей кесіп өтуге рұқсат етіледі;
4.Қозғалыс реттелетін жерлерде жаяу жүргінші реттеуші немесе бағдаршам сигналдарын басшылыққа алуы тиіс;
5.Қозғалыс реттелмейтін жерлерде жаяу жүргінші жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, сондай-ақ олардың жылдамдығын болжап алып, жолдан өту қауіпсіздігіне анық көз жеткізген соң ғана жолды кесіп өте алады;
6.Жаяу жүргінші жолдан өтіп бара жатып аялдауға немесе қажетсіз тоқтауға тиіс емес. Жолдан өтуді аяқтап үлгермеген жаяу жүргінші ары қарайғы қозғалысты қауіпсіздік аралында күтуге тиіс. Егер ондай болмаса, қарама-қарсы бағыттардағы көлік ағынын бөліп тұратын сызық бойында күтуі керек;
7.Автобус, троллейбус, трамвай, таксиді тек қана отырғызу алаңында күту қажет. Егер ондай болмаса, жаяу жол немесе жол жиегінде тосқан жөн.
Жаяу жолда жүру тәртібі
Жеке жүрсең:
1. Жаяу жолдың оң жағымен жүр;
2. Жүгірме, асықпай адымда;
3. Жол жиегінен (бордюрден) аттама, оның үстімен жүрме;
4. Жаяу жол үстіндегі кедергілерді көлік жолға шықпай айналып өт;
5. Жаяу жолдың ортасына тұрма, үйлерге жақын барып тұр;
6. Жаяу жол үстінде ойнап, алыспа;
7. Әлдеқандай затыңды көлік жолға түсіріп алсаң, ересектердің бірінен жәрдем сұра;
8. Жолаушылар үшін жасаған қоршаудан қарғыма. Оның астынан өтпе және үстіне асылып отырма.
Топпен бірге жүрсең:
1. Қатардан шықпа;
2. Алысып ойнама;
3. Жүгірме, секірме, итеріспе;
4. Шуылдама;
5. Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас, басқаларға алаңдама;
Жолды жаяу жүргінші арқылы өту ережесі
1. Жаяу жолдың шетіне барып, жаяу жүргінші өтпесіне жақындап, жол жиегінен баспай тоқта;
2. Солға және оңға қарап ал: жолдың бір жақты немесе екі жақты қозғалыста екенін анықта;
3. Жақын келе жатқан көлікті өткізіп жібер;
4. Жаяу жүргінші өтпесіне қарай артқа жүріп келе жатқан көліктің жоқ екеніне көз жеткіз;
5. Жолдан өтуді келе жатқан көлікпен арақашықтық қауіпсіз болған жағдайда ғана баста. Қашықтықты анықтағанда жолда кідіру мүмкіндігін ескерген жөн;
6. Көлік жолдан өткенде жүгірме, бірақ жылдам адымда!
7. Жолдан өткен кезде алдымен сол жақта келе жатқан көлікке, ортасынан асқан соң оң жақтағы көлікке қара. Бір жақты қозғалыстағы жолда жүріп келе жатқан көлік түрлерін бақыла;
8. Жол өтпесінен өткенде жаяу жолға қарай қиғаштап емес, тура жүр.
Дильназ. Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Басталсын сабағымыз сәлемменен.
Арманға алға күткен асығармыз,
Біз қалай жалын атпай басылармыз
Жол жүру ережесін жақсы біліп
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!
Руслан. Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Қай көшеге, қай қалаға барсаңыз да
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да
Жол жүру ережесі – Заңды тәртіп
Жол – ортақ! Үлкен-кіші баршамызға.
Алишер. Жол ортасын айландырып алаңға,
Көпшілігің ұмытыпсың ережені далақтап,
Барлығымыз бірге үйреніп білейік
Жол бойында қалмау үшін алаңдап.
Сабина. Ескерту белгісі:
Қып-қызыл үшбұрыш,
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп, сәт сапар жолдаған
Аман-сау жүреді жаяу да, көлік те.
Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.
Бейімхан Тыйым белгісі:
Қызылмен боялған, шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жақты.
Арайлым. Анықтама белгісі:
Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,
Міндетті бұрылыс, әйтпесе, қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолында,
Абай бол, шартымды міндетті орында.
Жұмбақтар
1. Сөйлеуді ол білмейді
Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. /Бағдаршам/
2. Өзі тым күшті, аяғы тісті.
Лезде тындырар қыруар істі /Трактор/
3. Үзеңгісін тептім,
Зымырап кеттім /Велосипед/
4. Төрт аяқ домалақ,
Адамсыз ол жүрмейді. /Машина/
5. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. /Бағдаршам/
6. Көліктің қаншасын жанынан өткізген,
Іздеген басталып, алысқа жеткізген. / Жол/
Еділ. Көрсеткіш белгісі:
Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,
Үн-түнсіз жөн сілтеп, жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де түнде де от болып жанамын,
Көк түске боялған, төртбұрыш шырағым.
Жақсыбай. Бағдаршам:
Көшеде бағдаршам болмаса,
Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе
Кідірме, абыржып онда аса
Сенгейсің өзіңнің көзіңе
Көшеде ортаға жеткенше
Әуелі көзің сал сол жаққа
Балақай, ортадан өткен соң
Мойның бұр сол жақтан оң жаққа.
Ерлан.
Ирек ирек көшелер
Көше деген мың ирек
Қиындыққа әйтсе де
Үйренесін біртіндеп
Барар жерге асықпа
бәйге алмайсын бұрын кеп
Сөзжұмбақ
1. Жүргізушілерге қозғалысты бағыттайды. Жол бойында кездеседі.
2. Қоғамдық көлік түрі.
3. Зымыран жүргізушісі.
4. Машина маркасы.
5. Бағдаршамның қай жарығы жаңғанда рұқсат етіледі?
6. Алғашқы медициналық пункті.
7. Машинаның аяқ киімі.
8. Кез келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
9. Жолаушы көлікті қай жерде күтеді?
Достарыңызбен бөлісу: |