Сабақтың тақырыбы : М. Дулатов: «Шәкірт», «Таза бұлақ», «Оян,қазақ» өлеңдері Сабақтың мақсаты


VI материалды меңгергенін тексеру.Кітаппен жұмыс



бет9/9
Дата03.11.2019
өлшемі330,59 Kb.
#51040
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
11-сын2017


VI материалды меңгергенін тексеру.Кітаппен жұмыс. Жазушының шығармаларын оқу.

VII Сабақты бекіту.

1.Қандай өзгерістер болды?

2. Жазушының қандай шығармаларын оқыдыңдар?

3.Қандай шығармалары бар?



VIII Үйге тапсырма. оқу,мазмұны.

Тексерілді: 11. 01.19 ж

Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11



Сабақтың тақырыбы : Күнделікті сөзге дайындық.

Сабақтың мақсаты : а) қазақтың шешендік өнері туралы сапалы білім беру,қазақтың шешендері мен билері туралы түсіндіру;

ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

б) сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа,инабатылыққа, шешендікке баулу,

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы :

I Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



II Үй тапсырмасы

Үйге берілген тапсырманы сұраймын .



III Білімді бекіту.Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

Көпшілік алдында өзіңізді толғандырған мәселе жөнінде сөйлеп көрдіңіз бе?



Шешенге қойылатын талаптар:
1. Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық.
2. Білімін көтеру.
3. Сөйлеу мәдениетін көтеру
Кез-келген адам ортаға шығып сөйлерде қатты толқиды, өзіне-өзі сенімсіздік білдіреді. Тіптен білімдар, қоғам қайраткерлері, мекеме басшылары, беделді билік иелерінің өзі де кей жағдайда көпшілік алдында қысылып, үзіп-жұлып жүйесіз сөйлеп жатады. Ондай жағдайды болдырмас үшін:
Қатты ойланбау керек
Өзіне-өзі сену керек
Психологиялық дайындық керек
Көңіл-күйі мен сезімін билей алу керек
IV Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.



V Материалды сабақты түсіндіру.

Дәріс немесе көпшілік алдында сөйлейтін сөздер қандай себептерге байланысты тартымсыз болуы мүмкін немесе тыңдаушыларды еліктіріп, ойына қозғау салады деп ойлайсыздар? Екі бағанға олардың себептерін бөліп жазыңдар.

Көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындалу шешендік өнердегі маңызды да жауапты кезең. Д. Карнеги: «Сөйлейтін сөзін алдын ала дайындамай, көп адам түзелмес қате жібереді»,- дейді. Сондықтан да, көпшілік алдында сөйлеудің алдыңғы алғышарттарын есте сақтап алған дұрыс.

Алдымен, қанша уақыт сөйлейтініңізді толық біліп алыңыз. Соған қарап дайындалыңыз. Әдетте, жұрттың алдында көп уақыт сөйлеу аудиторияны жалықтырып жіберуі мүмкін.

- Материал жинауды жүйелей білу, көздеген мақсат-нысанаға ыңғайластыра, сәйкестендіре алу, ауызша сөйлеу мен аудиторияның ерекшеліктеріне үйлестіре білу басты рөл атқарады. Айтар ойыңызды дайындық кезінде жазбаша жазып, ойларыңызды бір арнаға тоғыстырыңыз.

- Дайындалатын ақпарат көздерін, кітаптарды, газет-журналдарды іріктеп алыңыз. Кезегімен оқып шығыңыз. Мәнін түсініңіз. Өз көзқарасыңызды қалыптастырыңыз. Яғни, сіздің ойыңыз маңызды рөл атқаратынын естен шығармаңыз.

- Сөзді дауыстап айту немесе оқу өнерін меңгеру, мінбеде өзіңді-өзің билеу ережесін қатаң сақтау, аудиторияның тілеу, қалауы қандай бағытта болатынын ескерген дұрыс. Сонымен қатар, айтар ойыңызды қағазға қарамай немесе қарап айту мәселесін шешіп алуыңыз маңызды. Қағазға қарап айтқан күннің өзінде көпшілік оң көзімен қарайтындай деңгейде дайындалуыңыз керек. Қағаздан бас алмай оқуға болмайды.

- Мәтінге сүйене отырып сөз сөйлеуге де болады. Мәселен, статистикалық мәліметтер есіңізден шығып кетуі мүмкін. Ол үшін айтар ойыңызды жинақтап жазған парағыңыз көмекке келері сөзсіз. Ал жазусыз сөйлеуге дайындалу – ол сіздің көпшілік алдында сөйлей білу өнеріңіздің жоғары екенін байқатады.

- Шешендік өнердің қыры мен сырын (дауыс, интонация, қимыл-қозғалыс, сөйлеу мәдениеті) мүлтіксіз меңгеруіңіз керек. Дауысыңызды диктофонға жазып, қайта тыңдап көрудің де маңызы зор. Айна алдында қимыл-қозғалысыңызды тексеріп көріңіз. Айтатын тақырыбыңызға немесе ойыңызға қарай киіну стиліңізді де дұрыс таңдай біліңіз.


VI Материалды түсінгендерін тексеру.

Оқушылар, сендерге бір күнге ғана жетерлік уақыт ішінде бір сиқырлы күш бітсе, мәселені неден бастар едің?


Эссе жаздыру.
“Бүкіл әлем тек сенің иелігіңде болса…”

Кітаппен жұмыс: Жаттығулармен жұмыс.

Жаттығумен жұмыс.

VII Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.

1.Шешендік өнер дегеніміз не?

2.Шешендік өнер кімдерден басталады?

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

VIII Үйге тапсырма : «Ғылыми-техникалық өркениет пен экологиялық мәдениет» тақырыбында ойтолғау жазу
Тексерілді:

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: М.Иманжанов: «Алғашқы айлар» повесі
Сабақтың мақсаты:

а)ақынның, жазушының өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы жазушыны жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,ақиқаттылыққа тәрбиелеу

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



II Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. С.Торайғыровтың шығармашылығы.

III Сабақты бекіту кезеңі. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Х.Есенжанов кім?

2. Жазушының қандай шығармаларын білесіңдер? IVМақсат қою кезеңі.

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту. V Материалды түсіндіру:

Мұқан Иманжанов қазіргі Қарағанды облысының Ұлытау ауданында 1916 жылы 20 желтоқсанда дүниеге келген. Жазушы есімін танытқан туындыларының бірі - «Алғашқы айлар» повесі 1950 жылы жарыққа шықты. Мұқан Иманжановтың әдеби-шығармашылық қызметі 1938 жылдан басталғанымен, оның республика жұртшылығына анық таныла бастағаны Ұлы Отан соғысы жылдары. Қаламгердің романтикалық сарында жазылған көркем әңгімелері мен очерктері баспасөз бетіне жиі басылады. Алғашқы әңгімелер жинағы «Жастық» деген атпен – авторы "Тауұлы" деп 1948 жылы басылып, оқырман қолына тиеді. Мұқаңның қазақ оқырман қауымы арасында кеңінен танылып, жазушы есімін әйгілі еткен «Алғашқы айлар» хикаяты мектептегі оқу-тәрбие тақырыбына арналған. Оның басты кейіпкері білімді де жігерлі жас мұғалім Жақыпбек бүкіл оқу-тәрбие мәселесін өмірмен, өндіріспен байланыстыра жүргізу мәселесін көтереді және сол мақсат-мұратын жүзеге асыру жолында бар күш-жігерін салып, аянбай күреседі. Хикаят авторынан қалың оқырман арасында абырой-беделін арттыруға 1950 жылы «Алғашқы айларға» Жамбыл атындағы республикалық бәйге берілуі де кәдімгідей әсер етеді. «Алғашқы айлар» повесі 1950 жылы шыққан.

Повесте ауылдық жердегі мектеп өмірі, мұғалімдер ұжымының сан салалы жұмыстары, оқушылардың мінез-құлық, іс-әрекеттері, адамдар арасындағы қарым-қатынастар шынайы әрі терең суреттелген. Мектеп өмірі, оқу мен еңбекті ұштастыру мәселесі, мұғалімдердің ауыр да абыройлы еңбегі шебер бейнеленеді. Балалардың арман-мақсаты, отансүйгіштігі, еңбекқорлығы, көпшілдігі, турашыл адалдығы әрі нанымды, әрі тапқырлықпен тартымды суреттеледі. «Алғашқы айлар» повесіндегі басты тұлға – Жақыпбек мектеп мұғалімі қандай болу керек деген талапқа жауап бергендей. Жақыпбек оқушылардың әрқайсысымен жақындасып, бала мен мұғалім арасындағы сенімсіздіктің жігін жойып, тіл табыса білу қияңқы баланы тәрбиелеуде бірден-бір дұрыс жол екенін дәлелдейді. Рас, бала жүрегіне жол табу оңай емес, Жақыпбек осы жолда табандылықпен күресіп, мақсатына жетеді. Жазушы Жақыпбекті балалардың жақсы көріп, үйір болуының себебін ашады. Ол бала табиғатына тән, әр нәрсені білсем деген құштарлық мінезін қолдап, оқушыларды колхоз шарушылығымен де етене жақындатып, көп мағлұмат береді. Немесе экскурсияға апару секілді қызықты жұмыстар жүргізеді. Жазушы баланы еңбекке баулып өсіруді тәрбиенің басты шарты деп қарайды. Мектеп білім беруді ғана мақсат етпей, ата-анамен ынтымақтасып, қайткенде нағыз азамат тәрбиелеп өсіреміз деген мақсатты алына қою керек. Осы ойын кейін бір жас талапкерге жолдаған хатында Мұқан: «Біз балаларды оқы деп қана үгіттей бермей, еңбек етте, өмірді біл, колхоз шаруашылығын сүй дегенді де құлақтарына сіңіріп, қажетті жерінде дәріптеп отырумыз керек», - дейді. Міне, «Алғашқы айлар» повесінде осы идеяны негізгі нысана етіп ұстайды жазушы. Уақыт тынысын әрдайым қадағалап, тамыршыдай тап басып отырған жазушы қоғамның даму процесін, болашағын сол кезеңнің биігінен қарап бағалайды.

«Социалистік Қазақстан» газетінде, «Пионер» журналында бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған жылдарында ізденгіш, білімдар, бауырмал жазушы шебер шығармалары арқылы жас қаламгерге көркемдік ықпал жасады, ондаған талапкерлерге ағалық ақыл, пайдалы кеңесін айтып, тәлім берді. Мұқан Иманжанов «Жас өмір», «Менің махаббатым», «Сөнген шала» пьесаларын жазып, драматургия саласында да еңбек етті.

VI материалды меңгергенін тексеру.Кітаппен жұмыс.

Жазушының шығармаларын оқу.

Шығармаға жоспар құру.

Талдау

Жақыпбек мектеп мұғаліміне мінездеме.



VII Сабақты бекіту.

1.Қандай өзгерістер болды?

2. Жазушының қандай шығармаларын оқыдыңдар?

3.Қандай шығармалары бар?



VIII Үйге тапсырма. оқу,мазмұны.

Тексерілді: 22. 01.19 ж

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11



Сабақтың тақырыбы : Сөз басы.Кіріспе.Қорытынды.

Сабақтың мақсаты : а) қазақ тілі –ұлт тілі екендігі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы :

I Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



II Үй тапсырмасы

Үйге берілген тапсырманы сұраймын .

1.Қазақ тілі қандай тіл?

2.Қазақ тілі қоғамда қандай рөл атқарады?



III Білімді бекіту.Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

IV Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.


V Материалды сабақты түсіндіру.
Сөйлеу мәдениеті орфоэпикалық нормаға негізделген. Күнделікті қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетінің негізгі қағидалары – сөйлеу әдебі, тыңдай білу әдебі, мәдениет мәйегі ескерілуі тиіс.

Сөйлеу, тілдік амалдар, тіл мәдениеті туралы сөз етсек, адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікірін, ойын білдіруін – сөйлеу деп атайды. Сөйлеуге адамның анатомиялық мүшелері қатысады, алайда ол адамның психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне тығыз байланысты. Сөйлеу үшін жасалған тілдік амалдар ұзақ уақыт бойы адамдардың пікір алысу тәжірибесі негізінде қалыптасты. Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөйлем құрау ережелері. Олар – көпшілікке ортақ, объективті категориялар. Соның нәтижесінде тіл – жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы. Сөйлеудің әр коммуникативтік жағдайына сәйкес ыңғайланған стилі болады. Тіл мәдениеті – тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейді. Тіл мәдениетінің тілдің басқа салаларынан айырмашылығы оның күнделікті өмірде тілдің қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен жақсы қарым-қатынаста болуы.

Шешендік сөздер қашанда халықтың қажетті мұрасы болып табылған. Сонымен бірге олар-тәрбие құралы. Қазақ халқы қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін,өзінің би-шешендерінің сөзін жадында сақтап,жаттап айта жүруді,одан үлгі-өнеге алуды тоқтатқан емес. Шешендер,билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге аз мағына сыйғызып,халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің негізгі мақсаты –адамдарды иландыру, айтқысы келген нәрсені нақ айтып сендіру. Шешендердің сөз тапқыш,сезімтал,суырып салма ақын сияқты әр түрлі қасиеттері болған. Олар жалпы өмір туралы,ел қорғау туралы хабардар етіп отырды.

Кітаппен жұмыс: Жаттығулармен жұмыс.
Жаттығумен жұмыс

VII Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.

1.Шешендік өнер дегеніміз не?

2.Шешендік өнер кімдерден басталады?

3. Шешендік өнер туралы қазақ жазушыларының пікірі қандай?

4.Қорытынды бөлім туралы?
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
VIII Үйге тапсырма : жаттығу.

Тексерілді: 14.02.18 ж.

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаевтың шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:

а)ақынның, жазушының өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы жазушыны жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,ақиқаттылыққа тәрбиелеу

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



II Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. С.Торайғыровтың шығармашылығы.

III Сабақты бекіту кезеңі. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Қ.Мұхамеджанов кім?

2. Жазушының қандай шығармаларын білесіңдер? IVМақсат қою кезеңі.

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту. V Материалды түсіндіру:



Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.

Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші ту­ған күніне байланысты мынадай сөз айта­ды: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан­да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». Азан шақырып қойылған аты - Мұхаммедқали. Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.



  • 1948 - 49 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті;

  • 1948 - оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;

  • 1949 - көктемде жары Лашынмен отау құрады;

  • 1949 - "Советтік шекара" газеті ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала - Әкітай" деген өлеңдірін жариялады;

  • 1950 - Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастайды;

  • 1954 - Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі "Әдебиет және искусство" журналында жарияланды;

  • 1957 - Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;

  • 1960-62 - "Советтік шекара" газетінің бөлім меңгерушісі;

  • 1963-1965 - "Мәдениет және тұрмыс" журналында жұмыс істейді;


VI материалды меңгергенін тексеру.Кітаппен жұмыс. «Махаббат диалогы» Мәнерлеп оқу.

Мазмұны (оқушылар)


1. Жоспар
2.Кейіпкерге мінездеме


Не үйрендім?

VII Сабақты бекіту.

1.Жазушы қай жерде дүниеге келді?

2. Жазушының қандай шығармаларын оқыдыңдар?

3.Қандай шығармалары бар?



VIII Үйге тапсырма. оқу,мазмұны.

Тексерілді: 20. 02.18 ж.

Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11



Сабақтың тақырыбы : Психологиялық дайындық.

Сабақтың мақсаты : а) қазақтың шешендік өнері туралы сапалы білім беру,қазақтың шешендері мен билері туралы түсіндіру;

ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

б) сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа,инабатылыққа, шешендікке баулу,

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы :

I Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



II Үй тапсырмасы

Үйге берілген тапсырманы сұраймын .

1)Мектеп бітіруші түлек ретінде алдыңа қандай мақсат қойдыңдар?

2)Ал енді осы мақсатты орындау үшін өздеріңе қандай міндет қоясыңдар?



III Білімді бекіту.Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

«Ой тастау» (

Түйінді ойын айту

Топтық тапсырмалар: Салыстыру

1)ҰБТның тиімді жағы

2)ҰБТ-ның тиімсіз жағы

IV Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.



V Материалды сабақты түсіндіру.

«ҰБТ – да мен неден қорқамын?» жаттығуы:

I - нұсқа: Сіздің жазғаныңызды ешкім оқымайды, іштей айта алмай жүрген ой болса қағазға түсіру, бүгінгі күні сізді қандай қорқыныш мазалап жүр, бәрін толық қағаз бетіне түсірейік. Сонда басымыз босап, оны төмендету жолын қарастыруға мүмкіндік алады. Асықпай шынайы болып, толық жазуға мүмкіндік алу.

II – нұсқа: Сол жазғаны бар қағазды ішке бүктеп жүрекке қою. Тағы да бір іштей қайталап шығу. Мен өмірде неден қорқамын? Еске түсіріп, сол сезімде болу. Ал сол жазған нәрсе болды дейік сонда не болмақ. Біз неден қашсақ сол болмақ. Қашпайық қорқынышты қабыл алайық. Енді ары-қарай не болмақ?

III - нұсқа: ҰБТ-тапсыру соңғы баспалдақ па? Одан өтпей қалсақ не болмақ? Кез келген сәтсіздіктің жақсы жағын ала білуге болады. Ғұлама адамдардың өмір жолы алғаш сондай сәтсіздіктен басталған, ол ерте есеюге шынықтырады. Биыл өтпесең, келесі жылы тапсыруға толық құқың бар. Өмірде ең жақын нәрседен айырылғаннан гөрі, басқаша өзіңді шынықтырған жақсы. Міне жүректегі қойған қағазды жерге төмендете отырып тастау керек. Сізде сондайды болдыртпауға толық мүмкіндік бар. Күнделік қандай жаман ой келсе, соны тоқтатып: «Мен күш-жігерімді сала отырып дайындалып, қалаған бағаны тестен алып шығуға лайықпын» деп өзіңді қайрап отыру керек. Психологияда оны аффирмация – бекіту сөзі дейді. Футболист допты түзу қақпаға жіберу үшін күнделікті қанша мәрте теуіп, боксшы бұлшық етті шығару үшін грушаны қанша ұрып жаттығады. Сол сияқты болатын жауапты іске алдын-ала дайындық болса, іштей өзіңе сеніп соны жеке күшіңмен алып шығуға болатынына алдымен өзің, екінші ата-анаң сенуі керек. Сонда сенің бағындырмайтын белесің болмайды.


VI Материалды түсінгендерін тексеру.

Кітаппен жұмыс: Жаттығулармен жұмыс.

Жаттығумен жұмыс.

VII Білімді бекіту : ҰБТ-да жақсы нәтижеге жету үшін «7 қадам» (постер жасау)

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

VIII Үйге тапсырма :
Тексерілді: 16.01.19 ж.


Күні

Қазақ тілі 11-сынып

Сабақтың тақырыбы

Нақты сөйлеуге дайындық

Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық. Қазақ тілі авторы Ж. Дәулетбекова, Қ. Рай, Ш. Есмағанбетова «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Нақты сөйлеуге дайындық жайлы түсінік беру, пікірталас мәдениетін меңгеру, теориялық білімді өмірде қолдана білуге үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың тіл мәдениетін, шешен сөйлеуін қалыптастыру, ойлау қабілеті мен тілін дамыту, өз көзқарастарын ашық та жүйелі жеткізе білуге, өз пікірін қорғай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, бір - бірін тыңдауға, өз тілін сүюге, қастерлеуге, сөз мәдениетіне тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

1.Жұрт алдында сөйлеуге үйренудің әдіс-тәсілдерін меңгереді.

2.Әңгіме-дебат арқылы өз пікірін дәлелдеуге үйренеді.

3.Сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады.

4.Өзін-өзі бағалап үйренеді.

Шығармаларын оқып талдай алады, сатылай кешенді талдау жасай алады.


Түйінді идеясы

Топпен жұмыс жасай отырып, тілдік қызметіне талдай алу, ұрпақтан ұрпаққа қалған мұра екенін түсінеді. Таным деңгейін кеңейте отырып, еріктілік, өз күшіне сенуін қалыптастыру. Өткен сабақ пен жаңа сабақты өздігінен іздене отырып байланыстыра алу.

Сабақта қолданатын әдістер

Сыни тұрғыдан ойлау, диалогтік оқу,бағалау, көшбасшы және топты басқаруға оқыту.

Сабақ кезеңдері

Ұйымдастыру кезеңі



Ұйымдастыру кезеңі оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа қатысуларын, сабаққа даярлықтарын тексеру.

Жаңа сабақты талдау

Диалогтік оқыту.

Сыни тұрғыдан оқыту. Бекіту.

Бағалау.


Келесі оқылым

ІІІ. Жаңа сабақ:

Қол бастау қиын емес,


Шабатын жерден ел табылады.
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.
Бұқар жырау
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
«Сиқырлы сандықша» оқыта үйрету ойыны
1. Шешендік немесе шешендік өнер дегеніміз не?
2. Қазақ шешендік өнері неше кезеңге бөлінеді? Ата.
3. Қазіргі шешендіктің түрлерін ата.
4. Шешендік өнердің дамуына қажетті қандай алғышарттарды білесің?
5. Тіл тазалығы дегенді қалай түсінесің?

ІІІ. Негізгі бөлім:


Нақты сөйлеуге дайындық шарттары:

Тақырып туралы


Тақырып – айтылар ойдың негізгі діңгегі. Ой бағыттары, айтылатын сөздер мен көркемдегіш құралдар тақырыпты ашу мақсатына қызмет етуі керек.
Мақсатты айқындау
1. Айтатын ойын нақты, дәлелді, түсінікті жеткізу.
2. Тақырып мазмұнын ашу барысында ой жүйелілігі мен дәйекті дәлел, мағыналы да мәнді қолданыстарды орынды пайдалану.
3. Ойды тұжырымдап, жақсы жұмыс нәтижесіне жеткізер ұтымды ұсыныс айту.
Сөйлеу, ойды жеткізу бағыттары. Сөз мәйегі
1. Кіріспе сөзден бастап тыңдарманды қызықтыру ізденісі.
2. Бұл бағытта адамдарды (жас деңгейі, ойлау мен қызығу ерекшеліктері, т. б.) не қызықтыру мүмкін?
3. Қызықты мәлімет, мақал – мәтел, тұрақты сөз тіркестері, афоризм, теңеу, т. б.
Әдебиеттерді таңдау
1. Тақырыпқа қатысты әдебиеттерді іздеу.
2. Таңдалынған әдебиет тақырыптан ауытқымауға, ой мазмұнын ашуға көмек бере ме?
3. Мерзімдік басылымдарда көтерілген мәселелерді қамту.
4. Әдебиеттерді іріктеу, қажетті ой - пікірлерді жазып, керекті мәліметтерді арнайы папкаға жинақтау.
Қалай сөйлеген жөн?
Ойды жеткізуге дайындық: мәтінді оқып беремін бе, әлде мәтіннен үзінділерді ғана оқып, ойды тыңдаушыларға қарап өрбіткен ұтымды ма немесе қағазсыз, еркін сөйлеген дұрыс па?
Аудиторияны назарда ұстау мен қимыл - әрекеттердің айтылар оймен үйлесімді болуын қамту қажеттілігін де ескеру.
Нақты сөйлеуге дайындық талаптарды ескере отырып берілген тақырыптың біреуін таңдап көпшілік алдында тосылмай шешен сөйлеп көрейік. Тақырыптар:
1. Компьютер заманында шешендік өнер қажет пе?
2. ҰБТ - ның жақсы жақтары, маған әкелер көмегі.
3. Асылым, ардағым – ана тілім!
4. Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны
5. «Соңғы қоңырау» жиынында сөйленетін сөзің.
6. Дәстүрлі емтихан тапсырудан ҰБТ - ның артықшылығы.
Жобаны қорғау. Әр топқа 5 минут.
Ойлан тап: 2 топқа тапсырма беріледі
1 - топ
1. Өнер алды -... тіл. (қызыл)
2. Тіл... жарады,... жармаса,... жарады.(тас, бас)
3. Сөз... тапса, мал... табады. (жүйесін, иесін)
4. Жанды жаралайтын да..., емдейтін де.... (сөз)
5.... сөз - жарым.... (жақсы, ырыс)
2 - топ
6. Тау мен тасты... бұзар, адамзатты... бұзар.(жел, сөз)
7. Шешеннің сөзі -.... (ортақ)
8. Адамның өзі жетпеген жерге... жетеді.(сөзі)
9. Жақсының сөзі -... тең.(жырмен)
10. Бал тамған тілден... тамар.(у)
Мына шешендік сөздердің авторларын табыңдар:
1 - топ.
1. Өнер алды - қызыл тіл. (М. Қашқари)
2. Шешендік – ақылмен билеу өнері. (Платон)
3. Шешеннің ең ұлы қасиеті - қажет нәрсені ғана айту емес, сонымен бірге қажеті жоқ нәрсені айтпау. (Цицерон)
4. Ақыл мен білімнің тілмашы - тіл. (Ж. Баласағұн)
5. Ойлап айтқан сөз де оралмайды,
Ойнап айтқан сөз де оралмайды.(Ә. Науаи)
6. Ақын болып туады, шешен болып шығады.(Цицерон)
7. Айтар сөзді алдымен ойлап ал. (Қорқыт)
8. Шешеннің парызы – шындықты айту. (Платон)
9. Жақсы сөз – дәмнің тұзы. (Құтып)
10. Сөз қалай айтылса, жауабы да соған сай болар. (Гомер)
Логикалық тапсырма
«Тіл + химия» тапсырмасы
Формуланы сөзге айналдырып жазу керек.
Бұл H2O туған жердікі болған соң ба өзгеше дәмді көрінді. Мұғалім қолындағы ақ CaCO3 маған аппақ көбелектей көрініп, ұстағым келіп қызығып кеттім. Құрамында NaCl жоқ болғандықтан не ішіп, не қойғанымызды сезіне алмадық. Cu тиындар – тарихтың қоржынынан түскен таңғажайыптар. Hg бағаны жылылық деңгейін көрсетуде.

Талдау – табыс кепілі


Семантикалық карта
Жым болып тіл тұрмайды кесілмесе,
Білім – тұл, тілден шығып есілмесе. Ж. Баласағұн

Сабақты бекіту:


Бүгінгі сабақтан алған әсерің қандай?
Бағалау Оқушыларды мадақтау, марапаттау. Өзін - өзі бағалау.
Үйге тапсырма: 110 - жаттығу

Тексерілді: 21.01.19ж.


Қазақ тілі, 11-сынып Сабақтың тақырыбы: Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы.

Жалпы мақсат: Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы туралы білім бере отырып, тілдерін, сөздік қорларын, сыни көзқарастарын дамыту, адамгершілік қасиеттердің құндылығы туралы біліктерін шыңдау.

Күтілетін нәтижесі:Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын білудің  маңыздылығын түсінеді,  тілдері, сөздік қорлары, сыни көзқарастары дамиды, рефлексия жасайды, адамгершілік қасиеттердің құндылығын сезеді. Сабақтың типі: Жаттығу – талдау, баяндау. Оқыту әдістері: АКТ, СТО, Жеке жұмыс, іздену, талдау.

Сабақта қолданылатын материалдар: Үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта, слайд, өлең мәтіні.

Сабақтың өту барысы: І. Ұйымдасытру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындықтарын бағдарлау (сыныпты түгелдеу, көңіл күйлерін білу)

Психологиялық дайындық: (3 мин)

II.Үй тапсырмасын сұрау: сұрақ-жауап әдісі: (5 минут)



  • Жұрт алдында дайындалу жолдарының сатыларын атаңыздар;

  • Психологиялық дайындық дегеніміз не?

  • Нақты сөзге дайындық дегеніміз не?

  • Күнделікті сөзге дайындық дегеніміз не?

  • Жұрт алдында сөйлеуге дайындық жолдарын атаңыздар.

Қол бастау қиын емес,

Шабатын жерден ел табылады,

Ел бастау қиын емес,

Қонатын жерден көл табылады.

Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргенім жоқ,- деген екен Бұқар жырау.

Үй тапсырмасы бойынша:

ІІІ. Жаңа сабақ:

Көпшілік алдында сөйлейтін сөздің құрылымы



Кіріспе:

Тәжірибелі шешендер тыңдаушының назарын аудару үшін тартымды сөз оралымдарын қолданады: «Құрметті әріптестер...», «Ханымдар мен мырзалар...», «Танысып қоялық...», «Сіздермен кездесу мүмкіндігі туғанына өте қуаныштымын...», т.б.

Кіріспе сөздің міндеті – тыңдаушының назарын сөз мазмұнына бұру, ойына түрткі жасау арқылы негізгі бөлімде айтылар тұжырымдарды қабылдауға дайындау.

IV. Тақтамен жұмыс: Тапсырмалар: №1: Мәтінді түсініп оқып жоспар құрыңыздар:

... Уа Жалпақ! Ергенекті ел елімізді екі рет шапты. Бірінде мен тоналдым, бірінде сен тоналдың. Мен малымды бердім, сен жаныңды бердің, жаныңды бергенің емей немене, қырық жетіні қырқа матап бүгіп отырған қалыңдығыңды бергенсің! Білетін бе едің? Ол кезде сен жас едің. Қазір сен Жалпақ балуан атандың. Ол кезді қалай ұмытып жүрсің?-дейді.

Жоспар:


  1. Ергенекті елді шабуы

  2. Жалпақтың жас кезі

  3. Қалыңдығынан айырылуы

  4. Бала бидің шындықты айтуы

№2

Мақал-мәтелдердің сыңарын тауып, тақырыптарын атаңыз, сәйкестендіріңіздер.



Туған жердей ел болмас

Алтын бесік

Жаманға айтқан ақылың

Ормансыз бұлбұл

Аз сөз алтын-

Баққанға бітеді

Туған жер

Көп сөз-көмір.

Отансыз адам,

Туған елдей ел болмас

Мал

Далаға атқан оқпен тең.

І-топ «Болашақ» акционерлік қоғамы. Аудан экологиясы туралы сөз қозғады:


«Облыс экологиясын сөз етсек, көңіл қуантарлық жағдай ойға оралмайды. Оның себебі бір пайдасы болса, бір зияны қосыла жүретін мұңай өндіру ісіндегі олқылықтар, аудан экологиясына зардабын тигізуде. Жер қойнауынан алынған мұнайдың орнын толтырмауы,бос қалуы, мұнайдың ашықтан ашық жануы, күкірттің ашық түрде тасымалдануы жел арқылы ауаға тарап, тыныс алу жолдары арқылы адамның ағзасына енуі, Мұғалжардағы әк тастардың ашық жатуы, жел тұрғанда аппақ шаңның борауы экологиялық жағдайды төмендете түсуде.
ІІ-топ «Арман» акционерлік қоғамы.Аудан шаруашылығы туралы сөз сөйлейді.
« Облыс шаруашылығы да жоғары дәрежеде дамуда.Атап өтетін болсақ, Хромтау өңіріндегі күнбағыстың өсіріліп, одан шемішкі майының алынуы, тарының өсірілуін айтуға болады.Мал шаруашылығы өте жақсы дамыған.Әр түрлі шаруашылық қожалықтарының болуы осының дәлелі.
« Ой толғау» стратегиясы.
-«Нашақорлық және мектеп оқушылары»
-«Қазіргі қоға кімге керек?»
-«Қазіргі жастар қандай болу керек?» Осы тақырыптар бойынша көпшілік алдында сөйлеу қажет болса, қалай бастар едің?

V. Рефлексия: (3 минут) Сабақта қандай жұмыстар жасадық? Не құрдық, не білдік, не үйрендік?

VІ. Сабақты бекіту сұрағы:



  • Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы неше бөліктен тұрады?

  • Жоспардың түрлерін атаңыз.

  • Кіріспе

  • Негізгі бөлім

  • Қорытынды

VІІ. Үйге тапсырма:

Бағалау: баға қою

Тексерілді: 28.01.19ж

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Ә.Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:

а)ақынның, жазушының өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы жазушыны жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,ақиқаттылыққа тәрбиелеу

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



II Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.

III Сабақты бекіту кезеңі. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

1.Қай жылы,қашан дүниеге келген? 1923 ж Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылында

2. Қай соғысқа қатысқан? 1941ж Абай атындағы қазақ педагогика институтында оқып жүріп, екінші дүние жүзі соғысына аттанады.

3.Қай жерлерде жұмыс істейді? 1948-51 жылдары Қазақ мемлекеттік біріккен баспасында редактор, бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.

1951-53 жылдары «Қазақ фильм» киностудиясының сценарий бөлімінің бастығы.

1953-54 жылдары «Әдебиет және искусство» қазіргі («Жұлдыз») журналының редакторы.

1954-55 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы.

1955-57 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық бөлімшесінің жауапты хатшысы.

1957-58 жылдары Қазақстан Министрлігінің Кенес жанындағы көркемөнер басқармасының бастығы.



4.Қандай сыйлық берілді? 1966 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.

5.Қай жылы қайтыс болады?1994ж қаламгер дүниеден өтті. IVМақсат қою кезеңі. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту.



V Материалды түсіндіру: ББҮ: Әбдіжәміл әдебиеттегі алғашқы қадамын бірден сүйекті жанр – романнан бастады. Ұлы Отан соғысынан жаңа оралған майдангер іштен тебіндеген албырт шабыты қолына қалам ұстатқанда, ақ қағазға алдымен қанды ұрыстан, өмір мен өлім айқасынан алған әсерін түсіреді. Ол әсердің молдығы сонша, әскерден босанысымен, төрт-бес жыл бойы табан аудармай істеген еңбегі «Курляндия» атты қалың романды дүниеге келтіреді (1950). Әбдіжәміл Нүрпейісов 1924 жылы Қызылорда облысы,Арал ауданында дүниеге келген.1942-1945 жылдар ішінде Ұлы Отан соғысына қатысқан.М.Горький атындағы әдебиет институтын бітірген(1956), “Жұлдыз”журналының бас редакторы (1962-1964)болып істеген.Қазір Қазақ ПЕН- клубының президенті.

Шығармалары:


Тұңғыш туындысы

Аудармалары

Романы

“Күткен күн”

А.П.Чехов ,

“Алтыншы палатасы”

“Ит жетектеген әйел”

“Бақытсыздық”

Испан драматургі

Кэсонның “Ағаштар тұрып өледі”

Қан мен тер


VI материалды меңгергенін тексеру.Кітаппен жұмыс. Жазушының шығармаларын оқу. «Соңғы парыз» романын оқу.
1. Қазақ әдебиетіндегі айтулы құбылыс болған шығармасы “Қан мен тер”. Шығармаға сипаттама, кейіпкерлері.

2 . “Соңғы парыз” – психологиялық-әлеуметтік роман.  Романға сипаттама, кейіпкерлері.

3 . Сарапшылар.

То лғаныс. Концептуалды  кесте.

Шығарманың аты

Қозғалған мәселелер

Кейіпкерлері

Қорытынды. Бүгін өмірмен байланыс

Шығармашылығын оқу,

талдау, кейіпкерлерге мінездеме

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім
VII Сабақты бекіту.

1.Жазушы қай жерде дүниеге келді?

2. Жазушының қандай шығармаларын оқыдыңдар?

3.Қандай шығармалары бар?



VIII Үйге тапсырма. оқу,мазмұны.
Тексерілді: 01. 02.19 ж.

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Н.Оразалин,Ұ.Есдаулет,С.Ақсұңқарұлы өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:

а)ақынның, жазушының өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы жазушыны жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,ақиқаттылыққа тәрбиелеу

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



II Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.

III Сабақты бекіту кезеңі. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын IVМақсат қою кезеңі. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту.

  • V Материалды түсіндіру: Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин 1947 жылы 13 маусымда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Үлкен Дихан (қазіргі Көкбастау) ауылында дүниеге келген. Мектепті 1965 жылы күміс медальмен бітіріп, сол жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің) филология факультетіне оқуға түсті.

    Еңбек жолын 1970 жылы «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер болып бастады. 1972–1984 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық коллегиясында редактор, аға редактор, бас редактор қызметтерін атқарды. 1984–1986 жылдары Республикалық қуыршақ театрының директоры болды. 1986 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының Бірінші құрылтайында Одақ Басқармасының бірінші хатшысы болып сайланды. 1986 жылы Мәскеу қаласында өткен КСРО театр қайраткерлері Одағының құрылтайында Басқарма құрамына енді. 1990 жылы баламалы негізде өткен Республика Жоғарғы Кеңесі сайлауында ел сеніміне ие болып, 1990–1994 жылдар аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесі ХII шақырылымының депутаты болды; Ұлт саясаты, мәдениет пен тілді дамыту жөніндегі Комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1991–1992 жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жоғарғы палатасында ғылым, білім және мәдениет Комитеті төрағасының орынбасары, 1993–1996 жылдар аралығында «Егемен Қазақстан» газетінің Бас редакторы қызметтерін атқарды. 1993–1998 жылдары Алғашқы өлеңдері «Жас керуен» (1969), «Көктем тынысы» (1975) ұжымдық жинақтарына енген. «Беймаза көңіл», «Көктем көші», «Жетінші құрлық», «Адамзатқа аманат», «Құралайдың салқыны», «Ғасырмен қоштасу», «Сырнайлы шақ», «Жүрекжарды», «Жасыл от» («Зеленый огонь» орыс тілінде), «Қоздағы шоқ» атты жыр жинақтары мен үш томдық таңдамалы жыр кітабы, «Азаттық айдыны» атты көркем публицистикалық-эссе толғаулар кітабы, «Қырғын» атты драмалық шығармалар жинағы жарық көрді.



    Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет (29 сәуір 1954 жыл Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылы) — қазақстандық ақын, журналист. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының және Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері, ҚР жазушылар Одағының төрағасы.
    «Қанат қақты» (1974)

  • "Көздеріңе ғашықпын" (1974)

  • «Жұлдыз жарығы» (1977)

  • «Аптайдың алтынтамыры» (1979)

  • «Ұлыстың ұлы күні» (1982)

  • «Ақ керуен» (1985)

  • «Жаратылыс» (1989)

  • «Жүректегі жарылыстар» (1995)

  • «Алтай асулары» (1988)

  • «Заман-ай» (1999)

  • «Киіз кітап» (2001) кітаптарының;

  • «Ахиллестің өкшесі» өлеңдер жинағының (2003);

  • қазақ тіліндегі 5 томдық шығармалар жинағының (2006)

  • «Ынтық зар» (2009)

  • «Әбілхаят» (2009) авторы.

  • «Семей-Невада» қозғалысының әнұраны «Заман-ай» әні сөздерінің авторы.

VI материалды меңгергенін тексеру.Кітаппен жұмыс. Жазушының шығармаларын оқу.
То лғаныс. Концептуалды  кесте.

Шығарманың аты

Қозғалған мәселелер

Кейіпкерлері

Қорытынды. Бүгін өмірмен байланыс

Шығармашылығын оқу,

талдау, кейіпкерлерге мінездеме

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім
VII Сабақты бекіту.

1.Жазушы қай жерде дүниеге келді?

2. Жазушының қандай шығармаларын оқыдыңдар?

3.Қандай шығармалары бар?



VIII Үйге тапсырма. оқу,мазмұны.
Тексерілді:

Қазақ тілі 11-сынып


Сабақтың тақырыбы: Қазақ шешендік өнерінің екінші кезеңі.

Мақсаты:Қазақ шешендік өнерінің екінші кезеңіне талдау жасау.

Асан қайғы мен Жиренше шешен сөздерінің көркемдік ерекшелігі мен сөз саптау мәнерін түсіну.

Грамматикалық жаттығу-талдау жұмыстарын орындау.

Күтілетін нәтиже

Қазақ шешендік өнерінің екінші кезеңіне талдау жасайды.

Асан қайғы мен Жиренше шешен сөздерінің көркемдік ерекшелігі мен сөз саптау мәнерін түсінуге тырысады, сыни көзқарасы пада болады..

Грамматикалық жаттығу-талдау жұмыстарын орындайды.



Негізгі идеялар

Қазақ шешендік өнерінің екінші кезеңі 15-16 ғасырларыды қамтиды.Асан қайғы мен Жиренше есімдері. Ел-жұртына жайлы қоныс іздеп, ерекшеліктерін сипаттап, сын айтуы – шешендіктің үлгісі ретінде танылады.Данышпан шешен Едіге. Едіге – Алтын Орда ханы Тоқтамыспен тұстас екен. Сөз мәдениетінің ерекше белгісі – дәлдік.

Оқушының іс-әрекеті

І.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

«Шаңырақ құру» тәсілі б/ша топқа бөлу.
Топқа бөлінеді, өз ұранын, атын қояды.

Қызығушылықты ояту

1/ Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру.

2/ Лексика сөз мәдениеті.Сөз мағыналары.

3/Өтілген тақырыптар б/ша сұрақтар (жіңішкеден жуанға)
Өзіндік жұмыс- Өзін-өзі бағалау

Қызығушылығы артады,

-оқушылардың термин сөз бен оның білдіретін мағынасын, өз ойларын дәйектеп жеткізе алуы.

ІІ.Мағынаны тану

Жаңа тақырып б/ша презентация.

Топтық жұмыс

Постер қорғау

1-топ. Қазақ ұлттық шешендік өнерінің 5

кезеңі /постер қорғау/



2-топ. Қазіргі шешендік сөздің түрлері.

/постер қорғау/



3-топ. Шешенге қойылатын талаптар.

/постер қорғау/

Кітаппен жұмыс- Бірін-бірі бағалау

Дербестігі артып, өзіне сенімі қалыптасады.

Өзін топта ұстай білу, өз ойын өзгенің ойымен салыстыру, толықтыру дағдысы қалыптасады

Сәйкесінше, мәтінді оқу, топта әңгімелеу.


Топтық жұмысты ортада қорғайды.
Оқулық б/ша тапсырмалар

10-жаттығу /ауызша/

11-жаттығу /жазбаша/

12-жатттығу /жазбаша/

ҰБТ тапсырмалары.Морфологиялық, синтаксистік талдаулар.

Қосымша материалдармен жұмыс- Мұғалім бағасы


III Ой толғаныс

Шешен сөйлеу үшін өз бойыңда қандай құндылықтар болғанын қалайсың?

Сөз мәдениетінің дамуына қазіргі замандағы кедергілерді қалай жоюға болар еді ?

Жеке жұмыс, өзіндік мәні бар ситуация тудыру- Аралас баға

Өз білімін бағалауға дағдыланады, ынтымақтастық пайда болады.

Бағалау


Үй тапсырмасы
Қазақ шешендік өнерінің екінші кезеңі. 13-жаттығу. Сөз құрамына талдау.

Тексерілді: 30.09.19



Сабақтың тақырыбы:Қазақ шешендік өнерінің үшінші кезеңі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ХҮІІІ ғасырдағы қазақтың шешендік өнеріне тоқталу, «Жеті жарғыға» түсінік беру.
Тәрбиелік: тақырып мәтіні арқылы шешендікке, әділдікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: ойлау қабілетерін арттырып, тіл мәдениетін, ой-өрісін жетілдіріп сөздік қорларын дамыту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары,сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: тарих,география,әдебиет.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу.Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын, қатысу деңгейін қадағалау.


ІІ. Қызығушылықты  ояту сатысы.
«Қазақтар ... мүдірмей кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауызекі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен,ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласың» академик В.В.Радлов

-Балалар,сендермен өткен сабағымызда қазақ шешендік өнерінің , бірінші, екінші кезеңдерімен танысқан болатынбыз. Жаңа сабағымызды бастамас бұрын үй тапсырмасына шолу жасап алайық.



Сұрақ-жауап. Мұғалім: Ал, балалар, менің сендерге қояр сұрақтарым бар. Сұрақтарға ізденіп, жауап беруге тырысыңдар.

1.Шешендік өнер дегеніміз не? Жауабы: шешендік өнер-сөз мәдениетінің жоғары формасы, грек сөзі-риторика деген ұғым.

2.Шешендік өнер негіздері: Жауабы: Табиғи дарын,тума талант, жан-жақты білім, тынымсыз еңбек, жүйелі жаттығу.

3.Қазақ шешендік өнері неше кезеңге бөлінеді? Жауабы: Зерттеушілердің пікірінше, шешендік өнер 5 кезеңге бөлінеді: 

1. 11-13ғ.-Майқы би мен Аяз биден басталады. 


2. 14-16ғ.-Асан қайғы мен Жиренше кезеңі. 
3. 17-18ғ. Төле би, Әйтеке би, Қазыбек бидің уақытын атайды. 
4. 18ғ.-«Хан-сұлтандарға қарсы шешендер»-Байдалы, Әз Жәнібек, Тіленші би, Шалқар би, т.б. 
5. 19ғ.-«Би-болыстарға қарсы шешендер» Махамбет, Сырым батыр, Бала би,т.б. 

 4. Бірінші кезең өкілдеріне кімдерді жатқызамыз?Жауабы: Олар Майқы би мен Аяз биден бастау алады. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы- Майқы би»

 5.Екінші кезең өкілдерін ата?Жауабы:Асан қайғы ,Жиренше шешен, Едіге Құтлу Қабанұлы.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім: Жақсы, олай болса бүгінгі сабағымыз үшінші кезең өкілдеріне арналмақ.Ендеше дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қойыңдар.

Тәуке ханның қазақ руларын жинап,үш ұлысты топтап, олардың басына үш би қойғанын тарих пәнінен білеміз.

Үшінші кезең ХVIII ғасырда өркендеді. Шешендік өнердің қанат жаюына үш түрлі себеп болды.


  1. Тәуке хан шашыранды қазақ руларын үш ұлысқа топтап, олардың басына қарадан шыққан үш би қойды.
  2. Басқыншы жауларға қарсы күресте қол бастайтын қолбасылар мен сөз бастайтын шешен-билер.


  3. Қазақ шаруаларының патша өкіметінің жазалаушы отрядына қарсы Ұлт-азаттық күресі



Хан жағынан елдік мәселелерді кеңесіп, ақылдасып отыратын Билер кеңесі құрылды. Билер кеңесінің брінде қазіргі Сырдария облысы,Ангрен өзенінің жағасында, Күлтөбе басында «Ханабад» атты тәуке ханның ордасында қазақтың әдет-ғұрып заңдарының жиынтығы «Жеті жарғы» заңы қабылданды.Үшінші кезең өкілдері: Тәуке хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Өтеген, Қабылиса, Шақшақұлы Жәнібек.

1.Сұрақ-жауап:
Топтық жұмыс: Кәне, жаңа сабақты қаншалықты меңгергенімізді байқау үшін мына сұрақтар қойылады.

  1. Үшінші кезең нешінші ғасырды қамтиды?

  2. Шешендік өнердің қанат жаюына неше түрлі себеп болды?

  3. Тарих сабағынан да білеміз, осы кезең өкілдері атаңыз.

  4. Неге «Жеті жарғы» деп атады?

  5. Қай жерде, қай ордада қабылданды?

  6. Карта арқылы тауып көрейік.

Жақсы, «Жеті жарғы» деген түсінігімізді 15-жаттығумен толықтырайық.

2.Оқулықпен жұмыс.
Топтық жұмыс.15-жаттығу.
«Төле би» тобы. Мәтінге сүйеніп, «Жеті жарғыға» түсінік беру. Дауды әділ,тура шешкен билерді халық «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтаған. Сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау.

Баяндауыш-не істеген? мадақтаған

Бастауыш-кім мадақтаған? халық

Толықтауыш-кімдерді мадақтаған? билерді

Анықтауыш- қандай билерді? әділ ,тура шешкен

Толықтауыш –нені әділ, тура шешкен? дауды

Пысықтауыш-қалай мадақтаған? «қара қылды қақа жарды» деп

Жайылма, толымды, жақты сөйлем.


«Қазыбек би» тобы. Мәтіндегі тырнақшаға алынған сөздердің неліктен тырнақшаға алынғанын дәлелдеу, теріп жазу. «Жеті жарғы» сөзіне фонетикалық талдау.

Тырнақшаға алынған сөздер: зат есімдер,жалқы есімдер.

Жеті-жіңішке буынды сөз.

Е,і-дауысты дыбыстар, екеуі де жіңішке, езулік, е-ашық, , і-қысаң дауысты дыбыс.

Ж-ұяң, т-қатаң.

Же-ті- екі буынды, ашық.

Тасымалданады, буын жігіне сай.

Жарғы-жуан буынды сөз.

А,ы-жуан дауысты дыбыстар, екеуі де езулік, а-ашық, ы-қысаң.

Ж,р,ғ-дауыссыз дыбыстар.

Ж,ғ-ұяң, р-үнді.

Жар-ғы –екі буынды,1-бітеу, 2-ашық буын, тасымалданады. Буын жігіне сай.



«Әйтеке би» тобы. Әділдік, шешім сөздеріне морфологиялық талдау жасау.

Әділдік-туынды зат есім.

Түбірі әділ-зат есім, дік-зат есім тудырушы жұрнақ.

Әділдік-не? деген сұраққа жауап береді.

Атау септікте тұр. Жалпы есім, дерексіз, жансыз.

Шешім-туынды зат есім. Түбірі шеш-етістік, ім-зат есім тудырушы жұрнақ.

Шешім-дара зат есім. Не? деген сұраққа жауап береді.

Атау септікте тұр. Дерексіз. Жансыз.


19-жаттығу. Әр топ өз билерінің сөздерін оқып түсінігін айту.

Үш бидің сөзталасындағы ортақ тақырып не?



Әрқайсысы қандай дәлелдерге сүйенеді?
ІV.Бекіту бөлімі: Жеті жарғы мен Ата Заң.Сабақты бекіту мақсатында, қазіргі Ата Заңымызбен байланыстырып қорытындылаймын.

Бағалау бөлімі: Сөз әр жүздің билеріне беріледі, олар сабақтан алған әсер, білімдерін айтып ортаға салады, қорытынды жасайды. Сондай - ақ, өз жүздеріндегі жақсы, белсенді жұмыс жасаған хан, сұлтандарды атап өтіп, олардың жұмысына баға береді.

Рефлекция. Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен жазбаша түрді стикерге жазып, ілу./
V. Үйге тапсырма:

«Егерде мен би болсам....» тақырыбына эссе жазу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет