Сабақтың тақырыбы : М. Дулатов: «Шәкірт», «Таза бұлақ», «Оян,қазақ» өлеңдері Сабақтың мақсаты


VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру.Кітаппен жұмыс



бет6/9
Дата03.11.2019
өлшемі330,59 Kb.
#51040
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
11-сын2017


VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру.Кітаппен жұмыс.

Ілияс поэмада «қырға біткен шынайы жел жүйріктерінің» талайының мүсінін мүсіндеген. Ал Құлагерге келгенде ақын өз білімі мен талантына қоса, халықтың көп жылдық жүйрік ат жөніндегі пікірлерін сарқа пайдаланған. Осы ретте Абайдың «Аттың сыны» өлеңі мен Ақанның Құлагерге байланысты өлең жырларын пайдалана білген.

Енді Батыраш Құлагерге алғаш көргенде қандай ой түйді?
Соған тоқталайық
Ал Күреңбай сыншы көзқарасымен Құлагер қалай сипатталады?
Соған ой жіберейік.
Бекіту:
Ал, Абайдың «Аттың сыны» өлеңіндегі жүйрік ат бейнесі қандай екен?
Енді екі жүйріктің ұқсастықтары бар ма?
Абай
Тәует бас
қамыс құлақ
қоян жақ
Поэтикалық
үндестік

Ілияс
Тәует бас
қамыс құлақ
қураған жақ


VII Сабақты бекіту.

1.Жазушы қай жерде дүниеге келді?

2. Жазушының қандай шығармаларын оқыдыңдар?

3.Қандай өлеңдері бар?

4.Поэмасының басты тақырыбы неде?

VIII Үйге тапсырма. «Құлагер» поэмасынан үзінді жаттау

Тексерілді: 09.11.18 ж.



  • Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11

  • Сабақтың тақырыбы : Әлеуметтік-саяси шешендік сөз .

  • Сабақтың мақсаты : а) қазақтың шешендік өнері туралы сапалы білім беру,қазақтың шешендері мен билері туралы түсіндіру;

  • ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

  • б) сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа,инабатылыққа, шешендікке баулу,

  • Сабақтың түрі : аралас сабақ

  • Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

  • Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар

  • Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі

  • Сабақтың барысы :



  • I Ұйымдастыру кезеңі :

  • Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  • II Үй тапсырмасы

  • Үйге берілген тапсырманы сұраймын .

  • III Білімді бекіту.Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

  • 1.Қазақ тілі қандай тіл?

  • 2.Қандай шешендерді білесіңдер?

  • 3.Шешендік өнер дегеніміз не?

  • IV Мақсат қою кезеңі.

  • Сабақтың мақсатымен таныстыру.

  • V Материалды сабақты түсіндіру.

Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз "тілге жеңіл, жүрекке жеңіл” тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Шешендік сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал құрылысы жағынан кіріспе, баяндау жатады.

Қазақ халқының тұрмыстық қарым-қатынастағы тілдесуі салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың шеңберінде таразыға түсіп тұрады.

Болашағын баласының адал, бақытты ғұмырымен ғана елестетіп, соны арман еткен халық ұрпағын туған күнінен бастап бесік жырымен әлдилеп жақсылық тілейді. Есейе келе баланың әр ісіне, қадамына қуанып, «Азамат бол!», «Көп жаса!», «Елдің алды бол!», «Өркенің өссін!», «Қадамыңа нұр бітсін!», «Бағың жансын!», «Жұлдызың жоғары болсын!» т.б. мейірімге толы сөздермен өсіреді

Қоғамдық, саяси, шаруашылық, тұрмыстық өзгерістерге байланысты тілде де өзгерістер болып тұруы заңды. Сөздер көнереді, жаңа сөздер кіреді немесе тілдегі бар сөздер жаңа мағынаға ауысады. Әдеби тіл үнемі даму мен қозғалыста болады.

Әдеби тілдің өзі де - жалпыхалықтық тілдің сұрыпталған түрі, әрі жалпыхалықтық тілдің бір құрамы ретінде өмір сүреді.

Ұлттық тіл өзі қызмет ететін халық тілінің қарым-қатынас құралы болатынын есепке алсақ, қазақ тілі де қазақтың қоғамдық өмірінде, саяси-шаруашылық тұрмыстық ісінде рухани байлығы ретінде де қызмет атқарады.

Қоғамның өзгеруіне қарай тілдің стильдерге тармақталуы тілдік нормаларды қалыптастырады, әрі әлеуметтік-тұрмыстық тілдің жаңаруына, дамуына негіз болады.

Тілдің басты қызметі - халықтың рухани құндылығы, қарым-қатынас құралы бола алуы. Ендеше әлеуметтік-тұрмыстық тіл қазіргі қазақ тілінде барлық стильдің тұғыры болуымен мәнді. Таратып айтар болсақ онда қазіргі қазақ тіліндегі стильдер белгісінің барлығы бар.






  • Кітаппен жұмыс: Жаттығулармен жұмыс.

  • Жаттығумен жұмыс.







  • VII Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.

  • 1.Шешендік өнер дегеніміз не?

  • 2.Шешендік өнер кімдерден басталады?



  • Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

  • VIII Үйге тапсырма : Қазақ шешендері, батырлары туралы еңбектер жинақтау.





  • Тексерілді: 13.11.17ж.

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы

(1846-1945)

Сабақтың мақсаты: а) ақын туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау;

ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



II Үй тапсырмасын cұрау кезеңі.

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.



III Сабақты бекіту кезеңі. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Абай кім?

2. Абайдың қандай шығармаларын оқыдыңдар?

3.Қазақты әлемге танытқан Абайдың қандай еңбектері бар?



IV Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау.



V Жаңа сабақты түсіндіру:

Жамбыл Жабаев Шу өзенінің бойында дүниеге келген.Ауыл молдасының діни оқуында сауат ашқан Жамбыл,молданың ұрып-соғуына көнбей,оқуды тастап кетеді.Жастайынан ән мен өлеңге құмар ақын естіген өлеңдерін жаттап,өзі де жанынан өлең шығарды.М.Әуезов «Жетісу ақындарының алтын қазығы» деп бағалаған Сүйінбай Аронұлы Жамбылдың өлеңдерін,ұнатып,батасын береді.

Жамбыл Сарбас,Досмағамбет,Құлмамбет сияқты өз өңіріне танымал ақындармен айтысады. Ақынның 1916 жылғы маусым жарлығынан кейінгі халық көтерілісін суреттейтін «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» сияқты өлеңдері бар.Кеңес дәуірінде Жамбыл жаңа тұрмысты жырлап,халыққа бақытты,шаттықты тұрмыс келді деп жазады.

1936 жылы Қазақстанның Москвада өткен әдебиет пен өнерінің онкүндігіне қатысады.1937 жылы грузин ақыны Шота Руставелидің 750 жылдық тойына қатысады.Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланған.

«Ленин» және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталады.Бұның бәрі ақынға жаңа шабыт,тың күш қосады

Жамбыл Жабаев 1945 жылы 100-ге қараған шағында қайтыс болды.

Жамбыл Жабаев – халық поэзиясының ірі өкілі,жазба әдебиетте өз қолтаңбасын қалдырған, көпшіліктің мұрат мүддесін,арманын шырқаған ақын.

VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

Кітаппен жұмыс: кітаптан Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы жайында деректер оқу және конспектілеу.

Шығармашылық жұмыс: « Сұраншы батыр» мәнерлеп оқу.Жоспар. «Өлеңі не күлдірмесе, не жылатпаса –өлең емес» (Ой толғау)


VII Білімді бекіту: 1. Ж.Жабаев қай жерде туып,өскен?

2.Ж.Жабаев кімнен бата алған?

3.Жамбылдың қандай шығармалары бар?

4.Бүгінгі күн көзқарасымен қарағандағы Жамбылға берілетін баға қандай?



Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
VIII Үйге тапсырма: Ж.Жабаевтың өмірбаянын оқып келу.


Тексерілді:


  • Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11

  • Сабақтың тақырыбы : Әлеуметтік-саяси шешендік сөздердің тілдік құралдары.

  • Сабақтың мақсаты : а) қазақтың шешендік өнері туралы сапалы білім беру,қазақтың шешендері мен билері туралы түсіндіру;

  • ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

  • б) сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа,инабатылыққа, шешендікке баулу,

  • Сабақтың түрі : аралас сабақ

  • Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

  • Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар

  • Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі

  • Сабақтың барысы :



  • I Ұйымдастыру кезеңі :

  • Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  • II Үй тапсырмасы

  • Үйге берілген тапсырманы сұраймын .

  • III Білімді бекіту.Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

  • 1.Қазақ тілі қандай тіл?

  • 2.Қандай шешендерді білесіңдер?

  • 3.Шешендік өнер дегеніміз не?

  • IV Мақсат қою кезеңі.

  • Сабақтың мақсатымен таныстыру.

  • V Материалды сабақты түсіндіру.

Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз "тілге жеңіл, жүрекке жеңіл” тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Шешендік сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал құрылысы жағынан кіріспе, баяндау жатады.

Қазақ халқының тұрмыстық қарым-қатынастағы тілдесуі салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың шеңберінде таразыға түсіп тұрады.

Болашағын баласының адал, бақытты ғұмырымен ғана елестетіп, соны арман еткен халық ұрпағын туған күнінен бастап бесік жырымен әлдилеп жақсылық тілейді. Есейе келе баланың әр ісіне, қадамына қуанып, «Азамат бол!», «Көп жаса!», «Елдің алды бол!», «Өркенің өссін!», «Қадамыңа нұр бітсін!», «Бағың жансын!», «Жұлдызың жоғары болсын!» т.б. мейірімге толы сөздермен өсіреді

Қоғамдық, саяси, шаруашылық, тұрмыстық өзгерістерге байланысты тілде де өзгерістер болып тұруы заңды. Сөздер көнереді, жаңа сөздер кіреді немесе тілдегі бар сөздер жаңа мағынаға ауысады. Әдеби тіл үнемі даму мен қозғалыста болады.

Әдеби тілдің өзі де - жалпыхалықтық тілдің сұрыпталған түрі, әрі жалпыхалықтық тілдің бір құрамы ретінде өмір сүреді.

Ұлттық тіл өзі қызмет ететін халық тілінің қарым-қатынас құралы болатынын есепке алсақ, қазақ тілі де қазақтың қоғамдық өмірінде, саяси-шаруашылық тұрмыстық ісінде рухани байлығы ретінде де қызмет атқарады.

Қоғамның өзгеруіне қарай тілдің стильдерге тармақталуы тілдік нормаларды қалыптастырады, әрі әлеуметтік-тұрмыстық тілдің жаңаруына, дамуына негіз болады.

Тілдің басты қызметі - халықтың рухани құндылығы, қарым-қатынас құралы бола алуы. Ендеше әлеуметтік-тұрмыстық тіл қазіргі қазақ тілінде барлық стильдің тұғыры болуымен мәнді. Таратып айтар болсақ онда қазіргі қазақ тіліндегі стильдер белгісінің барлығы бар.






  • Кітаппен жұмыс: Жаттығулармен жұмыс.

  • Жаттығумен жұмыс.







  • VII Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.

  • 1.Шешендік өнер дегеніміз не?

  • 2.Шешендік өнер кімдерден басталады?



  • Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

  • VIII Үйге тапсырма : Қазақ шешендері, батырлары туралы еңбектер жинақтау.





  • Тексерілді: 15.11.17ж.

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:

а)ақынның, жазушының өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы жазушыны жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,ақиқаттылыққа тәрбиелеу

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



II Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. С.Торайғыровтың шығармашылығы.

III Сабақты бекіту кезеңі. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.М.Әуезов кім?

2. Жазушының қандай шығармаларын білесіңдер? IVМақсат қою кезеңі.

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту. V Материалды түсіндіру:

Әуезов қаламынан 30-дан аса драмалық шығарма туды. Жеке пьесалардың варианттарын қоссақ, 50-ден асады. Әуезов драматургиясында жанрлық формалардың бәрін қамтыған. Онда трагедия да, комедия да, драма да бар. Әуезов кейбір шығармаларын бірігіп жазған. Олар: Л. Соболев («Абай»), С. Мұқанов («Ақан - Зайра»), Ғ. Мүсірепов («Қынаптан қылыш»), Ә. Тәжібаев («Ақ қайың»), Ә. Әбішев («Намыс гвардиясы»), «Октябрь үшін» (1933) пьесасының материалдары - Жетісу қазақтарының революцияға келуі. Кейіпкерлері - Д. Фурманов, Ж. Бәрібаев. Кітаптың мұқабасында «Мұны жазуға Қ.Байсейітов, Бековтар қатысты» деген сөздер бар. Әуезовті әдебиетке «Еңлік - Кебек» алып келді. Шығарма өзегі - эпостық материал. Әлемдік әдебиеттегі мұндай тәжірибе енімді дәстурлердің бірі. Әуезовтің «Еңлік - Кебегі» 1922 жылы Орынборда басылды. Кейіпкерлері сахна тілімен сөйлейді. Автор өзінен бұрынғы мотивтерден алыс кетпеген. Билер сахнасы - көркемдік тамаша табыс. Кемшілік, олқылықтарды ескеріп, Әуезов пьесаны 1943 жылы қайта жазды. Бірнеше көрініс қысқарды. Аса терең, мәнді шығарманың бірі - «Түнгі сарын». Бұл - қазақ драматургиясында реализмнің орныққанын көрсеткен туынды. Мұнда көркемдік шешім ақындық идеалмен тығыз байланысты. Таптық тартыс шығармада жай схема түрінде емес, адам тағдырлары арқылы бейнеленеді. «Түнгі сарын» - қазақ драматургиясында жағымды кейіпкерлер проблемасын шешкен туынды. «Октябрь үшін», «Тартыс» пьесаларында Әуезов реалистік драма жасаудың түрлі-түрлі құралдарын пайдаланған.

1934 жылы сахнаға шыққан «Хан Кене»трагедиясы Әуезовтің азаттық идеясын терең бейнелеген, аса көркем тарихи пьесасы. Мұнда Хан Кененің, Наурызбай батырдың, қазақ, қырғыз билерінің реалистік бейнелері жасалып, тарихи шындық пен көркем шындық табиғи бірлік тапқан. «Қарагөз» 1926 жылы бірінші сыйлық алды. 30-жылдардағы белгілі әдебиет сыншысы Ғ.Тоғжанов трагедияда ескі көшпелі өмірді мадақтау бар дейді. Ж.Орманбаевтың да бір мақаласында осындай пікірі айтылғанды. Әуезов бұл пьесаға кейін кайта оралып, жаңа нұсқа жасады. 30-жылдары Әуезов реализмді меңгеруде көп еңбек етті. Әсіресе драматургияда көптеген ізденістерге барды. 1918 жылы Әуезов тұңғыш рет Абай жайлы мақала жазып, Абай заманы туралы білген, естігендерін қағазға түсірген. Л. Соболевпен бірлесіп жазған «Абай» пьесасы кейінгі эпопея тақырыбының барлауы еді. Онда Абай өмірінің соңғы кезеңдері қамтылған. 30-жылдардың аяғында Әуезов білімі жөнінен, рухани толысуы жағынан шыңға көтерілді. Ол Абай тақырыбына осындай шақта келеді.

Автор Абайға лайық сөз өрнектерін тапқан. Бұл трагедия қоғамдық мәні бар күрделі жағдайларды көрсетеді. Шығармада тартыс, әрекет бірлігі мықты. Пьесада қақтығыс көп. Осы пьесаның негізінде кейін опера либреттосы, киносценарий жазылды. Трагедияны тұңғыш сахнаға қойған - Асқар Тоқпанов. Абай рөлін Қ.Қуанышбаөв ойнады. Драма формасын Әуезов көп байытты. Әуезов фантастикалық пьеса да жазған. Ол - «Дос - Бедел дос». Пьесада «бір адам әр түрлі формацияда өмір сүрсе қандай болар еді» деген сұрауға жауап іздейді. Әуезов драматургиясында қазақ халқы өмірінің сан алуан қырлары үлкен шеберлікпен көрсетілген. Өмірдің терең қабаттарын қопарып, типтік жағдайлардағы характерлерді дәл тауып, олардың өзара қақтығысынан туған үлкен тартыстарды көрсету - Әуезов пьесаларының басты ерекшеліктерінің бірі. Шығармаларға құбылыстың сырт көрінісі, яки адамдар арасындағы ұсақ интригалар емес, әлеуметтік конфликтілер негізгі арна болады. Әуезов - қазақ драматургиясының жаңашылы. Ол дүниежүзілік драматургияның асыл үлгілерін оқып, аудару арқылы шеберлік мектебінен өтті. Мұның үстіне Әуезов пьесаның еуропалық үлгісіне соны ұлттық бояу, нақыш қосты. Қазақтың ежелгі әдебиетіндегі драматургияға жақын үлгілерді (айтыс, беташар, жар-жар, шешендік дауы) жаңашылдықпен пайдалана білді.

Әуезов трагедияларында сан алуан образдар галереясы бар. Олар өздеріне ғана тән, айрықша сөздік сипаттамаларымен кейіптелген. Әуезов - қазақ әдеби тілін дамытуға орасан мол үлес қосқан, реформатор суреткер. Әуезов қазақ тілінің негізгі сөздік қорын жеріне жеткізе пайдаланады. Мақал-мәтәлдерді, айқышты сөздерді, фразаларды бағды күйінде ала салмай, оларды өз мақсатына орай жаңғыртып, жайнатып, қайтадан құйып шығарды. Әуезов пьесалары - қазақ әдебиетінің алтын жамбадай қымбат, асыл шығармалары, біздің ұлттық мақтанышымыз.


VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру.Кітаппен жұмыс. Жазушының драмаларын оқу.

VII Сабақты бекіту.

1.Жазушы қай жерде дүниеге келді?

2. Жазушының қандай шығармаларын оқыдыңдар?

3.Қандай шығармалары бар?



VIII Үйге тапсырма. оқу,мазмұны.

Тексерілді: 16. 11.17ж.

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы. «Қорғансыздың күні»
Сабақтың мақсаты:

а)ақынның, жазушының өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы жазушыны жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,ақиқаттылыққа тәрбиелеу

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



II Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. С.Торайғыровтың шығармашылығы.

III Сабақты бекіту кезеңі. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.М.Әуезов кім?

2. Жазушының қандай шығармаларын білесіңдер? IVМақсат қою кезеңі.

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту. V Материалды түсіндіру:

Әуезов қаламынан 30-дан аса драмалық шығарма туды. Жеке пьесалардың варианттарын қоссақ, 50-ден асады. Әуезов драматургиясында жанрлық формалардың бәрін қамтыған. Онда трагедия да, комедия да, драма да бар. Әуезов кейбір шығармаларын бірігіп жазған. Олар: Л. Соболев («Абай»), С. Мұқанов («Ақан - Зайра»), Ғ. Мүсірепов («Қынаптан қылыш»), Ә. Тәжібаев («Ақ қайың»), Ә. Әбішев («Намыс гвардиясы»), «Октябрь үшін» (1933) пьесасының материалдары - Жетісу қазақтарының революцияға келуі. Кейіпкерлері - Д. Фурманов, Ж. Бәрібаев. Кітаптың мұқабасында «Мұны жазуға Қ.Байсейітов, Бековтар қатысты» деген сөздер бар. Әуезовті әдебиетке «Еңлік - Кебек» алып келді. Шығарма өзегі - эпостық материал. Әлемдік әдебиеттегі мұндай тәжірибе енімді дәстурлердің бірі. Әуезовтің «Еңлік - Кебегі» 1922 жылы Орынборда басылды. Кейіпкерлері сахна тілімен сөйлейді. Автор өзінен бұрынғы мотивтерден алыс кетпеген. Билер сахнасы - көркемдік тамаша табыс. Кемшілік, олқылықтарды ескеріп, Әуезов пьесаны 1943 жылы қайта жазды. Бірнеше көрініс қысқарды. Аса терең, мәнді шығарманың бірі - «Түнгі сарын». Бұл - қазақ драматургиясында реализмнің орныққанын көрсеткен туынды. Мұнда көркемдік шешім ақындық идеалмен тығыз байланысты. Таптық тартыс шығармада жай схема түрінде емес, адам тағдырлары арқылы бейнеленеді. «Түнгі сарын» - қазақ драматургиясында жағымды кейіпкерлер проблемасын шешкен туынды. «Октябрь үшін», «Тартыс» пьесаларында Әуезов реалистік драма жасаудың түрлі-түрлі құралдарын пайдаланған.

1934 жылы сахнаға шыққан «Хан Кене»трагедиясы Әуезовтің азаттық идеясын терең бейнелеген, аса көркем тарихи пьесасы. Мұнда Хан Кененің, Наурызбай батырдың, қазақ, қырғыз билерінің реалистік бейнелері жасалып, тарихи шындық пен көркем шындық табиғи бірлік тапқан. «Қарагөз» 1926 жылы бірінші сыйлық алды. 30-жылдардағы белгілі әдебиет сыншысы Ғ.Тоғжанов трагедияда ескі көшпелі өмірді мадақтау бар дейді. Ж.Орманбаевтың да бір мақаласында осындай пікірі айтылғанды. Әуезов бұл пьесаға кейін кайта оралып, жаңа нұсқа жасады. 30-жылдары Әуезов реализмді меңгеруде көп еңбек етті. Әсіресе драматургияда көптеген ізденістерге барды. 1918 жылы Әуезов тұңғыш рет Абай жайлы мақала жазып, Абай заманы туралы білген, естігендерін қағазға түсірген. Л. Соболевпен бірлесіп жазған «Абай» пьесасы кейінгі эпопея тақырыбының барлауы еді. Онда Абай өмірінің соңғы кезеңдері қамтылған. 30-жылдардың аяғында Әуезов білімі жөнінен, рухани толысуы жағынан шыңға көтерілді. Ол Абай тақырыбына осындай шақта келеді.

Автор Абайға лайық сөз өрнектерін тапқан. Бұл трагедия қоғамдық мәні бар күрделі жағдайларды көрсетеді. Шығармада тартыс, әрекет бірлігі мықты. Пьесада қақтығыс көп. Осы пьесаның негізінде кейін опера либреттосы, киносценарий жазылды. Трагедияны тұңғыш сахнаға қойған - Асқар Тоқпанов. Абай рөлін Қ.Қуанышбаөв ойнады. Драма формасын Әуезов көп байытты. Әуезов фантастикалық пьеса да жазған. Ол - «Дос - Бедел дос». Пьесада «бір адам әр түрлі формацияда өмір сүрсе қандай болар еді» деген сұрауға жауап іздейді. Әуезов драматургиясында қазақ халқы өмірінің сан алуан қырлары үлкен шеберлікпен көрсетілген. Өмірдің терең қабаттарын қопарып, типтік жағдайлардағы характерлерді дәл тауып, олардың өзара қақтығысынан туған үлкен тартыстарды көрсету - Әуезов пьесаларының басты ерекшеліктерінің бірі. Шығармаларға құбылыстың сырт көрінісі, яки адамдар арасындағы ұсақ интригалар емес, әлеуметтік конфликтілер негізгі арна болады. Әуезов - қазақ драматургиясының жаңашылы. Ол дүниежүзілік драматургияның асыл үлгілерін оқып, аудару арқылы шеберлік мектебінен өтті. Мұның үстіне Әуезов пьесаның еуропалық үлгісіне соны ұлттық бояу, нақыш қосты. Қазақтың ежелгі әдебиетіндегі драматургияға жақын үлгілерді (айтыс, беташар, жар-жар, шешендік дауы) жаңашылдықпен пайдалана білді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет