Сабақтың тақырыбы : М. Дулатов: «Шәкірт», «Таза бұлақ», «Оян,қазақ» өлеңдері Сабақтың мақсаты


VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру.Кітаппен жұмыс



бет7/9
Дата03.11.2019
өлшемі330,59 Kb.
#51040
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
11-сын2017


VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру.Кітаппен жұмыс. Жазушының драмаларын оқу.

«Қорғансыздың күні» мәнерлеп оқу.

Жоспар құру.

1.

2.



3. VII Сабақты бекіту.

1.Жазушы қай жерде дүниеге келді?

2. Жазушының қандай шығармаларын оқыдыңдар?

3.Қандай шығармалары бар?



VIII Үйге тапсырма. оқу,мазмұны.

Тексерілді: 17. 11.17ж.



  • Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11

  • Сабақтың тақырыбы : Академиялық шешендік сөз.

  • Сабақтың мақсаты : а) қазақтың шешендік өнері туралы сапалы білім беру,қазақтың шешендері мен билері туралы түсіндіру;

  • ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

  • б) сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа,инабатылыққа, шешендікке баулу,

  • Сабақтың түрі : аралас сабақ

  • Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

  • Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар

  • Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі

  • Сабақтың барысы :



  • I Ұйымдастыру кезеңі :

  • Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  • II Үй тапсырмасы

  • Үйге берілген тапсырманы сұраймын .

  • III Білімді бекіту.Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

  • 1.Қазақ тілі қандай тіл?

  • 2.Қандай шешендерді білесіңдер?

  • 3.Шешендік өнер дегеніміз не?

  • IV Мақсат қою кезеңі.

  • Сабақтың мақсатымен таныстыру.

  • V Материалды сабақты түсіндіру.

  • Шешендік сөздердің түрлері

  • Қазіргі шешендік сөздер мақсатына, мазмұнына, сөйлеу шарттарына қарай бес топқа бөлінеді.

  • 1. Әлеуметтік-саяси шешендік сөздер. Бұларға осы тақырыптарға жасалатын баяндамалар, сөйленетін сөздер, митинг, конференция, съезд сессияларда айтылатын сөздер, хабарламалар, радио, теледидардан ауызша жүргізілетін саяси-әлеуметтік шолулар жатады.

  • 2. Академиялық шешендік. Бұл топты жоғары оқу орындарында оқылатын лекциялар, ғылыми баяндамалар, хабарламалар, шолулар құрайды.

  • 3. Сот ісінде қолданылатын шешендік сөздерге прокурордың айыптау сөзі, әлеуметтік айыптаушылар мен қорғаушылардың сөздері, адвокаттың сөзі, айыпкерлердің қорғану сөзі.

  • 4. Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздерге мерейтойларда, салтанатты дастарқан басында, қабір басында көпшілік алдында айтылатын сөздер жатады.

  • 5. Діни қызметте жұмсалатын шешендік (уағыз). Бұл топтағы шешендік сөздер қазақ топырағында енді-енді дәстүрге айналып келеді. Оған уағыз, иман сөздері жатады.

  •  

  • Шешендік сөздердің арасында өзара тығыз байланыстылық бар, олардың шекаралары да қозғалмалы сипатта келеді. Мысалы, академиялық шешендік пен әлеуметтік-саяси шешендіктің арасында көбіне тақырыптық ортақтық жиі кезедеседі. Мәселен, халықтың әлеуметтік жағдайы ресми баяндамаға да, лекцияға да өзек бола алады. Таным мен білімнің, рухани дүниені дамыту мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың, адамзатты ізгілікке, қайырымдылыққа үндеудің тәрбиелеудің құралы ретінде қызмет ететін шешендік сөздердің шынайы үлгілері қашан да біздің тарихымыздың, қоғам мен мәдениетіміздің дамуының айнасы іспетті болып қала бермек.

  • Академиялық шешендіктануға байланысты жұмыстар.
    Кітаппен жұмыс: Жаттығулармен жұмыс.

  • Жаттығумен жұмыс.







  • VII Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.

  • 1.Шешендік өнер дегеніміз не?

  • 2.Шешендік өнер кімдерден басталады?



  • Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

  • VIII Үйге тапсырма : Қазақ шешендері, батырлары туралы еңбектер жинақтау.





  • Тексерілді: 22.11.17ж.



  • Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11

  • Сабақтың тақырыбы : Академиялық шешендік сөз.

  • Сабақтың мақсаты : а) қазақтың шешендік өнері туралы сапалы білім беру,қазақтың шешендері мен билері туралы түсіндіру;

  • ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

  • б) сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа,инабатылыққа, шешендікке баулу,

  • Сабақтың түрі : аралас сабақ

  • Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

  • Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар

  • Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі

  • Сабақтың барысы :



  • I Ұйымдастыру кезеңі :

  • Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  • II Үй тапсырмасы

  • Үйге берілген тапсырманы сұраймын .

  • III Білімді бекіту.Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.Сұрақ-жауап әдісі:

  1. Шешендік сөздің тектерін ата;

  2. Әлеуметтік саяси шешендіктің мақсаты, ерекшеліктері, қолданылатын стильдер;

  3. Әлеуметтік тұрмыстық шешендік сөздің мақсаты, қолданылу аясы, стильдер

  4. Академиялық саяси шешендік деген не? Қолданылу аясы.

5.Лексика саласы бойынша сұрақтар қою арқылы оқушылардың ҰБТ дайындықтарын бақылау.

  • IV Мақсат қою кезеңі.

  • Сабақтың мақсатымен таныстыру.



  • V Материалды сабақты түсіндіру.

Академиялық шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Академиялық шешендіктің аясына барлық ғылым салаларынан көркем тілде жасалған баяндамаларғ ғылыми талдаулар, шешен тілмен оқылған лекциялар жатады. Қоғамның тынысын дөп басып, жаңашылдық сипатымен, ғылыми тұжырымдардың тереңдігімен ерекшелене түседі.

Ғылыми баяндамаларға шолу

Жоғары оқу орындарындағы дәрістер

Сендіру, ақпарат беру

МАҚСАТЫ:

(оқушылардың) адамның ғылыми-танымдық өрісін кеңейту, ғылым салаларын алуан түрлі құбылыстардың табиғатын түсінуге жол ашу

Ғылыми хабарлама көпшілікке арналған дәріс

Академиялық шешендік сөздің түрлері



Негізгі ерекшелігі: ғылыми танымдық негіздерінің жүйелілігі, тақырып нақтылығы, ой желісінің тұтастығы, мазмұн тереңдігі, ділелдердің мықтылығы, айқындылығы.

Шешеннің сөз материалын баяндау әдістері

  • Индукциялық әдіс. Материалды жекеден жалпыға қарай баяндау

  • Дедукциялық әдіс: жалпы қағиданы көтеріп, кейіннен мән-мағынасын нақты, жеке мысалдармен түсіндіру;

  • Шоғырландыру әдісі: жалпы баяндаудан нақты, терең талдауға көшу;

  • Салыстыру әдісі.

  • Тарихи әдіс: материалды хронологиялық ретпен баяндап, талдау жасау.

Академиялық шешендіктің стильдері:

  • Ғылыми

  • Ресми

  • Публицистикалық

Тапсырмалар орындау:

Ғылыми еңбектерге шолу жасайды

1.Кластер толтыру:

Дәріскер не істейді? Баяндама жасайды

Шешендіккке тәрбиелейді

Лекция оқиды

Сын-зерттеулерді саралайды

Хабарлама береді

2-тапсырма:

Сөйлемдерді оқып, қай шешендіктің түрі екендігін тап:


  1. ХҮІІІ ғасырдың басы-халқымыздың азаматтық тарихындағы аса бір ауыр кезең. (академиялық)

  2. Егеменді ел болғанымызға биыл он жыл толды. (әлеуметтік-саяси)

  3. Нәрестенің жасы ұзақ болсын! (әлеуметтік-тұрмыстық)

  4. Қазақ тілі, әдебиеті, тарих пәндерінің беделін көтеру мәселесін күн тәртібіне қояр кез келді. (әлеуметтік саяси)

3-тапсырма: Күллі адам баласын қор қылатын 3 нәрсені жаз: 1.Надандық2. Еріншектік 3. Залымдық

Кітаппен жұмыс: Жаттығулармен жұмыс.

  • Жаттығумен жұмыс.







  • VII Білімді бекіту :

  • Академиялық шешендік сөздің негізгі ерекшеліктері: ғылыми танымдық негіздерінің жүйелілігі, тақырып нақтылығы, ой желісінің тұтастығы, мазмұн тереңдігі, ділелдердің мықтылығы, айқындылығы.

  • Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

  • VIII Үйге тапсырма : Қазақ шешендері, батырлары туралы еңбектер жинақтау.





  • Тексерілді: 21.11.18 ж.

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы. «Еңлік Кебек»
Сабақтың мақсаты:

а)ақынның, жазушының өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы жазушыны жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,ақиқаттылыққа тәрбиелеу

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



II Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. С.Торайғыровтың шығармашылығы.

III Сабақты бекіту кезеңі. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.М.Әуезов кім?

2. Жазушының қандай шығармаларын білесіңдер? IVМақсат қою кезеңі.

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту. V Материалды түсіндіру:

Әуезов қаламынан 30-дан аса драмалық шығарма туды. Жеке пьесалардың варианттарын қоссақ, 50-ден асады. Әуезов драматургиясында жанрлық формалардың бәрін қамтыған. Онда трагедия да, комедия да, драма да бар. Әуезов кейбір шығармаларын бірігіп жазған. Олар: Л. Соболев («Абай»), С. Мұқанов («Ақан - Зайра»), Ғ. Мүсірепов («Қынаптан қылыш»), Ә. Тәжібаев («Ақ қайың»), Ә. Әбішев («Намыс гвардиясы»), «Октябрь үшін» (1933) пьесасының материалдары - Жетісу қазақтарының революцияға келуі. Кейіпкерлері - Д. Фурманов, Ж. Бәрібаев. Кітаптың мұқабасында «Мұны жазуға Қ.Байсейітов, Бековтар қатысты» деген сөздер бар. Әуезовті әдебиетке «Еңлік - Кебек» алып келді. Шығарма өзегі - эпостық материал. Әлемдік әдебиеттегі мұндай тәжірибе енімді дәстурлердің бірі. Әуезовтің «Еңлік - Кебегі» 1922 жылы Орынборда басылды. Кейіпкерлері сахна тілімен сөйлейді. Автор өзінен бұрынғы мотивтерден алыс кетпеген. Билер сахнасы - көркемдік тамаша табыс. Кемшілік, олқылықтарды ескеріп, Әуезов пьесаны 1943 жылы қайта жазды. Бірнеше көрініс қысқарды. Аса терең, мәнді шығарманың бірі - «Түнгі сарын». Бұл - қазақ драматургиясында реализмнің орныққанын көрсеткен туынды. Мұнда көркемдік шешім ақындық идеалмен тығыз байланысты. Таптық тартыс шығармада жай схема түрінде емес, адам тағдырлары арқылы бейнеленеді. «Түнгі сарын» - қазақ драматургиясында жағымды кейіпкерлер проблемасын шешкен туынды. «Октябрь үшін», «Тартыс» пьесаларында Әуезов реалистік драма жасаудың түрлі-түрлі құралдарын пайдаланған.

1934 жылы сахнаға шыққан «Хан Кене»трагедиясы Әуезовтің азаттық идеясын терең бейнелеген, аса көркем тарихи пьесасы. Мұнда Хан Кененің, Наурызбай батырдың, қазақ, қырғыз билерінің реалистік бейнелері жасалып, тарихи шындық пен көркем шындық табиғи бірлік тапқан. «Қарагөз» 1926 жылы бірінші сыйлық алды. 30-жылдардағы белгілі әдебиет сыншысы Ғ.Тоғжанов трагедияда ескі көшпелі өмірді мадақтау бар дейді. Ж.Орманбаевтың да бір мақаласында осындай пікірі айтылғанды. Әуезов бұл пьесаға кейін кайта оралып, жаңа нұсқа жасады. 30-жылдары Әуезов реализмді меңгеруде көп еңбек етті. Әсіресе драматургияда көптеген ізденістерге барды. 1918 жылы Әуезов тұңғыш рет Абай жайлы мақала жазып, Абай заманы туралы білген, естігендерін қағазға түсірген. Л. Соболевпен бірлесіп жазған «Абай» пьесасы кейінгі эпопея тақырыбының барлауы еді. Онда Абай өмірінің соңғы кезеңдері қамтылған. 30-жылдардың аяғында Әуезов білімі жөнінен, рухани толысуы жағынан шыңға көтерілді. Ол Абай тақырыбына осындай шақта келеді.


VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру.Кітаппен жұмыс. Жазушының драмаларын оқу.

«Еңлік--Кебек» мәнерлеп оқу.

Жоспар құру.

1.

2.



3. VII Сабақты бекіту.

1.Жазушы қай жерде дүниеге келді?

2. Жазушының қандай шығармаларын оқыдыңдар?

3.Қандай шығармалары бар?



VIII Үйге тапсырма. оқу,мазмұны.

Тексерілді: 21. 11.17ж.

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы. «Абай жолы» роман-эпопеясы
Сабақтың мақсаты:

а)ақынның, жазушының өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы жазушыны жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,ақиқаттылыққа тәрбиелеу

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



II Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. С.Торайғыровтың шығармашылығы.

III Сабақты бекіту кезеңі. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.М.Әуезов кім?

2. Жазушының қандай шығармаларын білесіңдер? IVМақсат қою кезеңі.

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту. V Материалды түсіндіру:



  • Мұғалім сөзі: Абай жолы-халық жолы. Абай туралы романдар-Абайдың ел-жұрты,қоғамдық ортасы,әлеуметтік қоршауы,дәуірі,заманы туралы романдар. Абай-Әуезов қолындағы шамшырақ. Ілияс Омаров сөзімен айтсақ: «Әуезов сол шамшырақты қолына ұстап,көшпелі феодализмнің небір меңіреу түкпірлері мен қараңғы қапастарын аралап кетеді де, зорлық-зомбылық,қатал жауыздық, әділетсіздік сияқты қара күштерлдің ойнағы болған неше түрлі бұралаң шатқалдарды көз алдыңа жарқыратып әкеледі. Демек, «Абай жолы» Абайдан гөрі кең. «Абай жолының» бас кейіпкері-Абай. Романның бірінші кітабында балғын жас шәкірт Абаймен жарысып ауылға қайтсақ, ақырғы кітабында алшпысты алқымдатып,қайтыс болған ел ағасы-ақын Абайдың жаназасына қатысамыз. Сонда елу жылдай өмірдің айғағы боламыз.Жарты ғасыр өмір.

Роман-эпопеяның 1-кітабы-1942 ж

                                 2-кітабы-1974 ж

                                 3-кітабы-1952 ж

                                 4-кітабы-1956  жылдары жарық көрді. Романды жазып шығуға жазушының 10-нана астма жыл уақыты кетті. Романның жазылуы туралы М.Әуезов былай деген: «Әлдеқашан бел асып кеткен керуеннің айдаладағы жұртына кешігіп жеткен жүргінші сөніп қалған от орнынан болмашы жылтыраған бір қызғылт шоқ тауып ап,оны демімен үрлеп,тұтатпақ болды десек,романға материал жинаған менің де халім дәәл сол әрекет сияқты еді».

2)Саяхат. Абайдың Жидебайдағы мұражайына саяхат жасау (электронды оқулықтағы бейнетаспамен жұмыс жүргізу)

3 )Кесте-сызбамен жұмыс.Абайдың іс-әрекеті топтастырылған кесте-сызбаны басшылыққа алып, әңгімелеу әдісімен жұмыс жүргізу. Алдын ала берілген топтық жұмыс бойынша әр топ эпопеяның кітаптарынан Абай бейнесін ашатын басты оқиғаларды іріктеп алып,төмендегі үлгі негізінде жинақтап келеді. Сол бойынша топ жетекшілерінің есебі тыңдалады.





Негізгі бөлімдер

Оқиғалар

Абайдың іс-әрекеті

1

«Қайтқанда»

Қодар мен қамқа өлімі

Әке қолындағы қаннан үркеді. Қатты шошып,ауырып қалады

2

«Қат-қабатта»

Абайдың Қарқаралыда Шөжені алғаш көруі

Шөже өнеріне сүйсінеді.Әкесі үшін қатты ұялады.Шындықты мойындайды.

3

«Жолда»

А) Абайдың Қарқаралыда Шөженің өткір сынға толы өлеңін естуі,оның әсері

Б) Бөжейдің батасы.Сәби Кәмшаттың аяулы халі



Алғаш рет әкесінің қаталдығына қарсы шығуы (Кәмшат мәселесі бойынша)

4

«Шытырманда»

А)Шығыс әдебиетінің асыл қазыналарын бас алмай оқуы.

Ә) Алғашқы махаббат

Б) Сорлы Кәмшаттың ауруға шалдығуы


Тоғжанды сүйе тұра ескілікке қарсы шыға алмайды. Іштей қатты қиналады.

5

«Бел-белесте»

А) Бөжейдің қаралы көші.Зарлы жоқтаудың Абайға әсері.

Ә) Ағасы Тәкежанмен қақтығысы,әкесінің ісіне наразы болуы



Әкесінің Бөжей аулына істеп отырған әділетсіздігін бетке айтады.


VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру.Кітаппен жұмыс.

Шығарманы оқу.



VII Сабақты бекіту.

1.Жазушы қай жерде дүниеге келді?

2. Жазушының қандай шығармаларын оқыдыңдар?

3.Қандай шығармалары бар?



VIII Үйге тапсырма. оқу,мазмұны.

Тексерілді: 22. 11.18 ж.

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы. «Абай жолы» роман-эпопеясы
Сабақтың мақсаты:

а)ақынның, жазушының өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы жазушыны жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,ақиқаттылыққа тәрбиелеу

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



II Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. С.Торайғыровтың шығармашылығы.

III Сабақты бекіту кезеңі. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.М.Әуезов кім?

2. Жазушының қандай шығармаларын білесіңдер? IVМақсат қою кезеңі.

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту. V Материалды түсіндіру:



  • Абай жолы-халық жолы. Абай туралы романдар-Абайдың ел-жұрты,қоғамдық ортасы,әлеуметтік қоршауы,дәуірі,заманы туралы романдар. Абай-Әуезов қолындағы шамшырақ. Ілияс Омаров сөзімен айтсақ: «Әуезов сол шамшырақты қолына ұстап,көшпелі феодализмнің небір меңіреу түкпірлері мен қараңғы қапастарын аралап кетеді де, зорлық-зомбылық,қатал жауыздық, әділетсіздік сияқты қара күштерлдің ойнағы болған неше түрлі бұралаң шатқалдарды көз алдыңа жарқыратып әкеледі. Демек, «Абай жолы» Абайдан гөрі кең. «Абай жолының» бас кейіпкері-Абай. Романның бірінші кітабында балғын жас шәкірт Абаймен жарысып ауылға қайтсақ, ақырғы кітабында алшпысты алқымдатып,қайтыс болған ел ағасы-ақын Абайдың жаназасына қатысамыз. Сонда елу жылдай өмірдің айғағы боламыз.Жарты ғасыр өмір.

  • Оқушылардың Абай туралы мәліметтерін молайту мақсатында және қызығушылығын ояту үшін үш топқа сұрақтар беру.

  • І топ. Абайдың сүйікті жары (Әйгерім)

  •          Абайды «Қазақтың бас ақыны» деп айтқан кім? (А.Байтұрсынов)

  •          Абайдың құрмет тұтқан замандасы,суырып салма ақын (Байкөкше)

  •          Абай дәстүріні жалғастырушы ақын інісі (Шәкәрім)

  •          Абай айқындап берген бес асыл іс (талап,еңбек,терең ой,қанағат,рахым)

  •         «Жайнаған туың жығылмай» өлеңін кімге арнаған? (інісі Оспан қайтыс болғанда)

  • ІІ топ. «Абай тілі» сөздігінің авторы (І.Кеңесбаев)

  •           Абайдың жеңгелері қойған есімі (Телқара)

  •           Абайдың Семей кітапханасында танысқан орыс досының есімі (Михаэлис)

  •           Әйгерімнің шын есімі (Шүкіман)

  •           Абайдың аяқталмай қалған дастаны («Әзім әңгімесі»)

  •           Абайдың ең жақын досы (Ербол)

  • ІІІ топ. Абай айқындап берген адамгершілікке жат бес дұшпан (өсек,өтірік,мақтаншақ,  еріншек,

  •             бекер мал шашпақ)

  •             «Етімді шал сипаған құрт жесін» деп жартастан құлап өлген қыз туралы өлеңі қалай

  •              аталады?  («Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында»)

  •              Абайдың домбыраға арнаған ән өлеңі (Желдірме)

  •             Абайдың қолжазба мұраларын жүргізуші (Мүрсейіт)

  •                        Абай туралы шығарылған алғашқы көркем фйильм атауы (Абай әні)

  •            «Татьянаның қырдағы әніне» айналған Абай аудармасы  («Қараңғы түнде тау қалғып»)



VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру.Кітаппен жұмыс.

Шығарманы оқу.



VII Сабақты бекіту.

1.Жазушы қай жерде дүниеге келді?

2. Жазушының қандай шығармаларын оқыдыңдар?

3.Қандай шығармалары бар?



VIII Үйге тапсырма. оқу,мазмұны.

Тексерілді: 24. 11.17ж.

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы. «Абай жолы» роман-эпопеясы.Кейіпкерлер бейнесі
Сабақтың мақсаты:

а)ақынның, жазушының өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы жазушыны жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,ақиқаттылыққа тәрбиелеу

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



II Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. С.Торайғыровтың шығармашылығы.

III Сабақты бекіту кезеңі. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.М.Әуезов кім?

2. Жазушының қандай шығармаларын білесіңдер? IVМақсат қою кезеңі.

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту. V Материалды түсіндіру:





Негізгі бөлімдер

Оқиғалар

Абайдың іс-әрекеті

1

«Қайтқанда»

Қодар мен қамқа өлімі

Әке қолындағы қаннан үркеді. Қатты шошып,ауырып қалады

2

«Қат-қабатта»

Абайдың Қарқаралыда Шөжені алғаш көруі

Шөже өнеріне сүйсінеді.Әкесі үшін қатты ұялады.Шындықты мойындайды.

3

«Жолда»

А) Абайдың Қарқаралыда Шөженің өткір сынға толы өлеңін естуі,оның әсері

Б) Бөжейдің батасы.Сәби Кәмшаттың аяулы халі



Алғаш рет әкесінің қаталдығына қарсы шығуы (Кәмшат мәселесі бойынша)

4

«Шытырманда»

А)Шығыс әдебиетінің асыл қазыналарын бас алмай оқуы.

Ә) Алғашқы махаббат

Б) Сорлы Кәмшаттың ауруға шалдығуы


Тоғжанды сүйе тұра ескілікке қарсы шыға алмайды. Іштей қатты қиналады.

5

«Бел-белесте»

А) Бөжейдің қаралы көші.Зарлы жоқтаудың Абайға әсері.

Ә) Ағасы Тәкежанмен қақтығысы,әкесінің ісіне наразы болуы



Әкесінің Бөжей аулына істеп отырған әділетсіздігін бетке айтады.

 

      -Абай Қодар мен Қамқаны,Кәмшатты неге өлім тырнағынан арашалай алмады?

      -Ата емес,адамның ұлы болуды қалай түсінесің? Абай ол биікке жете алды ма?

      -Абай неге халық жағына шықты? Себебі неде?

      -Абай өмірден түңіле ме?

      -Қалай ойлайсыңдар,Құнанбай мен Абай арасындағы келіспеушілік,қайшылық тек әке мен бала арасындағы өкпе наразылық па?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет