Сабақтың тақырыбы: Б. Момышұлы



Дата23.08.2017
өлшемі183,23 Kb.
#25675
түріСабақ
«Атамекен орта мектебі» ММ

Тақырыбы: Б.Момышұлы. «Ұшқан ұя»

Дайындаған: Сагинова Гулназ

Сыныбы: 2 «Б»


2016-2017 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Б.Момышұлы «Ұшқан ұя»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Б Момышұлының өмірі мен шығармаларына тоқталу, мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру. Мазмұнын, тақырыбы мен идеясын ашу, кейіпкер бейнесін терең таныту.

Дамытушылық: тілін, сөздік қорын дамыту

Тәрбиелік: Елін, жерін қорғаған ерлерді құрметеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын

Пәнаралық байланыс: математика

Көрнекілігі: Б.Момышұлы суреті, қанатты сөздер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық дайындық:

Мақсатымыз білім алу,

Міндетіміз еңбектену

Жақсы оқып,ынталанып,

Беске қолды жеткізу.

Оқушыларды топтарға бөлу:

І-топ, ІІ-топ, ІІІ-топ



ІІ.Үй жұмысын пысықтау

Ы.Алтынсарин «Ата-әжеме хат»

І-топ. Автор жайлы мәлімет жинақтау

ІІ-топ. Мәтінді әңгімелеу

ІІІ-топ. Ата-әжелеріне хат жазу


  • Хатты жазып отырған кім?

  • Хатты не үшін жазады?

  • Ол хат кімдерге арналған?


ІІІ.Жаңа сабақ

«Сандар сөйлейді» ойыны

Ондықтарды өсу ретімен қойса, жаңа тақырып шығады.

10 20 30 40 50 60 70

Ұ ш қ а н ұ я

Оқулықпен жұмыс

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау

Нақыл сөздерді түсініп оқу



Жеті жұрттың қамын жер

Өзін ғана білген ұл,

Құлағы мен жағын жер.

Автор жайлы мәлімет беру

Бауыржан Момышұлы 1910ж. 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында туған. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Разия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қасында өседі.

«Батыр Бауыржан» кинофильмінен үзінді көрсету

Мәтінді оқып беріп, түсіндіру

Оқушыларға тізбектей оқыту

ІV. Топтық жұмыс

І-топ. Б.Момышұлы туралы айту

ІІ-топ. Нақыл сөз құрастыру: Ел тану деген –

ІІІ-топ. Өз ататегін жазу.



V.Дәптермен жұмыс

Ататегі – арғы аталары

Баппен – асықпай

Араз – тату емес, өш



VІ. Сергіту сәті

Бейнежазба көрсету

«Жасырын сөздер» әдісі:

Опасызда .................. жоқ

Тәртіпке бас иген ................... болмас

Ерді ел үшін, жігітті ...... үшін мақта



«Сен маған, мен саған» ойыны

3 топ бір-біріне мәтін мазмұны бойынша сұрақтар дайындау



VІІ. Қорытындылау

Ұшқан ұя әңгімесін кім жазған?

Бауыржанның әкесінің аты кім?

Бауыржанға әкесі не үйретуші еді?



«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

«Пікір ағашына» жаңа сабақтан не үйренгендерін жазады.

Бағалау: сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.

Үйге тапсырма: мәтінді оқып, әңгімелеу

«Батыр Бауыржан» тақырыбына шығарма жазу.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет