Сабақтың тақырыбы : Квадраттық функция Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата19.02.2017
өлшемі49,17 Kb.
#10847
түріСабақ

8 сыныптағы сабақ жоспары + презентация.

Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция




Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың квадраттық функцияның дербес түрлерін қайталау және белгілі графиктердің көмегімен квадраттық фунцияның графиктерін салудағы білімдерін бекіту және өз беттерімен ізденуге, қорытындылай білуге үйрету.

Дамытушылық: оқушыларды ойлауға, шешім қабылдауға үйретіп, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды өз өмірі мен әрекетіне жаупкершілікпен қарауға және қойған мақсатына жетуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

Интерактивті тақта, компьютер, проектор, MS Power Point бағдарламасының көмегімен осы сабаққа арнайы дайындалған слайдтар (презентация).



Сабақтың барысы:

I. Үйымдастыру кезені. Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру.

II. Теориялық материалды қайталау.Презентация.( 3-15слайдтар)

1.Қандай фукцияны квадраттық функция деп атайды?

2.Берілген функциялардың қайсысы квадраттық функция болады?


  1. у=5х2-6 4) у=4х2

2) у=7х-1 5) у=x3+x+1

3) у=-3х2+х+7 6) у=-9х2+4х

3. y=ax2 y= ax2+n y= a(x-m)2

функциялардағы а коэффициенті нені білдіреді?

4. y= ax2+n функциясының графигін қалай салуға болады ?

5. y= a(x-m)2 функциясының графигін қалай салуға болады?

6. y= a(x-m)2+n функциясының графигін қалай салуға болады ?

III. Ауызша есептер шығару( 16-19 слайдтар)



  1. Сурет бойынша формуламен берілген функция мен графиктің сәйкестігін табу.

  2. Квадраттық функция келесі формуламен берілген. Парабола төбесін анықтаңдар.

y = x2 -6

y = (x-5)2

y = (x-7)2 +4

y = (x+3)2 -1

3. y= 0,5(x-1)2+4 функциясының графигін y=0,5x2 функциясының графигінен қалай алуға болады?

IV. Үйге берілген шығармашылық тапсырманы тексеру( Geonext және MS Power Point программаларын қолданып, өздері слайдтар дайындаған

2 оқушы тақтаға шығып түсіндіреді) ( 20-24 слайдтар).

V. Практикалық жұмыс.( 25 слайд ) Екі оқушы тақтада орындайды.

1. y=x2 үлгісінің көмегімен :

а) y=-x2-2 ә) y=-(х+1)2 – 3 б) y=|-х2 +3| графиктерін салыңдар.

2. Салуды орындамай-ақ, функцияның графигінің х осімен және у осіменен қиылысу нүктелерінің координаталарын табыңдар:

а) y=х2+2х ә) y=х2 +2х-8

VI. Тест ( 26-27 слайд)

1.Берілген көпмүшелердің қайсысы квадрат үшмүше болады?

А) 2х+3

В) х3 – х -7

С) х2-19х

Д) 3х2 -9х -1

2. х2 -9х+8 квадрат үшмүшесін көбейткіштерге жіктеңдер:

А)(х-1)(х-8)

В) (х+1)(х –9)

С) (х+1)(х+8)

Д )жіктеуге болмайды.

3.Суретте y=x2-4 функцияның графигі қандай түске боялған?

А) қызыл

В) көк


С) жасыл

Д) басқа


4. y=(x+5)2 функцияның графигін y=x2 функцияның графигінен қалай алуға болады?

А) Ох осі бойымен 5 бірлік оңға

В) Ох осі бойымен 5 бірлік солға

С) Оу осі бойымен 5 бірлік төмен

Д) Оу осі бойымен 5 бірлік жоғары жылжыту арқылы алуға болады.

5. y=3x2+4х-7 параболаның х осімен қиылысу нүктелерінін абсциссаларын анықта:

А)1;-7/3

В) 1;7/3

С) 2;4

Д)8;1


VII. Оқушылар жұмыстарын өздері дайын жауаптармен тексереді.

VIII. Қорытыңды.



IX. Үйге деңгейлік тапсырма .№ 253, №257, №262 ( 28 слайд)








Каталог: materials
materials -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
materials -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
materials -> Д. И. Победаш Международные режимы
materials -> Книга Юрия Никулина «Почти серьезно »
materials -> Темы контрольных работ по дисциплине «История бухгалтерского учета»
materials -> Материалдары
materials -> «Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық журналистиканы оқыту модельдері»
materials -> Учебная программа по предмету «русский язык»
materials -> Сабақ тақырыбы Жер және ғарыш Ғарыш дегеніміз не? Оқу мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет